Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Моңғол шапқыншылығы



Моңғол тайпалары ХII ғ. кейіннен Байкалдан, Енисей мен Ертістің жоғары сағаларынан Гоби шөліне дейінгі территорияны алып жатты. Көсемдер (нойондар), жауынгерлерге (нукерлерге) сүйене отырып, қауымдық жерлерді жаулап алды, егіншіліктерді жаулау, әскери олжа және құлдар жаулау мақсатында көршілеріне шапқыншылық жасады.

XIII ғ. басында Шыңғысхан басқарған Моңғол мемлекеті құрылды. Туған кезде (1155 ғ.) оған Темучин деген ат берді. 1206 ж. моңғол ақсүйектерінің хуралында (съезінде) Темучин жоғары билеуші – Шыңғысхан деп жарияланды. Көшпелі ақсүйектердің талаптарын қанағаттандыру, ішкі ұрыс-керіс пен өзара соғыстарды тоқтату үшін, Шыңғысхан соғыс жолына тұрды. Моңғолдар XIII ғ. Азиядағы, Шығыс және Орталық Еуропадағы ірі территорияны жаулап алды.

Моңғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйымдастырылу қағидаларына негізделді. Территория және халық үш әскери-әкімшілік аймаққа бөлінді: оң қанаты (барнгар), сол қанаты (джунгар) және орталық (кул).

Қытайға басып кіргеннен кейін (1211-1215 жж.) енисей қырғыздарының, буряттардың, ұйғырлардың жерлері жаулап алынды. Жетісуды моңғолдар қарсылықсыз басып алды. Мұсылмандарды Кучлуктың қудалауынан кейін, діни шыдамдылық білдірген моңғолдарды құтқарушылар ретінде қабылдады. 1218 ж. моңғолдарға күрессіз Баласағұн қаласы берілді. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін, Шыңғысхан бұл аймақта тонау мен өлтіруге тыйым салды.

Орта Азияға Оңтүстік Қазақстан арқылы басып кіруге «Отырар опаты» – 1218ж. жазында Отырарда Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің опат болуы себеп болды.

1219 ж. қыркүйегінде 150 мың жауынгерге жететін Шыңғысхан әскерінің жорығы басталды. Моңғолдар тұтас аймақтарды тонады, Отырар, Сығанақ, Ашнас қалаларын қиратты. Отырардың билеушісі Қайырхан 80-мыңдық әскерімен алты ай бойы қала қорғанысын ұстап тұрды. Дженд, Барчынлыгкент, Узгенд қалалары тоналды. 1221 ж. көктеміне қарай моңғолдардың Орта Азияны жаулауы аяқталды. Моңғол қолбасшыларының корпусы Джэбе және Субэдэя, аландарды, қыпшақтар мен орыстарды Калка ө. талқандап және орыс жерлерінің оңтүстік шеттерін ойсыратыпь, Қазақстан жерлері арқылы 1224 ж. Ертістегі Шыңғысханның ордасына оралды. Осылайша, 1219 - 1224 жж. моңғол шапқыншылықтарының нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді. Қыпшақтар мен өзге түркі тайпалары Бату (Батый) басшылығымен 1237 ж. Шығыс Еуропаны бағындыруға аттанған, моңғол әскерінің маңызды бөлігін құрады.

Бақылау сұрақтары:

1. Моңғол мемлекетінің құрылу тарихы мен Шыңғысханның тұлғасы.

2. Орта Азия мен Қазақстанға Шыңғысханның жаулаушы жорықтарын картада көрсетіңіз.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1011 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...