Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді



Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (2:2).

Имам әш-Шәнқити өзінің тәпсірінде былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала Құран тақуалар үшін басшылық екенін ашық түрде мәлімдеді. Алайда тура осы аяттан біз тақуа болмағандар үшін бұл Құран басшылық болмайтынын да білеміз. Әрі біздің бұл түсінуіміз Құранның басқа аяттарында түсіндірілген. Мысалы, Аллаһтың мына Сөздері: «Ол Құран - иман келтіргендер үшін бір тура жол және шипа", - де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран олар үшін бір соқырлық (қараңғылық)» (41:44). Сондай-ақ (мына сөздері де): «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі» (17:82). Сондай-ақ (Ол былай деді): «Әрине, Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран) олардың көбінің азғындығын, күпірлігін арттырады» (5:64) ». «Адуа ул-Баян» 1/37.

Жоғарыда келтірілген аяттардан адамдардың көбі, оларға қандай дәлел келтірілсе де, ақиқатты қабылдамайтыны айқын болады.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де - бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді». (2:6)

Сондай-ақ Ол: «Расында, өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иман келтірмейді. Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де, күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді)», - дейді.(10: 96-97)

Ол тағы былай деген: «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен қатты ант қылды. (Мухаммед): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында», - де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме?» (6:109)

Ал егер біреу: «Бұл аяттарда мұсылмандар туралы емес, кәпірлер туралы сөз болуда», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бидғатшылар мен кәпірлердің арасында үлкен ұқсастық бар. Кәпірлер шариғатты толығымен теріске шығарып, осы дінді тұтас қабылдамайды, ал бидғатшылар шариғаттың қандай да бір бөлігін қабыл алмайды. Дәл сондықтан үмметіміздің имамдары кәпірлер мен екіжүзділер туралы аяттарды бидғатшыларға да қатысты қолдануды тоқтатпайтын, әрине осы тұста олардың айырмашылықтарындағы шекараны ескере отырып. Ал кейбір сопылардың «Сүннеттің жақтаушылары кәпірлер туралы аяттарды мұсылмандарға қатысты қолданады және осынысында хауариждерге ұқсайды» деген мәлімдемелеріне келер болсақ, олардың өтірік екендігі ап-айқын. Оның мәні – хауариждер, кәпірлерге қатысты үкімдерді (қаулыларды) мұсылмандарға қолдана отырып, кәпірлер туралы аяттарды пайдаланады, мысалы, олар «қандай да бір мұсылман кәпірлерге бір нәрседе ұқсаса, ол кәпір болады, мәңгілік Тозақта қалады, мұсылмандардың қабіріне жерленбейді» деген күпірлікте айыптаудың басқа да салдарын айтады. Ал Сүннеттің жақтаушыларына келер болсақ, олар тек кейбір мұсылмандардың кәпірлерге ұқсап кететін жайттарға ғана нұсқайды да, осы тұста мұсылманды күпірлікте айыптамайды және оны кәпірмен теңестірмейді.

Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Қашан оларға: «Аллаһ түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер», - делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол бізге жетеді», - дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» (5:104).

Бұл аяттар ата-бабаларының жолын тастай алмаған және Аллаһтың дінін одан артық көре алмай, оны қабылдамаған кәпірлер туралы түсірілген болатын. Тура сол сияқты бүгін де сопылардың көбі өздерінің іс-әрекеттерін маулітті өткізуді тастай алмайтындықтарымен, өйткені оны олардың ата-бабалары баяғы заманнан бері өткізіп келе жатқандығымен дәйектейді. Және оларға Аллаһ Тағала мәуліттің өткізуін заңдастырмағаны және оны өткізуге риза еместігі туралы айқын, бұлтарыссыз, ашық дәлелдер келтірілгеннен кейін де, олар оны өткізуді ата-бабалары қалай болғанда да оны өткізгендігімен, демек олар да оны өткізуді тастай алмайтындықтарын айтып, ақталуларын жалғастыра береді. Ал егер жалпы айтар болсақ, ата-бабаларына ілесу идеясы олардың «Бізге ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам керек...» деген ұранында көрініс табады.

Сондықтан да осы аяттан шыға келе, біздің сопыларымыздың, Аллаһ Тағала оларға жіберген барлық дәлелдер мен белгілерге қарамастан, Оның дінін қабылдамаған кәпірлермен айқын ұқсастық танытып жатқандықтарын растаудан басқа ешнәрсе қалмайды. Алайда бұл «біз осы сопыларды күпірлікте айыптап жатырмыз» дегенді білдірмейді.

Сонымен бірге, осы бидғатшылардың көбі өздерінің ақиқат жолымен жүрмей жатқандықтарын, керісінше, өздерінің қандай да бір жеке мақсаттарын көздеп, оған қайшы келіп жүргендерін түсінеді.

Аллаһ былай деді: «Олар сені өтірікші санап тұрған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді» (6:33).

Сенің ақиқатпен келгендігің оларға айқын болған соң, олар өз жүректеріне қайта оралады да, өздерінің құмарлықтарын жеңе алмайтындықтарын немесе жеңгісі келмейтіндіктерін, ақиқатты мойындап оны қабылдай алмайтындықтарын түсінеді. Содан кейін олар Аллаһ Тағаланың заң-ережелерін арқасына тастап, өздерінің ұмтылыстары мақұл көріп тынышталған нәрселерге ілесуді жалғастырады. Осыдан кейін Аллаһ Тағала Өзінің даналығымен және әділеттілігімен олардың жүрегіне мөр қояды: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бұзақы елді тура жолға салмайды» (61:5).

Олардың жүректерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз»(6:110).

«Көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ оны біліп адастырған және құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзіне жамылғы тастаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23).

Имам әш-Шәнқити былай деген: «Мөр – бұл мөрленген ыдыстан ешнәрсенің шығуына және оның ішіне ешнәрсенің кіруіне мүмкіндік бермейтін нәрсе. Ал жамылғы – қараңғылықтан өзге ешнәрсені көруге мүмкіндік бермейтін нәрсе». «Адуа ул-Баян» 1/39.

Көптеген адамдардың ақиқатты қабылдамауларының себептері көп. Олардың негізгілері мыналар:

1. Діни көшбасшыларға, тіпті олардың іс-әрекеттері немесе сөздері Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қайшы келсе де, соқыр түрде ілесу.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Адамдардың көбі дінді дұрыс түсінбейді (яғни олардың дін туралы түсінігі үстіртін) және олардың дін туралы бар білімі мен түсінігі олар дінде құрметтейтін біреулер сызып көрсеткен қандай да бір бейнелерден тұрады. Кейін олар осы имамдар туралы жақсы ойда болуының себебінен солардың сөздеріне тоқтайды да, олардан аспайды, әрі осы олардың көзін ақиқатты көруге жабатын жамылғыға айналады, ал бұл жамылғы нендей қорқынышты!» «Тарик әл-Хижратайн» 215-бет, «әл-Мактаба әс-сәлафия» баспасы, тахқиқ Мухиббуддин әл-Хатыб.

Бұл сөздерді айқынырақ түсіну үшін этникалық мұсылмандардың өкілдеріне қараудың өзі жеткілікті болады. Олардың дін туралы түсінігі өте үстіртін. Мұндай адамдар әр уақытта өздерінің өтіріктері мен қулықтарының арқасында қалың бұқараның жақсы көзқарасына оңай ие болып алатын, кейін осыны «мұсылмандардың көпшілігі олардың іс-әрекеттері мен сенімдерін қолдайды» дегенмен дәйектейтін бидғатшылардың негізгі қаруы болған.

Билікке немесе бедел (мәртебеге) ие болу. Мұндайлар ақиқатты қабылдамайды, өйткені жиі жағдайда ақиқатты қабылдау осы биліктің немесе беделдің (мәртебенің) жоғалуына алып келеді.

Абдуллатыф ибн Абдуррахман Әли-Шейх былай деген: «Екінші топ: өмірі мен тәнінің құмарлықтарының азғыруына түскен билік пен мал-мүлік иелері. Олар ақиқатты қабылдау өздері сүйетін және ұмтылатын «шахауатул ғайдан» болған (сән-салтанат, жеңіл тұрмыс, ертеңгі күнге деген тыныштық сынды) нәрселердің көбінен бас тартуға мәжбүрлейтінін өте жақсы түсінеді. Сондықтан олар ақиқатты қабылдауға деген шықыруларға немқұрайдылық танытады және оны қабылдамайды». «Уйун әр-расаил» 2/650.

Біздің жағдайымызда бұл екінші топ өкілдерінің ең жарқын және сәйкес келетін мысалы өздерінің қолындағы нәрселерді сақтап қалуды қалап, ақиқат туралы айтпастан, үнсіздік сақтайтын және өз бастықтарына қарсы сөйлемейтін мешіттердің имамдары, сондай-ақ діни қызметкерлер құрылымының орта буындары болып табылады. Егер біреу: «Мешіттердің имамдары өте аз нәрселерге ие ғой», - деп айтса, мен оларға: «Мешіттердің имамдары – дәл сол көп нәрсені қаламайтын, бірақ оларды мейлі аз болса да, әйтеуір бір жалақыда, мешіттің жанындағы үйде т.с.с. нәрселерде көрініс табатын ертеңгі күнге деген тыныштық көбірек қызықтыратын адамдардың санаты», - деп жауап берер едім. Кім осы үлгідегі (типтегі) адамдарға талдау назарын салып қараса, менімен міндетті түрде келіседі. (...)

Олардың шағын қалашығында қатардағы мұсылмандардың кейбіреулері діндегі жаңалықтармен келіспей, қарсы пікір білдіре бастаған кезде, олар үшін істің ыңғайына қарай өзін бірде бір жаққа, бірде екінші жаққа жақтаушы ретінде көрсетуден басқа еш нәрсе қалмайды.

Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік», - деп айтады. Әрқашан олар сайтандарымен оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз», - дейді. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әрі олар тура жолды таппады»(2:14-16).

Й, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас (көмекші) тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік. Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер! Шәксіз Аллаһ көкіректегілерді толық біледі», - де. Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабырлық және тақуалық етсеңдер, олардың қастықтары (арамдықтары) сендерге ешбір зиян қылмайды. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі»(3: 118-120).

Аллаһ Тағаланың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» (2:41) деген аяттары туралы имам Абу әл-Музаффар әс-Сам‟ани былай деген: «Бұл - яһудилердің ғалымдары мен монахтарында, олардың байлары мен надандарында ас дорбасы (пайда көзі) бар болғандықтан және олар егер Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болса) иман келтірсе, бұл ас дорбасынан айырылып қалуларынан қорыққандықтарынан. Сондықтан олар Пайғамбардың Тауратта нұсқалған сипаттарын өзгертті де, оның есімін жасырды. Міне осы - Аллаһтың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» деген сөздерінің мағынасы». «Тафсир әл-Қуран» 1/72.

Имам Ибн әл-Қайим: «Аллаһтың тыйымдары бұзылып, Оның қойған шекаралары атталып, Оның діні тасталып, Оның Елшісінің Сүннетінен алшақталып жатқанды көріп, бірақ осыған қарамастан оның жүрегі суық, ал тілі үнсіз болып қала беретін адамда қандай дін және игілік болуы мүмкін. Ол – үнсіз шайтан! Ал кім өтірікке шақырса – ол сөйлейтін шайтан! Әрі егер ол өзіне астық дорбасы мен беделін қамтамасыз етіп алса, оны дінмен не болып жатқандығы толғандырмайтын осындайлардан өзге біреулерден дінге сәтсіздік келіп пе еді?! Ал егер біреу оның беделін немесе мал-мүлкін азайтқысы келсе, ол лап етеді, бар күш-жігерін жұмсайды және үш тәсілдің барлығымен (қолмен, сөзбен, жүрекпен) тойтарыс береді. Әрі осындайлар Аллаһтың назарында төмен түсіп, Оның Қахарына ұшырағандарына қоса, өздері осыны байқамаған күйінде бұл дүниеде орын алуы мүмкін болған ең ауыр сынақпен сыналды. Ал бұл сынақ – жүректің өлуі, өйткені адамның жүрегі қаншалықты тірі болса, оның Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ызасы да соншалықты мықты, әрі оның дінге деген көмегі де соншалықты кемелдеу болады», - деп айтқан. «А‟ләм әл-Муакки‟ин» 2/158.

Осы туралы ой қозғап көрші, бауырым, сонда саған көп нәрсе түсінікті болады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 441 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...