Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан



Тақырып 3.1 Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

Оқу материалының мазмұны

Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ұлы жұт жылдары». Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі. Қазақтың халық батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және олардың ерліктері. Жауға қарсылық көрсетудегі Абылхайыр ханның ролі. Аңырақай шайқасы және оның маңызы. Қазақтардың жоңғарлармен күрестегі елеулі жеңістері.

Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуы. Қазақ жүздеріне қатысты патшалық Ресейдің саясаты. А.И.Тевкелев елшілігі. XVIII ғасырдың 40-шы жылдарын басындағы Кіші және Орта жүздегі жағдай.

Абылай хандығы. Патшалық Ресей мен Цинь империясына қатысты Абылай хан саясатының мәнісі. Абылай хан қазақ жерлерін біріктіру үшін күресуші, мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттері, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуы, Қазақстан үшін осы үрдістің салдары; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасы.

Арнайы:

- Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізу; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беру; тақырып бойынша дербес қорытынды жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттерін, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуын, Қазақстан үшін осы үрдістің салдарын; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасын білу керек.

§ Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізуді; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беруді; тақырып бойынша дербес қорытынды жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.2 XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Оқу материалының мазмұны

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы. Экономиканың негізгі салалары. Қазақстандағы ішкі қайшылықтардың ушығуы. Кіші жүзде Абылхайыр ханның қазасы. Кіші жүздегі жер мәселесі. Аграралық мәследегі патшалықтың отарлау саясаты.

1822ж. «Сібір қырғыздары туралы жарлық». Орта жүздегі хан билігін жою және басқарудағы өзгерістер. 1824ж. «Орынбор қырғыздары туралы жарлық».

Кіші жүзде хан билігін жою. Реформа бойынша әкімшілік бөлініс. Сот реформасы. Патша отарлау саясатының күшеюі. Хан билігін жоюдың салдары.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- адамдардың басқа этникалық топтарының мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрлерін құрметтеу мен оқып білу.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясаты, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісі.

Арнайы:

- қарастырылатын материалда бастыны ажырату, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуын, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясатын, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісін білу керек.

§ қарастырылатын материалда бастыны ажыратуды, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.3 Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кіші жүздегі 1783-1797жж. көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

Ұлт-азаттық күрестің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Батыр Сырым Датұлының жетекшілігімен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1793жж.). көтерілістің басты себептері. Жер мәселесінің ушығуы. Сырым Датұлы және хан ортасы. Нұралы ханды хан билігінен шеттету. Игельстром реформасының құлдырауы. Сырым батырдың Есім ханмен күресі, ханды өлтіру. Көтерілістің жеңілісі табуының себептері мен оның маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беру, қазақ халқының тарихында көтерілістердің ипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Сырым Датұлы басқарған қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

§ 1783-1797 жж. ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.4 Отарлау саясатына қарсы қахақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Бөкей Ордасындағы 1836-38жж. көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

1836-38жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.Бөкей хандығының құрылуы, ішкі және сыртқы жағдай. Хан Жәңгір. Көтерілісті ұйымдастырушылар: қолбасшы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің себептері мен негізгі ошақтары. Тастөбедегі, Ақбұлақтағы шайқастар. Жеңіліс себептері. Көтерілістің маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Исатай Тайманов мен Махамбет Өтемісовтың басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық үкресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

§ 1836-1838 жж. ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.5Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кенесары хан көтерілісі

Оқу материалының мазмұны

1837-1847жж. Кенесары хан жетекшілігіндегі ұлт-азаттық көтеріліс. Кенесары Қасымов тұлғасы. Көтеріліс алғышарттары мен басталуы, оның ауқымдығы. Билеуші топтардың арасындағы қайшылықтар. Кенесары – дипломат, саясаткер, қолбасшы. Кенесары хандығының құрылуы. Патша өкіметінің жазалау әрекеттері. Кенесары ханның қоқанд басшыларына қарсы күресі. Жетісуға шегіндеу. Қырғыз жерлерін басу. Кенесары қазасы. Көтерілістің жңілуі мен маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Кенесары Қасымовтың басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

§ 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.6 Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Жанқожа мен Есет Көтібарұлы батырларының жетекшілігімен болған көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

Жанқожа батырдың жетекшілігімен Сырдария қазақтарының көтерілісі. Сырдария аймағындағы жағдай. Жанқожа батыр. Орыстардың Хиуа хандығына жорығы. Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы күрес.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Жанқожа мен Есет Көтібарұлының басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

§ Жанқожа мен Есет Көтібарұлының ұлт-азаттық қозғалысына тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипатын және маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.7 XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары

Оқу материалының мазмұны

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный (Алматы) қаласының салынуы. 50-60жж. орыс-қоқан қатынастары. Орыс әскерлерінің қоқанд қамалдарын басуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. Патша өкіметінің отарлау саясаты және соның Қазақстанда тереңдеуінің себептері.

1867-1868жж. реформа. Реформаны өткізу мен дайындау қажеттілігі. Әкімшілік-территориалды басқарудағы отарлау элементтерінің күшеюі. Генерал-губернаторлықтар. Реформалардың отаршылдық мәнісі. Жергілікті ақсүйектер, билер ролінің әлсіреуі. Жергілікті халықтың құнарлы жерлерін жаппай тартып алудың етек жаюы. Торғай, Орал облыстарында және Маңғыстаудағы көтеріліс.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы; 1867-68жж. реформаның мәнісі, оның себептері мен маңызы, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі, 1869 және 1891 жылғы реформалар.

Арнайы:

- осы кезеңдегі хронология мен оқиғалылықта бағдарлану, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасау;

- себеп-салдарлы байланыстарда дербес бағдарлану;

- берілген тақырып бойынша библиографиялық материалды қарастыру, тақырыпқа дербес талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын; 1867-68жж. реформаның мәнісін, оның себептері мен маңызын, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін білу керек.

§ бұл кезеңнің шежірелігі мен оқиғалылығында бағдарлануды, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.8 XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары

Оқу материалының мазмұны

Қазақстандағы капитализмнің алғышарттары, ерекшеліктері мен даму барысы. Шаруалардың қазақ жеріне қоныстануы. Өнеркәсіптің негізгі салалары. Теміржолдар салу. Несие-банктік жүйе. Сауда, жәрмеңкелер, қалалар. Аймақ халқы.

XIX ғасырдың аяғындағы әлеуметтік-саяси жағдай. Түркістан аймағы (1886) мен далалақы өлкелерді (1891) басқару туралы өкім. Реформалардың негізгі қағидалары. Қазақстан Ресей империясының бөлігі ретінде. Сот өндірісіндегі өзгерістер. Билер билігінің жойылуы. Ұйғырлар мен дұнғандардың Жетісуға қоныстандырылуы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- ҚазақстанныңXIX ғасырдың аяғында әлеуметтік-саяси жағдайы, 1869 және 1891 жылғы реформалар.

Арнайы:

- осы кезеңдегі хронология мен оқиғалылықта бағдарлану, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасау;

- себеп-салдарлы байланыстарда дербес бағдарлану;

- берілген тақырып бойынша библиографиялық материалды қарастыру, тақырыпқа дербес талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын және оның салдарын; 1869, 1891 жылғы реформаның мәнісін, оның себептері мен маңызын, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін білу керек.

§ бұл кезеңнің шежірелігі мен оқиғалылығында бағдарлануды, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.9 XX ғасырдың басындағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі. Реформа салдарынан шаруалардың жаппай қоныстануының басталуы. Экономика және қоғамдық өмір. Қазақ жерлерін тартып алудың басымдауы.

XX ғасырдыңбасындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлт-азаттық күрестің өрлеуі. Жұмысшылар қозғалысы. Әлеуметтік-демократиялық және большивистік топтардың қалыптасуы. Ауылдағы ереуілдер мен аграрлық толқулар.

Ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі. Ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси әрекеті: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалары. Қазақ тіліндегі баспа ісінің басталуы. Қазақ саяси баспасөзі.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- XX ғасырдыңбасындағы Қазақстандағы экономика мен қоғамдық өмір, қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі; қазақтардың самодержавиеге қарсы ұлт-азаттық қоозғалысы, 1905-05жж. Революциядағы ұлттық интеллигенцияның ролі; 1916 жылғы көтеріліс күшінің себептері, сипаты мен қозғалысы;

Арнайы:

- XX ғасырдыңбасындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірді сипаттау, XX ғасырдыңбірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беру, осы кезең бойынша баспа көздерін талдау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өмірін, көші-қон саясатының жаңа кезеңін;

§ самодержавиеге қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын, 1905-08жж төңкерістегі ұлт зиялыларының ролін білу керек.

§ ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттауды, ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беруді, берілген кезең бойынша баспа көздерін талдауды меңгеру керек.

Тақырып 3.10 XX ғасырдың басындағы Қазақстан. 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс. 1917ж. ақпан төңкерісі және оның Қазақстанға ықпалы

Оқу материалының мазмұны

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты мен қозғаушы күштері. Хан билігін қалпына келтіру. Көтерілістің Торғай және Жетісудағы ошақтары. А.Иманов. Көтерілістің жеңілу себептері және оның тарихи маңызы.

Ақпан төңкерісі және Қазақстанда саяси партиялардың құрылуы. Қазақстанда Уақытша үкімет органдарының және Кеңестердің құрылуы. Қазақстандағы Уақытша үкіметтің саясаты. Саяси партиялар мен ағымдар. «Алаш», «Үш жүз», «Шураи-исламия», «Шураи-Улемия» партияларының және жастар ұйымдарының құрылуы. «Алаш» партиясының съездері мен бағдарламаларының жобасы. Эсерлер, кадеттер, социал-демократтардың іс-әрекеті.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- 1916 жылғы көтерілістің себептері, сипаты мен күшінің қозғалысы;

- 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің себептері мен оның Қазақстанға ықпалы.

Арнайы:

- XX ғасырдыңбасындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірді сипаттау, XX ғасырдыңбірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беру, осы кезең бойынша баспа көздерін талдау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ 1916 жылғы көтерілістің себептері мен сипатын, оның барысы мен маңызын;

§ көтерілістің шежіресін және көтерілістің көшбасшыларын білу керек.

§ құжаттардың және баспа көздерінің негізінде көтерілісті сипаттауды;

§ XIX ғасырдағы алдыңғы көтеріліспен сәйкестік жүргізуді меңгеру керек.

4 бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан.

Тақырып 4.1 Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан (1917-1921жж.)

Оқу материалының мазмұны

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстан. Кеңес өкіметінің орнығуы мен алғашқы декреттер. Кеңестер мен Алашорда үкіметінің қарсыластығы. Қиындықтар мен мәселелер.

Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдарында. 1918 және 1919 жылдардың басындағы әскери әрекеттер. Майдандардың құрылуы мен Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Большевиктер мен ақгвардиялықтардың ұлттық саясаты. Қазақстандағы әскери комммунизм саясаты. Қазақстандағы азамат соғысының ерекшеліктері мен соғыс салдары. Алашорда дағдаррысы. Қазақ ревкомы. ҚАСРО құрылуы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- моральді-адамгершілік нормаларды сақтау.

Кәсіптік:

- 1917 жылғы Қазан төңкерісінің себептері және оның Қазақстанға ықпалы, осы кезеңнің мәселелері мен қайшылықтары; азамат соғысы жылдарындағы Қазақстандағы жағдай, соғыстан кейінгі большевиктердің ұлттық саясаты және 1920-21 жылдардағы оларға қарсы көтерілістердің себептері.

Арнайы:

- картада еркін бағдарлану, Қазақстандағы азамат соғысы кезеңіндегі қарсылас жақтардың саяси әрекеттерін салыстырмалы талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ төңкерістің себептері мен Қазақстанға ықпалын;

§ Алаш-Орда мен Кеңестердің қарама-қарсылығының себептерін;

§ ҚАСРО құрылуын білу керек.

§ екі төңкерістке және олардың Қазақстанға ықпалына салыстырмалы талдау жүргізуді;

§ бұл кезеңдегі түрлі саяси күштерді тәуелсіз бағалауды меңгеру керек.

Тақырып 4.2 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Аймақты большевиктендірудің басталуы. 1921ж. аштық және оның салдары. Жер-су реформасы. Қателер мен ауытқулар. Қоғамдық-саяси жағдай. Социализмге қарай дамудың жолдары туралы 20-шы жылдардағы пікірталас. ЖЭС жетістіктері мен кемшіліктері және оны қысқарту.

Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелей бөлу.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларын сақтау.

Кәсіптік:

- ЖЭС мәнісі мен оның себептері, жетісткітері мен қайшылықтары; Қазақстанды индустриализациялау ерекшеліктері: жетістіктері, қателері мен қайшылықтары.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ 1921ж. аштықты және оның салдарын;

§ ЖЭС қиындықтары мен жетістіктерін;

§ Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік межелей бөлінуін білу керек.

§ Қазақстандағы ЖЭС жетістіктері мен нәтижелерін объективті бағалауды;

§ берілген кезеңнің құжаттық дереккөздері бойынша Қазастанның ЖЭС сипаттауды меңгеру керек.

Тақырып 4.3 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Қазақстанды индустриализациялау ерекшеліктері (1926-40жж.): жетістіктері, қателері, қиындықтары. Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу. Қ.И.Сәтпаев. Түрксіб құрылысы. Н.Нұрмақов, с.Садуақасов, Т.Рысқұлов. Индустриализациялаудың біржақтылығы. Қазақстан – шикізат қоры. Ұлттық жұмыс классының қалыптасуы мен оның ерекшеліктері. КССР индустриалды даму аймақтарымен Қазақстанның экономикалық және мәдени байланысы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.

Кәсіптік:

- Қазақстан индустриализациясының ерекшеліктері: жетістіктері, қателері, қайшылықтары.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстандағы индустриализацияның себептері мен жүзеге асырылуын;

§ Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктерін;

§ Қазақстандағы индустриализацияның жағымсыз салдарын білу керек.

§ Қазақстандағы индустриализация мәселесі тақырыбындағы бастыны ажыратуды;

§ Ынтымақтастық педагогикасы жүйесінде жұмыс жасауды меңгеру керек.

Тақырып 4.4 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Қазақстанның ауыл шаруашылығын қайта жаңартудың сталиндік-голощекиндік үлгісі. Күштеп ұжымдастыру мен оның салдары. Класс ретінде бай мен кулактарды тәркілеу мен жою. Ф.И.Голощекин және оныі «Кіші Қазаны». Ұжымдастыру кезіндегі кеңестерге қарсы сөз сөйлеулер. Тақтакөпір, Созақ, Адай, Ырғыз, Абралы және басқалары. Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1931-1932жж. аштық. Қазақтардың жаппай көшуі. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Қазақстандағы апат және оның салдары. Аштықпен күрес.ұжымдық шаруашылық қозғалысын нығайту шаралары.

Сталинизм мен казармалық социализмнің орнығуы. 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргіндер. Тоталитарлық жүйе және ұлт мәселесі. КАССР ҚазССР ауысуы. ҚазССР 20-жылдық мерейтойы. Уақыттың тарихи сабақтары.

Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Кәсіптік білім берудің дамуы мен қазақ ұлтыныңы интеллигенциясының қалыптасуы. Қазақ кеңес өнері. Жеке билік тәртібінің тоталитаризм иделогиясының салдары. Ұлттық мәденитті, тарихты және өткен мұраны жоққа шығару ретіндегі мәңгүрттік. Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдай.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.

Кәсіптік:

- Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың басталуы: «Кіші Қазан» курсы, 1931-33 жылдардағы аштық және антикеңестік пікірлер; сталинизм мен казармалық социализмнің орнығуы, 20-30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ басқарудың командалық-әкімшілік әдісін және оны республикада енгізуді, «Кіші Қазан» бағытын;

§ 20-шы жылдардағы жастар қозғалысын;

§ казармалық социализмді, 30-шы жылдардағы жаппай террорды, Қазақстандағы концлагерьлерді, әлеуметтік құрылымның өзгерістерін білу керек.

§ қоғамдық-саяси өмір саласында Қазақстандағы Кеңес билігінің жетістіктері мен шектен шығуларын объективті бағалауды;

§ бұл кезеңді әлеуметтік сипаттағы қайшылықтар мен реформалар уақыты ретінде қарастыруды меңгеру керек.

Тақырып 4.5 Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) және соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Соғыстың басталуы. Экономиканың әскери ыңғайға көшуі. Қазақстан территориясына кәсіпорындарды эвакуациялау. Қазақстан – майдан арсеналы. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің, соның ішінде ұлттық бөлімдердің қалыптасуы. Жаңа бірлестіктерді оқыту және оларды майданға аттандыру. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін». Поляктарды, Поволжье немістерін, қырым татарларын және Солтүстік Кавказ халықтарының жер аударылуы.

Қазақстандықтар соғыс майданында. Соғыстың барлық майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі. Олардың партизандық қозғалыстарға қатысуы. Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар. Фашизмді жеңудің тарихи маңызы.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан. Қоғамдық-саяси жағдай. Қазақстан экономикасы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- соғыстың себептері мен басталуы, соғыс кезіндегі Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық-саяси өмірі; соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның дамуы.

Арнайы:

- соғыс кезіндегі, ұлттық саясаттағы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси дамудағы Қазақстанның жағдайын сипаттау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Ұлы Отан соғысының себептері мен басталуын, «Үлкен Түркістан» жоспарын, әскери бөлімдердің қалыптасуын және халықтың еңбектегі ерліктерін;

§ соғыс майдандарындағы қазақстандықтарды, соғыс жылдарындағы ғылым мен өнерді білу керек.

§ картада жақсы бағдарлануды;

§ ҰОС мәселелі сәттерімен жұмыс жасағанда баспа көздерін пайдалануды меңгеру керек.

Тақырып 4.6 50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Республикадағы қоғамдық-саяси өмір. Десталинизация. Тұлғаға табынуды сынға алу. Қоғамды демократизациялау үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы. Тоталитарлы үлгіге қайта оралу. «Дамыған» социализм кезеңі.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы. 1954-1956жж. тың игеру – шаруашылық, экологиялық, әлеуметтік-демографиялық салдары. 60-80жж. ауыл шаруашылығының дамуы.

Өнеркәсіптің, көліктің, құрылыстың дамуы. 1957ж. реформа. 1965ж. реформа. Шаруашылық реформалар: маңызы, ғарыштық сипаты. 1960-80жж. ірі құрылыстар. Қазақстанның халық шаруашылығы дамуының экстенсивті сипаты. Республикадағы әлуметтік-экономикалық жағдай. Целиноградтағы 1979ж. оқиғалар. Басқарудың әкімшілік-командалық әдісінің жағымсыз сипаты және дағдарысы. Тежелу механизмінің қалыптасуы мен әрекеті.

Республикадағы ұлттық-демографиялық саясат. Республиканың этникалық біртектілігін «ажырату» және оны этномәдени сипатта Ресейге жақындату. 50-ші және 70-ші жылдардағы көші-қон және кері көшу үрдістері.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім бойы тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- республикадағы қоғамдық-саяси өмір, демократизация үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы, 1954-56 жылдары тың игерудің себептері мен салдары; 60-80жж. Ауыл шаруашылығының дамуы; 70-80 жылдардың басында Қазақстан экономикасының экстенсивті сипаты; республикадағы ұлттық-демографиялық саясат.

Арнайы:

- 50-80жж. Кезеңдегі Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси дағдарысының сипатын анықтау; онжылдықтарға салыстырмалы талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстандағы тың жерлерді игеруді: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-демграфиялық салдарын;

§ 50-ші жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмірді білу керек

§ соғыстан кейінгі кезеңде республикадағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттауды;

§ құжаттардың негізінде қазақ халқына қатысты волюнтаризм саясатын талдауды меңгеру керек.

Тақырып 4.7 КСРО дағдарысы мен ыдырауы кезеңіндегі Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

М.Горбачевтың билікке келуі. Жариялылық, үдеу, қайта құру. Қазақстандағы қайта құрудың басталуы. Республикадағы саяси үрдістер. Алматы қаласындағы 1986ж. желтоқсан оқиғалары: себептері мен салдары. Ұлтаралық қатынастардағы мәселелер. Жаңа Өзендегі оқиғалар. 1987-1989жж. Саяси жағдай. «Невада-Қазақстан» қозғалысы. СКРО ыдырауы кезеңіндегі саяси жағдай.

1986-1989жж. Экономикалық реформалар. Кооперация туралы Заң және республикадағы «Баспана-91» кооперативтік қозғалысы. 1990-1991жж. экономикалық реформалар. Нарықтық экономикаға көшуге ұмтылыс. Қайта құру үрдісінің қайшылығы.

Елдегі экологиялық жағдайдың қиындауы. Арал және Семей полигоны мәселелері. Радиациялық ластану. Табиғи ресурстар дағдарысы.

Осы кезеңдегі Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастары

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- білім алушылардың мәдени және адамгершілік әлеуетін жүйелі арттыру;

- нақты азаматтық көзқарасы бар ҚР азаматы болу.

Кәсіптік:

- КСРО мен Қазақстандағы қайта құрудың себептері мен басталуы; Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары, 1986-91 жылдардағы экономикалық реформалар, осы кезеңдегі Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

Арнайы:

- осы кезеңдегі Қазақстандағы ішкі саяси оқиғаларға тәуелсіз баға беру;

- күрделі саяси құбылыстарды талдау, анықтамалық әдебиеттермен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасау, баяндамалар, рефераттар дайындау, хабарламалармен сөз сөйлеу;

- оқытылатын материалды жүйелеу, кестелер құру, картамен жұмыс жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ осы кезеңде республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды;

§ осы кезеңде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуын;

§ Қазақстандағы қайта құрудың басталуын: мәселелері мен келешегін, Алматыдағы 1986ж. Желтоқсан оқиғаларын;

§ Тарихи-ағарту үйірмелеренің пайда болуын және ұлттық сананың өсуін білу керек.

§ БАҚ көздері бойынша республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды объективті бағалауды;

§ дербес талдау барысында қайта құру үрдістерінің қайшылығын табуды меңгеру керек.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1423 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.05 с)...