Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі заманғы тау-кен мекемесі жобасының мазмұны



Қазіргі кезде жобалауды жасауға арналған инструкцияға сәйкес жобалар бір кезеңде жүреді. Онда біріктірілген сметалық есептер мен типтік жобалар, қайталанатын жобалар жасалады. Ал екі сатыда біріктірілген жобаның сметалық есептеулері мен сметалары бар жұмыс құжаттары осы бойынша бір сатыдан басқаларының барлығы 2 саты бойынша жүреді, олар үлкен күрделі құрылыстар. Жобалауға арналған тапсырма бекітілгеннен кейін екі сатыда жобаны жасау болып табылады. Жобада түсініктеме – жазба және оған сызбалар кіреді. Жалпы түсініктеме – жазбаның бірінші бөлімінде келесілер кіреді: жобалауға арналған негіздемеге сілтеме, жобаның мазмұны көрсетіледі, қысқаша нұсқаулар қарастырылады, олардың негізінде жоба шешімдері қабылданады, құрылыс кезеңі мен мерзімі көрсетіледі, кеніштің жобалық қуатын игеру де көрсетіледі, игеру мерзімі ұзақ болады, техника-экономикалық бөлімі арнайы көрсетіледі,негізгі ТЭК тиімділігі болады, бас жоспар, көлік және бұзылған жерлерді қалпына келтіру, геологиялық және тау-кен жұмыстары жататын технологиялық бөлім, технологиялық процесстерді автоматтандыру, қоршаған ортаны қорғау және өндірісті басқару жүйесі, электромеханикалық бөлім, одан басқа кеніш жобасына құрылыс бөлімдері кіреді:

- Құрылыс

Қуаттылықтарды игеру, оған дайындалуды ұйымдастыру;сметалық бөлім және азаматтық үй құрылысы; эталон бойынша жасалған паспорт беріледі; оны осы орынның министрлігі бектеді.

Жалпы түсініктеме – жазбаға мыналар кіреді: жобалауға арналған бастапқы берілгендер, болашақ кеніштің қысқаша сипаттамасы, кеніштің, кенорынның қоры, ондағы кеннің сапасы, технологиялық қасиеттері, жоғалту көрсеткіштері, кенішті сусыздандыру, ұйымдастыру, мамандандыру, негізгі және қосымша өндірістік кооперациялау бойынша еңбек ресурстарының қажеттілігі туралы мәліметтер, сол қажеттіліктерді жинақтау.прогрессивтілікті бағалау, мекеме құрамы, құрылысты жүргізу кезеңі, іске қосатын кешен туралы мәліметтер, тау-кен жұмыстарының көлемі.

Негізгі жобалық шешімдердің тиімділігі мен қарқындылығын бағалау. ТЭК-тің кезеңдері іске қосылу және оның осы сияқты жобалармен салыстырылуы, экономикалық есептің бағалануы көрсетіледі, өндірістің экономикасы туралы мәліметтер, күрделі салымдар тиімділігі, ғылыми-технологиялық жетістіктер, осы жобаға керек талаптар, шешімдер, мәліметтер негізделіп көрсетіледі. Одан басқа негізгі шешімдер келтіріледі, олар бағытталған: пайдалы қазбаны кешенді және тиімді пайдалану, өндірістік қалдықтар мен өнімді шығарғандағы екіншілік шешімдер, еңбек, материалдық – энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану. Құрамында қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары туралы жалпы мәліметтер келтіріледі. Негізгі сызбалар ішінде осы жазбаға байланысты мыналар келтіріледі: Кеніштің орналасу жоспары, осы кенішке байланысты сыртқы коммуникациялар мен құбырлар, желілер көрсетіледі. Жобада технологиялық шешімдер бөлек көрсетілген, олар туралы мынадай мәліметтер бар: қазып алу мен өңдеу технологиясының шешімдерінің негізделуі кенді алып шығудың қиындығы, технологиялық процесстерді басқарудың автоматизациясы және механизациялау құралдары, жабдықтардың прогрессивтілігі, олардың құрамы, жүктелу шарттары. Импорт бойынша тауарды сатып алудың негіздемесін жасау. Кеніш жобасының бұл бөлігіне геологиялық, таулық, электромеханикалық т.б. шешімдер кіреді.

Геологиялық және таулық бөлімшелерінде кенорнының геологиялық сипаттамасы беріледі, болашақта минералды шикізатпен қамтамасыз етілуібағаланады (қорларды бағалау). Кен массасының игерілетін сапасы мен кондициялары қайтадан анықталып дәлелденіп. Оның технологиялық сипаттамасы тау-кен мәселелерінде келтіріледі. Бұларда ең алдымен ашық жұмыстардың шекаралары мен оны өңдеу әдісінің негізделуі, тау-кен мекемесі құрамы мен қуаттылығы нақтыланады. Ашу әдістері мен оны жүзеге асыру әдісі нақтыланады.Өндірістік үрдістердің құрастырылуы, нақтыланған негіздеулерсіз және оның болашақтағы қажеттілігі.

Электромеханикалық бөлімде көрсетіледі:

1. қолданылмалы ізденіс, тазарту жұмыстары мен машиналар мен механизмдер,

2. жерасты көлігі үшін қор коэффициенті – 1,25,

3. жер асты құрылғыларының скип пен клетті көтерулерге арналған. Олардың қор коэффициенті сәйкесінше – 1,25 және 1,4,

4. ауаның қажетті мөлшерін (желдетуге) анықтау, ЖЗ шығынына және шаң факторы бойынша.

5. Пневматикалық шаруашылыққа қысылған ауаның қажеттігі.

6. Насос камералары, суағызу (15-20 жылға жобаланады).

7. Электржабдықтауды қамтамасыз ету, қуатын анықтау, беттік және жерасты подстанциялар есептеледі, жабдықтар, аппараттар, электроматериалдар таңдалады.

Технологиялық бөлімде тағы да өндіріс процестерін автоматтандыру, қауіпсіз техникасы, тау-кен құтқару және өртке қарсы қызмет көрсететін, қоршаған ортаны қорғау, АСУП қарастырылады, сондай-ақ календарлы жоспар, іріленген торлы кестелер, құрылыстың жеке этаптары, жабдықтарды дайындау және поставка.

Жобада отын, су қажеттілік көздері анықталады, құрылыс материалдары мен ғимараттары қабылданады. Жобада сыртқы көлікпен қатар генплан жасалады. Қоршаған орта қорғау, жерлерді рекультивациялау бағдарламалары, өндіріске жалпы жоспар (құрылыстың мерзімі және кезектілігі) жасалады. Құрылыстың жалпы сметалық бағасы және басқа да техника-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.

Технологиялық бөлімнің негізгі сызбалары: кен орын бойынша жоспары мен қималары, аршудың қағидалық сұлбалары, тау-кен жұмыстарын механикаландыру, көлік құралдарын орналастыру, кенді көтеру және жеткізу және басқа жүкағындары жасалады, тау-кен кешенінің құрылымдық сұлбалары, кенді игеру және өңдеу процестерін автоматтандырылған сұлбалары, мекемені электржабдықтау схемалары, байланыс пен сигнализация схемалары.

Егер де типтік жобалар қолданылатын болса, осы каталогтық парақшалар қолданылады, осы жобаға кіретін негізгі сұлбалар келтіріледі.

Құрылыстық шешімдер бөлімі

Кіретіндер: негізгі сәулеттік құрылыстық шешімдер қысқа сызбасы келтіріледі, бұл шешімдер прогрессивті бағасы беріледі, жұмыс орындарының қағидалық шешімдері келтіріледі, өндірістік шу мен вибрациялар төмендетуге рналған негіздемелер, санитарлық және тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстары, электр, жарылыс, өрт қауіпсіздігіне арналғанбағдарамалар келтіріледі, құрылыс құрылымдарын коррозиядан қорғау амалдары, сумен қамтамасыз ету, канализация, жылыту, желдету және кондициялау бойынша шешімдер келтіріледі.

Құрылыс бөлімінің негізгі чертеждар: тау-кен қазбаларының жоспары мен қималары, ғимарат пен қырылымдардың алдыңғы жақ қималары, ол жекеленген жобалар бойынша, көтергіш және қорғаныш құрылым схемалары.

«Құрылысты ұйымдастыру» бөлімі материалдары, сметалық құжат және жоа паспорты келтіріледі. Сондай-ақ жобада тапсырысқа арналған белгілі бір формада спецификациялар болады, тау-кен технологиялық, энергетикалық, көтергі-көліктік, сорғы-компрессорлар және басқа жабдықтар өлшемін орналастыру тапсырыстары.

Жобаның мысалы. Тау-кен мекемесенің жоасы әдетте 10-12 томнан тұрады. Әр томда бірнеше кітаптар болады. І томда мекеменің жалпы сипаттамасы (кітаптар: түсініктеме жазба, жоба паспорты, техника-экономикалық бөлім). ІІ том технологиялық бөлім. 1 кітап,кен орынның геологиялық және тау-кен техникалық сипаттамаслары (18 бөлімнен тұрады), 2 кітап, тау-кен механикалық қондырғылар, 3 кітап, генплан және сыртқы көлік, 4 кітап, электр жабдықтары және электр қамтамасыз ету, 5 кітап, қойма және жөндеу шаруашылығы.

Егер тау-кен мекемесі құрамында ұсату-ұнтақтау құрылғылры болса, ол туралы мәліметтер жеке кітаптар беріледі, 7 бөлімнен тұрады.

ЖҰМЫС ЖОБАСЫ

Тау-кен мекемесінің жұмыс жобасы бұл мекемені салуға немесе оның бір кезегін салуға арналған типтік және қайталанатын эталонға сәйкес жұмыс жобасын жасайды.

Бөлімдері: кіріспе, техника-экономикалық анықтама, геологиялық, технологиялық, тау-кен механикалық бөлім, байыту бөлімі, энергетикалық бөлім, генплан, көлік, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау, МЧС бағдарламалар, сметалық бөлік, экономикалық, құрылысты ұйымдастыру бөлімдері.

Кіріспе – қатысты алғашқы мәліметтер. Рудниктің жобалық қуаттылығы, кен орынның кен сапасы, кен қорлары туралы мәліметтер, өндірісті мамандандыру ұйымдастыру, кооперациялау бөлімдері кіреді, кен орынның пайдалану көрсеткіштері келтіріледі, отын, су және электрэнергиясының қажеттігі, еңбек ресурстары туралы және қажеттігілігін өтеу туралы мәліметтер, мекеме құрамы туралы, құрылыс кезектігі, іске қосуға арналған кешендер келтіріледі, жабаланған кеніштің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде материалдық-энергетикалық және еңбек ресурстарының бірлік жылдық өнімділігіне байланысты меншікті шығын көрсеткіштері және бұл көрсеткіштерДүниежүзілік көрсеткіштермен салыстырылады, генплан туралы мәліметтер, ішкі және сыртқы көлік туралы мәліметтер, бұзылған жерді қалпына келтіру бағдарламалары, АСУ, АСУ ТП, электр, су, канализация, сумен қамтамасыз ету.

Түсініктеме жазбадағы негізгі сызбалар: пландар мен кен орын қималары, рудниктің, байыту фабрикасын орналастыру жағдайлық планы, тау-кен жұмыстарының қазбаларының сыртқы коммуникациялардың, инженелерлік желілердің, ағынды суларды тазарту туралы құрылымдары, генплан, генпланда қиратылатын ғимараттар мен құрылымдар көрсетіледі.

Бұл жағдайда генпланда тау-кен қазбалары, коммуникациялар мен нысандар іске қосылатын кешендерге кіреді. Жоспардағы жоспарланған белгілер көрсетіледі, жер жұмыстарының көлемін анықтау үшін қажет; рудникті басқару жалпы құрылымдардың сұлбасы беріледі; функционалдық және ұйымдастырушылық құрылым сұлбалары; тау-кен жабдықтарының кешенінің сұлбалары; өндірудің технологиялық автоматтандыру сұлбалары келтіріледі.

Қажет болған жағдайларда типтік және қайталанатын тау-кен қазбаларының жекеленген жоспары көрсетіледі және олардың жобамен байланыстырамыз. Сонымен қатар мынадай бөлімдер келтіріледі: «құрылысты ұйымдастыру және сметалық құжат», жұмыс жобасы паспорты.

Жұмыс жобасы келесідей бөлімдерден тұрады:

Жалпы түсініктеме жазбада негізгі жобалық шешімдер бағасы мен сипаттамасы келтіріледі:

- Таңдалған жабдықтар, импорттық технологиялық жабдық қолданылса, негіздемесі қажет; өндірілетін кен саны мен сапасы; пайдалы қазба, шикізат материалдары, отын, энергия рациональді және кешенді пайдалану; қалдықтарды пайдалану бойынша іс-шаралар;

- Өндірістік құрылымның берілген дамуын ескеріп, негізгі және көмекші өндірістерді ұйымдастыру, мамандандыру және кооперациялау; АСУ ТП, АСУП.

Келесідей сызбалары бар: кен орын бойынша пландар мен қималар, өндіру және өңдеудің технологиялық процестерінің принципиалдық сұлбалары; негізгі тау-кен жабдығы мен көліктік құралдарының ықшамдалу мен орналастыру сұлбалары; технологиялық жабдықтарды және құбырларды коррозиядан қорғау сызбалары. Бұнымен қатар қазбаларды бекітуге және жүзеге асыруға құрылыс шешімдері; жоба сияқты жұмыс жобасында құрылысты ұйымдастыру және сметалық құжат, сондай-ақ жұмыс жобасының паспорты беріледі. Жобалық сметалық материалдар экспертиза мен бекітілуге беріледі.

Техникалық қайта жарақтандыруға жеке объектілер немесе жұмыс түрлеріне жасалады, ол мекеменің техникалық даму жоспарына сәйкес.

ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТ (ДОКУМЕНТАЦИЯ)

Жұмыс құжатында тау-кен және құрылыс-монтаж жұмысына, нақтыланған смета жұмыстары жасалады. Осы жұмыс құжатына сәйкес кіреді:

- Жұмыс сызбалары стандартқа сай, СПДС сай жасалады;

- Сметалар, істеп тұрған инструкциялар және әдістемелік нұсқаларға қатысты жасалады;

- Құрылыстық және монтаж жұмыстарының көлемдерінің ведомосьтер тізімі;

- Құрылыс-монтаж жұмыстарының, еңбек шығынының, құрыыс материалдарының сметалық құнының өзгеруінің есептік көрсеткіштері;

- СПДС стандарты бойынша орындалған жабдықтардың тізімі (спецификациясы), габариттік сызбалар, сұрақ парақшалары, құрылыс нысандарына арналған жобалық сметалық құжат, іске қосатын кешенге кіретін;

- Жеке орындалатын құжатқа арналған құжаттар, себебі жобада қарастырылмаған;

- Күрделі тау-кен қазбаларына арналған құрылыс жұмыс чертеждарының паспорты, ғимараттар мен құрылымдарға, ГОСТ пен СПДС сәйкес.

Жұмыс сызбаларына кіретіндер:

- Чертеждар тізімі бар басты парақ; генплан чертеждары, онда жерасты қазбалары мен жерүсті коммуникациялар, көліктік жолдар, ғимараттар мен құрылымдар, қоймалар;

- Кен орнын даярлау және аршу сызбалары, қазу жүйелері және өндіру кешендері;

- Оқпан, оқпанмаңы аулаларын армирлеу сызбалары;

- Құрылыстық календарлы жоспары және кен орынның қазудың календарлы жоспары

- Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісіне арналған сызбалар;

- Технологиялық, көліктік, энергетикалық және бақа жабдықтарды, олармен байланысты коммуникациялар, конструкциялар, құрылғыларды қондыруға арналған сызбалары; технологиялық құбырлардың сұлбасы ішінде жылу изоляция сызбалары болады; қоршаған орта ұорғаумен байланысты сызбалар;

- Құрылыстық конструкция эелементтер сызбалары;

- Типтік емес технологиялық, энергетикалық және басқа құрылғы мен конструкцияларды жалпы түрлерінің, сондай-ақ стандарттық емес жабдықтарының эскиздік сызбалары.

Басқа типтік емес уақытша ғимараттар мен құрылымдар сызбаларын құрылыс-монтаждық ұйымның жобалаушылар құрылыс монтаждық жұмыстар жобасының құрамында орындайды.

Рудниктің генпланы

Рудник бетіндегі генплан жобаның ең маңызды бір бөлігі. Бұл бөлімде жобаның байланысы негізінде шешімдер кешені кіреді, жобаның басқа бөлімдерімен тығыз байланысқан. Оларға: 1) өндіріс алаңын таңдап алу; 2) өндіріс алаңының аумағындағы ғимараттар мен құрылымдық көлік құралдарының орналасуы; 3) негізгі және көмекші аршу қазбасының орналасуы; 4) сыртқы көліктің электр беріліс жүйелерінің трассировкасы; 5) жыныс үйінділерінің, бос жыныс, баланстан тыс, барлық қалдықтарының орналасуы; 6) жұмысшылар орналасатын қалашық.

Рудниктің генпланы жалпы реттегіш маттериалдардың кезінде жасалады.СНиП

Жалпы талаптарға сәйкес генпланында жер және тау бөлінген шекаралары көрсетіледі және болашақта тау кен жұмыстарының әсерінен жер беті кен отыру аймағының болжамдалған шекаралары көрсетіледі, кентіректердің қалдырылатын жері көрсетіледі.

Осы рудник бетіндегі ықшамдалуы көп жағдайда рудник жұмысының бірқалыпты жұмыс істеуіне байланысты.

Жер бетіндегі жұмыстарда рудник бүкіл жер бетінің 30 пайызына дейін қамтиды. Сондықтан осы планның дұрыс жасалуы ықшамдалып, рудник өнімділігіне әсер етеді.

Өндіріс алаңын таңдағанда техника-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру негізінде жүргізілуі керек және рудник бетіндегі жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ете отырып жасалады.

Рудник қамтылатын аймақтағы зиян келтіретін жұмыстардың минимальді болуы. Генпланның ықшамдалуы жер беті рельефін ескеру, гидрогеологиялық жағдайды ескеру қажет. Осы өңірдегі жел бағытының өзгеріп тұруын ескеру қажет.

Генпланды ықшамдап жасағанда қойма шаруашылығын орталықтандыру бір бірімен байланыстыру өте маңызды болып табылады.

Нысандарды, алып жатқан аумағын қысқарту үшін,көлік нысандарды шоғырландыру маңызды. Сондықтан генплан әдетте бір мезгілде көлік сұлбасымен бірге қарастырылады.

Жоғарыда айтылғандарды орындау үшін ғимараттарды блоктауда қолдану қажет. Мысалы 1 блокта көтергіш ммашиналар, электроподстанция, компрессорлардың, жөндеу цех, шеберхана біріктіріледі және осы оқпанменен жерасты біріктіру қажет.

Генпланды ықшамдауда басты принцип – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам мен жүк ағымы бөлек жүруі керек. Теміржол желісі болса, басқа жолдармен қиылыстырмауға тырысады.

Генплан жобалануы мынадан басталады: кейбір цехтармен құрылымдарды топтастырады, онда өндірістік процестердің қағидасы ескеріледі, осы блокировкаға сәйкес өндіріс алаңын зоналайды. Мысалы осы берілген шекарасында осы 3-4 аймақ бөлініп жасалады. Рудник алды қосымша және қоймалар аймағы кейде өндіріс аймақты рудник алдыны көмекші аймақпен біріктіріледі.

1.Рудник алды: жалпы тағайындалуындағы: АБК, асхана, көлік тұрағы, депо және т.б.

2.Өндірістік аймақ: негізгі технологияға арналған нысанддар: копер, көтергіш ммашиналар, қабылдағыш бункер, эстакадалар. Мұнда кейде 2-3 блок біріктіріледі.

3.көмекші: жылу энергия орталығы, котельня, желдету, компрессорлар, колорифер, жөндеу шеберханасы және т.б.

4.Қойма және көлік шаруашылығының аймағы: кен қоймалары, ЖЗ қоймасы, түсіру тиеу бекеттері, кіреберіс жолдар және т.б.

Өндіріс алаңында ғимараттарды блоктау келесідей жасалады. Егер көп қанатты машина арқылы жүргізілетін болса, онда мұнаралық копер, басқару құрылыс комбинаты, вентилятор құрылғылары, электр подстанциясы.

Бөлек бір блокқа қосымша рудник құрылғылары кіреді: қойма, көлік. Соның ішінде үлкен шахталарда ықшамдау үлкен қызығушылық туғызады. Керун деген рудникте оқпан үстінен бір ғана темір бетоннан жасалған ғимараттар бар. Ғимараттардың ұзындығы -130 м, ені-30м, биіктігі-55м. Осы ғимараттардың 52м биіктігінде 12 канатты көтергіш машина орналасқан. Осы жерде көлбеу оқпанның порталы орналасқан. Көлбеу бұрышы -6, ұзындығы- 2,5 км. Осы блок арқылы бір жылдың ішінде 8 сортты 20млн. Темір рудасы шығарылады. Шахта ғимаратының үстінде 3 блок бекітілген. Генпланды ықшамдап жасағанда кенорнын аршып алуды ескере отырып орындау керек және бос жыныспен кенді тасымалдағанда шығындары аз болуы керек. Өндіріс алаңын таңдап алғанда нұсқалар әдістерін таңдау қажет, сонымен қатар, оларды ескеру керек. Олар: жылу және электрмен қамтамасыз ету, вертикальды жоспарлау. Өндіріс алаңдарының мөлшері минимальды, ал пішіні қарапайым болуы керек. Қалдықты сақтайтын өндіріс қалдықтарын тыс жерде орналастырған дұрыс. Орналастыру алаңында міндетті түрде жер қабығын аршуды қажет етеді және оларды қарастыру қажет. Сыртқы және ішкі тасымалдауға арналған көлікті мынадай әдіспен таңдап алу керек, ең перспективті құралдарды пайдаланып, толық генпланмен байланыстыру қажет.

Генплан мекеменің реканструкциялануымен және қайталану мүмкіншілігі кезінде жасалады. Ол қазіргі кезде тау-кен ісінде заңдылық болып табылады. Себебі, тұрақты түрде кеннің бай бөлігін алып болып, содан кейін кедей жерлерге көшуге тура келеді. Рудниктың генпланы аумақтарды игеру процесінің көрсеткішімен сипатталады. Аумақтарды игеру, жолдар, көгалдандыру және т.б. Бұл көрсеткіштер институт ұсынысы бойынша жүзеге асырылады. Өндіріс аумағын таңдаған орынды алғанда өндіріс алаңын қауіпсіз жерге орналастыруды қарастыру қажет. Генпланмен бірге сыртқы көлік те қарастырылады. Бұл көліктік байланыстардың сипатын ескеру үшін қажет. Мекеменің жүк айналымын және көлік шаруаларын ұйымдастыру болып табылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 955 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...