Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инвестицияларды негіздеу және бизнес жоспары



Бұл материалдардың қажеттілігі нарықтық экономикаға көшкеннен кейін туды. Инвестицияның экономикалық тиімділігін негіздеу, жаңа құрылысқа кеңейтулер, қайта жаңғыртуға арналған және істік жоспар(бизнес план) және осы жобаны жасау үшін, белгілі бір кенорнына арналған инвестор басты генералды жобалаушымен бірге жасайды.

Негіздемеде мыналар беріледі:

-негізгі шешімдер мен тиімділігінің салыстырмалы бағасы туралы мәліметтер;

-техника-экономикалық есептеулер;

- банк несиелері арқылы әлеуметтік тиімділігіде көрсетілуі керек.

Мына есептеулерде көрсетілуі қажет:

-экологиялық зардаптары;

-табиғи ресурстардың төмендеу мүмкіншілігін анықтау.

Осы кенорнының аумағында жалпы жағдайды орындау экономикалық-әлеуметтік және салу жобасын тиімділігі көрсетілуі керек.

Бұл негіздемеде негізгі техника-экономикалық және экологиялық,оны қаржыландыру көздері келтіріледі және жобалаудың тәртібі мен кезектілігі көрсетіледі.Бұл құжатта ғылыми -ізденістік жұмыстар көрсетіледі.Бұдан басқа мекеменің жұмыс деңгейін толтыру жағдайы,сонымен қатар,бұл құжатта техника-экономикалық көрсеткіштер ықтималды салымдардың жоспар сызбасы қарастырылады және инвестициялардың қайтарылуының мүмкіншілік мерзімдері көрсетіледі. Инвесторға арналған жұмыстардың пайда дәрежесін немесе рентабельдігін көрсету үшін бизнес жоспар жасалады.

Жаңа рудникті салу, қайта құрылымдаудың бизнес жоспардың қағидалы түрде мүмкіншілігі -экономикалық тиімділікті нақты түрде дәлелдеу.Жоба инвестор минималды тәуекелділікпен жүзеге асыруға болатынын көрсетеді. Бизнес жоспарда осы аймақтағы ресурстармен қамтамасыз ету бағаланады және онымен қамтамасыз ету көрсетіледі.Жобаны жүзеге асыру стратегиясы жасалады.Рудникті салу және нұсқасымен болжамы жасалады.

Тәуекелдік деңгейін минималдауға дейін инвестор үшін бағдарламалар ұсынылады.

Рудник бизнес жоспарының (бизнес план) мақсаттары:

1.Жобаланатын жаңа рудник өнімнің өткізілетін өнім қажеттілігін анықтау және оны қолданған кезде нарықтық бәсекелестік жағдайдағы жеткіліктігін анықтау. 2.Рудникті қолдану және іске қосу мүмкіншіліктерді негіздеу еңбектік, энергетикалық.

3.Негізгі параметрмен технологияға сүйене отырып,тиімділігін негіздеу инвесторға минималды түрде күрделі салымдар қайтуы қамтамасыз етілуі керек.

Құрылыс бизнес жоспарының негізгі мазмұны, ол план жобалайтын мекеменің, сонымен қатар бұл жерде потенциалды инвесторға арналған қызығушылықты арттырып дәлелдеу.

Нысан туралы, оның тиімділігі туралы мәліметтер немесе жарнамалық материалдар бизнес жоспар кіріспесінде беріледі. Одан кейін әрі қарай іс-қимыл бағыты қарастырылады:өндірістік өнім сапасы, осы саладағы мекеме маңызы мен сипаттамасы, бәсекелестік жағдайлары. Өнімді тұтынушылар жобаланатын өнім артықшылықтары көрсетіледі. Өнім құрамындағы металлдардың жалпы кен массасындағы құрамы мен бағалары көрсетіледі.

Кеніштің салынатын аумағы мен инфрақұрылымына, көлеміне, сапасына, құрылысқа қолдануға пайдалы жағдайлар, құрылыс материалдарына, темір жол мен автомобиль жолдарына үлкен көңіл бөлінуі керек. Бизнес планда нысанды жобалау мерзімі қарастырылады. Уақытында ол нысанды жабдықтармен қамтамасыз ету, инвестиция мөлшері мен қаржыландыру көзі, күрделі салымдардың қайтарым мерзімі, қарызға алынған жабдықтарды мерзімінде қайтару. Мекеменің меншікті пішіні және басқару құрылымы көрсетіледі. Еңбекті өтеу шарттары, өндіріс шығындары қарастырылады (қазып алудың өзіндік құны, жаңа қорларды дайындау мен аршуға кететін шығындар, қызмет көрсету өнімдерінің сыртқа шығуы бойынша бағалау. Бизнес жоспардың қорытынды бөлімінде негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштер көрсетіледі. Шығындар мен кірістердің қаржылық жоспары келтіріледі және біріктірілген жоспардың барлық уақытына дейін болжау жасалады. Мұнда тәуелділік дәрежесі бағаланады. Кеніш жұмысының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалар ұсынылады.

Минералды шикізат кондициясын техника-экономикалық негіздеу

Тау-кен геологиялық жағдайларының өзгеруіне, техникалық прогреске, өнім бағасының өзгеруіне





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 779 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...