Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Коммерциялық банктердің ресурстары



Пассив ұғымы – пассивті шоттарда орналасқан, нәтижесінде ақша құралдарының өсуі байқалатын банк операцияларын анықтайды. Пассивті операциялардың көмегімен банктер қаржы нарығында несиелік ресурстарға ие болады. Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының төмендегідей 4 түрі бар:

1. бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясы;

2. қорларды қалыптастыру мен көбейту мақсатында банк пайдасын шегеру;

3. басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер мен займдар;

4. депозиттік операциялар.

Пассивті операциялар айналымда бар ақшалай құралдарды банкке тартуға мүмкіндік береді. Жаңа ресурстар белсенді несиелік операциялар нәтижесінде банктік жүйе арқылы құрылады. Бағалы қағаздарды эмиссиялау және пайдадан шегеріп тастау арқылы несиелік ресурстардың алғашқы тобы – өзіндік (жеке) ресурстар қалыптасады. Несиелер, займдар және депозиттік операциялар ресурстардың екінші тобы – займдық немесе тартымды несиелік ресурстарды құрайды. Өзіндік ресурстар банктік капитал және оған тең келетін статьяларды бейнелейді. Әдетте Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер үшін өзіндік және тартымды ресурстар арасына минималды шек қоюды. Банктің өзіндік (жеке) ресурстарының мағынасы ең алдымен оның тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты болады. Банк құрудың алғашқы кезеңінде дәл осы құралдар алғашқы шығындарды (жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жабуға мүмкіндік береді, ал бұл құралдарсыз банк өз қызметін бастай да алмайды. Өзіндік ресурстар есебінен банктер өздеріне қажетті резервтерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өзіндік (жеке) ресурстар да ұзақмерзімді активтерге қаржылық салымның көзі болып табылады.

Банктің тартымды құралдары активті операциялар, ең алдымен несиелеуді жүзеге асыруға қажетті ақшалай ресурстар негізіндегі барлық қажеттіліктің 90%-нан астам бөлігін құрайды. Несиелік ресурстар нарығында жеке және заңды тұлғалардың уақытша еркін құралдарын мобильдендіре отырып, коммерциялық банктер олардың көмегімен қосымша айналым құралдарындағы экономиканың қажеттілігін қанағаттандырады және тұтынушылық несиедегі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз етеді. Банктің жеке және тартымды құралдары корреспонденттік шотта көрініс алады. Бұл активті шот (161), сондықтан да ресурстар осы шоттың дебетінде, ал құралдарды құю (енгізу) осы шоттың кредитінде жазылады. Дебеттік сальдоның көлемі банктің еркін резервтерінің өлшемін сипаттайды (әлі активті операцияларға салынбаған оның ресурстарының көлемін білдіреді). Еркін резервтің өлшемі үлкен болған сайын, банк соғұрлым тұрақты болады. Әрбір коммерциялық банк құралдардың қалдығын корреспонденттік шотта оңтайландыруға тырысады.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 1167 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...