Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ережелер



Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады...

Қызылорда, 2010 жыл

АМЕРИКАНДЫҚ ПАРЛАМЕНТТІК ПІКІР-САЙЫС ҮЛГІСІ

Кіріспе

Американдық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған Қарарды талқылайды.

Әр раундқа жаңа Қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады. Ол сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін де атқаратын болады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Американдық Парламенттік формат проблеманың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген. Сондықтан кез келген жазылған дәлелдерді бүкіл пікірсайыс барысында пайдалануға тиым салынады.

Бұл оқу құралы АПФ-тың негізгі кіріспесі ғана. Кейін жазылған материалдар соңғы инстанциядағы шындық болып табылмайды, ол әр жеке пікір-сайысшы немесе ол пайдаланатын пікірсайыстырудың бірегей әдісі үшін қабылдап алынатын пікірсайыстың жалпы философиясы мен негізгі ережелерін көрсетеді.

Спикерлер және олардың сөздері

Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК) 7 минут
Қарармен таныстырады. Өз кейсі туралы нақты және дәл түсінік береді. Кейсті бірнеше тәуелсіз дәйектер арқылы қуаттайды.  
Оппозиция лидерінің конструктивті сөзі (ОЛК) 8 минут
Оппозиция философиясын көрсетеді. Оппозицияның стратегиясын/контркейсін ұсынады. Тәуелсіз сараптама жасайды. Үкімет дәйектерін терістейді.  
Үкімет мүшесінің констркутивті сөзі (ҮМК) 8 минут
Қысқаша шолу жасайды. Оппозицияның тәуелсіз сараптамасына шабуыл жасайды. Үкімет кейсін қайта құрады/бекітеді. Жаңа дәйектер енгізеді  
Оппозиция мүшесінің конструктивті сөзі (ОМК) 8 минут
Оппозиция философиясын қайта қарастырады. Жаңа дәйектер мен сараптама келтіреді. Екі топтың негізгі дәйектерін басып түседі.  
Парламенттен шығып сөйлеу (әр сөзге 2 минут, әр тарап үшін 3 сөзден аспау керек)

Оппозиция лидерінің сараптамасы (ОЛС) 4 минут
Пікірсайыстың негізгі тақырыбын еске салады. Жаңа мысалдар арқылы өз позициясын анықтайды. Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы нақты айырмашылықты көрсетеді. Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді. Қорытынды жасайды. ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ
Премьер-министр сараптамасы (ПМС) 5 минут
Раунд қорытындысын жасайды. Раундтың негізгі және қиын кезеңдерін анықтайды. Оппозиция мен Үкімет позициялары арасындағы нақты айырмашылықты көрсетеді. Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді. Қорытынды жасайды. ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ (OM) ДӘЙЕКТЕРІНЕ ЖАУАПТЫ ҚОСПАҒАНДА
ПРЕМЬЕР – МИНИСТРДІҢ (ПМ) КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ

ПМ міндеті – конструктивті сөзінде Қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың барысын анықтайтын кейс (дәйектер мен дәлелдердің жиынтығы) ұсыну. ПМ пікірсайыстың бағытын және негізін айқындайды. ПМ өзінің кейсі мен Қарар арасындағы байланысты көрсетіп, Үкімет ұсынатын кейсті (бағытты) нақты бекіту керек және кейсті 3 тәуелсіз дәйек (аргумент) арқылы қолдауы тиіс.

ҚАРАР

Кез-келген тұжырым Қарар бола алады. Мысалы, философиялық немесе саяси пайымдау, өлең жолы, адамның пікірі және т.б. Қарарлардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі-түрлі кейстер ұсынылады («АҚШ Боснияға әскер енгізуі керек»). Білім беруді жақсарту («Аз білім – қауіпті») немесе сөз бостандығы («Сіздің көзқарасыңыз маған жат, бірақ Сіздің оны білдіру құқығыңыз үшін өмірімді қиюға әзірмін») сияқты жалпы тақырыпта болуы мүмкін.

Тікелей байланыс

Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына бойынша ғана пікірсайыстыра аласыз. Ал түсініксіз болған немесе жалпылама мәселелерді ПМ түсіндіріп кетуі мүмкін. Бірақ қарардың ерекше жағдайлары мен жалпы принциптерін ұстану керек. Мысалы ұсынылған қарар мынандай болсын: «Парламенттің бейбіт мақсатта күш қолдануға құқығы бар». Бұл жағдайда Үкіметтің Қарарды қолдану аясы кеңдеу болады (нақтылау үшін «күшті» «әскери күш» деп алуы мүмкін). Көрсетілген өзгеше қарар бойынша пікір сайыстыруды да таңдай алады. Шындыққа жанаспайтын немесе нақтыланбаған кілтті (негізгі) сөздерге тиым салынады: көрсетілген мысалда Үкімет «күш қолдануды» «кедейшілікпен күрес» деп анықтай алмайды және қаланы қамтамасыз етуге үкіметтік шығындарды көбейтуді ұсына алмайды. Кей жағдайда қарар анықталмаған тараппен ұсынылуы мүмкін: «АҚШ үкіметі суицидті ресмилендіру қажет/қажет емес». Бұл жағдайда үкімет тобының өз позициясын таңдап алуға құқы бар. Таңдауды ПМК сөзіне дейін жарияламаса да болады.

Тығыз байланыс

Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар жобалайтын тақырып пен қақтығыс көрсетуші кейсті ұсынуға болады. Кейбір еркіндікке жол беріледі, бірақ өзгеше жағдай болмаса қарардың жалпы тақырыбын сақтау қажет.

Мысалы:

«Қарарда «сізді жеңе алмайтын істерге араласпасаңыз ешкім жеңе алмайды» делінген. Саддам Хусейн бұл сабақты қабылдамады. Бірақ бұл мәлімдемеде АҚШ-қа сабақ боларлықтай мәселелер бар еді. «Шөлдегі дауыл» операциясы барысында АҚШ-тың Ирак әскерін талқандап, басып алатындығы белгілі болатын. Жер үсті операциясы небәрі 3 күнге созылды, ал Ирактың бүкіл оңтүстік бөлігі АҚШ бақылауына өтті. Біз Үкімет ретінде қарардың жобасында АҚШ-тың осы артықшылығын пайдалана отырып, жеңіс іс жүзінді қамтамасыз етілген іске араласу керектігіне сенеміз. Сондықтан біздің бүгінгі кейсіміз АҚШ-тың «Шөлдегі дауыл» операциясын – Иракты алғанға дейін жалғастыру керектігінде болып тұр.

«Бүгінгі біздің қарастыратын қарарымыз: «Ойламай айтылған сөз жүздеген өмірді қиюы мүмкін». Үкіметтің ойынша, бұл қарар жауапкершіліксіз сөздің қауіптілігін ескертіп, осы сөздер әкелетін зардаптарды жоя алатындар соны істеуге міндетті екенімен келіседі. Үкімет бүгінгі пікірсайыста «жауапкершіліксіз сөздің» нақты түрін қарастырғысы келеді – бұл «жек көру сөзі». Біздің ойымызша, белгілі бір топтардың намысына тиетін, қорлау пікірлері болашақ жауапты реакция және қоғамдағы поляризацияны тудырумен «өркениет кемесінің» өліміне әкеледі. Сонымен, біз ұсынып отырған кейс университеттерде қайсыбір азшылыққа қатысты агрессивті сөздерге тиым салатын шаралар қолдану керектігін айтады.

Тығыз байланысты қолданғанда қарардың сөзбе сөз тұжырымдамасы бойынша пікірсайыстыру міндетті емес. Ол Үкіметтің қарар тезисін іске асыратын және оған қарама-қайшылық туғызбайтын ұсыныс үшін (саяси жоспар немесе философиялық принцип болуы мүмкін) трамплин ретінде қолданылуы қажет. Қарар мен кейс арасындағы байланыс нақты белгіленіп, қабылданғаннан кейін алғашқы қарар екінші планға өтеді.

Байланыстың жоқтығы

Егер кейс пен қарар арасында байланыс болмайтын болса, онда үкімет өзі қалаған кез келген кейсті ұсынуға ерікті. Қарар тақырыбын айқындайтын кейсті ұсыну үкімет жағының артықшылығы болса да, бұл міндетті болып табылмайды. Тек ұсынылған кейс пен қарардың арасында ашық қарама-қайшылық болған жағдайды қоспағанда өзектілік те міндетті шарт болып табылмайды. Осындай ұтымды, әрі тапқыр байланыс төрешіге ұнамауы мүмкін, бірақ бұл оның шығарар шешіміне әсер етпеуі тиіс. Егер сіз парадигманың осы түрімен таныс болсаңыз, байланысты іздеп әуреленбеңіз. Қарарды ең алдымен кіріспе мен кейс арасындағы байланыс құралы ретінде пайдалану қажет. Кейсті ұсынғаннан кейін раундта қарар мен байланыс мәселесі көтерілмейді.

Шын мәнінде, «байланыс жоқтығын» пайдалану – үкіметтің артықшылығы. Бұл – Үкіметтің пікір-сайықа ойлап таба алатын кез келген мәселесін ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тек 2 талап орындалуы қажет: кейс шынайы әрі қызықты болуы керек. Кейс түрлері және оларға қатысты шектеулер төменде қарастырылатын болады.

Кейсті дайындау

Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтің кейсті жоспарлауға, оны қарармен байланыстыруға, логикаға, мотивке, құндылыққа негізделген салмақты дәйектер табуға және осы дәйектер арқылы төрешіні иландырарлық жүйелі сөзге айналдыруға 10-15 минут уақыты бар.

Бірнеше ұсыныстар:

1. Әрқашан екі пікірсайысшы да қолдай алатын кейс құрастырыңыздар. Егер ПМ Үкіметтің айтқан сөзіне сене алмайтын болса, онда бұған төрешінің де сенбейтініне шүбә келтірмеңіз. Тағы бір мәселе, топ өзінің жеңілерін сезетін жағдай. Әзілді кейстерді немесе Үкімет Мүшесі талдауға қиналатын шиыршықталған әрі түсінуге қиын экономикалық кейсті кейінге қалдырған дұрыс.

2. Кейсті жақтау қиыншылықтары. Сөздің бұл бөлігі пікірсайыс мазмұнын анықтайтын болады. Барлық негізгі және даулы болған мәселе мен ұғымдарды барынша нақты етіп түсіндіріңіздер. Бұл осы мәселелерді ұтымды пайдалануға септеседі.

3. Үкіметтің негізгі дәйектерін көрсетіп, анықтап алыңыз, бірақ тым күрделендірмеңіз. Оларды сөзбе-сөз жазып алудың да қажеттілігі шамалы, себебі бұл ПМ-нің парақтан оқуға деген қызығушылығын арттыра түсуі мүмкін. Айқындалып алынған дәйектерге қатысты қысқа ескертулер жасау арқылы ПМ нәтижелі сөзіне қажетті еркіндік алады.

4. Сөзіңізді қалай қорытындылайтыныңызды алдын ала дайындық кезінде ойластырып алыңыз. Сөзіңіздің әсерлі бастамасы туралы ойлап алу да артық болмайды.

Кейс түрлері

Парламенттік пікірсайыста кейстің кейбір негізгі түрлері жиі қолданылады. Әрине, бұл тізім толық бола алмайды, себебі кейбір кейс түрлері төменде көрсетілген 3 топтың ішінде жоқ. Көп жағдайда кейстер бірнеше топтың элементтерін қамтиды. Мысалы, эвтаназияға рұқсат беру жөніндегі кейс әрі саяси, әрі философиялық дәйектерді біріктіреді.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 365 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...