Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді



Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» (16:44).

Осы аяттан біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен, өз пікіріне және пайымдарына негізделіп, еш нәрсе айтпағанын және істемегенін, бірақ оның айтқанының және істегенінің барлығы Аллаһтан түскенін түсінеміз.

Аллаһ Тағала былай деді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені - көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4).

Сондықтан хафиз Ибн Кәсир былай деген: «Мухаддистердің және «фиқһ негіздері» ғалымдарының тұтас тобы «Құранмен бірге Сүннет те көктен түскен уахи болып табылады» деген пікір айтқан. Осыда олар Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сүйенген: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені - көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4). Бұл мәселе фиқһ негіздері туралы кітаптарда бекітілген, ал бұл мәселені жан-жақты түсіндіргендердің бірі хафиз Абу Бакр әл-Бәйһақи болып табылады. Ол осы туралы өзінің «әл-Мәдхал илә с-Сунан» кітабында айтқан. «Әл-Фусул фи сират ир-Расул» 207-бет.

Я‟лә ибн Умайя былай деп баяндайтын: «Бірде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Джу‟ранда [2] болған кезде, оның жанына молынан әтір сеуіп алған, жубба [3] киген бір кісі келіп: «Менің умрам [4] туралы не істеуді бұйырасың?» - деп сұрады». Я‟лә былай деді: «Осы кезде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсе бастады және оны киіммен бүркеді. Ал мен Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған уахи түсіп жатқан кезінде көргім келетін. Сонда Умар ибн әл-Хаттаб маған: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсіп жатқан кезде оны көргің келе ме?» - деп сұрады. Умар киімнің бір шетін көтерді және мен Пайғамбарға көз салдым – ол жас түйе қырылдағандай, қырылдап отырды. Ал уахи біткенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Умра туралы сұраған (адам) қайда? Бойыңнан әтірдің ізін жуып таста, жуббаңды шеш те, қажылықта не істейтін болсаң, умра кезінде де соны істе», -деді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 1536; Муслим 1180; Абу Дауд 1819; Тирмизи 835; Мәлик «Муатта» 728; Ахмад 17970 және басқалар.

Бұл хадисте Сүннетің де Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көктен Құран сияқты уахи етілгеніне дәлел бар.

Тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Аллаһ қарсы болған елді тура жолға салмайды» (5:67).

Бұл аят ақиқатты ұлықтау өзімен бірге міндетті түрде адамдар тарапынан қорқытулар алып келетініне, бірақ Аллаһ Тағала мүміндерге қамқорлық жасайтынына нұсқайды.

Сондай-ақ Аллаһ былай деді: «Ол әлемдердің Раббысынан түсірілген. Егер елші кей сөзді өзі айтып, Бізге таңса, әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре тамырын кесер едік (өлтірер едік). Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды» (69:43-47).

Бұл аят бізге тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі кәпірлер мен екіжүзділердің айтқандарына еріп кетпеуі үшін және Аллаһқа Ол айтпаған нәрсені таңбауы үшін, Аллаһ тарапынан ескертулерге және қолдауға мұқтаж болғандығын айтып тұр. Осыдан біз «ақиқатты қорғау жеңіл іс емес» деген қорытынды шығара аламыз.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 298 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...