Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саған уахи етілгенге ілес. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол үкім берушілердің Қайырлысы»(10:109)



Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті мәтіндерден қатаң ұстануды және олардан өз пікірлеріне және ой-тұжырымдарына қарай ауытқымауды бұйырады, тіпті олар (адамдар): «Кейбір ауытқуларда қорқынышты ешнәрсе жоқ», - деп айтса да.

Й, Пайғамбар! Аллаһқа тақуалық істе де, кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Рас, Аллаһ - тым Білуші, аса Дана. Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине, Аллаһ не істегендеріңді толық білуші. Аллаһқа тәуекел ет. Оның Қамқоршы және Сақтаушы екендігі жеткілікті»(33:1-3).

Бұл аят өзіне өте терең мағынаны қамтыған. Ол ақиқатқа шақыруда Аллаһ Тағала сені ризықпен қамтамасыз ететін Қамқоршың және сені адамдардан қорғайтын Сақтаушың болатынын түсініп, Аллаһқа тәуекел ету және сені тура жолдан тайдырушылардың ұсыныстарына алданбау қажет екендігі туралы айтады.

«Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, тек жорамалдайды ғана». (6:116)

«(Мухаммед) яһудилер де, христиандар да сен олардың діндерін ұстанбағаныңша, сірә, сенен разы болмайды. Оларға: «Аллаһтың жолы – тура жол», - де. Өзіңе білім келгеннен кейін, егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллаһ саған не Қамқоршы, не Жәрдемші болмас» (2:120).

Бұл аяттар айқын және түсінікті-ақ.

(Мухаммед) сен Біз туралы басқа бір нәрсені ойыңнан шығаруың үшін, олар сені саған уахи етіп бергенімізден ауытқызуға сәл-ақ қалды. Сол уақытта сен олардың сүйіктісіне айналар едің. Егер біз сені бекемдемегенде, әрине, оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің!» (17:73-75).

Бұл аяттар бізге кәпірлер мен екіжүзділер ақиқаттың жақтаушыларын үнемі аздап болса да тура жолдан тайдыруға талпыныс жасайтындары туралы айтады. Олар ақиқаттың негізінде бекем және мығым тұрған адамды аздап болса да ауытқығысы келеді, осы азғантай ғана ауытқу кейіннен оны шетке қарай алыс алып кетуі үшін. Міне, сол кезде сен олар үшін досқа айналасың және олар саған ризашылығын білдіріп, сені тыныш қалдырады.

Ал бізге қатысты айтар болсақ, біздің ісіміз жоғарыда аталған көптеген сипаттарда кәпірлер мен екіжүзділерге ұқсастық танытатын дінге жаңалық енгізушілермен болуда.

Тарау. Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) тамамдады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды

Аллаһ Тағала әрбір заттың толық түсіндірмесін беріп болмайынша, Өзінің заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын түсіруін тоқтатпады. Сөйтіп Ол Өзінің дінін кемелдікке жеткізді, оны толық деп атады және оны қандай да бір нәрсемен толықтыруға тыйым салды. Бұл мына аяттар мен хадистерден айқын түсіндіріледі:

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3).

«Кітапта еш нәрседен кенде етпедік» (6:38).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 296 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...