Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан



Тақырып 2.1.: «Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»

Түрік қағанаты (552- 603жж.)

Ұлы қоныс аудару дәуірі (II - V ғғ.) халықтың құрамы мен оның орналасуын өзгертті. V ғ. теле түркі тілдес тайпалары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейін қоныстанды. 552 ж. түріктердің жетекшісі Бумын-қаған Түрік қағанатын құрды. Оның мирасқоры Мұқан-қағанның басқарған жылдары (553 - 572 жж.) Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси басшылыққа жетті.

561-563 жж. түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрды. Эфталиттер 587 ж. Бұқара маңында түріктермен талқандалды.

Түріктер Жібек жолының қожайындарына айналды және Византиямен тікелей сауда байланыс жасауға құштар болды. Иран бұған қарсылық білдірді. Истеми-қаған мен оның ұлы Тюрксанфтың билік еткен жылдарында жалғасқан өзара соғыс және әлеуметтік қайшылықтар қағанатты әлсіретті, 603 ж. ол ыдырады.

Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.)

603 ж. Түрік қағанатынан бөлініп шықты, Шығыс Түркістан оазистерінен Әмударияға, Поволжьеге дейінгі, солтүстік кавказ жазықтарына дейінгі территорияны алып жатты. Қағанаттың негізін «он тайпа» (он ок будун) құрады, олар Қаратау тауларынан Жоңғарияға дейінгі көне үйсін жерлерін алып жатты. Шу өзенінен шығысқа қарай бес дулу тайпасы, батысқа қарай бес нушиби тайпасы бөлінді. Астанасы Суяб қаласы болды, ал жазғы рези­денциясы - Мыңбұлақ. Қағанаттағы басты тұлға қаған – жоғарғы басшы болды.

Джегуй-каған (610-618жж.) және оның кіші інісі Тон‑джабгу-қағанның (618-630жж.) билік жүргізген жылдары қағанат қуатының шыңына жетті. Жауланған жерлерде әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік құрылыс сақталды, бірақ қағанның орынбасарлары – тудундар салықтарды жинау мен алымды қаған ставкасына жеткізуді бақылады.

Қағанатта үздіксіз өзара соғыстар болып тұрды, басшылар жиі ауысты. Он алты жылдық тайпааралық соғыс (640-657 жж.) қағанаттың әлсіреуіне және Жетісуға Тан империясы (Қытай) әскерлерінің жаулап кіруіне алып келді. Тан губернаторлары қаған руының итаршыларына сүйеніп, басқарды.

Тюркеш қағанаты (700-756 жж.)

704 ж. Жетісуда түркештер билікке келді, олардың ру басшысы Үш-елік-қаған (699-706 жж.) болды. Ол Шаштан (Ташкенттен) Турфан мен Бешбалыққа дейінгі жерлерде түркештердің билігін орнатты. Басты ставкасы Суяб қаласында болды, екінші ставка – Іле ө. Кунгут қаласында. Үш-елік елді әрбіреуінде 7 мың жауынгерден тұратын 20 үлеске бөлді.

705 ж. арабтар Мәуреннахрды жаулай бастады.

Үш-еліктің мирасқоры оның Сақал-қаған (706 -711 жж.) болды.

712-713 жж. арабтарға қарсы түріктердің, соғдылықтардың, шаштықтар мен ферғаналықтардың бірлескен күштері қарсы шықты. Арабтар 714 ж. Испиджабқа (Сайрамға) жорық жасады.

Билікке Сулук-қағанның (715-738 жж.) келуімен Түркеш қағанаты нығайды. 723 ж. түркештер Ферғана қарлұқтармен және Шаш тұрғындарымен бірлесіп, арабтарды ірі жеңіліске ұшыратты. Арабтарға қарсы күресте түркеш қағандары бұрынғы күшінен айырылды және 746 ж. Алтайдан Жетісуға қоныс аударған, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады.

Қытай империясы 748 ж. әскерін Суяб қ. бағыттады және оны құлатты. 751 ж. Тараз маңындағы Атлах қаласында арабтар мен қытайлардың арасында шайқас орын алды. Қытайлардың тылында қарлұқтар көтерілді. Түркеш мемлекеті қарлұқтардың тегеурінімен 756 ж. құлады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 982 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...