Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтін: Қазақстанның пайдалы қазбалары



Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында.ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан. Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.

Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.

Орфографиялық ережелер (жалғасы)

* Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти, Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-Кинди. Ескерту: Араб халықтары аты-жөндерімен келетін ибн сөзі кіші әріппен бөлек жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд. Араб атауларында келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жамиаи-тауарих, әл-Маджмагу л-илмий ("Ғылым академиясы" деген мәндегі тіркес), Катиб әл-Хамаса (Батырлар туралы кітап). * Түркі, парсы, т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады: Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек. * Түркі хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис арқылы таңбаланады): Шыңғыс хан (орысша — Чингиз-хан), Тәуке хан (орысша — Тауке-хан), Жәңгір хан (орысша — Джангир-хан). * Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, қарындаш та үстел үстінде жатыр. Қалам мен қарындаш үстел үстінде жатыр. Мен әрі қаламмен, әрі қарындашпен жазамын. * Бөлек жазылатын шылаулар мыналар (алфавит тәртібімен): ал, алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі, ғана (қана), ғой, дағы (сан дағы), да (де, та, те), дегенмен, дейін, және, жуық (жүзге жуық), екеш (бала екеш бала да түсінеді), кейін, қабат, қарай, қаралы (жүз қаралы), қатар, күй, күйт, ма (ме, ба, бе, па, пе), мен (бен, пен), менен (бенен, пенен), мейлі, не болмаса, немесе, онда да, өйткені, сайын, себепті, сондықтан, сияқты (секілді, сықылды), соң, сынды, туралы, түгіл, шақты, шамалы, ше, шейін, үшін, я, я болмаса, яки. Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда, әйтсе, сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда, олардан бөлек жазылады: бірақ та; әлі де (болса), тағы да (айтарым), сондықтан да, сонда да, әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә да, бұл сөзіңіз естен кетпес. М. Әуезов).

Сұрақнама:

  1. Қазақстанда қандай кен орындары бар?
  2. Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде неше пайызын құрайды?
  3. Қандай пайдалы қазбалар бар?

Тапсырмалар:

1.Мәтін тыңдап, 2 рет өз беттеріңізше оқып шығыңыз.

2. Мәтіндердегі таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.Есте

сақтап, сөйлесімде қолданыңыз. Өз-өзіңізді тексеріңіз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

4. Тақырып бойынша сұқбаттасыңыздар,

5. Орфографиялық ережелерді жаттап алыңыздар.

6.Грамматикалық жаттығулар жаттығуларорындағыздар.

Негізгі әдебиет: 1.[5. 1.3], 2.[5. 1.4], 3.[5.1. 5.]

Қосымша әдебиет: 1.[5. 2.1], 2.[5. 2.2.1], 3.[5.2.2.5]





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 2385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...