Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс істеп тұрған уақытта



Барлық негізгі параметрлерін қайта жобалау қажеттілігі туады. Мысалы, жобалық шешімдерді, кеннің кондициясын қайта қарау, кен өлшемдерін, әдістер мен өлшеу жүйелерінің аршу әдістерін, жүзеге асыру әдістерін, өлшемдері алынған жерді бекіту әдістерін, машина жабдықтарын, кенді алу жұмыстары қайта қаралады.

Минералды шикізат кондициясы дегеніміз сапа және сан жағынан пайдалы қазбаға қойылатын экономикалық талаптар жиынтығы. Олар: тау-геологиялық, тау-техникалық, кенорнын жасаудағы басқа да жағдайлар.

Кондициялар өлшемдері қорды есептеу мен бағалау үшін нақты көрсеткіштердің шектелген мәндері болып табылады. Олар геологиялық, тау-техникалық, технологиялық, экономикалық көрсеткіштер негізінде орындалуы керек. Кондицияларды уақытша және тұрақты деп бөледі. Уақытша кондициялар кенорнын алдын ала зерттеулер нәтижесінде жасалады. Тұрақты кондициялар бөлшектенген нақты кенорнын барлау нәтижелері бойынша жасалады. Жаңа барлау жұмысында немесе қосымша барлау нәтижелері бойынша және қолдану жұмыстары мүмкінділігімен сипатталады. Тұрақты кондицияларға арналған ТЭН барлық барланған кендер орнына жасалады. Оны міндетті түрде игеруіміз керек. Ол игеру ГКПЗ ТЭН-нде көрсетіледі. Кондицияға арналған ТЭН

Геологиялық барлау ұжымдарының тапсырысымен оны барлау керектігін жасайды. Оларға негіз болып нақтыланған барлау,

Саланың басты сұлбасы, тау-кен өндірісінің дамуының болашағы негізінде жасалады. Егер де кешенді кенорны болса, онда кондициялар ТЭН-де қолданылатын кондицияны жасауды, онымен бірге ілеспе құрамды, ондағы компоненттерді қолдану қажеттілігі көрсетілуі керек. Инструкция, құжаттарға сәйкес минералдық шикізат ТЭН-сі мынандай материалдар негізінде жасалады: экономикалық, геологиялық, географиялық, тау-техникалық, технологиялық, т.б. ерекшеліктер ескеріледі. Алдымен кенорны жайлы жалпы мәліметтер келтіріледі. Олар географиялық көрсеткіштерді (көлік жолдарының орналасуы, рельстер, климатын, теңіз деңгейінен жоғарылығы, сейсмологиясы, ауданның игерілуі, сол жердің халқының жұмыспен қатылуы) және арзандату, қымбаттату коэффициенттері сипаттайды. Жұмыс істеп тұрған мекемелермен кооперациялау мүмкіншілігі және салынатын заводтың кенорнында тұрақты орын, су, өзен, темір жол, автомобиль жолдары, мұнай, газ құбырлары, ауылшаруашылық нысандары,қорықтар, тарихи, мәдени ескерткіштер болғанда мәліметтер берілуі керек. Одан басқа өнімді сататын нарықтардың болуын бағаланған немесе сонымен бірге орналасқан кеннің орналасуын анықтау керек. Оның қанағаттандыру мүмкіндігін қарастыру керек, соның ішінде алынатын кен мүмкіндігін өнімді алғандағы қалдықтарды қайта пайдалануды қарастыру керек.

Бұл жұмыс тек қана жаңа құрылысқа жасалмайды, сонымен қатар тау-геологиялық жағдайлардың, техникалық прогрестің жетістіктерінің, сатылатын бағаның өзгеруімен байланысты барлық тау – кен жұмыстарының технологиясы мен рудник, шахтаның негізгі параметрлерін қайта жобалау мүмкіндігі туады. Соның ішінде өндіру қуатты таңдап алу туралы жобалық шешімдерді, қорларды, кондицияларды, кен өлшемдерін, іс – қимыл жүйесі, әдістерін, аршу элементтерін, параметрлерін, алынған бос жерлерді бекіту әдістерін, жабдықтар мен машиналарды, оларды зарядтауды, тиеу және көтеріп щығаруды қайта қарау керек.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 558 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...