Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Талаптандыратын кейс



Талаптандырушы кейс өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады және оны қорғайтын топ Парламентте, Мәжілісте, Президент, БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Құдайдың және басқа да адамның (Үкімет тарапынан болуы шарт емес) бекітудің қажеттілігіне сендіреді. Талаптандыратын кейс түрлі көзқарастардың қақтығысын тудырады, яғни қазіргі жағдайды өзгертуді талап ететіні де маңызды. Жүзеге аспайтын немесе ұсақ өзгерісті қорғайтын кейспен жұмыс істеу қажет емес. Қақтығыс тудырмайтын кейс түрлері:

Философиялық (құндылықты) кейс

Осы кейс бойынша Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекеттен гөрі абстрактілі философиялық принциптерге көп көңіл бөлінеді. Философиялық кейс дискуссиямен тығыз байланысты. Онда Үкіметтің заттардың белгілі бір моральдық және философиялық жағдайына деген көзқарасы дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкіндігі бар. Шынайы өмір жағдайы философиялық пайымдау үшін пайдаланылса да, негізгі фокус (мақсат) – философиялық құндылықтардың қақтығысы.

- бостандық теңдіктен қымбат

- өлім жазасы ақталмайды

- тілектес диктатура – мемлекеттік құрылыстың ең жақсы формасы

- 10 адамның өмірін сақтап қалу мақсатында бір жазықсыз адамның Жанын қию – адамгершілікке жатады.

Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс

Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері өтер пікірсайысты Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет.

Бірнеше УК түрлері:

- Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз.

- Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз.

- Сіз – 1945 ж. Гарри Труменсіз, Хиросимаға атом бомбасын тастамаңыз.

- Сіз – Люк Скайуокерсіз. Күштің қара жағына өтіңіз.

Пікірсайыс өткізілуі тиіс уақыт шегі анықталғаннан кейін уақыт пен кеңістікті бұзуға тиым салынады. Себебі бекітілген уақыт шегі – пікірсайысты әділ жүргізудің негізі. Бұл пікір-сайысшылардың бекітілген уақыт шегінен асатын оқиғаларды бейнелей алмайтындығын, сол уақытта адамзатта болмаған білімді пайдалана алмайтындығын және пікірсайысшы бейнелейтін адамға тән емес көзқарастарды білдіре алмайтындығын айқындайды. Мысалы: ойында 1930 ж. Уақыт шегі белгіленген делік, егер пікірсайысшы Ұлыбритания Премьер-министрі Невилл Чемберлен («Гитлерді тыныштандырушы») ролінде болған болса, онда опозиция II дүниежүзілік соғыс немесе келісімге қол қойылғаннан кейінгі А.Гитлердің жауыздығын т.б. оқиғаларды ескерте алмайды.

Уақыттық-кеңістікті кейс өте көңілді болуы мүмкін, бірақ ұшқыр ойлылықты талап етеді. Кейде ойластырылмаған уақыттық-кеңістікті кейс пікірсайыстың көрсетілген мәселе мен пәндер бойынша емес, жекелеген адамның психологиясы мен мотивация мәселесі бойынша жүріп жатуына әкеледі.

Алдыңыздан шыға келетін тағы бір мәселе болуы мүмкін. Мысалы, төрешіні ойлау жүйесі қалыпты жағдайдан ауытқыған адамның орнына қойдыңыз делік: “Сіз Чарльз Менсонсыз. Х-нәрселерді жасауға тиіссіз”, пікірсайыстыру үшін тиімді кейс болмас, себебі Чарльз Менсон есінен ауысқан маньяк қылмыскер, сондықтан пікірсайыс барысында Х тарап ұсынған логикалық және саналы қадамдарды жасауы екіталай.

Кейстің тиым салынатын кездері

Труизм

Егер кейске қарама-қарсы пікір айту үшін дәйек немесе жауап беру мүмкін болмаса, онда бұл жағдай өте қысылтаяң болып саналады. Бұл жағдайды труизм деп атайды және оны пайдалануға болмайды. Кейске қатысты шашыраңқы дәйектерден басқа айтуға болмайтын болған жағдай да труизм болып табылады. Труизмге мысал ретінде бір тұжырымды келтіруге болады.

Дәйектер (Аргументтер)

Премьер-министрдің мазмұнды деген сөзінде кейсті негіздеуді қолдайтын кем дегенде 3-4 дәйектің болғаны дұрыс. Олардың аталуы қарапайым болуы керек. Бұл раунд барысында аталып кеткен дәйектерге сілтеме жасауды жеңілдетеді.

Дәйектерді қарапайым хабарлау аз болуы мүмкін. Сондықтан да Премьер-министр өз дәйектері қабылданбаған немесе қабылданған жағдайда пайда болатын салдардың нәтижелерін сипаттап бере алуы тиіс. Дәйектің әрқайсысы кейсті тікелей қолдап тұруы тиіс және дәйектер таратылып, жақсы түсіндірілуі керек. Дәйектер жалпыға ортақ құндылықтарға негізделуі керек. Нәтижесінде мұндай дәйектерді логикалық жағынан да, сезім тұрғысынан да қолдауға болады.

Дәйектердің шекарасын қалыптастырған кезінде Үкімет тобы дайындаған дәйектерінің негізгі бағытын, яғни дәйектердің кейсті тікелей қолдайтындығына көз жеткізуі керек. «Барлық Әлеуметтік сақтандыру жүйесі таратылуы қажет» деген тұжырымда осы жүйедегі барлық кемшіліктерді атап шығу аз болмақ. Бұл жағдайда Үкімет бар жүйені түзету мүмкін еместігін және оны түбегейлі өзгерту керек екендігін көрсетуі керек.

Негізгі түйіндер

Сөз басында ПМ дәйектерге олардың атауы бойынша шолу жасайды. Барлық дәйектердің негізгі түйіндері аталғаннан соң, оларға қайта шолу жасалады.

Сезімге әсер етуді көздеген дәйектерді ең соңынан қарастырған дұрыс. Ал әсері жағынан екінші болатынындарын бірінші қатарға қою керек. Спикер сөзбасын жақсы бастауы тиіс. Дегенмен мықты деген уәждерін артынан айтып, Төрешіге маңызды санайтын ойларға салмақ түсіріп айта алады.

Қорытынды

Сөз соңында спикер сөзіне қайта оралып, барлық айтқандарын тағы бір рет шолып өтуі тиіс. Қарарға екінші қайтара сілтеме жасау сөз басы мен сөз соңын байланыстырады.

Премьер-министр өз ұсыныстары мен пікірлерін қабылданған жағдайда қол жеткізуге болатын нәтижелерді немесе кейстің негізіне назар аудартуы керек. Бұл әдіс Үкімет мүшесіне сөз бастағанда септеседі. Ол осы Премьер-министрдің осы қорытындысына негізделе отырып сөзін бастайды.

ОППОЗИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІНІҢ (ЛИДЕРІНІҢ) СӨЗІ

Оппозиция Лидері үкімет ұсынған сараптаманы қарастырып, оның кемшіліктерін айтуы керек. Осыған негізделе отырып оппозиция ұстанымын дамыта түсуі тиіс. Оппозиция Лидері Премьер-министр сөзін аяқтаған соң бірден шақырылады. Парламенттік пікірсайыста сөз арасында дайындалуға қосымша уақыт берілмейді.

Қақтығыс

Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты қамтамасыз ету, яғни Үкімет ұсынған ұстанымға қарама-қарсы көзқарастың бар екендігін және оның да қарастырылуын қамтамасыз ету. Оппозиция Лидері Үкіметтің барлық айтқандарын Премьер-министр берген ұғым мен анықтамалар негізінде қарастыруы міндетті емес. Оппозиция балама көзқарасты ұстанғанымен, ол Үкімет күткендей терістеуі де міндетті емес.

Болжам мен анықтамалар – бірден сеніп қалмаңыздар

Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп отырғандығын анықтау керек. Бұл болжамдардың қателігі мен сенімсіздік тудыратын жақтары қандай? Аталған мәселелердің және болжамдардың көзқарасыңызға сәйкес болуы үшін не өзгертуге болар еді? (Оппозиция философиясы деп оның осы болжамдарға енгізбекші ойларын атауға болады). Үкіметтің түсініктерге берген анықтамаларын тағы бір рет қарап шығыңыздар. Мұнда үкіметтің өзі түсінетін анықтамалар ғана болуы да мүмкін. Сізді қанағаттандыратын анықтама қандай болуы керек? Оның салмағы неде болмақ?

Есіңізде сақтаңыздар: Сіздің басты міндетіңіз Үкіметтің әрбір дәйегіне қарсылық жасап терістеу емес. Сіздің мақсатыңыз олардың кейс құрылымын әлсірету, яғни ортақ идеясының байланысын ыдырату. Терістеу жасау барысында бірінен соң бірін терістеуден гөрі жалпы кейстің осал тұстарын іздеп зерттеген әлдеқайда тиімді болмақ.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 382 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...