Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 2.2.: «X – XIII ғғ Қазақстан территориясындағы мемлекеттер»



Қараханидтер мемлекеті (942-1210 жж.)

Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Сатук Богра-хан (915-955 жж.) болды, ол 942 ж. Баласағұндағы басшыны құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады.

XI - XII ғғ. Қараханидтердің иеліктері батыста Мәуреннахрдан шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылыс жатты. ХI ғ. 30-шы жж. аяғында мемлекет екіге бөлінді. Бастық хандыққа Мәуреннахр кірді, астанасы Бухара болды. Шығыс хандықтың астанасы Баласағұн болды.

1089 ж. Қараханидтер селжұқ сұлтаны Мелик-шахтың вассалдық тәуелділігіне түсті. XII ғ. бірінші жартысында көп санды халық - қарақытайлар (қидандар) шығыстықтардың иеліктерін жаулап алды. Қараханид-селжұқ әскерлерін талқандағаннан кейін 1141 ж. Қараханидтер мемлекетінің екі хандығының билігі қарақытайларға көшті. XIII ғ. басында наймандармен және хорезмдіктермен күресте қуатты Қараханидтер мемлекетінің тарихы аяқталды.

Қараханидтер мемлекетінде әскери басқару әкімшілік басқарудан ажырамаған. Қараханидтер мемлекеті көптеген үлестерге бөлінді, үлес басшылары үлкен құқықтарға ие болды, тіпті өз аттары бар тиын соға алды. Хандар туысқандары мен жақын адамдарына халықтан салық алу құқығын берді. Бұл артықшылық икта атауына ие болды, ал оның иеленушісін иктадар деп атады.

960 ж. ислам мемлекеттік дінге айналды. Мұсылман діні көне түрік руна жазуын ығыстырды және араб графикасының негізінде жаңа түрік жазуының қалыптасуына мүмкіндік тудырды. Түрік тіліндегі мұсылман әдебиеті пайда болды, оның өкілдерінің бірі Жүсіп Баласағұн болды.

Басты шаруашылық көшпелі және жартылай көшпелі малшылық болды. Жылқы өсіру басты орында болды.

Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы-1219 ж.)

XI ғ. Дешті-Қыпшақ (бұрынғы «Оғыздар даласының» (Мафазат аль-гузз) орнына «Қыпшақтар даласы») қалыптасты - Ертістен Днестрге дейінгі аймақ және Волга бойымен Шығыс және Батыс Дешті-Қыпшаққа бөлінді. Шаруашылықтың бірдей формалары, қоғамдық қатынастардың жүйелері және тілдің ортақтығы қыпшақ этнонимін қабылдаған тайпалардың бірлесуіне мүмкіндік тудырды. ХI ғ. аяғында - XII ғ. басында Дженд, Яныкент және төменгі Сырдарияның өзге қалалары қыпшақ көсемдерінің қолында болды. Басшылықта хандер тұрды, олардың билігі мұрагерлікпен берілді. Хан ставкасы орда деп аталды. Қыпшақ хандығы екі қанатқа бөлінді: оң қанатының ставкасы Орал ө. және сол қанатының резиденциясы Сығанақ қ. Қыпшақтардың басты шаруашылығы малшылық болды. Қыпшақтарда мүліктік теңсіздіктің негізі малға деген жеке меншік болды. Байлықтың басты өлшемі жылқы саны болды.

1216 ж. Хорезмшах Мухаммад, Дешті-Қыпшаққа басып кіріп, Шыңғысханның әскеріне жолықты. Бұл моңғолдардың Қазақстан жеріне алғаш аяқ басуы еді. Моңғол шапқыншылықтарының дәуірі басталды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қараханидтер мемлекетінің саяси тарихы мен қызмет етуінің ерекшеліктері қандай.

2. Дешті-Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы мен қызмет етуінің ерекшеліктері қандай.

Тақырып 2.2.: «X – XIII ғғ Қазақстан территориясындағы мемлекеттер».

Наймандар мен керейлер мемлекеті (XII ғ.)

Наймандар Орхоннан Ертіс ө. дейінгі жерлерді алып жатты, олардан шығысқа қарай керейлер мекендеді. Керейлер туралы жазба көздердегі алғашқы мәліметтер Х ғасырдың басына сәйкес келеді. Солтүстік астанасы Хатун-Балык қаласында, ал оңтүстік астанасы – Хуанхэ ө. орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар несториандық мағынадағы христиан дінін қабылдады. Керейлердің басшысы Тогрул-хан өзіне қызметке қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін тартты. Хан сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері мен көсемдері, соның ішінде Темучин (Шыңғысхан) тәрбиеленді.

Керейлер мен наймандардың мемлекеттік түзілімдерін ұлыстар құрады. Ұлыстарды хандар басқарды. Оларда мемлекеттік аппарат болды, қарапайым құқық әрекет етті. Халық көшпелі малшылықпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысты. Үй кәсіптері дамыды. 1203 ж. Шыңғысхан керейлер кнызьдығын, бір жылдан соң наймандар князьдығын құлдыратты. Наймандардың ойсыраған тайпалары Кучлук-ханмен жетекшілікте Алтайға және Қара Ертіс бассейніне ауды, мұнда бұрын қоныстанған наймандар мен керейлердің ірі топтарымен қосылды. Кучлук-хан 1211 ж. Жетісуда жоғарғы билікке жетті. 1218 ж. ол моңғолдардан қайта жеңіліс тауып, Бадахшанға қашты, бірақ көп ұзамай Сарыкөлде өлтірілді. Осылайша енді Шыңғысхан атымен белгілі, Темучин басқарған, моңғолдардың жаулаушы жорықтары үшін алғышарттар жасалды.

Бақылау сұрақтары:

1. Наймандар мен керейлер мемлекетінің тарихын ашыңыз.

2. Түркі дәуірінің материалдық және рухани мәдениетіне сипаттама беріңіз.

Тақырып 2.3.: «Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан»





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1491 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...