Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тау-кен мекемесінің инвестициялық жобасының түрлері. Инвестициялық жобалаудың негізгі жағдайлары



Халықаралық тәжірибеде өндірісті жобалау бизнес план ретінде көрсетіледі. Егер де жоба инвестицияларды тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба болып табылады. Әдетте жаңа жоба жаңа инвестицияларды тартумен байланысты. Жоба тактикалық және стратегиялық болып бөлінеді. Стратегиялық жобада өндіріс сипатын түбірімен өзгерту көзделеді. Ол үшін жаңа өнім шығару толық автоматтандырылған өндіріске көшуі керек. Ал тактикалық жобалар шығарылатын өнімнің көлемінің өзгеруімен, өнім сапасымен байланысты. Мекеменің инвестициялық жобасында ретке келтірілетін жалпы жұмыстар нақты жобаға байланысты болса, онда ол жобалық цикл деп аталады. Бұл циклдың келесідей кезеңдері болады:

1. Жобаның атауы (формулировка). Бұл кезеңде мекеменің басшылары мекеменің ағымдағы жағдайын сараптайды және әрі қарай дамудың ең басымдығын анықтайды. Ал бұл жұмыс сараптау нәтижесі бизнес идея ретінде құжатталынады. Бұл бизнес идеяда мекеменің алдына қойылатын мәселелерді шешу қарастырылады. Осы кезеңде идеяның орындалуын сенімді түрде аргументтілігі болуы керек және бұл кезеңде мекеменің әрі қарай дамуыныңбірнеше идеялары пайда болуы мүмкін. Бір дәрежеде толық және жүзеге асырылуы мүмкін болса, онда әрі қарай бірнеше инвестиялық жобалардың параллельді жүруі болады.

2. Жобаны жасау (разработка). Бизнес идея қабылдағаннан кейін оны әлде де дамытып, толық нақты шешім қабылдағанша дейін жүреді. Бұл шешім оң немесе теріс болу мүмкін. Бұл кезеңде біртіндеп жобаның барлық өлшемдері бойынша нақтыландыру мен жетілдіру жүреді – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық т.б. жағынан. Алғашқы ақпараттың жоғары дәрежеде болуы және оны толық пайдаланудағы білу жобан жүзеге асырудың нәтижесіне байланысты.

3. жобаның экспертизасы. Егер де жоба инвестор арқылы қаржыланатын болса, инвестор экспертизаны өзі жүргізеді. Мысалы, белгілі бір авторитетті консультация беретін фирма. Себебі, осы кезеңде жоба кезінде ақша төлеп, артынан орындалу кезеңінде өз ақшасының үлкен бөлігінен айырылмауы үшін. Егер де мекеме инвестицияны өз қаржысынан салса, жоба экспертизасы өтуі керек.

4. Жобаны жүзеге асыру. Бизнес идеяның нақты түрде дамуын қамтиды да жоба іске қосылғанша дейін жүреді. Бұл кезеңге кіреді: барлық қызметтердің түрлері сарапталады және бақылау органы, инвестор жағынан орындалуын бақылау жүреді.

5. нәтижелерге баға беру. Нәтижелерге баға беру жоба біткеннен кейін де істелініп жатқанда да жүргізіледі. Мақсаты жобада қарастырылған идеялардың арасындағы нақты байланысты алу. Бұл өз кезегінде басқа жобаларда қайтарымды жасауда алынған тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 461 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...