Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

I бөлім көне замандағы Қазақстан



Тақырып 1.2.: Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс

Оқу материалының мазмұны

Қазақстандағы көне тас ғасыры. Палеолит дәуірінің табиғаи жағдайлары мен өмірдің сипаттамалары. Тас ғасырының хронологиялық кезеңдері. Палеолит пен мезолиттегі шаруашылық, баспана мен мәдениет.

Неолит. Тас индустриясының дамуы. Неолит дәуірінің тұрақтары, қоныстары мен археологиялық ескерткіштері. Өндірістік шаруашылықтың қалыптасуы: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- тақырып бойынша білім деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдері, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасы, шаруашылығы мен мәдениеті.

Арнайы:

- Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттау, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажырату.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдерін, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасын, шаруашылығы мен мәдениетін білу керек;

§ Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттауды, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажыратуды меңгеру керек.

Тақырып 1.3.: Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

Оқу материалының мазмұны

Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері, қоныстары, ескі молалары, құрбандық шалу орындары. Андронов мәдениеті және оның кезеңденуі. Орталық Қазақстанның Андронов және Қарасу мәдениеті. Метталургияның дамуы. Қыш-құмыра кәсіпшілігі, үй кәсіптері. Андроновтықтардың шаруашылығы мен тұрмысы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім қорын толтыруға білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

Арнайы:

- ерте және соңғы палеолит мәдениетін сипаттау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін білу керек.

§ ертеу және соңғы қола мәдениетін сипаттауды меңгеру керек.

Тақырып 1.4.: Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер

Оқу материалының мазмұны

Сақ тайпаларының одағы. Сақтар туралы жазба көздері. Сақ тайпаларының қоныстану территориясы. Сақ тайпаларының көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылық, қоғамдық құрылым. Сақтардың өнері мен мифтері.

Үйсіндер мен қаңлылар. Шаруашылық және саяси өмір. Қоныстану территориясы. Қоғамдық құрылыс. Үйсіндер мен қаңлылардың мүліктік теңсіздігі. Ғұн тайпалары. Ғұндардың этникалық сипаттамасы. Ғұндардың саяси және этникалық-әлеуметтік өмірі. Атилла. Дағдарыс және көне мемлекеттердің ыдырауы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім алушылардың қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту;

- міндеттерді қалыптастыру, ақпаратты тиімді бағалау;

- командада жұмыс жасау.

Кәсіптік:

- сақ тайпаларының одағы, сақтардың саяси тарихы, сақ шаруашылығы мен мәдениеті; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясы, олардың шаруашылық және саяси өмірі; ғұн тайпалары, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірі.

Арнайы:

- картада бағдарлана алу, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтау, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

§ сақ тайпаларының одағын, сақтардың саяси тарихын, сақ шаруашылығы мен мәдениетін; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясын, олардың шаруашылық және саяси өмірін; ғұн тайпаларын, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірін білу керек.

§ картада бағдарлана алуды, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтауды, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізуді меңгеру керек.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 843 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...