Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыстың жобалануы



Бұл кезеңде сметалық құжатқа сәйкес жұмыс сызбаларын жасап,жобаланады. ТЭН,кешенді жоба,тапсырма және техникалық шарттар стандарты (ГОСТ) болады. Алдын ала осы мекеменің орналасуын,дамуын,бағалауға мүмкінддігін береді. Осы кенорнының орналасқан жерін таңдау,осы мекемені қолданған кезде жауапты элементтерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс жобалануы график ретінде және жобаның сметалық құжаттарды тапсырыс берушіге беруге жобалайды.Оған мынадай негізде беріледі: шахта және руда салудағы тиімді тізімде береді. Онда құрылыс монтаждаудың құрылымы,көлемі және мекемені салудың біріктірілген календарлы графигі беріледі.

Жұмыс сызбасын тапсыру кестесі тапсырыс берушімен келісімделінеді. Мердігер мен жұмыс беруші арасында да келісім жасалады. Көптеген инженерлік жұмыстардың көбі көп шешімдерге ие болады. Сондықтан әртүрлі нұсқалар бір-бірімен теңестіріледі. Таңдалған нұсқаны таңдау үрдісі - критерий деп атайды.

Халық шаруашылығының жоспарына байланысты өндіріс салаларының орналасуы мен даму сұлбасы
Техника – экономикалық негіздеме

 
 


Жобалауға тапсырманы тапсырма беруші жасайды: мемлекет, министерства немесе шахта, завод, карьер болуы мүмкін. Жобалауға арналған тапсырмада мыналар көрсетеді:

- мекеменің немесе ғимараттың атауы;

- жобалауға арналған негіз немесе ТЭН;

- осыған сәйкес қаулы;

- құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, реконструкция);

- құрылысқа арналған алаңша немесе аймақ;

- өнімнің түрлері және ол өнімнің қуаттылығы;

- тоннельдің өткізу қуаттылығы, қабілеттілігі;

- жерасты құрылымының сыйымдылығы;

- жобалайтын нысанның жұмыс тәртібі;

- өндірістік және шаруашылық коперация туралы шешім.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған талаптар және өндіріс қалдықтарын утилизациялау.

АСУТП (техникалық үрдістер мен мекемені толық басқаратын автоматтандырылған жүйені жасаудың қажеттілігі)

Мәдени тұрмыстық баспана құрылысына арналған нысандар туралы берілгендер:

- жобалайтын санның техника – экономикалық көрсеткіштері және күрделі санның көлемі;

- құрылыс мерзімінің белгіленуі;

- қуаттылықтарды енгізуге арналған тәртіп және қосылуға қосылатын кешендердің кезектігі.

Жобаның немесе оның бөлімдерінің нұсқауларына арналған талаптар.Бұдан басқа тапсырмаға жобалау сатыларының саны көрсетеді, ГИП (главный инженер проекта), ГП (генеральный подрядчик). Осылармен қатар жобалауға жобалаушы ұйымға тапсырыс беруші мынадай құжаттарды тапсырады:

1. Құрылысқа арналған таңдап алушыға берілген акт.

2. Жергілікті орындалатын кеңестің сәулеттік жоспардың тапсырмасы.

3. Жер телімінің құрылыс паспорты.

4. Жобаланатын құрылғының басқа инженерлік жүйелер мен коммуникацияларға жалғануға арналған шарттар.

5. Инженерлік ізденістерге арналған бар материалдар.

6. Осы жерде тұрған ғимараттар мен құрылымдар туралы мәліметтер.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 577 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...