Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Археология ғылымының негізгі қағидаларының дамуы



Мақсат: археология ғылымында қолданылатын терминдердін мағынасына талдау жасау

Жоспар:

1. Негізгі дефиниция

2. Теориялық археологияның жалпы қағидасының дамуы

3. Теориялық археология бастауы

Әдістемелік нұсқа: әрбір ғылымды түсінудің негізгі элементі ақпарат.осы жағдайда ақпараттық қызметтің негізгі 5 түрі бар: синектика, публиционды ғылым, ғылымның ашуы, мақсатты – бағдарламалық ғылым, ғылым даму теориясы.

Археологияның дамуының негізгі бөлігінің мақсаты зерттеу барысында,әлеуметтік жағдайға баланысты, зертханалық жұмыстардың негізінде көптеген жаңа әрі дамыған әдістерді қолдану болып табылады. Тарихи графияның 2 бағыты бар: интерналистік және экстерналистік.

I. Интерналистік бағыт белгілі бір тіртіппен жасалатын ғылымның факторларына сай қызмет етеді; ол нормативтік дәстүрге көп көңіл бөледі.

II. Экстерналистік бағыт бірінші бағыттың толықтырушы ретінде әлеуметтік институттармен бірге жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Бұл бағыт әлеуметтік – психологиялық жағдайларға көп көңіл бөледі.

III. Допарадигмальды археология –ғылымда қолданылатын әдіс, зерттеу, стандартты шешімдерді шешетін ғылым саласы.

IV. Парадигмальды археология –дәлелсіз қолданысқа енетін, ғылыми топтың шешетін проблеманың критерийлерің алуға мүмкіндігі бар сала.

V. Постпапарадигмальды археология –орташа деңгейде дамып келе жатқан археологияның құлдырауын зерттейтін сала.

Лассификациялық стадия – археологиялық материалдарды топтап, сұрыптадан өтетің ғылымның даму кезеңі. Кеңес уақытында бірінші сұрыптауды Л.С.Клейн, К.В. Сальников және т.б. жасаған.

Бұл кезеңде археология ғылым түгелдей біртұтас ғылым ретінде қарастырады. Нағыз осының нәтижесінде бірінші хронологиялық классификациялау туындайды. Бұл зерттедің негізгі дәлелі – факттар.

Жүйелеу кезеңі – ғылымның нақты бір аумағындағы қатынас, артефакттердің жүйесін құруға түртті және әр топтардың бір бірімен байланыстылықтың туындауы. Археологияда бұл кезең биологимен тығыз байланысты.

Теориялық кезең - әртүрлі ой, концепция және ғылыми мектептердің пайда болу мен даму кезеңі. Археологияда бұл мәдени орталықтардың мектебі, мәдени – ғылыми мектеп, әлеуметттік бағыт және т.б.

Ғылымның догматикалық даму кезеңі – ғалымдардың шешуге мұршасы мен мүмкіндігі болмаған жағдайда туындайтын кезең.Орын ауыстыру кезеңің көтеріліс кезеңі деп атауға болады. бұл кезеңде тек проблемалар өзгермейді, сонымен қатар осындағы барлық дәлел және мәліметтер де өзгеріске ұшырайды. Және осы өзгерістер ғылымның қайта жаңғырып дамуына түрткі болады. Көптеген зерттеулердің дәлелі бойынша жүйелеу тарихтың ішкі әрі сыртқы факторлары әсер етеді.

Сұрақтар:

1. Негізгі дефиниция дегеніміз не?

2. Теориялық археологияның жалпы қағидасының дамуы?

3. Теориялық археология бастауы неден тұрады?

Негізгі әдебиет

11. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

12. Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

13. Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

14. Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

15. Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

Қосымша әдебиет

1. Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 1012 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...