Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Байланыс



Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын болса, онда ОЛ сөзінің алғашқы минутында оны хабарлап айтып оны дәлелдеп беруі тиіс. Кейс әлсіз байланысқа негізделген деген қарапайым әрі әлсіз тұжырымыңыз ешкімді де сендіре алмаса керек. Төрешіге байланыстың үзілгендігін көрсетіп бермейінше ол оны өзі анықтап қарастыра алмайды. Ескерту жасағаннан кейін Төреші байланыстың бар екендігіне келіссе, онда Оппозиция осы кейспен пікірсайыстыра беруге мәжбүр болады.

Оппозиция байланыстың жоқтығын көрсетуге әрекет жасай бастағаннан кейін Үкіметтің екі міндеті болады. Ол байланыстың бар екендігін және оны ұсынған дәлелдердің есебінен көрсете білуі керек. Осы қателігі үшін көп жеңіліс таба бермесе де, Үкімет жазалануы мүмкін. Екіншіден, байланыстың жоқтығына сілтеме жасау кезінде байланысқа негізделген дәйектерді пайдаланбауға тырысыңыздар. Олар орынсыз деп бағаланып, Төреші тарапынан Оппозицияны жазалауға апаруы да мүмкін.

Қайткенде де Оппозиция Үкімет ұсынған кейс бойынша ондағы критерийлердің бұзылғандығы анықталғанға дейін пікірсайыстыра беруі қажет. Оппозиция ұсынған кейс Үкіметтің кейсіне қарағанда парасатты екен деп, ПМ ұсынған кейсті түбегейлі өзгерте алмайды. Пікірсайыс анықтамалар мен өзектілігін анықатау дәрежесіне дейін түспеу керек. Бұл жағдайда екі топқа да шаралар қолданылады.

Дәйектеме (Аргументация)

Өзгертулер енгізілгеннен кейін егер қажет болса, Оппозиция бірнеше тәуелсіз дәйек ұсынуы керек. Оппозиця Лидері 8 минут бойы қызыл сөзді сапырып Үкіметтің адасып кеткендігін талдауы абырой әпермейді, және ұзын сонар әңгімені тыңдап отырған да оңай шаруа емес. Тағы бір мәселе: әр дәйекке бірінен соң біріне жауап беру.

Оппозицияның тиімді стратегиясы ретінде Үкімет ұсынған құрылымға балама бола алатын құрылым жасау. Егер өз философияңыз бар болатын болса, онда тәуелсіз бірнеше түйінге негізделіңіздер және олар сіздің философияңызды қолдауы тиіс. Өз құрылымыңыз дайын болысымен Үкіметтің ұсынған тұжырымдарына жауап беруіңізге болады.

Тиімді әдістің тағы біреуі «Көлденең қосымша» жасау. Яғни Үкіметтің ұсынған түйіндеріне (дәйек пен дәлелдеріне) Оппозиция философиясының дәйектерін қарастыру арқылы жауап беру.

«Көлденең қосымшаны» пайдалануда ұйымдастыру мәселесі әсіресе маңызды болмақ. ОЛ өте мұқият болуы керек және өзінің тәуелсіз дәйектерін көрсете отырып, олардың қай жерде Үкіметтің позициясына жауап беретіндігін де анықтап кетуі керек. Алайда, аталмыш әдіспен таныс болмаған Үкімет пен Төреші ұсынылған дәйектерге тікелей жауап берілмеді деп қарастыруы мүмкін. Мұндайда Оппозиция Лидері 8 минут бойы қай жерде жауап беріп тұрғандығын көрсетумен болады.

Бұдан оңай түрі Оппозиция философиясынан кейін тікелей терістеу жасауды қарастыруға болады.

Талдау

Үкімет тобы белгілі бір проблеманы шешуге арналған және дүниені жақсартуға септігін тигізетін кейс (бағдарлама) ұсынып тұрмыз деп ойлайды. Оппозиция тобының міндеті – енгізілетін саясаттың немесе бағдарламаның кемшілігін, болмаса зияндығын дәлелдеп көрсету. Үкіметтің ұсынған жоспарын орындаудан кім ұтады? Дегенмен, Оппозицияның міндеті аталған жоспарды орындаудан зардап шегетін тарапты анықтау болмақ. ПМ сөзбасында өз тұжырымдарын жариялап тұрған кезде, Оппозиция лидері мен мүшесі оларды талқылап бойындағы бар кем-кетік тұстарды анықтап үлгеруі абзал.

Дәйектерге жауап беру барысында Оппозиция олардың аталуына, яғни екі мағыналы болмауына назар аударуы керек. Оған қоса оның логикасына (адамның сезіміне негізделмеген бе? Оны Оппозиция пайдасына қолдануға болмас па еді?) және маңыздылығына (Пошта маркасының 2 тиынға көтерілгендігі біреу-міреуді толғандырады ма?).

Кейстің негізделуі қаншалықта мықты болды? Үкіметтің тағы қосып айтқысы келгендігі немесе кейсін пікірсайыс барысында қалай өзгерткісі келгендігі аса маңызды емес. Оппозиция бар назарын кейстің қалай негізделгендігіне аударуы керек.

Оппозиция тобының кейбір арнайы стратегиялары:

«Мекенсіз арал» қорғаны. Бұл әдісті Үкімет тобы труистік болмасадағы, бірақ соған жақын болған кезде қолдана бастайды. Мұндайда Оппозиция тобы мұңаймай-ақ қойсын. Олар Төрешіге Үкімет тобының негізгі міндеті пікірсайыстыруға ыңғайлы болатын кейсті ұсыну екендігін көрсетуі керек. Ал мұнда «қарсы» бір-ақ дәйек айтуға болатын тұжырым айтылған. Егер Оппозиция өз ұстанымының анық бекуін қамтамасыз етсе немесе оның тарқатып дамытқан болса, онда Оппозиция тобының жеңіске жетуі ықтимал. Естеріңізде болсын, Парламенттік сайыстың алғашқы талаптарының бірі көп дәйек ұсыну емес, топтардың пікірсайыстыру дәрежесі болмақ. Айтса да қорғанудың бұл әдісін өте сақ пайдаланған дұрыс. Егер Оппозиция Үкімет тобының аталған әдісті пайдаланғандығын айтса және Төрешінің Оппозиция тобын қолдайтын бірнеше салмақты дәйегі бар болатын болса, онда бұл әдістің пайдасы болмайды. Керісінше болуы да мүмкін.

«Үшінші мүмкіндік» қорғаны. Әдетте Үкімет тобы балама екі ұстанымды қамтамасыз ете отырып, Оппозицияға өзінен қалған тарапты қалдырады. Кейде үшінші, төртінші немесе бесінші тараптардың бар болуына қарамастан Оппозиция өзінің еркі бойынша немесе мәжбүрліктен ұсынған тарапты қабылдайды. Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Оппозиция жақсы қорғаныс ұйымдастыра алады, себебі Үкімет тобы Оппозицияға қалдырған тарапты қабылдайды деп сенеді және соған дайындалады.

«Алдын ала залалсыздандыру» қорғаны. Кейде Үкімет басында ашық және түсінікті болып көрінгенімен Үкімет мүшесінің сөзінде тавтологияға немесе труизмге жақын болатын конструкция (әдетте Үкімет Мүшесінің қосқан тың ақпараттарының әсерінен) ұсынуы мүмкін. Мұндайда Оппозиция мұны көрсетіп үлгермейді. Алайда егер ақылды, алғыр Оппозиция Лидері: «Бұл тұжырымдардың кейіннен келесідей болып түрленіп кетуінен сескенеміз» деп алдын ала назар аударған болса, онда бұл әдістің жүзеге аспайтындығына сенуге болар еді.

ҮКІМЕТ МҮШЕСІНІҢ КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ

Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті сөзі жеңіс пен жеңілістің арасын ажыратушы белес болмақ. Үкімет Мүшесі екі мақсатты орындауы тиіс: Үкімет кейсінің артықшылығын қамтамасыз ету және Оппозиция тобының тарапынан мүмкін болатын терістеудің алдын алу. Егер бұл міндетті орындау Үкімет Мүшесінің қолынан келмеген болса, онда Оппозицияның 12 минут бойы Үкіметтің ұсынған жоспарынан түк қалдырмай тас талқанын шығару мүмкіндігі пайда болады. Егер Сіз Үкімет Мүшесінің Конструктивті сөзінде дәрменсіздік танытсаңыз, онда бүгін Сіздің жеңілгеніңіз.

Басқа жағынан қарастырсақ, мүмкін емес болып көрінгенімен жақсы жасалған Үкімет Мүшесінің сөзі пікірсайысқа да нүкте қоюы мүмкін. Ал қалғаны айтылған нәрселерге эпилог ретінде қарастырылады.

Міндеттер мен стратегиялар

Раундтың қалған бөлігі Үкіметтің артықшылығымен өтуді қамтамасыз ету.

Басқа сөзбен айтсақ, пікірсайысты Үкіметтің сипатындағы позицияларға қайта әкелу. Мысалы, Үкімет тобы өлім жазасын алып тастау туралы кейс ұсынған болсын және өз уәждерін дәлелдеу мақсатында моралдық және этикалық дәйектерге жүгінген делік. Оппозиция ауыр қылмыстардың жиілеп кеткендігін және оларға қатысты қатаң саяси шараның қажеттілігін айтуы мүмкін. Осыдан соң, Үкімет Мүшесі алғашқы пікірсайыстың өзегі ретінде моралдық және этикалық құндылықтардың болғандығын алға тартады. Оппозиция ұсынған саяси қажеттіліктің маңыздылығы көрсетілседағы Үкімет оның нақты осы кейске қатысы аз екендігін айтады. Осыдан соң Үкімет пікірсайысты өздері алғашында ұсынған бағыт бойынша дамыта түседі. (Егер Оппозиция өз міндетін жақсы орындайтын болса, онда ол бұған қатысты өзінің көзқарысын білдіріп, терістеуге тырысары анық).

Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру.

Мысалы, өлім жазасына байланысты қарастырылған кейсте Оппозиция Лидерінің сөзінде мынандай дәйек келтірілген болсын: «Қылмыскерлерді қамауда ұстау қымбат болғандықтан және оған азаматтарға салынған салық жұмсалатындықтан ақталмайды». Үкімет Мүшесі оған «Өлім жазасына кесу мәселесін қарастыру барысында және келіп түскен көптеген арыз-шағымдарды талдауға жұмсалатын шығын қамауда ұстаға жұмсалатын шығыннан әлдеқайда көп болмақ», – деп жауап бере алады. ҮМ Оппозицияның ұсынған дәйектерін қате деп көрсеткеннен соң, қамауда ұстау өлім жазасына кесуге қарағанда шығынды көп қажет еткен күннің өзінде де қылмыскер болсын, не жазықсыз адам болсын шығарылған шешімнің моралдық ауыртпалығын айтады. Себебі моралдық құндылықтарды қаржының жұмсалу шамасымен салыстыруға келмейді.

Бұл стратегияның екі нәтижесі болады. Қарастырған кейсімізде Үкімет Мүшесі дәйектерді өз кейсінің артықшылығы мен кемшілігі турасында жіктесе, артынан өз тараптарының маңыздылығын да көрсетіп шығады.

Дегенмен, Оппозиция дәйектерін залалсыздандыру оңай болмас. Егер Оппозицияның дәйектерін турасынан қате деп айту тым қатты болатын болса, онда оларды Үкіметтің ең мықты дәйегімен салыстыру қажет. Оппозиция «Өлім жазасы қорқытудың құралы ретінде ақталады. Ол қылмыскерлерге адамдардың өмірін нақақ қиғаны үшін сіздердің де өмірлеріңізді әділдік орнату үшін қиямыз демек», – деген тұжырым ұсынған делік. Үкімет Мүшесі: «Әрине, бұл өлім жазасының қызметіне деген идеалистік көзқарас болуы мүмкін, алайда өмірдің шындығында өмір жазасының қызметі – кек қайтару болмақ». Бұған қоса Үкімет Мүшесі кейде жазықсыз адамдардың қате өлім жазасына кесіліп жатқандығын келтіруіне болады.

Үкімет Мүшесінің сөз құрылымы

Барлығы да дұрыс болса

Барлығы да белгіленген жоспардан еш ауытқусыз жүріп жатқан болсын. ПМ кейсті анық белгілеп берді. Оппозиция оны қабылдап, Үкімет Мүшесінен келесі әркекеттерді күтуде:

1) Артқа шолу жасап (Үкіметке бұрып) – раунд кестесін жасайды. Пікірсайыстың айырмашылықтарға негізделгендігінен Төрешіге де, Оппозицияға да осы айырмашылықтарды ажыратып көрсету керек. Сөзіңіздің барынша қысқа және мазмұнды болуына назар аударыңыз. Раундқа шолу жасау барысында ұсақ нәрселерге көп тоқталмаған дұрыс. Сіздің мақсатыңыз – сөзіңізден кейін дами түсетін сайыстың бейнесін қалыптастыру.

2) Келесі стратегиялардың бірін пайдалана отырып өз дәйектеріңізді қалпына келтіріп қарсыластарыңыздың негізгі түйіндеріне терістеу жасау.

ü Сілтеме: ПМ пайдаланған құрылымды пайдалана отырып, ол қолданған атауларды қолдануға тырысыңыз. Оппозицяияның негізгі тұжырымдарын осы құрылымды пайдалана отырып терістеңіздер.

ü Қалпына келтіру және терістеу: Алдымен Үкімет ұсынған кейстен бастаңыздар және Оппозиция Лидері жасаған сындарды түзетіңіз. Артынша Оппозицияның ой-түйіндерін анықтап терістей бастаңыз.

ü Терістеу және қалпына келтіру: алдымен Оппозиция кейсіндегі сұрақтар мен дәйектерге тоқталып оларды талдау жасаңыз. Осыдан соң Үкімет кейсінің қаншалықты мықты екендігін көрсетуіңізге болады.

Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.

Ал егер өзіңіз Оппозияның дәйектерін назарыңыздан тыс қалдырып кеткен болсаңыз, онда бұл Оппозицияның негізгі қарастырар тақырыбына айналмақ.

3) Жаңа дәйектерді енгізу. Жаңа дәйектердің маңыздылығын арнайы атап кету керек. ПМ өзінің алғашқы сөзін дайындап жатқан кезде мазмұнды және салмақты дәйектердің бір-екеуін Үкімет Мүшесінің сөзіне де қалдыру керек. Егер Үкімет Мүшесі жаңа дәйектерді ұсынбаған болса, онда оның қызметін ПМ сөзін қайтадан қайталап шығу деп қарастыруға болар еді. Жаңа дәйектерді ұсынудың тағы бір артықшылығы немесе көмегі бар. Ол – Оппозицияның уақытын сіздің ұстанымдарыңызды талқылауға мәжбүр ету.

Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда

Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Барлығы сол бір әттеген-айға барып тіреледі. «Шіркін, қайтадан сол бір жерін жақсылап түсіндіріп бере алсам ғой...» Егер Оппозиция Лидері сөзіңізге басқа бір рең беріп, сайысты хаосқа апарған болса, онда Үкімет Мүшесі пікірсайысты бастапқы сарынға қайта түсіруі тиіс. Ол үшін Үкімет Мүшесі келесі шараларды жасауы қажет:

1) ПМ-нің көздеген мақсаттарын түсіндіріп беру. Айтқандарыңыздың барлығы дерлік көрермен мен төрешілерге түсінікті болуына мұқият болыңыз. Егер Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің сөзіндегі белгілі бір ой түйінге тоқталуды жөн деп санаса, онда өз сөзі мен Премьер-министрдің сөзі арасындағы арақатынасты анықтап беруі қажет. Себебі басқа жағдайда Оппозиция сөзіңізді қате түсінуінің, ал басқа адамдардың ештеңе түсінбеуінің қаупі туындайды.

Премьер-министрдің сөзіне қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысу керек. Егер араларыңызда қайшылық пайда болған болса, онда Оппозиция Мүшесінің бұған міндетті түрде тоқталып өтетіндігін естен шығармаңыз. Олар сіздерді ұйымдаспаған, жалған пікірлерді ұстанушы адамадар ретінде сипаттайды.

Төрешіге өз кейсіңіздің артықшылықтарын тағы бір рет қайталап көрсетіңіздер және оның сізді қолдауға міндетті екендігін көрсетіп беру керек. Төреші мұны Премьер-министрдің сөзінен-ақ түсінбеген жағдайда Үкімет тобы үлкен қиындықтармен кездеседі. Ал егер оны Үкімет Мүшесінің сөзінен де түсінбесе, онда сіздің бұл сайыста жеңілгеніңіз.

2) Үкімет тобының құрылымын негіздеу. Сөзіңізді қайта ұйымдастыру ешқашан кеш болмайды. Көптеген кейстер Үкімет Мүшесінің сөзінде қайта жанданып, үкімет тобының позициясын дамыта түскен жағдайлар да кездеседі.

Айтқан дәйектеріңіз түсініксіз, яки анық болмаған жағдайда Үкімет Мүшесі дәйектерге сілтеме жасауы қажет. Әсіресе, өзіңізбен Премьер-министрдің бір тарап екендеріңізді көрсету аса маңызды.

3) Сұрақтар қоюға көшу. Үкімет Мүшесінің міндеті – Оппозиция Лидерінің сөзіне мүмкіндігінше көп әрі мазмұнды жауап беру. Қатты қиналған жағдайда дайындаған кейстеріңізді қайта қарастырып, оның құрылымын өзгерту оңай шаруа емес. Сонымен бірге Үкімет Мүшесінің сөзінен кейін Оппозицияның сізге жауап беруі үшін 12 минутының болатындығын да жадыңызда сақтаңыздар.

4) Жаңа дәйектерді енгізуді ешқашан ұмытпаңыздар.

Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс.

Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс және сақтанып жүріңіздер.

№1 тактика. Үкіметтің дәйектері сараптама бөлімінде аман-есен пайда болуын қамтамасыз ету үшін оларды «тас қалдыру».

Премьер-министр сөзінің соңында салмақты уәж айтқан болсын, ал Оппозиция Лидері белгілі-бір себептерге байланысты оны байқамай қалды. Осы жағдайда Үкімет Мүшесі сөзінде ПМ айтып кеткен дәйектерді қайталап, оның қараусыз қалғандығын айтып кетуі міндет. Бұл қателігі үшін Оппозиция тобы жазаланатын болса да, ол Оппозиция Мүшесінің сөзінде жауап беруге мүмкіндік алады. Ал егер Үкімет Мүшесі мұны айтпай кетсе, онда Оппозиция тобының жауап беруге әділ мүмкіндігі болмайды. Бұл әдісті әбден әділетсіз ететін тағы бір жері бар. Ол – егер бұл дәйек Премьер-министрдің сөзінде болар-болмас етіп айтылған жағдай.

Сайыс басында айтылып артынан әдейі ұмыт қалдырылып, сараптама бөлімде қайта қарастыруға арнайы тиым салынбаған. Дегенмен, бұл әдіс ар тұрғысынан әділетсіз деп қарастырылғандықтан көптеген төрешілер мұны дұрыс көрмейді.

№2 тактика. Үкімет кейсінің анықтамасын өзгертуі.

Премьер-министр ұсынған кейс Оппозиция Лидерінің тарапынан үлкен сынға ұшыраған болсын және Үкімет Мүшесі қатты сасқалақтады. Бұл жағдайдан аман шығу үшін Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің айтқанын қайталай отырып, Оппозиция тобының біраз сынын пайдасыз ететін көзге көрінер-көрінбес өзгертулер енгізеді. Бұл әдіс әділетсіз және заңсыз деп саналады, себебі Үкіметтің келтірген кейсіне байланысты Оппозиция Лидері өз көзқарасын айтып қойған болатын. Кейсті қайтадан енгізу әдісі арқылы Үкімет Оппозиция тобын қайта бастауға мәжбүрлейді.

ОППОЗИЦИЯ МҮШЕСІНІҢ СӨЗІ

Раундың соңғы конструктивті спикері ретінде оппозиция мүшесі екі жақтың мақсаты мен негізгі философияларын қамтитын раундтың уникальды көрінісін дамыта алады. Үкімет кейсін сараптап, негізгі мәселелерін анықтау үшін оппозиция мүшесінде 23 минуты бар.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 268 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...