Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Арапайым имамнан «діни» немесе «рухани көсбасшыға» мәртебесіне дейін сапалы жаңа серпіліс жасау үмітімен мемлекетке жағуға ұмтылу



Адамдардың бұл үлгісі (типі) мешіттердің қарапайым имамдарынан ерекшеленеді. Бұл топтың өкілдері - кейде жалқаулықпен болса да, өз мешіттерінде діндегі жаңалықтарды нығайту үшін кейбір қадамдар жасайтын жай мешіттердің үнсіз, мақұлдауыш имамдары емес.

Бұл жерде азғантай ғана жалақымен және мешіттің жанындағы жөндеуден өтпеген ескі ғана үймен қанағаттанатындарға жатпайтын бидғатшылардың (...) белсенді өкілдері туралы сөз болуда.

Адамдардың бұл түрі іс жүзіндегі билікке, байлыққа, сәнді өмірге, ықпал-беделге ұмтылатын адамдар болып табылады. Мұндай адам діндегі жаңалықтар туралы жай ғана үнсіз қалмай, оларды (бидғаттарды) белсенді түрде ілгерілетеді және осы жолда кедергі болуы мүмкін барлық адамдарды жоюға тырысады. Осы үлгідегі адамдардың әдетте діни және зайырлы білімі жаман болмайды, олар ұйымдастырушылық және шешендік сипаттарға ие болады және адамдардың көпшілігіне ұнайтын нәрселерді айтумен ерекшеленеді. Мұндай адам, өзінің біліміне қарамастан, Аллаһтың Кітабын және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін саналы түрде артына тастап, адасқандардың қатарына жатады.

Ол – Аллаһ Тағала оларға: «Ақиқатты біле тұра оны жасырмаңдар», - деп айтқан жай айтқан адамдардан емес, бірақ ол – Аллаһ олар туралы былай дегендерден: «(Мухаммед) оларға берген аяттарымызды лақтырып, шайтандарға ерген адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. Егер қаласақ, бұл білім арқылы, әрине, оны жоғарылатар едік. Бірақ ол жерге еңкейіп (дүниеге беріліп), нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: егер оны қусаң, тілін салақтататын, оны тыныш қойып қойсаң да, тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мухаммед) уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! Аллаһ кімді тура жолға салса, сонда ол тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар - зиянға ұшырағандар. Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіз надандар» (7:175-179).

Уа, бауырым, егер сен солардың біреуі болудан қорықсаң және осыдан қалайша құтылуды білмесең, онда Аллаһ Тағала сені жауапсыз қалдырмады. Ол былай деді: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (7:180).

Сондай-ақ сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне жамылғы жасаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23)

Міне, осы туралы ой қозға, бауырым, сонда осы еңбекті не себепті имамдар мен қарапайым халық қолдамайтынын және не үшін «діни жетекшілер» оған қарсы шығатынын түсінесің. Мен бұл еңбекті сен мәулітті өткізуден бас тартпайтындардың және оны сән-салтанатпен өткізіп, лазерлік шоулар арқылы адамдарды қызықтырып шақыратындардың көпшілік болуына алданбауың үшін жаздым.

Осы себептердің барлығы адамдарды ақиқаттан бас тартып, оған ілеспеуге мәжбүрлейді. Бірақ осымен барлығы аяқталса ғой, бұл қасіреттің жартысы болар еді, алайда Аллаһтың Оның жаратылыстарындағы заңы сондай – кім бір рет ақиқаттан саналы түрде бас бұрған болса, күн өткен сайын өз адасушылығына тереңдей береді және енді тоқтай алмайды. Аллаһ былай дейді: «Олардың жүректерінде дерт бар. Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтірік айтқандарының салдарынан күйзелтуші азап бар» (2:10).

Дәл сондықтан да біз діндегі жаңалықтың кішіден басталатынын, бірақ жыл сайын өсе бергені соншалықты – көлемі өте үлкен, ал салдары қайтымсыз болатынын айтамыз. Осы жерде бір маңызды құбылысты ұғып алған жөн: діндегі жаңалықтардың жетекшілерін оның көлемін ұлғайтуға не итермелейді? Бұған оларды бұрын қол жеткізген билігін, мал-мүлкін және адамдар арасындағы беделін көбейтуге деген дәмелері итермелейді.

Алайда Аллаһ Тағала ақиқатты қолдаусыз қалдырмайды. Адамдарға үнемі ақиқат жеткізіліп, заттардың мәні түсіндіріліп тұрады да, олар істің мәнісін түсіне бастайды. Осының барысында залымдар, егер олар қандай да бір шаралар қолданбаса, өздері ие болған нәрселерін көбейтпек түгілі, мұның барлығынан айырылып қалалатынын түсіне бастайды. Міне осы жерде олар адамдардың алдында өздерін ақтау үшін өздерінің діндегі жаңалықтарына дәлелдер іздей бастайды. Олар ақиқатты өтірік деп, ал өтірікті шындық деп көрсете бастайды; қасиетті мәтіндерді өздеріне қолайлы етіп түсіндіреді, өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес олардан бір нәрселерді алып тастайды, не қосады; адамдарға ақиқатты түсіндіретіндерге қысым жасап, өз билігі мен күшін іске қосады, оларды қорқытады, оларға түрлі лақап аттар тағып, адамдардың алдында жаман етіп көрсетеді және барынша жала жапсырады. Ал өздері адамдардың алдына күлімсіреп шығады, оларға назар мен мейірімділік көрсеткен болады, уәделер береді, жағымпазданады және өтірік айтады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала: «(Мухаммед) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан үрейленеді). Олар дүшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Аллаһ типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?» (63:4).

Имам әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Олардың сыртқы келбеті және түрі сені таң қалдырады, олардың сөздері қысқа және құлаққа жағымды. Олар өздерінің қорқақтығынан, жүректерінің әлсіздігінен және күмәндарынан, әрбір айқайдан қорқады. Олар жүректеріндегісін адамдар біліп қояды ма деп қорқады. Міне дәл солар – нағыз дұшпандар, өйткені өзінің дұшпандығы туралы ашық айтатын дұшпан өзінің дұшпандығын жасыратын адамнан қауіптірек емес. Осындай адам жалған айтып, қулықтар жасайды. Сен оны дос деп ойлайсың, ал ол - шынайы дұшпан». «Тафсир әс-Са‟ди» 63-сүре, 4-аят, аздап қысқартылған.

Нәтижесінде, егер ақиқаттың жақтаушылары үндемесе, лайықты түрде қарсыластық көрсетпесе, ақиқатты дұрыс түсіндірмесе және әлжуаздық, бидғатты сөгуде қорқақтық танытытып, сыртта қалып қойса, адамдардың сүйспеншілігі әлгілерге ауып кетеді де, содан соң осы адамдардың жалғаншылар, жеқсұрын адамдар екендігі олардың тіпті ойына да кіріп шықпайтын болады. Ал ақиқаттың жақтаушыларына келер болсақ, олар бүкіл ашу-ыза мен сөгістің толқынын өзіне алады да, адамдар оларды дұшпан және өтірікшілер деп санай бастайды.

Бірақ ақиқатты жақтаушылар өздерінің әлсіздігіне қарамастан, қамықпай, қарсылық көрсетуді тастамауы қажет. Өйткені Аллаһ Тағала: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар», - деп айтады ғой (3:139).

Сондай-ақ Ол: «Ендеше сабыр ет, ал тақуаларға ең соңында игілік әзірленген», -деген(11:49).

Ол тағыда былай деген: «Сөзсіз, Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендер, солар қор болғандардың қатарында болады. Аллаһ: "Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз" - деп жазған» (58:20-21).

Ал егер осы тараудың тым ұзарып кететіндігі жөнінде қорқыныш болмағанда, мен оның әрбір тармағына көптеген аяттарды, хадистерді және біздің салиқалы алдынғы буын өкілдерінің сөздерін келтірер едім.

Ал кітапқа осы тарауды мен оқырман оны оқып болған соң мына сұрақтарға жауап бере алуы үшін енгіздім:

1. Не үшін діндегі жаңалықтардың бұл жетекшілері ақиқатты қабылдамауда табандылық танытады?

2. Оларды өз бидғаттарының айналымын жыл сайын өсіруге не итермелейді?

3. Не себепті ақиқатты жақтау үшін ешкім дерлік тұрмайды?

4. Не себепті адамдардың басым бөлігі бидғаттарды қайтарып тастаудың орнына, ең соңында оларға ілесіп кетеді?





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 302 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...