Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Леуметтiк зерттеулер өткiзуiнiң теориялық қағидалары



Мақсат: археологиялық матералдарға сүйене отырып палиоәлеуметтік мәселелерді талқылау

Жоспар:

1. Әлеуметтік зерттеулердiң әдiстемесi

2. Пале-әлеуметтік зерттеулердiң құрылымы

3. Археологиялық деректер негiзiнде алғашқы қауыдық антропология

Әдістемелік нұсқау: Археологияда әлеуметтік қайта құрудың әдіснамалық және әдістемелік аспектілері көптеген отандық және шетелдік ғалымдар арқылы қарастырылды. Тарихты зерттеуді және тақырып тарихнамасын ашатын жұмыстар да шығарылып қойды. Бұл бір жағынан қазіргі уақытта пале-әлеуметтік зерттеулер негізі жақсы қаланған дегенді дәлелдейді. Ал басқа жағынан, пікірталас тудыратын сұрақтар шықты, көп уақыт бойы отандық ғылымда бір әдіснама билік етті (тарихи матерализм), қарама-қарсы теориялық өңдеулерді жібермейтін, сонымен қатар халықтардың әлеуметтік тарихында орын алды. Соңғы онжылдықта жағдай біршама өзгерді, ежелгі тайпалардың социогенезін зерттеу жемісті болды. Пале-әлеуметтік қайта құруды ауқымды жүргізу ғылымда мына бағыттың «әлеуметтік» немесе «әлеуметтанулық» археологияның пайда болуына әсерін тигізді. Оның әдіснамалық негізі келесі негізгі ережелер:

1. Қандай да болмасын қоғамда неолит дәуірінен бері бірнеше негізгі «әлеуметтік жүйе» әрекет етті: физико-генетикалық (жыныстық жас), отбасы-некелік, мүліктік, әлеуметтік-кәсіби, рангтық, мәдени-таңбалы, (діни), мифологиялық;

2. Әлеуметтік саланы (әлеметтік аумақ) екi өлшемдi координаталар жүйесiнде қарау керек: «горизонтальды», «вертикальді». Ежелгі, орта және дәстүрліқоғамдардағы көлденең проекцияның негiзiнде жыныстық жас құрылымы жатады, тiгінен әлеуметтiк, мүлiктiк, кәсiби және басқа айырмашылықта негiзделедi.

3. Ертедегі адамдардың әлеуметтік тәуелділігі өз орнын материалдық мәдениеттен тапты. Әлеуметтік деңгейі ілеспе жабдық заттардың таңбалы бағалылығы ретінде танылады.

Әлеуметтік аумақ қоғамның рухани саласымен де тығыз байланысты. Отандық археологиядатарихи материализмның позицияларымен рухани мәдениетке жол барлығына белгілі. Және де ол «тіршілік әрекетін түсіну, ақпараттарды кодтау және әрекет туралы ақпараттарды әлеуметтік еске жеткізу механизмі» ретінде анықталады. Ертедегі қоғамда рухани сала негізін діни-мифологиялық жүйе басқарды, ол қоғамтану, регилятивті қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, діни қатынас әлеуметтік нормативті жүйенің мәдениеттегі орнын анықтады. Дін адам қоғамының тіршілігімен, мінез-құлық ерекшеліктерімен өте тығыз байланысты. Сонымен, «адамдардың осы немесе басқа дәуірде әлеуметтік өзін ұстауын ұқсас дей аламыз, яғни, әрекеттің жалғасуы жеке индивидтер немесе көп адамдар арқылы қайталанып отырды».

Жоғарыда айтылғаннан билік ететін діни-мифологиялық жүйе жерлеу рәсімінің де ерекшеліктерін анықтайды. Археология мұндай ырымның (материалдық) заттай нәтижесінде шындық көрінетінін айту маңызды және де әлеуметтік, анық емес, қиын мифологизм призмасының жойылғалы тұрған тарихи әрекеті көрінеді. Бірақ та күмәнсіз шешім ретінде жерлеу рәсімі пале-әлеуметтік қайта құрудың негізгі көзі болып табылады.

Осыған байланысты ертедегі тұрғындардың материалды жерлеу рәсімін әлеуметтік зерттеу әдісі туралы сұрақ туындайды. Жерлеудің пале-әлеуметтік анализ әдісімен зерттелуінің негізгі шешімі Мыналар:

Біріншіден, байлық туралы ұсыныстар, әлеуметтік маңызы, әрбір әлеуметтік-мәдени немесе этикалық топталудаеңбек шығындары ерекше сипаттамалар алды.

Екіншіден, материалдық жерлеу рәсіміндегі адамның әлеуметтік мәні идеология призмасы арқылы пайда болды. Мұнда, пале-әлеуметтік зерттеу процесі билік ететін діни-мифологиялық жүйені қайта құрумен параллельді жүруі тиіс.

Үшіншіден, әрбір қоғамда жыныстық жас жуйесі негізінде әлеуметтік қайта құрудың шынайылығы мен ақпараттығы антропологиялық көрсеткіштерге байланысты өседі, сонымен қосапале-генетикалық анықтамлардың нәтижесіне байланысты.

Төртіншіден, пале-әлеуметтанулық анализ әдісі өзіне негізгі кезеңдердң құрайды: 1) жерлеу рәсімінің негізгі элементтерін оқу және қайта құру; 2) жерлеу рәсімінің заттық белгілерін статистикалық өңдеу, бұл отандық және

шетелдік ғалымдардың ежелгі қоғам құрылысын әлеуметтік зерттеулерінде көрінеді.

Барлық археологиялық, лингвистикалық, жазбаша көздерді, өнер шығармаларының анализ нәтижелерін есепке алғаннан кейін, сонымене қатар, ол тұрғындардың дүние тану жүйесін зерттегенннен кейін, «мифологиялық» әлеуметтік жүйені қайта құруға мүмкіндік туады, кейін оны «болжамдыққа» ауыстыру қажет. Бұл үшін қоғамның экономикалық деңгейін зерттеу қажет, демографиялық процесін, тұрғындар тығыздығы, шаруашылық-мәдени түрінің ерекшелігін зерттеу, этнографиялық параллель жүргізу қажет. Пале-әлеуметтік анализде үлгілеу әдісін қолдану тиімді.

Археологиялық ғылымда үлгілеудің әдіснамалық және әдістемелік сұрақтары В.Ф.Генинг, Л.Г.Бадалян, П.Ю.Черносвитов және т.б. мамандар арқылы жасалынған. Ғалымдар үлгі арқылы құрылатын элемент болып абстракция табылатын, модельденетін шын жүйелі объектіні алмастыратын абстрактілерді түсінуді ұсынды. Археологияда үлгілеудің екі негізгі түрін ажыратуға болады: ұқсас және теориялық. Бірінші жағдайда үлгінің жасалуы жалпылау есебiнен белгiлi эмпирикалық материал арқылы iске асады, екiншiде - нақты логикалық негiзде салынған нақтылы абстрактiлi конструкцияны жасау жолымен.

Осылай ортақ қорытынды шығаруға болады. Әр түрлі тарихи кезеңде әрбір социумда бірнеше әлеуметттік жүйе жүмыс істеді. Сонымен қатар, әлеуметтік жүйенің координатының көлденең проекциясын негізінде физико-генетикалық (жыныстық жас) жүйе жатты, ал тігінен өлшемде қалған барлық қоғамдық иерархия жүзеге асты. Әлеуметтік процестің көрсетілген ерекшеліктері жерлеу рәсіміне сай материалдық мәдениетте де көрініс тапты.

Марқұм шын өмірінде қаншалықты әлеуметтік орын алса, соншалықты оның жерлеу ерекшеліктері көбірек болды. (сандық және сапалық жағынан). Пале-қоғамда әлеуметтік қатынастарды әдістемелік деңгейде зерттеу бірнеше кезеңді өзіне құрайды. Олар деректерді жүйелеуге және анализдеуге бағытталған әр түрлі ғылыми мысалдардың келтірілуі, қоғамдық үлгілеу және «болжамдық» әлеуметтік жүйені қайта құру.

Сұрақтар:

1. Әлеуметтік зерттеулердiң әдiстемесiн қалай түсінесіз?

2. Палиоәлеуметтік зерттеулердiң құрылымы дегеніміз не?

3. Археологиялық деректер негiзiнде алғашқы қауыдық антропология?

Негізгі әдебиет

Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

Қосымша әдебиет

Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011

Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009

Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011

Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008

Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.

Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011

Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.

Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 563 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...