Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ребатлдар



Пікірсайыстың соңғы 9 минуты әр тарапқа өз кейстерін нығайтуға мүмкіндік береді. Көптеген раундтар осы шешуші минуттарда жеңіп те жеңіліп те көрді – мықты ребатл тіпті құрдымға кеткен жағдайда да құтқарушы бола алады

Мақсаттар

ОЛ-нің мақсаты – Үкімет кейсін нақты жинақтап, оның негізгі кемшілігін көрсетіп беру, оппозиция кейсін нығайтып, ОЛК-де және ОМК-гі мәселелерді біріктіру. ОЛ-нің ребатлы ПМ-дің ребатлында Үкімет кейсін қалпына келтіруге тосқауыл қоятындай мықты болу керек. Оппозиция үшін Үкіметпен тең не сәл алда болу аздық етеді; ПМ-де оппозицияны жабу мүмкіндігі болады, өйткені пікірсайыстың түйінді сөзі алда.

ПМ-дің мақсаты – ОМ ұсынған маңызды пункттерді талқандау үшін раундты ПМК-де көрсетілген іргелі құндылықтарға қайтару және де ОЛ-нің ребатлында ұсынылғандай қарсыластардың қорытынды позициясына тосқауыл қою. Көп жағдайда ребатлдағы ПМ міндеті – пікірсайыстағы ең қиын міндет, бірақ мұның өзінде ПМ-де қарсыластың талқанын шығаратын мықты сөзін дайындауы үшін 12 минуты бар. Сонымен қатар пікірсайыстың соңғы сөзі ПМ-дің еншісінде.

Жаңа аргументтер

Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмаса, ол сараптау сөзінде ұсыныла алмайды. Дегенмен, алдында ұсынылған сараптау аймағын кеңейту заңды болып есептеледі. Одан басқа, спикерлер қарсыластардың жауапсыз қалған пункттеріне ребатл кезінде негізінен жауап бере алмайды (бұл қағидадан бір-ақ ауытқушылық төменде). Яғни, ПМ мен ОЛ ескі дәйектерді нығайту үшін жаңа мысалдарды енгізе алады, бірақ жаңа дәйектер үшін ескі мысалдарды пайдалана алмайды. Мысалы:

Дәйек: “ Авторитаризм басшылық – жанышталуға әкеліп соғады”.

Алғашқы мысал: “ Ұлтшыл Германия”

Ребатлда қолданыла алатын жаңа мысал: “ Сталиндік Ресей”

Ребатлдағы енгізе алмайтын жаңа мысал: “Ұлтшыл Германияда болғандай басып-жаныштау экономиканың тұрақсыздығына әкеледі”.

Егер ребатлдағы дәйек жаңа деп шешілсе, ол дәйек қаншалықты күшті әрі жарқын болса да алдында тұжырымдалмаған деген сөз. Жаңа дәйектерді табу – қарсылас топтың міндеті (қараңыз төменде “Тәртіпті бұзу”). Бұл пункт қаншалықты жаңа және айқын болуына қарамастан төреші ребатлда жаңа пунктты бір дегеннен қабылдай алмайды.

Ребатлда жаңа дәйек енгізуге болмайды деген қағидадан бір ауытқу (исключение) бар. ПМ ребатлы Үкіметтің ОМК-де айтылғанды терістеудің жалғыз мүмкіндігі болғандықтан, ПМ-ге бұл дәйектерге жауап қайтаруға рұқсат етіледі. ОЛК-де енгізген кейбір дәйектерді Үкімет байқамай қалса, бұл дәйектер тағы бір рет ОМК-де айтылса да, ребатлда оларға жауап қайтаруға рұқсат етілмейді.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 212 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...