Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?



Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың Аллаһқа жақындау жолында және Оған құлшылық қылуларында көрініс таппаған кез келген сенім, сөз және амал.

Қасиетті кітаптарда сөгіс айтылған діндегі жаңалықтардың (бидғаттың) не екендігін, сондай-ақ олар адасушылық болып табылатындығын төмендегілер нұсқайды[7]:

1. Сүннетке қайшы келетін барлық сөздер, амалдар және сенімдер, тіпті олар ижтиһадтың нәтижесі болса да (мысалы, жұма намазына шақырылатын екі азанның біріншісі)[8].

2. Адам Аллаһқа жақындауды және Оның разылын алуды қалап істейтін, бірақ шариғатта оның тыйым салынғандығы туралы нақты нұсқау болған кез келген іс (мысалы, туысқан адамыңның қайтыс болғанынан кейін үшіне, жетісіне, қырқына, жылына, өлген күніне, жамбасы жерге тиген күніне, туған күніне, пейшенбілікке, т.с.с. күндерді белгілеп (атап), адамдарға арнап дастархан жаю (тамақ беру)).

3. Тек шариғи мәтінмен ғана заңды етіп бекітілетін, бірақ оған қатысты шариғи мәтін жоқ кез келген іс. Сахабаның бірнеше рет істеген ісі, егер басқа сахабалар оған ешқандай сөгіс білдірмеген болса (мысалы, намаздың немесе дұғаның ерекше бір түрі т.б.), бұдан тыс шығарылатын іс болып табылады.

4. Кәпірлерден алынып, кейін шариғатта заңдастырылған ғибадатқа телінген іс (мысалы, негізі христиандардың Рождество Христово (Христостың туған күні) мерекесі болған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туғанына арналған мереке өткізу).

5. Кейбір ғалымдар оларды істеу жақсы деп айтқан, бірақ қасиетті мәтіндерде бұған дәлелдері жоқ істер (мысалы, қабірдің басына, не жалпы бейіттерге тал отырғызу).

6. Тек әлсіз және өтірік хадистерде ғана нұсқалған (көрсетілген) кез келген ғибадат (мысалы, Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе әулиеніңнінің құрметі және құқығы арқылы жүгіну (сопылардың заңдастырылмаған тәууасулі)).

7. Қандай да бір ғибадатта шектен шығу (мысалы, Рамазан айынан өзге уақытта үнемі, үзіліссіз, күнде ораза ұстау).

8. Заңдылығына шариғат нұсқаған, бірақ оны белгілі бір күнмен, орынмен, тәсілмен немесе санмен шектемеген ғибадаттар (мысалы, өз аумағыңның қабірлеріне зиярат жасау шариғатта заңдастырылған, бірақ «оларды әр жұма күні немесе айт күндерінде зиярат ету жақсырақ» деген сөз діндегі жаңалық болып табылады). Діндегі жаңалықтар туралы көптеген аяттар, хадистер және сахабалардан хабарлар келген. Олардың мәні діндегі жаңалықтар көпқұдайшылдықтан кейінгі ең жаман амал екендігіне келіп тіреледі!

Олардың зияны неде?

1. Діндегі жаңалықтың жақтаушысы (бидғатшы) жанама түрде: «Аллаһ Тағала әділетсіздік жасады және адамдарға сауапқа жетуге болатын кейбір амалдар мен жолдар туралы хабар жібермеді», - деп мәлімдеген болады.

Аллаһ былай деп айтады: «Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Аллаһ, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залымдық істеуде» (24:50).

Сондай-ақ Ол: «Міне, Раббыларың туралы ойлаған осы ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар», - деді(41:23).

2. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбардың өзі діндегі бұл жаңалықтың игілігі туралы білмеген», - деп мәлімдеген болады. Бірақ бұл мына хадиске қайшы келеді: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Бұл хадистен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сауапқа жетудің барлық жолдары мен тәсілдерін білгендігі бірмағыналы түрде түсініледі.

3. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбар Аллаһ оған адамдарға жеткізуді бұйырған нәрсесінің бір бөлігін бізден жасырып қалды», - деп мәлімдеген болады.

Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Аллаһ сендерге бұйырып, мен сендерге бұйырмаған, және Аллаһ сендерге тыйым салып, мен сендерге тыйым салмаған ешнәрсе жоқ» деген хадисіне анық қайшы келеді.

Осыдан шыға келе кез келген бидғатшы өзінің бидғатымен жанама немесе ашық түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйе жаққан болады. Сондықтан да ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген екен: «Сен қандай көпқұдайшылды кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһ Тағаланы қаралайды, тіпті егер өзінің көпқұдайшылдығымен Оны ұлықтаймын деп ойласа да. Тура сол секілді, сен қайсы бидғатшыны кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаралайды, тіпті егер өзінің бидғатымен оны ұлықтаймын деп ойласа да». «Зиярат ул-Қубур» 34-бет.

4. Бидғатшы сахабаларды жанама түрде: «Олар игілікке және ғибадатқа жеткілікті түрде ұмтылмады және Пайғамбарды жеткілікті денгейде сүймеді», - деп айыптаған болады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер сендердің кез келгендерің Аллаһтың жолында Ухуд тауына тең алтынды таратса да, сахабалардың кез келгені бір уыс алтынды немесе оның жартысын сарп еткені үшін алған сауабын ала алмайды». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3673; Муслим 2541.

5. Бидғатшы: «Аллаһтың діні бәрібір толық және кемел емес және ол кейбір қосымшалар мен түзетулерге мұқтаж», - деп мәлімдейді.

Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3).

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед) «Аллаһтың діні осылай! Кімнің діні Аллаһтың дінінен жақсырақ болмақ? Сондықтан біз Оған ғана құлшылық қыламыз», - деп айт», -деді(2:138).

6. Кез келген бидғатшы жүрегінде сахабаларға деген жеккөрушілік сақтайды, өйткені ол қандай бидғат жасаса да, Сүннеттің жақтаушылары оған осы амалды жасамаған сахабаларды мысал ретінде келтіреді.

Аллаһ сондайлар туралы былай деген: «Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер!» - де. Шәксіз, Аллаһ көкіректегілерді толық біледі» (3:119).

Сондай олардан кейін келгендер де: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз, шүбәсіз, Сен тым Жұмсақ, ерекше Мейірімдісің" – дейді»(59:10).

7. Діндегі жаңалықтардың көптігі адамдардың мүлде басқа дінді ұстануына алып келеді, әрі іс жүзінде олар осы арқылы Аллаһқа жақындамайды және Аллаһтан Ол оларға уәде етпеген нәрселерді алуға үміт етеді.

Аллаһ былай деді: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?» (42:21).

8. Діндегі жаңалық – ең жаман амалдардың бірі болуына қарамастан, бидғатшы осы ісіне тәубе етеді және оны тастайды дегенге үміт жоқтың қасы.

Әнас ибн Мәлик Пағамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ бидғатшыға тәубе етуді нәсіп етпейді», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих). Абу әш-Шейх «Тарих Асбахан» 259-бет; Табарани «әл-Аусат» № 4360; әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 6/101/1; Бәйһақи «Шу‟аб ул-Иман» 2/380/2; Қз.: «әс-Сахиха» 1620.

Сондықтан Абу Амр әс-Сибани былай деп айтқан екен: «Аллаһ Тағала бидғатшыға тәубе ету мүмкіндігін бермеді, әрі бидғатшы өзінің бидғатынан да жаманырақ нәрсеге өтпесе ғана, өз бидғатын тастамайды». Ибн Уаддах «әл-Хауадис» № 152.

Басқа бір жерде ол былай деген: «Ол тәубеге келеді деген азғантай ғана ықтималдық бар, бірақ басым көпшілік жағдайда бұлай болмайды. Бұл оның өз бидғатына жабысып алғандығынан, өйткені ол (шариғи) мәтіндерде оның амалдарын заңды ететін дәлелдер бар деп есептейді. Бірақ іс жүзінде бұл мәтіндер осы амалдың заңдылығына нұсқамайды. Ол өзі дұрыс деп есептейтін бір нәрселерді шариғат та дұрыс деп есептейді деп пайымдайды. Сондықтан да қалайша ол осы амалынан бас тартпақ және ол үшін тәубе етпек?!»

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сондықтан да Суфьян әс-Саури және басқалар сияқты бұл діннің имамдары діндегі жаңалық Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек деп айтқан. Өйткені күнәлары үшін адам тәубе етеді, бірақ діндегі жаңалық жасағаны үшін тәубе етпейді. Оның себебі адамның Аллаһ пен Оның Елшісі заңдастырмаған дінді ұстана бастайтынында және оның ісі өзіне көркем етіп көрсетіледі, әрі ол оны игілік деп санайды. Ендеше, қалайша ол игілік деп санаған нәрсесі үшін тәубе етпек?! Тәубе туралы ой істелініп жатқан амалдың жаман екендігін түсінгеннен кейін ғана пайда болады». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 10/9.

9. Діндегі жаңалық жасаған адам міндетті түрде тура сол мазмұндағы Сүннеттің мөлшерін тастайды.

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сен Сүннеттен өз бидғатына қарама-қайшы келетін қандай да бір нәрсені тастаған бидғатшыдан өзге бидғатшыны таппайсың. Бұл хадисте: «Дінде қандай жаңалық ойлап табылса, міндетті түрде Сүннеттен сонша нәрсе тасталады», - деп келгеніндей. Хадисті имам Ахмад ( 4/105) жеткізген. Аллаһ былай деген: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен өшпенділіктік салдық» (5:14)». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 7/173.

Сүннеттен қандай да бір нәрсені тастау адасушылыққа алып келеді:

Абу Бакр әс-Сыддық: «Мен Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегенінің кішкентай ғана бөлігін істеуді де қалдырмаймын, өйткені мен осыдан бір нәрсені қалдырсам, адасамын ба деп қорқамын». Хабар сенімді (сахих); Бухари 3093; Муслим 1759.

10. Пайғамбар Қиямет күні бидғатшылардан бас тартады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Қиямет күні маған мен танитытын және мені танитын адамдарды алып келеді, бірақ кейін мені мен олардың арасында бөгет қойылады да, мен: «Олар менің үмметімнен ғой!», - деп айтамын. Ал маған: «Сен олардың сенен кейін не енгізгенін білмейсің!», - деп айтылады. Сол кезде мен: «Кетсін әрі, кетсін әрі, менен кейін дінді өзгерткендер!», - деймін». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5/2406; Муслим 4/1793.

11. Бидғатшы өзінің бидғатымен мұсылмандардың біртұтастығын бұзады, соның салдарынан, келіспеушіліктер, алауыздық пен өшпенділік пайда болады.

Аллаһ былай деді: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын тез береді» (5:14).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда, рас, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ - Естуші, әр нәрсені Білуші» (2:137).

12. Бидғатшы өзінің бидғатын істей бастағанда, ол қаласа да, қаламаса да, не сөздерімен, не істерімен оған басқа адамдарды шақыра бастайды. Өйткені адамның табиғаты сондай, яғни ол бір нәрсені игілік деп таныса, міндетті түрде өзін қоршаған адамдармен онымен бөліскісі келеді, әсіресе өзі жақсы көретіндермен және оларға жақсылықты қалайтындарымен. Ал осы нәрсе мұсылмандардың тұтас тобының біртұтас жамағаттан (әл-жәма`адан) бөлініп шығып, діндегі осы жаңалықтың негізінде достасуына және дұшпан болуына әкеп соғады. Өздерін қолдайтындарды олар өз ортасына қосады, ал кім бұл бидғатқа қарсылық жасаса, олар оны дұшпан деп жариялады.

Аллаһ былай деп айтты: «Рас, сендердің діндерің – біртұтас дін, ал Мен - Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзінде болғанға мәз болды» (23:52-53).

Ол сондай-ақ былай деді: «Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға бөлінгендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін Ол оларға істеген істерін түсіндіреді» (6:159).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...