Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтін: республикадағы өндіріс орталықтары



Теміртау – республикамыздың ірі индустрия орталығы. Теміртаудағы «Миталл Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.

90-шы жылдары егемендігін алған Қазақстан экономикасын көтерген қаланың бірі – Теміртау болды. Қазір Теміртауда жаңа зәулім үйлер, арнайы спорт кешендері, діни мекемелер салынуда.

Негізігі экономикалық бағыт: энергетика, қара металлургия, өзге де бейметалл минералдық өнім өндіру, тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Миталл Стил Теміртау» АҚ, «Оқжетпес» ЖШС. Өндірілетін өнімінің негізгі түрлері – шойын, болат, темір мен болаттан жасалған илек, электр энергиясы, цемент, нан және нан өнімдері, сүт және сүт өнімдері.

Шымкент – инфроқұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекшісі өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі дамыған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро казахстан Ойл Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (шина өңдеу), «Химфарм» (дәрі-дәрмек өндіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда «Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал» (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш» (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы бөлшектер және құрал-жабдықтар өндіру). «Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы «жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик» (шұлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ (цемент өндіру) және «Құрылыс материалдары» (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Орфографиялық ережелердің жалғасы

Ескерту:Соңғы буынында -ы, -ідыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, -ы, -ідыбыстары түсіп қалады. Внекоторых словах при присоединении окончаний, начинающихся с гласной, гласные конечного слога корневой морфемы -ы, -і выпадают: құлық «поведение» + ы= құл қ ы көңіл «настроение»+ і – көңлі әріп «буква» + і = әр п і ерін «губы» + і = ерні көрік «красота» + і = көр к і қойын «охапка, обьятия» - қойны халық «народ» + ы = хал қ ымұрын «нос» +ы = мұрны қауіп «опасность» - қау п імойын «шея» + ы = мойны құлып «замок» – құл п ы орын «место» + ы = орны мүлік «имущество» + і – мүлкі ғұрып «обычай» - ғұр п ы ерік «воля» +і – еркі қаріп «шрифт» - қарпі **** По орфографическому словарю 2007 года могут иметь обе формы слова: ауыз «рот» - аузы(а также ауызы) ауыл - аулы(а также ауылы) дауыс «голос» - даусы(а также дауысы) қарын «желудок» - қарны (а такжеқарыны) *** А старое написание иіс – исі, не употребляется, употребляется написание: иіс – иісі *** Слова«рақмет», «рақат», «жайбарақат» «дастарқан»пишутся через букву«қ» *** Режім, нөл, рөл, пойыз, мәшине, резеңке зауыты, рөмке   *** Сайгүлік, шай, бірақ шәйнек *** Нижеприведенные слова сейчас пишутся слитно:   Қонақүй– гостиница (но не «қонақ үйі» как раньше), келісімшарт- контракт, ісқағаз жүргізу -делопроизводство, ресми ісқағаз, жеке іспарақ– личный листок, жүкқұжат– накладная, жолкөрсеткіш – указатель, қолжеткізу – доступ, мекенжай – адрес, жекеменшік – собственность, теміржол – железная дорога, Қорқытата, Зеңгібаба, ауылшаруашылық – сельское хозяйство, көмірсутекті – углеводородные, ержүрек– отважный, бірауыздан– единогласно *** Неологизмы: Лаңкес-террорист,шәкіл –шкала,мерейтой - юбилей, түпнұсқа - оригинал, төраға – председатель, ашықхат – открытка, емдәм – диета (емдәм асханасы), ермексаз – пластилин, жаяусоқпақ – тротуар, қоқысқұбыр – мусоропровод, қағазтескіш – дырокол, көкіреккөз – интуиция, көкіреккөзбен білу – чувствовать интуитивно, айқұлақ (электрондық мекенжайдағы таңба) - @, зайырлы мемлекет – светское государство, ұлтжанды – патриот, кәдесый – сувенир, зияткерлік меншік– интеллектуальная собственность, шаруа қожалығы– крестьянское хозяйство, тақташа – плитка, рәсім – церемония, процедура   Различайте оттенки в значении слов, не путайте: Сыйлықақы - премия Сыйақы - вознаграждение (по депозиту или по кредиту) Инкассациялау– инкассация Инкассалау(оқшаулау) – инкассо (блокировка) Отын– топливо;Май - масло Жағармай– смазочный материал Бензин– бензин; Керосин– керосин Көріктендіру – абаттандыру (благоустройство) Залалсыздандыру – обезвреживание Зарарсыздандыру– стерилизация Иелену – приобретение Иемдену – присвоение Жайылыңқы – диффузный Жиылыңқы - компактный жер телімі – земельный участок полиция учаскесі – полицейский участок әлеуметтік дәйексіздік (пәрменсіздік) – социальная несостоятельность балама ұсыныс – альтернативное предложение бағалы қағаздар – ценные бумаги құнды металдар – драгоценные металлы кепіл – залог кепілдік – гарантия ресімдеу- оформлять *** В документах при написании даты «год» употребляется в форме прилагательного с суффиксом –ғы, а «месяц» употребляется в форме именительного падежа. Если далее следует «номер» документа, то, к месяцу прибавляется суффикс прилагательного –ғы/-гі, в данном случае форма Ілік септік не употребляется: Например: от 12 сентября 2008 года – 2008 жылғы 12 қыркүйек Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923 Жарлығы

Сұрақнама:

1. Қазақстанның өнеркәсібі жайында не білесіз?

2.Қазақстандағы мұнай, газ өндіретін өнеркәсіп орындарды атаңыз?

3. Республикамыздағы өндіріс орындарының өнім сапалары туралы хабарыңыз бар ма?

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі терминдермен сөйлем құрыңыздар.
  2. Мәтін бойынша сұрақ дайындап, қысқаша мазмұндаңыз.
  3. Қазақстан өнеркәсібі туралы сұхбат құрастырыңыз.
  4. Грамматикалық жаттығулар орындаңыздар.
  5. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды атаңыздар.
  6. Мәтінге аннотация беріңіз.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 629 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...