Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банктің несиелік әлеуеті



Несиелеу жүйесі келесілерді біріктіретін біртұтас сызбаны бейнелейді:

1. Несиелеу әдістері және ссудалық шоттардың формалары;

2. Банкке көрсетілетін несиелік іс-қағаздар;

3. Несие беру процедурасы;

4. Ссуданы(қарызды) өтеу тәртібі;

5. Несиелеу үрдісіндегі бақылау.

Несиелеу әдісі – банктер несиелерді беру мен орнын толтыру жұмыстарын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Бұндай әдістер үшке бөлінеді: 1) айналым бойынша несиелеу әдісі; 2) қалдық бойынша несиелеу әдісі; 3) айналым-сальдолық әдіс.

Айналым бойынша несиелеу кезінде несие тапсырыс берушінің шығындарын оның ресурстарының қайтарылымына дейінгі кезге аванс береді. Ссуданың мөлшері ссудадағы объективті қажеттіліктің ұлғаюы деңгейі кезінде өседі және осы қажеттіліктің төмендеуі кезінде қысқарады. Аталған әдіс несиенің синхронды жылжуының қажеттілігінің қысқаруы мен ұлғаюы жағдайына байланысты бөлінбейтін жаңартылған үрдіс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелеу кезінде несие ссудаға деген қажеттілікті талап ететін тауарлы-материалды пайдалылық пен шығындардың қалдықтарымен байланысты болады. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өз қаражатына сатып алады және содан кейін барып банктен олардың қорғалуы үшін ссуданы талап етеді. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалдық құндылықтары қалдығының негізінде, қажетті материалдарды қолдануға кеткен шығынға аванс бермей-ақ компенсация реттілігімен беріледі.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 445 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...