Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Теориялық археологияға кіріспе



Мақсат: теориялық археология бойынша ғылыми-тұжырымдық ойларды сараптау жұмысынан өткізу.

Жоспар:

1. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері;

2. «Теориялық археология» пәнінің құрлымы;

3. Археология ғылымының жалпы теориялық ұғымдары.

Әдістемелік нұсқау: Аталмыш курс археология пәнінің жалғасы болып табылады. Бұрынғы ұғымдар нақты көзқарастар бекітіліп, археология ғылымының даму жолына біртіндеп еніп, археологиялық жетістіктер мен білімінің қордалануына өзіндік үлес қосқан факт ретінде қарастыруға болады.

Авторлық ашулар мен концепцияларды шешуде археологиядағы қиындықтар күмәнділікке апарып соқты. Теориялық археологияны қолдану, археологияның дамуы мен зерттеуінің дамуына әсер ететін әдістерді дамыту мақсатын ұстанған «теориялық археология» курсы археология ғылым ретінде қалыптастыру тапсырмасын алдына қояды.Теориялық археологиясының құрылысын түсіну үшін Е.Д.Гражданниктің құрастырған археологиялық классификациясын негізгі алу керек. Археология ғылымының міндеті белгілі аймақтардан алынған ғылыми қорытындылар болса, ал мақсатына ғылыми өнімнің өлшеу әдісі, бағалау және бақылау жатады. Төмендегі құрылымға назар аударайық:

АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ

1. Археолгия ғылымының тарихнамасы 2. Археологиялық критикология;

А) Археологиялық наукометрия; Б) Археологиялық критикология;

В) Археологиялық прогностикалықғылымитаным.

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА

А) Археологиялық синетика; Б) Археологиялық материал басылымдары;

В) Археологиялық жаңалықтар; Г) Мақсатты-бағдарламалы ғылымитаным;

Д) Археология ілімінің теориялық негізінің қалыптасуы.

1. Археология ғылымының тарихы нақты тақырыпқа арналған немесе тарихи дәуірге бағытталған ғылымның тарихын зерттейді. Өткен ғасыр тарихына көз жүгірте, тарихи графикалық зерттеулер ғылымның дамуын тануға, археологиялық бағыт пен мектептердің, концепциялардың дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Археологиялық тарихи графиканың келесі негізгі тапсырмаларын атап өтуге болады:

а) археологиялық ойдың әр бағытына сай келетін теориялы әдістік принциптерін анықтау;

б) археологиялық ғылымның негізгі қайнар көзінің базаларын, археологиялық фактілерді нақты зерттеу әдістерінанықтау;

в) Археологиялық ғылыми мектептердің орындарын, олардың археологиялық фактілерді жүйелеуі мен бағыттарын анықтау;

г) археология саласында зерттеу жұмыстарын атқаратын ұйым мен пішіндерді анықтау. Оның қатарына ғылыми орталықтар, жоғарғы оқу орындары, мұражай, және мұрағат кіреді;

д) Археологиялық зерттеулердің проблемасын, оның дамуын анықтау;

ж) археология саласы мен мектептердің күшімен құрылған археологиялық концепцияларды анықтау;

қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерге тек қана мақалалар емес, сонымен қатар монографияны жалпылама түрде сипаттайтын тарихи очерктердежазылады. Бұл жұмыстарда Орталық Азия мен Қазақстанның әр аумағында жинақталған, археология ғылымының қыр сырын жан жақты ашатын материалдар бар.

2. «Археологиялық сын» - алдында қолданылған археологиялық фактілердің интерпретация әдістерін, олардың дәйектілігінің дәрежесін және жаңадан ашылған археологиялық жаңалықтарды тексеру.Бұл бетбұрыс тек жоғарыда айтылған мақсатты ғана емес, сонымен қоса басқа көзқарасты қоштайтындармен күрес жүргізуді қолдайды. Осы бөлімдердің әр бірі ғылымды жетілдіретін проблеманы қарастырады.үштік топ: а) археологиялық ғылыми метрияб) археологиялық сын; в) археологиялық ғылыми болжамшылық.

Археологиялық ғылыми метрия – ғылыми, эмпирикалық материалдарды статистика бойынша жабдықтау;

археологиялық сын –ғылыми қорытындыларға сын беру бағасы жайлы ғылым.

археологиялық ғылыми болжамшылық –ғылыми – техникалық жаңалықтарды болжайтын археология ғылымының саласы

Сұрақтар:

1. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері?

2. «Теориялық археология» пәнінің құрлымы?

3. Археология ғылымының жалпы теориялық ұғымдары?

Негізгі әдебиет

1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

2. Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

3. Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

4. Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

5. Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

Қосымша әдебиет

1. Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011

  1. Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009
  2. Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011
  3. Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008
  4. Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.
  5. Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011
  6. Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.
  7. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.

Дәріс №2





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 1688 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...