Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім Тәуелсіз Қазақстан



Тақырып 5.1 Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу

Оқу материалының мазмұны

1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларацияны» қабылдау. СКРО ыдырауы және ТМД құрылуы. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау. Республиканың Президентін алғашқыжалпы халықтық сайлау. Қазақстан Компартиясының өзін-өзі таратуы. ҚР мемлекеттік рәміздерін –туды, елтаңбаны, әнұранды қабылдау.

Қазақ халқының этникалық және мәдени қай жаңғыруы. Оралмандар. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Қазақстан халықтары ассамблеясының формудары. Ұлттық татулық саясатын нығайту. «Тілдер туралы» Заң. Іс жүргізудің мемлекеттік тілге біртіндеп ауысуы бойынша шаралар.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- Қазақстан тәуелсіздігін жариялаудың алғышарттары, қазақ халқының этникалық жәе мәдени жаңаруы.

Арнайы:

- 25.10.90ж. «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларацияны» талдау, ҚР мемлекеттік рәміздерін түсіну.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ КСРО ыдырауы мен ТМД құрылу себептерін, Қазақстанда көппартиялы жүйенің құрылуын, 1990ж. Тәуелсіздік декларациясын, ҚР мемлекеттік рәміздерін білу керек.

§ түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың атауларында, олардың іргетасында бағдарлануды;

§ ҚР мемлекеттік рәміздерін түсініп білуді /»оқуды»/ меңгеру керек.

Тақырып 5.2 Нарықтық экономика жолындағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Нарықтық экономикаға көшу. Экономикалық реформалар: кезеңдері, мәселелері, жолдары. Меншіктендіру. Қорғаныс кешенінің конверсиясы. Республика экономикасының мемлекеттік емес салаларын дамыту мен акциялау. Шетел капиталын пайдалануды кеңейтуге және жаңа технология мен техниканы енгізуге бағытталған курс. Экономикадағы дағдарыс: шығу жолдары мен мәселелері. Қазақстанның шағын және орта бизнесі.

Әлеуметтік мәдениеттегі өзгерістер. Нарықтық экономикадағы әлеуметтік саясат. Жұмыссыздық, еңбекақыны, зейнетақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлемеу.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- білім алушылардың мәдени және адамгершілік әлеуетін жүйелі арттыру;

- нақты азаматтық көзқарасы бар ҚР азаматы болу.

Кәсіптік:

- экономикалық реформалар: кезеңдері, мәселелері, қорытындылары; нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік құрылымның өзгеруі.

Арнайы:

- егемен Қазақстанның қазіргі экономикалық шындықтарында бағдарлана алу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын және нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі әлеуметтік саясаттың мазмұнын білу керек;

§ осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың жетістіктерін талдауды меңгеру керек;

Тақырып 5.3 Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы

Оқу материалының мазмұны

Құқықтық мемлекет құруға беталыс. 1993 және 1995 жылдардағы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Президенттік институтын енгізу. Қазақстанның алғашқы екі палаталы парламенті – елдің заң шығаруындағы жаңа кезең. Биліктің үш тармағы және олардың тарамдалуы. Қазақстандағы сайлау және сайлау жүйесі. Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасу үрлісі: кезеңдері, түрлері, келешегі.

Үкіметтік емес ұйымдар. Әйелдер мен жастар қозғалыстары. Қоғамдық ұйымдардың әрекеті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау. Олардың есімдерін халыққа қайтару. Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы стратегиясы. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- адамның, қоғамның, қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасының саяси және әлеуметтік тұрғыларын түсіну;

- білім алушылардың қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту.

Кәсіптік:

- құқықтық демократиялық мемлекет құруға ҚР үкіметінің бағыты, «Қазақстан - 2030» стратегиясы.

Арнайы:

- 1993 және 1995 жылдардағы ҚР Конституциясына, Қазақстандағы сайлау жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізу, «Қазақстан - 2030» стратегиясының келешегін бағалау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларды, демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасуын білу керек.

§ 1993 – 1995 жылдардағы Конституцияларды талдаудың негізінде қоғамдық өмірдің біртіндеп дамуын түсіндіруді меңгеру керек.

Тақырып 5.4 Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Қазақстанның геосаяси жағдайы. Еуразиялық одақ: жаңа шекаралар, мәселелер, перспективалар. ТМД-ғы Қазақстан Республикасының ролі. БҰҰ мүшелікке Халықаралық валюталық қорды қабылдау. Әлемдік қауымдастықтың ҚР қабылдауы. Қазақстанның мемлекетаралық дипломатиялық қатынастары.

ҚР бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясаты. Ядролық қарудан ерікті түрдебас тарту. 1991ж. 29 тамыз «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. «XXI ғасыр – ядролық қарусыз» - халықаралық конференция: мәселелері мен қорытындылары. Н.Назарбаевтың «Эпицентр мира» кітабы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- Қазақстанның геосаяси жағдайы, Еуразиялық одақтың перспективалары, қазіргі кезеңдегі ҚР сыртқы саясаты.

Арнайы:

- ТМД-ғы, әлемдік саясат пен экономикадағы Қазақстанның ролін шынайы бағалау;

- көлемі бойынша ірі тарихи материалды талдау, дұрыс қорытындылар жасау, саяси картамен жұмыс жасау, сызбалар мен кестелер құру;

- күрделі халықаралық жағдайда барғадрлану және дұрыс қорытындылар жасау;

- мәдениет туындыларын «жалған мәдениеттен» ажырату, сонымен қатар қазіргі заманғы және оларға бірлескен өмір бойынша белгілі өнер формаларын адамзаттың рухани дамуы тарихын ұштастыра білу, суретшінің, ақынның, жазушының шығармашылғы мен қоғамдық-саяси өмірдің мәселелерімен, қайшылытарымен терең байланысын көре алу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ ҚР сыртқы саясатының қалыптасу принциптерін: кезеңдерін, тенденциясын;

§ Еуразиялық одақтың құрылымы мен мақсаттарын;

§ ҚР бейбітшіл сыртқы саясатын білу керек.

§ әлемнің қазіргі ықпалдасу үрдістеріне бейімделуді;

§ ТМД елдерінің өзара қарым-қатынастағы ҚР маңызды ролін ажыратуды меңгеру керек.

Тақырып 1.1.: Қазақстан Республикасының Конституциясы.

1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз, егемен Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Алайда қоғамның терең өзгерістерінің қажеттіліктері жаңа Конституцияны жасау қажеттілігіне негіз болды, ол республикалық референдумда 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. 1998 жылдың 8 қазанында Парламент ҚР Президентінің бастамасымен Конституцияға жиырмаға жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізді, олар Парламенттің өкілеттігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті. ҚР Конституциясы бастама бөлімнен, тоғыз тараудан және 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасы Конституция бойынша өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайды. Мемлекеттің ең жоғары құндылықтары деп адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жариялайды. Қазақстан Республикасы басқару формасы президенттік унитарлы мемлекет болып табылады. Конституция бойынша халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі болып табылады және оны республикалық референдум, еркін сайлау арқылы, сонымен қатар өз билігін мемлекеттік органдарға тапсыру жолымен тікелей жүзеге асырады. Мемлекеттік билік оны заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу принципіне сәйкес, Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады. Биліктің бұл тармақтары тыйымдар мен қарама-қайшылықтар жүйесін қолданып, өзара әрекеттеседі. Конституция түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құруға мүмкіндік беретін, идеологиялық және саяси көптүрлілікті жариялайды. Мемлекеттік және жеке меншікті қабылдау және тең қорғау туралы қағида маңызды болып табылады. Жер және оның қойнаулары, сулар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, өзге табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халықтарының тілдерін оқып білуге және дамытуға жағдай жасауға қамқорлық білдіреді. «Адам және азамат» тарауында азаматтықты алу және тоқтату туралы, азаматтардың жеке, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары туралы, сонымен қатар олардың міндеттері туралы нормалар бар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын материалдық, саяси және заңды кепілдендіруге, сонымен қатар ұлтаралық келісімді қаматамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші тараулар Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің мәртебесі мен соттарға арналған /олар туралы баптарды қараңыз/. Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге нормативтік актілердің дәл және біртекті қолданылуына бақылауды жүзеге асыратын, сотт мемлекеттің мүдделерін білдіретін, прокуратураға ерекше бап арналған. Қылмыстық істер бойынша тергеу және алдын ала тексеру арнайы органдармен жүзеге асырылады және сот пен прокуратурадан бөлінген. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруға ерекше тарау арналған. Жергілікті мемлекеттік басқаруға мәслихаттар – жергілікті өкілетті органдар мен әкімшіліктер – жергілікті атқару органдары жатады. 2001 жылдың 24 қаңтарында «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жаңа заң қабылданды, ол мәслихаттар мен әкімшіліктердің құзыретін, олардың ұйымдастырылу және әрекет ету тәртібін бекітті.

ҚР Конституциясы жоғары заң күшіне ие. Бұл барлықзаңдар, Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, барлық мемлекеттік органдардың өзге нормативтік құқықтық актілері оның нормаларына негізделу керектігіне, оларға қайшы келмеу керектігін білдіреді. Конституция Республика территориясында тікелей әрекет етеді. Бұл Конституцияның тиісті ережелеріне жүгініп, сотта және өзге органдарда азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы екендігін білдіреді. Ал мемлекеттік органдар даулы мәселелерді шешуде Конституцияның номаларын қолдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері Конституцияға қайшы келмеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР Конституциясы тарихының ретроспективасы.

2. 1995 жылғы ҚР Конституциясының тарауларын атаңыз.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 844 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...