Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пос құрылысты ұйымдастыру жобасы



Жобалық құрылыстық бөлімде мыналар қарастырылады:сәулеттік-құрылыстық шешімдер, жылу, вентиляция, ауаны кондиционерлеу мәселелері, электр-сумен қамтамасыз ету,канализация.

Келесі негізгі нысандар салынады:

-кеніштің және шахтаның басты және қосымша оқпандары;

-жерасты қазбалары мен штольнялар;

-басты және қосымша оқпандардағы шахта үстілік кешендер (шахтаүстілік және машина ғимараттар, мұнаралы коперлер), көтергіштер, вентиляциялық қондырғылар, компрессорлық станциялар,электростанциялар,жөндеу және қайталау көліктік бағыттағы ғимараттар,өрт депосы немес посты,асханалар және тағы басқа құрылғылар мен ғимараттар;

-кендайындағыш, сұрыптағыш және байыту фабрикалары немесе металлургиялық зауыттар;

-бос жыныстардың қазбалар өтудегі үйінділері немесе ұсату-сұрыптау фабрикаларының құрғақ қалдықтары,байыту фабрикаларының дымқыл қалдықтары;

-суға арналған тау-кен құтқару станциялары және тағы басқа.

Кейбір жағдайларда мекеме құрамына ТЭҚ, құрылысы бар тұрғынқалашық, қосымша шаруашылық (подсобное хозяйство),продбаза және тағы басқа.

Осы нысандар барлығы қабылданған нормативтерге және техноталаптарға сай жүзеге асырылады.Бұл жағдайда максимал түрде типті және қайталанатын жобалар пайдалану керек,сипаттамасы құрылыс бөлімінде келтірілген.

Бұдан басқа тұрмыстық, медициналық қызмет ету, еңбекті қорғау, шу мен вибрацияны шектеу шешімдері қарастырылады.

Құрылыс монтаждық және үңгілеу жұмыстарын рационалды ұйымдастыру және технологиясы құрылыс жұмыстарының өндіріс жобасымен анықталады.

Шахталы оқпандар, жерасты қазбалары,технологиялық жабдықпен көлік, қосымша және қызмет көрсетуге арналған нысандар,энергетикалық шаруашылық-көлік нысандары.

Кеніш құрылысының ұзақтығы оқпан тереңдігі 300м өтуін қарастырады, уақытша және тұрақты копр, оқпанды өту жылдамдығы 35м/айына.

Егер оқпан тереңдігі 300м аз не көп болса,шахта құрылысы ұзақтығы әрбір 100м сайын 3ай кетеді.Оқпан арнайы өту әдісі қолданса,құрылыс сол үрдістергет байланысты ұзарады.

Горизонтальдық қазбаларды бекітпесенің үңгілеу жылдамдығы 100м/айына,бекітпемен 300 м сайын 1айға созады.

ПОС-қа келесі материалдар кіреді:құрылыс жұмыстарының құралдары мен тәсілдері, құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі,құрылыстық және капиталдық шығын көлемдерін жылдар бойынша тарату, құрылыстық календарлы жоспар, тау-кен күрделі жұмыстарының жол құрылысы тағы басқа.

ПОС-та мыналарды анықтайды:құрылыс монтаждық және тау кен үңгілеу жұмыстар көлемі, рационалды реті және орындалу мерзімдері,энергетикалық ресурстарға және материалдарға қажеттіліктері көрсетіледі.

ПОСтың бөлімдері:

1.Кәсіпорынның құрылыс кезектегі және сұлбасын жасау

2. Құрылыстың дайындық кезеңі

3.Шахта оқпанының құрылыс технологиясы

4.Рудник құрылысының 2 периодтағы технологиясы.

5.Жер бетіндегі ғимараттар мен құрылғылар құрылысының технологиясы

6.ПОСтың ТЭ көрсеткіші

ПОС-тың сызбалық бөлімі мекемені салғандағы технологиялық сұлбаны көрсетеді,көлемді жоспар және Тау кен үңгілеу жұмыстарының графигі,кешенді ірілінген график (құрылыстық),үңгілеудің технологиялық сұлбасы.оқпанды армирлеу, басқа да тау қазбалық бекітуі мен үңгілеу чертеждары,жабдықтарды, машиналарды,механизмдерді орналастыру сұлбасы келтіріледі.

Құрылысты бітіргеннен кейін кенішті қолдануға дайындайды,бұл кенішті қабылдайтын жұмыс комиссиясына тапсырады,ол комиссияны тапсырыс беруші тағайындайды.Бұл комиссия жоба бойынша құрылыс жұмыстарын тексереді,сәйкес емес жұмыстарды анықтайды. Сандық және техникалық бақылау органдарынан рұқсат алған соң, профсоюздың техникалық инспекциясынан рұқсатталған соң мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынылады. Кенішті дайындау жұмыстарына жатады (қамтамасыз ететін тапсырушы): материалдармен, энергиямен, жабдықтармен, басқа да ресурстармен қамтамасыз ету, кадрлармен қамтамасыз етілуі, т.б. Кенішті іске қосу басталуы-мемлекеттік қабылдау комиссиясы актке қол қою керек.

Компактность, зональность, поточность





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1219 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...