Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Технологиялық бойлар параметрлерінің есебі



Жұмысшылардың құрамын есептеу. Жұмысшылардың сандық және кәсіп-шілік-мамандық құрамын жұмыстардың ауысымды еңбек сіңіргіштігінің және жұмыс-тардың салыстырмалы салмағы негізінде қондырады.

Машиналарда қызмет атқаратын негізгі жұмысшылардың қажетті саны:

мұнда Вр және Вр.р - машинаның және жұмысшының сәйкес жұмыс уақыттарының жылдық қоры, сағ.; N0i – і-тік типті бір машинаға қызмет көрсетуші қызметшілер саны; Mi - і-тік типті қызмет көрсетілетін машиналар саны

Қолдық операцияларды орындайтын негізгі жұмысшылардың саны:

Мұнда Рі – і- түрлі жұмыстың жылдық көлемі; Ті – і- түрлі жұмыс бірлігінің еңбек сіңіргіштігі

Жұмысшыларды технологиялық бойларда жабдықтардың орналасуына және жұмыс көлеміне сәйкес жұмыс орындарына бөліп орналастырады.

Материалдық қамсыздандыру есебін шығындарды ескере негізгі және көмек-ші материалдарға қажеттілігіне, сонымен қатар технологиялық және көліктер задел-дерінің мөлшерлеріне сүйене өндіреді.

Бойдың тәуліктік жүк айналымын материалдардыңжартылай фабрикаттар-дардың мен дайын өнімдердің ауыспалы сапар желілері мен тасу ара қашықтығын ескере есептейді. Тәуліктік жүк айналымы технологиялық бойға көлік құралдарын таңдау және есептеу үшін негіз болып табылады.

3 сурет. Посттың есептеу схемасы: 1а және 1б - бетонсалушының жұмыс жүрісі басындағы және аяғындағы орналасу орны; 2 – қалып; 3 – қондырғының дірілдету шығырлары; 4 – құралдар мен жабдықтарды сақтауға арналған орындар
4 сурет. Бірыңғайлан-ған пролет схемасы:1 – бетон жеткізу және ауамен қамсыздандыру коммуникация аймағы; 2 - электрокоммуникация
аймағы; 4 – арматура жеткізу, жылумен қамсыздандыру және канализация аумағы; 5 - өнім тасып шығару орны; 6 – желдеткіш қондырғылар, санузел ж.т.б. орналастыру аумағы
5 сурет. Пролеттің ені мен биіктігін анықтайтын схема

Негізгі және қосалқы алаңдардың есебі. Негізгі өндіріс алаңдары, бетон қоспасын арту, арматуралау, қалыптау, ылғалды-жылумен өңдеу, қалыптан босату жә-не қалыптарды дайындау посттары орналасқан зоналар болып табылады. Негізгі өнді-ріс алаңдарын технологиялық бойлар посттарында жұмыс орындарын ұйымдастыруға сәйкес анықтайды. Қосалқы алаңдарға ұстау және бұйымдарды ТББ қабылдау зонасын, арматуралық қаңқалардың жедел қорлары, төсемелі және жинақтайтын бөл-шектер орын алған алаңдарын, қалыптарды ағымды жөндеу және қалыптар қорлары-ның зоналарын, жыйнақтау бөлімшесін ж.т.б. жатқызады. Көрсетілген алаңдардың есебін технологиялық жобалау нормаларын ескере өндіреді. ­

Технологиялық бойды құрастыру. Орынды мақсаттың кесек ­ технологиялық бой жабдықтарын құрастыру мақсаты жұмысшылардың қауіпсіз және жоғары өнімді еңбек шарттарын, жабдықтардың біркелкі және өнімді жұмысын, өндіріс алаңдары-ның өнімділігін және машиналарды ыңғайлы пайдалану қызметін қамтамасыз ету бо-лып табылады.

Жабдықтардың үйлесімді орналасуы, жұмысшылар мен машиналардың ең то-лық қолданылуын және ең жақсы өзара қатынастарын, еңбек құралдары жылжулары-ның ең қысқа жолдарын, негізгі операциялар орындау кезектілігіне сәйкес жабдық-тарды орналастыруды, сонымен қатар бойлардың жаңа өндіріс шарттарына икемделу-шілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бой технологиялық жоспары келесі кезектілікпен жобаланады: қауіпсіздік тех-никасы талаптарна және машиналарды пайдалану қызметіне сәйкес барулар мен өту-лер арасындағы ендерді анықтап посттардың схемаларын өңдейді (3 сурет); техноло-гиялық схемаға сәйкес барулар, өтулер және қажетті көмекші алаңдарды ескере пост-тарды орналастырады; бойлардың қажетті технологиялық мөлшерлерін жоспарда жә-не биіктігі бойынша орнықтырады; технологиялық бойды орналастыру үшін ғимарат-тың пролет енін, ұзындығын және биіктігін таңдайды.

Көлемдік-жоспарлау шешімдерді бірыңғайлау үшін типтік технологиялық бой-ларды бірыңғайланған пролеттарда (УТП-1) орналастырады. Бірыңғайланған пролет-тарда орналастырылған өндірістерді жобалау ерекшелігі, пролеттерді біріктіру кезде пролетаралық жер асты және жер үсті коммуникациялардың қажетті бірлесуін қам-сыздандыратын, жоспарлау шешімдерінің негізгі параметрлер тұрақтылығы болып табылады (4 сурет).

Жабдықтарды, технологиялық ағындардың қыйылысуы болмайтындай, қарсы және қайту қозғалыстарсыз, дайындалатын бұйымдарды ең қысқа жолмен посттан постқа жүйелі жеткізуді қамсыздандырайтын етіп орналастырады. Бұл жағдайда ма-мандандырылған (қалыптарды дайындау, арматуралау, жылумен өңдеу ж.т.б.) аймақ-тарды құруға ұмтылу керек.

Цех ұзындығы, технологиялық бой білігінің бойында орналасқан өндіріс және қосалқы учаскелердің ұзындықтары мен барулар және өтулер ендерінің сомасымен анықталады.

Технологиялық жабдықтау орналастыруда кранның жұмысшы жолының L3 мүмкін енін ескеру керек. Пролет ені (5 сурет)

L=LK+2a3=L3+ai+a2+2a3.

Цех технологиялық қажетті биіктігін Н, мм, тасымалдау аумағында орналасқан жабдықтардың биіктігіне h1, жылжытатын жүктер габаритіне h2, такелаж құралдары-ның габаритіне h3, кранның жүк көтеру қабілетіне, сонымен қатар қауіпсіздік техника-сы талаптарына сәйкес анықтайды:

H=H1+H2=h1+h2+h3+500+b1+b2+100

мұнда Н1 - еденнен кран асты рельс кішкене басына дейінгі ара қашықтық; Н2 - кран асты рельс кішкене басынан жабудың шығып тұратын конструкциясының асты-на дейінгі ара қашықтық; 500 мм - үстінен жүк жүретін жабдықтың жоғарғы нүкте-лерінен, жүк астына дейінгі ең аз ара қашықтық; b1 - кран асты рельс кішкене басынан, шеткі жоғарғы жайға көтерілген ілмек білігіне дейінгі ара қашықтық, b2 - кранның габариттік мөлшері; 100 мм – көпірлік кран габаритінен жабудың шығып тұратын конструкциялары астаны дейінгі ең аз ара қашықтық.

Жүктерді горизонтальдық жазықтықтарда жабдықтардың шығып тұратын бөл-шектерінен 0,5 м кем емес және еден деңгейінен 2,5 м кем емес биіктікте тасымалдау керек.

Бойдың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері. Техника – экономика-лық көрсеткіштері жобаланатын жылдық өнім шығару технологиялық процессінің техникалық шешімдерін қабылдау мақсатқа лайықтылығы, мың м3; өндіріс алаңы, м2; өндіріс жұмысшыларының саны, адам; 1 м2 өндіріс алаңынан өнім алу, м3/жыл; өнімнің еңбек сыйымдылығы, адам/сағ; 1 м3 ылғалды-жылумен өңдеу камераларынан өнім алу; бір өндіріс жұмысшысы өндіруі, м3/жыл; бой металл сыйымдылығы, кг/м3; бой қалып сыйымдылығы, кг/м3; өндіріс процесстерінің механизациялау деңгейі, %; қуатпен қаруландыру коэффициенті, кВтּсағ/адамּсағ; 1 м3 өнімге цемент, кг; құм, кг; шағыл, кг; су, л; қысылған ауа, м3; бу, т қажеттілігімен бағаланады.

Жобаланатын өндірістің және ұқсас типтік пролеттің немесе жұмыс істейтін технологиялық бойдың негізгі техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстыру жобада қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 687 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...