Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Йсіндер



Жетісудағы тиграхауда сақтарының жерлерін үйсіндердің тайпалары басты, олар б.з.д. II ғ. келді. Үйсіндер көне түрік тілінде сөйледі. Үйсіндер батыста Шу өзенінен шығыста Тянь-Шаньға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен оңтүстікте Ыстықкөлге дейінгі территорияны алып жатты. (Халқы 630 мың адам, 120 мың сарай, 180 мың жауынгер) Үйсіндердің астанасы Чугучэн қаласы (Қызыл дала қаласы) Ыстықкөлдің жағасында орналасты. Үйсіндер қангүйлермен және ғұндармен табанды соғыстар жүргізді. Малшылық үйсіндердің тіршілігінде басты роль атқарды. Үйсіндердің шаруашылығы кешенді – малшылық-егіншілік болды.

Үйсін қоғамында мүліктік теңсіздік болды, байлар, тайпалық және рулық ақсүйектер, жасақшылар, абыздар мен қатардағы малшылар мен егіншілер болды. Үйсіндер қоғамы мемлекеттік деңгейге жетті. Мемлекет басшысы гуньмо лауазымына ие болды.

Адам қабірінің үстінен тұрғызылған қорғанның көлемі мен мөлшері оның қоғамдағы орны мен байлығы жайлы мәлімдеді. Үйсіндердің зергерлік бұйымдары, қаруы, әшекейлері олардың діни түсініктері мен әлемге деген көзқарастарын бейнеледі.

Үйсіндер туралы мәліметтерді қытай тарихшысы Сыма-Цянь қалдырды.

Қангүйлер (Қаңлылар)

Б.з.д. III ғ. Қазақстанның оңтүстігінде Қангүй бірлестігі қалыптасты. Ол Сырдария бассейні мен Қаратау баурайында орналасты. Бұл көшпелі мемлекет болды, оның құрамына отырықшы және көшпелі тайпалар кірді. Олар иран және көне түрік тілдерінде сөйледі. Қангүйлер 600 мың адам немесе 120 мың сарай болды. Ставка Би­тянь деп аталды.

Қангүйлерде мүліктік теңсіздік орын алды. Қангүй тайпаларындағы билік мұрагерлікпен – атадан балаға беріліп отырды. Соғыстар дәулеттілердің баю құралына айналды.

Отырар оазисіндегі Мардан-күйік моласы ерекше қызығушылық тудырады.

Ғұндар (Хунну)

Хунну (ғұндар) Ұлы қоныс аударуға бастау салды, бұл Рим империясының құлауына алып келді.

Б.з.д. III ғ. Хунну тайпаларының басында Модэ атты шаньюй (басшы) болды. Ол қытайлықтарды хуннуларға алып төлеуге міндеттеді. Хуннулардың билігінде Забайкальеден Тибетке дейінгі, шығыс Түркістаннан батыста Хуанхэ өзеніне дейінгі ірі территория болды.

Б.з.д. 55 ж. хунну мемлекеті екіге бөлінді – оңтүстік және солтүстік. Солтүстік ғұндардың басшысы Чжи-Чжи Үйсін мемлекетіне қарсы Қангүймен одақ құрды. Хуннулар көшінің екінші ағыны б.з.д. 93 ж. бсталды. Б.з.д. IV ғ. хунну басқа көшпелі тайпалармен оңтүстік орыс далаларына жетті, Дунайға дейін жетті және ғұн атымен Венгрияда қоныстанды.

Хуннулар прототүріктер болды, олардың Қазақстанға енуімен қангүйлердің шығыс иран тайпаларының түріктенуі басталды.

Хуннулардың тіршілігінде басты рольді малшылық атқарды. Егіншілікпен де айналысты. Олар киіз үйде тұрды.

Хунну қоғамында патриархалды-рулық қатынастар басым болды. Хунну 24 руға бөлінді, ру басылары басқарды. Ру басылары кеңесті құрады.

Елдің басында шексіз монарх, шаньюй тұрды. Оған князь – түмен басылар (шаньюйдің жақын туыстары) бағынды. Олар рулар саны бойынша 24-тен болды. Түмен басылары мың басыларды, жүз басыларды тағайындады. Басқару аппаратын ұстау үшін салықтар алынды. Хуннуларда жазу да болды. Ғұндар туралы көне рим тарихшысы Аммиа­н Марцелин жазды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сақ тайпаларының дағына, сақтардың саяси тарихына сипаттама беріңіз.

2. Үйсіндер мен қаңлылардың қоныстану территориясы, олардың шаруашылық және саяси өмірі қандай.

3. Ғұн тайпаларының этникалық құрамы, олардың саяси өмірі.

4. Тайпалық одақтар мен көне мемлекеттердің арасында салыстырмалы талдау жүргізіңіз.

5. Көне мемлекеттердің дағдарысы мен құлдырау себептерін анықтаңыз.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 875 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...