Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Археологиялық ғылымдағы "теориялық археология" ұғымы



Мақсаты: археологиялық терминалогия ұғымдарын тарихи-салыстырмалы және сараптау жұмыстарын атқару кажет

Жоспар:

1. Археологиядағы объективтi-хабар жолы.

2. Объективтi-хабар жолының әдiстерi.

3. Классификациялық археология.

Әдістемелік нұсқаулар: Техникалық жүйені жобалауда қолданылатын, болашақта бөлек бөлшектері алынған, объективті-хабар жолы археологиялық және этнографиялық зерттеулерге байланысты принципті жаңа емес.

Өкінішке орай, археологтар арасында объективті-хабар жолының парадигмасының заңдылығы мен принциптерінің біреуін немесе тек бір тобын ұстану әдетке айналды. Бұл компоненттер формасы жағынан өте алшақ болуымен қатар мәні жағынан болашақ белсенді жол ұстаушы археологтар бір-біріне оппозициялы болатын әдістемелік лагерьлерге бөлінді. Сонымен қатар, аръхеологиялық зерттеулердің объектілері күрделі және қандай да бір зерттеу қаруын қолдану әрқашан тиімді бола бермейді. Археологиялық зерттеулердің қиындығын және 70-жылдардағы дәстүрлі әдістер мен математикалық сараптамалардың жеткіліксіз тиімділігін айта отырып, мыналарды түртіп өтуге болады. Мысалы, «Уақыт және кеңістік (археололгиядағы – бұл біздің динамикалық жүйені зерттеу әрекетінде қолданатын эталондық өлшемдер. Бұл өлшемдердің әрқайсысының топтасу демонстрациясы бізді тек анықталған жүйелі кезеңі жайында хабардар етеді. Бірақ та мұндай демонстрация олкезеңдер туралы мәлімет бермейді». Бөлек құбылыс мәніне кіре алмайтын болжам мүмкіндіктерінің үлгісін жасауға болады, себебі, зерттеуші олар не себепті жұмыс істейтінін, әрекет негізінде қандай дәлелдемелер жатқанын білмейді. Және де дербестік немесе ресми мағынасын жоғалтқан ғажайып дәлділікпен зерттеулер жүргізуге болады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бізді бұл күрделі археологиялық тапсырмаларды және де барлық жолдарды бір әдістемеге біріктірген принципті жаңа ғылыми-әдістемелік парадигманы шешуге алып келеді.

Осыны есепке ала отырып, археологиялық айналымға енгiзiлетiн және археологиялық зерттеулерде өте толық қолданысқа ие болған объективті-хабар жолының компоненттерін атап өтейік.

Ең алдымен әлеуметтік модель мен құрылым түсінігі мен өңдеу технологиясын анықтаған Леви-Стростың (Леви-Строс, 1983:247) құрылымдық зерттеулерін атап өтуге болады. Оның интерпритациясында құрылым сынып ұғымына жақын, кем дегенде, қасиет пен мінез-құлық сапасының бірлігі көзқарасынан.

Стюарттың әдістемелік зерттеу нәтижелері(Stewart, 1960:173-174) назар аударуды қажет етеді, дәлірек айтсақ, жоғарыда айтылған археологиялық зерттеулердегі бүтіндік қағидасын сақтаудың қажеттілігі туралы қорытындысы.

Л.Бинфордтың иерархиялық сыныптың жоғарыдағы үзіндіде (ұйымдастырылу ішіндегі ұйымдастырудың) келтірілген қорытындысының маңыздылығы туралы түртіп өткен жөн. Және де тағы да типтелу қажеттілігі туралы идеяны айта кетуге болады. (әрбір ерекшелінген түрдің біртұтас мағынасын сақталуына бақылау жасау). Алайда археологиядағы объективті-хабар жолының бір-бірінен үзілісінде қолданылатын аталған элементтері 60-80 жылдары зерттеушілерге біртұтіс археологиялық білімнің құрылуына негіз бар екенін толық сезінуге мүмкіндік бермеді.

Соңғы 15 жыл көлемінде археологиялық ғылым әлдеқайда жетіле түсті. Сондықтан, тұтас археологиялық теорияның құрылуынан құтылатын ақтаушы себептер аз қалады. Ұқсас конструкциялардағы қажеттілік анық еді. Объективті-хабар жолының археологияда қолданылуы, біздің ойымызша, археологиядағы ғылыми әдістің теориялық-әдістемелік негізі әбден бола алады. Алайда ұқсас тектің тиімді қаруын шығару үшін бұл материалдар жеткіліксіз. Әлі де классификациялық талдаудың пайдаланылған әдістері керек:

Келесi әдiстердi қарап шығайық:

1. Құрылымдық археология – археологиялық ғылымның шеңберінде археологиялық объекттерді анықталған жүйе ретінде, элементтердің кеңістікпен, уақыт және контекспен байланысқан тұтас кешені ретінде зерттеу болып табылады. Бұл мағынада «құрылымдық археология» түсінігінде (терминдер және OODтың ұғымдарындағы) басқа әр объект үшін белгі мен қасиеттерін бекітетін структуралар сияқты толық сынптың аналогі қолданылады. Археологиялық мәліметтердің зерттеуінде құрылымдық археологияның жолы анализдің батылдыққа тартылуын болжайды, археологиялық объектілер дербес тұтастық ретінде талданады, ал олардың басқалармен байланысы қарастырылмайды. Структурализм синхронды жолды, статистикасындағы, көлденең кеспесіндегі, сандық өрнегіндегі зерттеу құбылысын негізге алады. Негізгі қағидалар мыналар болып табылады:

а) жеке элементтерді зерттеу емес, олардың өзара байланыс жүйесін, элементтерден тұратын бүтіндігін қарастыру;

б) диахронды емес, археологиялық зерттеулер жүйесін, оның әрекет етуін болжайтын синхронды жол;

в) талдауды формализациялау, нақты байланыс пен формуладағы, кескін, кестедегіөз болуындағы сәйкессіз құбылыстарды сәйкестендіруге рұқсат беретін бейнелеуді абстракциялау.

2. Іс жүргізіу археологиясы – іс жүргізу археологиясының қағидалары құбылыстардың дамуын, оның басқалармен байланысын және соңғысы алдыңғыларын білу кілті ретінде тарихи жоғарғы формаларды қарастырады. Іс жүргізу археологиясы ғылыми бағыт ретінде 60-70 жылдардың тоғысуында «жаңа археологтар» қозғалысымен америкалық археологияда Л.Бинфорд басшылығымен (1977) пайда болды. Археологияда мұны қолдану адам әрекетін, әлеуметтік құрылыс туралы болжамды алға жылжыту және т.б., материалдық қалдықтарға байланысты мәдениетке сәйкес бақыланатын салдарға дедукция жасау және кейін эмпирикалық материалдарды қазу кезіндежиналған заттарды тексеруді анықтайды. Бұл жағдайлар «жаңа археологтер» немесе «процессуалисттер» сенімінде негізінделеді. Археологияда әр түрлі материалдық мәдениетті және адам мініез-құлқын байланыстыратын заңдар болуы керек. Археология көздерінде ежелгі адамгершілік популяцияның және эволюция заңының пайда болуының бейімделу кезеңі болуы керек.

Археологиядағы теориялық білімнің ұш деңгейі.

А) Микро кезең – тарихи кезеңдегі ежелгі материалдарды тануға бағытталған нақты теориялық жағдайлар мен рекомендацияны өңдейді.

Б) Микро теория – өте тар фокустелген теория: артефактік классификациялық археологиясы, контекстік классификациялық археологиясына бағыттайды.

В) «Орташа» деңгейдің теориясы – археология көздерінде үзінді көрсетілген өткен жайында жалпы білім алуға бағытталады. (Клейн, 1995:271). Мұнда басқа ғылымнан алынған немесе соларға сәйкес келетін теориялар қосылған. «Жаңа археологтар» арқылы өңделініп жатыр.

Г) «Макроархеологиялық теория» -метаархеологияға қарағандақұрылым, әдіс,археология концепциясы мен теориясының қасиеттерін талдаумен байланысты емес, археологиялық ақпарат, теория талдауы және макро деңгейіндегі идеяның, теориялық тарихи кезеңді құрудың теоритациясымен байланысты. Біздің ойымызша, макротеория объективті-хабар жолының өзі, археологиялық теорияда тұтас қолданатын нақты теориясы.

Бөліктегі керісінше түсінік ретінде классификациялық археология келеді. Оның міндеті – топтастыру әдістерін құрып өңдеу, кластерлеу, археологиялық объектерге типологизация жасау. Топта бірінші орында классификация түрін ерекшелейтін артефакттік археология тұр. Артефакт түрінің ерекшелену әдісінің құрылу маңыздылығын қайта бағалау қиын, себебі классификаяилық жүйе көбінде классификациялық мәліметтерде маңызды деп есептелетін зерттеу критерийлеріне байланысты.

1-топ. Артефакттік классификациялық археология түсінігі құрылымдық археология мен микротеориядан кеәінгі орынды алады. Олардың арсында топ аралық сәйкестік бар. Әрине, артефакттік классификация құрылымдық сипаттармен сипатталады және археологиялық микротеория әдістерімен зерттеледі. Осыған байланысты К.Леви-Строс, Тэйлордың эволюциялық дамуын сынай келе «іске асатын қайта құрудың тарихи заңдылығы көбею кезінде биологиялық мирасқорлықпен расталады деп жазды. Балта ешқашан басқа балта тудырмайды; екі бірдей сайман арасындағы.. мирасқорлық байланыстың принципті жоқтығы бар және болады...» (Леви-Строс, 1983:11) Эволюция тек бұл трассада әр түрлі тармақтар мен заттар жасалатын идеяға ғана қам жейді. (Клейн, 1991:38; Clarke, 1968:44).

2-топ. «Контекстік классификациялық археология» түсінігі артефакт болып келетін (Клейн, 1991:72-73), өз назарын табиғи және әлеуметтік шеңберде объект тануға аударатын функционалдық байланыс мағынасын білдіреді.

3-топ. Поселке археологиясы адами орналасудың әдістерінің классификациясы және оны танумен байланысады. Оның заты тұрғын үй, және олардың орналасуы мен қасиеттері, қауымның өмірімен байланысты басқа құрылғылар болып табылады. Осы бағыттағылардың пікірінше, орналасу әдісін зерттеу құрылымдыққа ғана емес (синхронды), іс жүргізудің(диахронды) әлеуметтік және де басқа да байланыстар аспектісінде қарастырылады.

4;5 - топ. «Мәдениеттанулық классификациялық археологиясы» және «технокомплекстің классификациялық археологиясы» өз контекстіне археологиялық дефиницияны көрсететін ереже мен әдістерді мәдени деңгейде шығаруды қосады. (Мысалы, Орталық Батыста Мак-Керннің таксономдық әдісі, Рауздың Мәдени классификациясы, Кларктің интеграция деңгейінің кестесі - үш ғасырдың жүйесі мәдени шеңбер, мәдени провинция, техкомплекстер және т.б.) (Клейн, 1991:215).

Сұрақтар:

1. Археологиядағы объективтi-хабар жолы?

2. Объективтi-хабар жолының әдiстерi?

3. Классификациялық археология?

Негізгі әдебиет

Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

Қосымша әдебиет

Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011

Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009

Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011

Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008

Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.

Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011

Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.

Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 1128 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...