Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ребатл техникасы



Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз.

Жинақтау

ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы,-олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, бұларға кейінірек күшті қарсылық білдіре аласыз.

1. Таңдама (выборка)

Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек.

2. Көптік жауаптар

Бұл әсіресе ПМС-де тиімді техника. Оппозиция кейсіне күмән тудыру үшін бірнеше дәйектерді “атқылауға” мүмкіндік береді. Оппозицияға жауап қайтару қалмағандықтан бұл мәселелер төрешінің ойында раундтың аяғына дейін қалады.

Жоғарыдағы мысалды жалғастырайық. Оппозицияның негізгі дәйегі – бензинге 50 цент салық экономикаға кері әсер етеді. ПМ былай деп айтуы мүмкін: “Бұған менің 3 жауабым бар. Біріншіден, бұл дәйек өтірік, себебі ЖҰӨ-ді қысқартуды тоқтату Федералды Резервпен монетарлы саясатты өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дәйек тағы да өтірік, себебі тұтынушылар мен өндіріс автоиеленушілердің бірлесуі және жанармайдың тиімділігіне үлкен талпыныс арқылы бағалардың өсуіне дағдылана алады, аталған екі өзгеріс өте маңызды. Қорыта келгенде, оппозиция дәйегі қысқа мерзім үшін дұрыс болса да, өсетін ұлттық қарыз жүктейтін мемлекетке деген салмақ бұл салыққа қарағанда өте қауіпті. Оппозиция шындықты қабылдамайды, ал біз болсақ ұзақ мерзімдегі АҚШ экономикасының мықты болуы үшін әрекет етеміз”.

Шолу

Шолулар – жоғары дәрежедегі тақырыптар мен құндылықтар қақтығысын қамтамасыз ететін тәсіл. Әрбір кілтті мәселелерді, әрбір тараптың оларға қалай жауап бергенін (не жауап бере алмағанын) және де не себепті Сіздің тарапыңыз әрбір жағдайда басым түскендігін көрсетіп беріңіз. Раунд бойынша бекітілген мәнді тұстар мен басты факттарды қалпына келтіріңіз (яғни ПМК-нен кілтті бөлімдерді). Қақтығыс аймақтарынын раунд бойында текетіресті тудырған ерекше тұстарды көрсетіңіз. Екі жақтың көзқарасы тарапынан дәйектің пайда болуы мен дамуын қалпына келтіріп, мұның сіз үшін ұтымды жағын түсіндіріңіз. “Дәлелденген факттарды” талқылаңыз.

Мысалы: “Құрметті төреші, біз АҚШ экономикасы ұзақ мерзімді болашағы таласқа түспейтін приоритет екенін дәлелдедік. Біздің көрсеткеніміздей, бензинге салынатын салық тұтынушылармен өндірісшілерді жанармай тиімділігін өсіруге итермелейді және федералды бюджетті қысқарту мақсатында Үкіметке қысым көрсетіледі.

4. Диохотомиялық

Бұл техника ребатл жасайтын адамға әлемнің тағдырын Үкімет жоспары мен оппозиция жоспары бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қақтығыс негізгі аймақтарын қызықты мәнерде көрсетудің ұтымды әрі қарапайым әдісі. Сізге керек пункттерді қамтитын 3-4 контраст пен қарсы тұруларды таңдаңыз. Мысалы: “ Үкімет жоспары бойынша АҚШ Үкіметі орта тап үшін тек тағы бір әділетсіз салықты қосады. Оппозиция жоспары бойынша бюджетті қысқарту арқылы біз салықтың көбейюінен құтылып қана қоймай, сонымен бірге дефицитті азайтамыз. Егер Үкімет ұсынысымен жүретін болсақ, онда онсыз да төмендеп бара жатқан стагнацияны жалғастырып асқындыра түседі. Оппозиция жоспары бойынша біз экономиканы ынталандырып, фискальды жауапкершілікті енгіземіз”

Диохтомиялар мына формалар (қалыптар) арқасында ребатл тез арада құрылым мен тәртіпке келтіреді: “Олар Х істейді және Х-жаман. Біз У жасаймыз және У-жақсы, себебі Z”. Сонымен қатар, диохтомиялар қарсылас жоспарына іліккендей зұлымдықтар мен сіздің әділдік байрағыңыз әкелетін жердей жұмақтың тірі бейнесін көрсете алады.

5. Кешірімсіз қателіктер

Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім. Егер сіз енгізген дәйекті қарсылас топ жіберіп алса, онда бұл жағдайдың өзі раундты жеңіп алу үшін жеткілікті. Мұны ребатлда “жандандырып жіберіңіз”. Бұған нұсқау жасаңыз, анекдот айтып беріңіз, қарсы топ бұл дәйекке не себепті жауап бере алмағанын түсіндіріңіз, дәйекті тереңдетіңіз. Бірақ, өз кезегіңізде қарсыластың бірде бір дәйегін жіберіп алмағандығыңызға көзіңізді жеткізіңіз. Егер сіз “ОМ-н талқандау” техникасына тап болған ПМ болсаңыз, бұл өте ұтымды болар еді.

ПІКІР-САЙЫС НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІРЕР СӨЗ

Сұрақтар (“point of information”).

“Сұрақ” – нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағытталған сұрақ немесе пайымдау (утверждение). Сұрақ қою үшін пікірсайысшы орнынан тұрып, “сұрақ” не “рұқсат етіңіз” деп айту арқылы өзінің сұрақ қойғысы келіп тұрғанын көрсетуі қажет. Осы сәтте сөйлеп жатқан ойыншы сұрақты қабылдауға не қабылдамауға құқысы бар. Бұл сұрақ қоюшы тұрғаннан кейін 10-15 секундтан соң көрсетілуі тиіс. Егер сұрақ қабылданбаса, сұрақ қоюшы орнына отыру керек. Ал қабылданса, сұрақ қоюшы сөйлеушіге қысқа сұрақ пен комментариді айта алады. Сұрақтың ұзындығы 15 секундтан аспауы керек. Сұраққа жауап беруге кеткен уақыт оны қабылдаған адам үшін ескерілмейді.

Сұрақтар 4 конструктивті сөздердің алғашқы және соңғы минуттары арасында қойыла алады, бірақ ребатл кезінде сұрақ қоюға рұқсат етілмейді. Сұрақ оны қоюшы мен жауап беруші үшін тиімді болуы мүмкін, сондықтан кейбір пікірсайысшылар көп сұрақ қоюға, көп сұраққа жауап беруге тырысады (бірақ, мұндағы тым шектен асушылық көңілді алаңдатып, не қауіпті болуы мүмкін). Әдетте әрбір ойыншы өз сөзі кезінде 2-3 сұрақты қабылдап, қарсыластың сөзі кезінде бірнеше сұрақты әдейі арандатпайтындай етіп, көңілді алаңдату мақсатын көздеместен қойғаны орынды. Спикер өз сөзін сұрақ қабылдау үшін бөлмеуі тиіс; одан да сөйлемді не идеяны аяқтап барып сұрақ қабылдаған жөн. Сіздің сұрақты дәл қазір емес, раундтың даму барысына байланысты қабылдаймын деп айтуыңыз заңды нәрсе.

Сұрақтар мына мақсаттарда пайдаланады:

1. Нақтылауды сұрау. ПМК-де анық емес кейс ұсынылған кезде сұрақ Үкімет ойларын бұзу үшін, оларды кейсті нақтылауға итеру үшін және раундты дефинициялар бойынша ұзақ нәтижесіз сөзталасқа айналдырмас үшін пайдаланылуы мүмкін.

2. Қарсылас топтың дәйегіндегі қарама-қайшылықтарды көрсету. Егер спикер өзінің алдында сөйлеген әріптесінің сөзіне қарама-қайшы сөз айтса, “сұрақты” осыны көрсету үшін және қарсыластарға деген төрешінің сенімін әлсірету үшін қолданыңыз.

3. Қарсыластар енгізген дәйекке жауап қайтару. Конструктивті сөздерде сіз дәл осы сәтте сөйлеп жатқан спикердің дәйегіне тікелей жауап беру үшін “сұрақты” пайдалана аласыз. Әсіресе, дәйек логикалық байланысқа емес эмоция мен негізсіз ойға құрылатын болса өте тиімді шығады. Дәйекті негізінен құрту үшін 15 сек. жеткілікті. Алайда абай болыңыз: егер сіздің қарсыласыңыз шабуылды бірден орынды қарсылықпен қағып тастаса, онда алғашқы дәйек одан сайын күшейеді.

4. Басқа топ жіберіп алған не жалған фактіге нұсқау жасау. Кейбір кезде спикер (әдейі не абайсызда) өзінің дәйектерін дұрыс емес фактілерге құрайды. “Сұрақ” қарсылас топқа бұл тұжырымдарды “жауапқа тартуға” мүмкіндік береді. Парламенттік пікірсайыс көбіне эмпирикалық пікірталастарға құрылмаса да, бірақ факттардағы асыра сілтеушіліктерге нұсқай отырып, қарсыластың кейсін осылайша әлсіретесіз.

5. Келесі сөздің негізін салу. Ұтымды сұрақ не тұжырымдама келесі сөзде ұсынылатын басты идеяның іргетасын құрай алады. Сонымен бірге алдында жауапсыз қалған пунктке соққы бере отырып, немесе “сұрақ” кезінде сараптаманың жаңа сызығын енгізе отырып, сіз осы арқылы оны «ағымға қосасыз” да, қарсыластарыңыздың “сараптама кезінде жаңа дәйек енгізді” дегенінен тайсалмай бұл дәйекті қайталауға, кеңейтуге, тіпті оған жауап беруге (егер бұл дәйек қарсыластардың дәйегі болса) мүмкіндік аласыз.

6. Раундқа қалжың ұшқынын қосу. Қысқа, өткір әрі орынды қосынды көптеген жағдайда дәйекке құрғақ прозадан гөрі көбірек пайда әкеледі. “Сұрақ” арқылы сіз пікірсайысқа қалжың еңгізесіз және өз қарсыластарыңызды қарусыздандырасыз.

Тәртіп бұзу

Тәртіпті бұзу – басқа топ өкілі сөйлеп жатқан кездегі пікірсайысшымен ұсынылатын пікірсайыс ережелерін бұзуға деген қарсылық. Тәртіптің бұзылғанын жария ету үшін пікірсайысшы орнынан тұрып: “Тәртіп бұзылды” деп айтуы керек. Одан соң ережелердің бұзылғанын қысқа түрде түсіндіруі тиіс. Осы сәтте сөйлеп жатқан спикер сөйлеуін тоқтатып, төрешінің қарсылықты қабылдағанын не қабылдамағанын күтуі керек. Егер қарсылық қабылданса, тәртіпті бұзушылықты түсіндіруге кеткен уақыт спикер уақытынан алынып тасталады. Ал егер қарсылық қабылданбаса, онда бұл уақыт спикер үшін ескеріледі.

Тәртіпті бұзу ойдан өткізіліп, құрылып жатқан кезде сөйлеп жатқан спикерге жауап беруге рұқсат етілмейді. Бұл ережелер қатып қалған қағидалар, топтар оны өзгерте алмайды. Тәртіпті бұзу мынадай кезде көрсетілуі мүмкін:

1. Сараптама сөз кезінде жаңа дәйек енгізу. Егер де спикер ребатлда раунд бойынша енгізілмеген пункт кіргізсе немесе басқа топ айтқан нәрсеге алғаш рет жауап беріп жатса (бұған тек ОМК-де айтылған ойға жауапты қайтара алатын ПМ құқылы), онда қарсылас топ тәртіптің бұзылғаны туралы айту керек. Егер қарсылық қабылданса онда төрешілер жаңа дәйекке мән бермейді және оны енгізген спикерге әрі қарай түсіндіруге рұқсат етілмейді. Төреші ребатлдағы жаңа пунктты біржақты бейтараптандыра алмайды; екі топ та жаңа пункттердің енгізілуін бақылауға міндетті болып есептеледі.

2. Сараптама кезінде кейсті ауыстыру. Егер Үкімет тобы ПМС-де кейстің тұжырымдарын өзгертуге не ауыстыруға тырысса, онда оппозиция қарсылық білдіре алады.

3. Спикердің уақыт шектерінен шығып кетуі. Сөздің шектелген уақыты аяқталған кезде әрбір ойыншыда өз ойын аяқтау үшін 30 секунд болады. Егер ол осы лимиттен асып кетсе, онда қарсылас топ мүшелері қарсылық білдіре алады. Егер қарсылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сөзін аяқтап, отыруға міндетті.

Жеке басқа қол сұғушылық

Егер сіз қарсылас топтың мүшесі Сіздің сөзіңізді қатты өзгертіп не жеке намысыңызға тиіп жатқанын сезсеңіз, онда “Жеке басқа қол сұғушылықты” пайдалана аласыз. Тұжырымдау, шешім қабылдау мен уақытша бағалау процедурасы тәртіпті бұзу процедурасымен тепе-тең. Егер жеке басқа қол сұғушылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сізге берген ұнамсыз бағасын түсіріп тастап, өз сөзін жалғастыруы керек. Жеке басқа қол сұғушылықты тек Сіздің сөзіңізді шынымен бұрмалап, намысыңызға тиген жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Өз қарсыластарыңызға аздап еркіндік беріңіз, сіздің кейс бойынша жеңіл сарказм мен әзіл-қалжың сізді үрейлендірмеуі тиіс. Егер сіз қарсылықты таласты жағдайда білдірсеңіз, онда бұл шектен асушылық болып көрінеді. Өзіңізге өзіңіз төреші бола отырып, шын төрешінің реакциясын болжай біліңіз.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 1210 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...