Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері



Банк – ақша нарығында пайда табуды көздейтін қаржылық делдал. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елде екі деңгейлі банк жүйесі қызмет атқарады:

1. Орталық банк 2 Коммерциялық банктер

Орталық банкті үкімет ұйымдастырады, оның басты функциялары:

- үкімет операцияларын жүзеге асыру; - ақша эмиссиясы; - коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау, олардың резервтерін сақтау; - елдегі ақша санын реттеу; - ұлттық валютаның тұрақтылығын ұстап тұру.

Орталық банктің активтік операцияларының негізгі түрлері – бұл бағалы қағаздарды шығару мен сату және несиелер беру. Бағалы қағаздар мен несиелер Орталық банктің активтерінің екі негізгі түрін құрайды. Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық міндеттемелер, мемлекеттік облигациялар, казначейлік вексельдер жатады. Бағалы қағаздар ұлттық қарыздың бөлігін құрайды. Нарық жағдайында облигацияларды сату мемлекеттің маңызды табыс көзі болып табылады. Мемлекет үшін облигацияларды сату мен сатып алудың тікелей мақсаты табыс емес, коммерциялық банктердің резервіне, демек, елдегі ақша массасының мөлшеріне ықпал ету болып табылады.

Активтерді орналастырудың екінші жолы – бұл несие беру. Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Несие негізінен үш мақсатты көздейді: резервтік талаптарды қамтамасыз ету үшін несие, маусымдық несие және қаржы жағдайы тұрақсыз банктерге несие беру. Бұлардан басқа шетелдік валютадағы активтер де бар. Шетелдік валюта халықаралық валюта нарығында валюталық интервенция құралы болып табылады.

Орталық банктің пассивтік операцияларының 3 негізгі түрі бар: next

1. Мемлекеттің жүргізетін операцияларына қызмет көрсету. Үкіметтің Орталық банкте салымдары сақталады және осы депозиттерден өзінің міндеттемелерін төлейді. Үкімет бұл депозиттерді салықтық түсімдер мен бағалы қағаздарды сатудан алынатын қаржыларды салу жолымен құрады және толтырады.

2. Коммерциялық банктердің резервтерін сақтау. Орталық банк тұрғысынан коммерциялық банктердің резервтері – бұл коммерциялық банк алдындағы оның міндеттемелері, демек, орталық банк үшін бұл резервтер - пассив болып табылады.

3. Банкнот шығару (ақша эмиссиясы). Орталық банктің банкноттар түрінде қағаз ақшаларды шығаруға құқығы бар. Банкноттар оның иелеріне тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер болып табылады. Бірақ Орталық банкте міндеттемелерден басқа меншікті капитал барын ұмытпау қажет. Меншікті капиталға банк мүлкінің құны, шоттар, процент түрінде алынған пайда жатады.

Пассивтік операциялар арқылы банк қаржылық ресурстарды жұмылдырады, ал активтік операциялар көмегімен оларды орналастыруды жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер – тұрғындар мен кәсіпорындардан салымдар қабылдауға, сондай-ақ несиелер беруге мүмкіндік беретін орталық банктен арнайы лицензия негізінде жұмыс істейтін қаржы институттары. Негізгі мақсаты- пайда табу. Олардың қызметін реттеп жүйелейтін Орталық банк болып саналады.

Ақша үнемі айналыста болуы қажет. Өндіріс үрдісінде фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады. Ал осы уақытта басқа фирмаларда қажеттілігі сезінеді. Бұл қайшылық несие көмегімен шешіледі. Несие – бұл экономикалық субъектілер арасындағы келісім-шарт, яғни белгілі бір мерзімге процент төлеу және қайтару шартымен несиеге берілетін ақша құралының қозғалысы. Ол негізгі екі функцияны атқарады.

1. Несие көмегімен фирма, аймақ және сала арасында ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы уақытша бос ақша құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен және несиелік операциямен ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 2193 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...