Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудит сапасын бақылау



1.Сапаны басқару жүйесі.

2. Аудитор жұмысының бақылаудың негізгі кағидалары.

3.Аудиттің сапасын басқару процедуралары мен саясаты.

4.Аудитордың жұмысының сапасын және сырткы бақылау. Аудит сапасы үшін жауапкершілік

Аудитор жұмысының сапасын бақылау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады: негізгі аудиттің өздерінің көмекшілерінің жұмысын бақылауы, аудиторлық фирманың аудитор жұмысын бақылауы. Халықаралық аудиторлық стандарттар негізгі аудитті көмекшілері атқаратын жұмысты бақылауға міндеттейді. Көмекшілерге негізгі аудит қызменкерлерінен кәсіби деңгейімен ерекшеленетін жеке аудитке қатыстырылатын қызметкерлер жатады. Көмекшілерге қарағанда негізгі аудитор аудиттің жүргізілуіне толық жауапкершілікте болады.

Көмекшілерге берілетін жұмыстар алдын ала инструкцияланған болуы тиіс. Инструкция тапсырмаларды орындайтын көмекшілердің жауапкершілігін көрсететін ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ көмекшілерге қажет кәсіпорын қызметіне және мүмкін болатын аудиторлық мәселелер туралы ақпаратты қамтиды. Аудитордың жазбаша бағдарламасы аудиторлық құзіреттілікті айқындаудың маңызды элементі болып табылады. Уақыт бюджеті де пайдалы.

Аудиторлық фирманың аудитор жұмысын бақылау біріншіден, аудиторлық жоспар және аудит өткізу бағдарламасының негізділігін тексеру және талқылаудан көрінеді

Екіншіден, аудиторлардың ұйымдық – этикалық принциптерін қатаң сақтау (клиентке кеңес беруші немесе клиенттің бухгалтерлік есебін қалпына келтіруші аудитор, сол клиентті тексеруге бармайды), үшіншіден, дамыған елдерде кейбір аудиторлық фирмалар, басты аудиторлық фирмалар тексеріп, қорытынды бергеннен кейін, клиент үшін тегін есептіліктің сенімділігі үшін қайта тексереді.

Аудиттің сапасын бақылаудың 2 деңгейі бар:сыртқы және ішкі.

Сыртқы: біліктілік емтихандары,лицензиялық орган.

Ішкі: фирма ішіндегі бақылау.

Аудиторлық фирма бекіткен сапаны бақылаудың мақсаты мынандай ережелерді ескеруге тиіс:

Кәсіби талаптар-фирманың қызметкерлері тәуелсіздік,адалдық,объективтілік, құпиялық және кәсіби тәртіп принциптерін ұсынуға тиіс.

Құзыреттілік-фирма кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізген қызметкерлерден жиынтықталуға және өздерінің кәсіби міндеттерін тиісті мұқияттылықпен орындауға қажетті техникалық стандарттарды ұстануға тиіс.

Тағайындау-аудитті жүргізу аталған жағдайлар үшін қажетті жұмыс тәжірибесі мен дайындық дәрежесі бар қызметкерлерге тапсырылуға тиіс.

Жүктеу-орындалатын жұмыс тиісті стандарттарға жауап беретініне жеткілікті кепілдік беру үшін барлық деңгейдегі жұмыстарға жеткілікті дәрежедегі басшылық,бақылау және талдау қажет.

Консультация-тиісті білімі бар адамдармен бірге фирманың өзінде,сондай-ақ одан тыс жерде консультациялар жүргізу қажет.

Клиентураны қабылдау және сақтау-болжамды және қолды бар клиенттерді бағалаумен байланысты балдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қажет. Жаңа клиентті қабылдау немесе бұрынғы клиентпен серіктестікті жалғастыру туралы мәселені шешкен кезде фирманың тәуелсіздігін,оған қызметті дұрыс көрсете алу қабілетін және клиент басшылығының адалдығын назарға алу керек.

Тексеру-сапаны бақылауда қолданылатын нұсқаулары мен рәсімдерін фирманың қызметкерлерінің назарына салған кезде,оны қызметкерлердің дұрыс түсінетініне және қолданатынына негізді кепілдік болатындай дәрежеде болуы қажет.

Жекелеген аудиторлық тексерулерді бақылау мынадай ұғымдардан тұрады:

Өкілеттікті жүктеу-аудиторлық қызмет барысында аудиторлардың кәсіпқойлығы мен құзыреттілігін қамтамасыз ету;аудиторлардың әрекеттеріне тиісті еркіндіктер беру,аудиттің келісілген бағдарламасын пайдалану.

Қадағалау-аудит процесінде аудиторлардың жұмысын ұдайы бақылау;талапқа сай әрекеттер жасау үшін тапсырыс беруші клиенттің неғұрлым келелі мәселелерін анықтау.

Тексеру-аудиторлар жұмысты аяқтағаннан кейін оның орындалуын аудиттің мақсатына жетудің құжаттар жеткіліктілігінің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

Аудиторлық жұмыс барысында жұмыстар жүктелген аудиторлардың көмекшілеріне тиісті басшылықты қамтамасыз ету үшін басқаруды жүргізу қажет. Басшылық көмекшілерді шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінің сипаты туралы және өз кезегінде аудиторлық рәсімдердің сипатына,мерзімдері мен көлемдеріне ықпал етуі ықтимал бухгалтерлік есеп пен аудиттің мүмкін проблемалары туралы хабарландыру көзделеді.

Аудиттің бағдарламасын,жалпы жоспарын жасау,тексерулерді жүргізудің мерзімдерін белгілеу басқарудың маңызды құралдары болып табылады.

Аудитті жүргізген кезде бақылау функцияларын орындайтын қызметкерлерге мынандай міндеттер жүктеледі:

а. аудитордың көмекшілері оларға тапсырылған міндеттерді орындауына қажетті білімдері мен қажеттіліктерінің барлығын,олардың аудит бойынша нұсқауларды (нұсқаулықтарды)түсінетіндігін,жұмыстарды жалпы аудиторлық жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес орындайтынын анықтау үшін жұмыс процесін қадағалау;

б. аудит барысында бухгалтерлік есепті жүргізудің неғұрлым маңызды мәселелері жөнінде хабардар болу,олардың мәнін бағалау және қажет болғанда,аудиттің жоспары мен бағдарламасын өзгерту;

в. тиісті консультациялар жүргізу арқылы қызметкерлердің кәсіби түсінігіндегі даулы мәселелерді шешу.

Аудитордың әрбір көмекшісі орындайтын жұмысын ең болмағанда теңдей құзыреттегі қызметкерлер:

а. жұмыстың аудит бағдарламасына сәйкес орындалғанын;

б. орындалған жұмыстар мен алынған нәтижелердің талапқа сай ресімделгенін;

в. аудиторлық тексерудің барлық маңызды мәселелері шешілгенін немесе аудиторлық тұжырымда көрсетілгенін;

г. аудиторлық рәсімдердің алға қойған мақсаттарына қол жеткізілгенін;

д. жасалған тұжырымдар орындалған жұмыстардың нәтижесінен шығатынын және аудиторлық қорытындыны растайтынын фактілерді белгілеу үшін талдануға тиіс.

Аудит процесінде дер кезінде талдауды талап ететін,мысалы:

а. аудиттің жалпы жоспары және бағдарламасы бойынша;

б. бақылау тестілерінің нәтижелерін қоса алғанда,бөлінбес тәуекел мен ішкі бақылау тәуекелін және осыларға байланысты аудиттің жалпы жоспары мен бамасына еңгізілетін мүмкін өзгерістерді бағалау бойынша;

в. консультация нәтижелерін қоса алғанда,аудиторлық тұжырымдар мен олардың мәнділігін тексеру рәсімдерінің нәтижелері бойынша жасалған аудиторлық дәлелдер жөніндегі құжаттар бойынша;

г. қаржылық есептер,оларға және ұсынылған аудиторлық есептерге аудиторлық түзетулер бойынша мәселелер туындауы мүмкін.

Аудитті талдау процесі аудитке қатыспайтын қызметкерлерге аудиторлық есепті жасау үшін белгілі бір қосымша рәсімдер жүргізу жөніндегі өтінішпен жүгінуді (әсіресе үлкен кешендік аудит жағдайында) қарастыруы мүмкін.

Аудиттің жоғары сапасы мен талдауын алу үшін:

Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екі бөлікке бөлінген:өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte and Touche,KPMG,Ernest and Young,Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр.Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады.Үлкен төртікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық және кеңес беру қызметінің барлық шеңберін қамтиды.

Жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда Халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірбиесін қабылдауды енді ғана бастап отыр.Хлықаралық аудит стандарттары бойынша шын мәнінде жұмыс істейтін қазақстандық аудиторлық фирмалардың пайыздық үлесі қандай,ал кім оны тек декларациялайды деген сұрақтарға өте дәл сенімділікпен жауап беру мүмкін емес.Қазіргі кезде әртүрлі халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанда қызмет көрсетудің бұл рыногының өкілдерін сапалық жағынан аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға әрекет жасалуда.Атап айтсақ,2000-шы жылғы 27-қарашадан 1-желтоқсанға дейін Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігінің бір топ сарапшылары Орталық Азия аумағында Бүкіләлемдік банктің жобаларын аудиттеу құқығын алғысы келетін және алуы мүмкін қазақстандық аудиторлық компаниялардың қызметіне,олардың жұмыстарының Халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізіледі.Бағалауды шетелдік те,аудиттің батыстық ережелері бойынша аттестация өткен ресейлік мамандар да,Бүкіләлемдік банктиің Алматы қаласындағы өкілдігінің мамандарымен бірлесе отырып жүргізді.Олардың барлығы мемлекеттік органдардан да,қандай да бір қоғамдық бірлестіктерден де(әрине,өздері бағалау жүргізгендерден де) тәуелсіз болады.Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар,фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедурала, сәйкестігі жатқызылады.Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ.Бағалау нәтижесі Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды.Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі қазақстандық компаниялардың:Тәуелсіз аудиторлық компания «Центраудит-Қазақстан» және «Ержанова и К»-өткендегі хабарланған.

Тексеру жүргізу әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек.Клиент аудиторларға жұмыстардың арнайы бір түрлурін орындауды,мысалы,корпоративтік табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немесе тауарлы-материалдық босалқылар есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін.Бірақ, клиенттің осындай арнайы тапсырмалардың нәтижелері бойынша жалпы қаржылық қорытынды есеп жөнінде толық аудиторлық қорытынды есеп күтуі дұрыс емес.

Аудитордың өз клиентіне қосымша қызметтер көрсетуіне,мысалы,аудит жүргізу процессінде қосымша төлем жасалынған жағдайда салық және басқару мәселелері бойынша кеңес беруіне тиым салынбайды.Тек дайындау үшін клиентке өзі көмек берген немесе оны құру үшін бухгалтерлік есепті аудитор қалпына келтірген қаржылық қорытынды есепті тексеруге жол бермейді.

Жұмыстардың ондай қосарлануы аудитордың тәуелсіздігі принципін бұзғандық болып табылады және оған нормативтік құжаттармен тиым салынған.Сонымен бірге іс-тәжірбиеде:»кім ақша төлесе, сол музыкаға тапсырыс береді» принціпі әйгілірек болып келеді.Кейбір клиенттер ақшаның ірі сомасын аудиторларға төлесе болды олардан,істің шын мәніндегі жағдайына қарамастан, өз кәсіпорынының қызметі жөнінде мақтаулы пікірлерді күтуге болады деп есептейді.Қызмет көрсету бағасы жоғары аудиторлық фирмаға көңіл аудара отырып, клиент оның жұмыскерлерінің жоғары біліктілігіне және жұмыстың сенімділігіне үміт артқаны дұрыс.Аудитордың қорытынды пікірлері, егер ол кәсіптік стандарттарды және этикалық нормаларды сақтайтын болса, әділ болуға тиісті және де төлемнің мөлшеріне байланысты болмауы керек.

Аудит осы мемлекетте қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады.Ресми деңгейде Қазақстанда да осы ықпал әрекет етеді деп есептелінеді.

Алайда,іс-тәжірбиеде клиенттер аудиторлардың қатал, бірақ әділетті қорытынды пікірлер жасауына байланысты,оларды жүргізілген аудиттің сапасы төмен деп кінәлауға тырысады, сөйтіп осы негізде келісім-шарт бойынша төленуге тиісті көрсетілген қызмет үшін төлем жасудан бас тартады немесе аудиторлардың үстінен лицензия беруші органға шағым жасауы мүмкін.

Аудитор кәсібінің ерекшелігі-олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында.Яғни, олар көптеген ақпарат тұтынушылардың(банктердің, инвестициялық компаниялардың өкілдері, контрагенттер) бұл экономикалық субъектімен істес болу немесе болмау жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді.Аудитор үшін басты міндет-аудиторлық қорытындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау.Сондықтан аудитор клиенттің кез келген қыңырлығы мен тілектрін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.

Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.

Әрбір аудиторлық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан, олардың тәжірбиесін жинақтап көрсету күрдерілек.Бірақ негізгі бөлімшелер мен басқару органдарын анықтауға болады.

Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төмендегілерден тұруы мүмкін:

Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет турлері болуы мүмкін:

Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді.Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және соған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті.Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез-келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірбиесінің жеткіліктігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асырылуға тиісті.

Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі.Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді.Фирмаішілік сандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті.

Ағымдағы файлдар- жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізен төмендегі мәселелерге көңіл аудару қажет:

· аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;

· жасалынған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;

· айқындалған аудиторлық пройударалардың мақсатына жеткендігі;

тексеру нәтижелерінің қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.

Тұрақты файлдар-Сарапшылар кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар.Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады:

· қызмет көрсету процессіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған хат-келісім;

· клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;

· аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.

Аудиторлар жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыра алады.Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты-аудитордың жұмысын тексеру емес, салық толеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.

Кейбір экономистер белгілі бір аудиторлық фирма жұмысының сапалылығына сол клиентке басқа аудиторлық ұйымның күшімен қайта тексеру жүргізу арқылы көз жеткізуге болады деп есептейді.Әрине, мұндай шара сапалылықты тексеру нұсқаларының (вариянттарының) бірі болып табылуы мүмкін, бірақ оның тиімді болуы екі талай.Әдетте, сапаны тексеруші бірнеше аудиторлық файлдарды іріктеп алып, негізінен тексеру нәтижесі бойынша клиенттерде ескертулер болмағандарына тексеру жүргізеді.Бір аудиторлық фирманың көп санды клиенттеріне қайтадан толық аудит өткізу орынсыз әрі ысырапшыл әрекет болар еді.

220 «Аудиторлық жұмыстың сапасына бақылау жасау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес барлық аудиторлық ұйымдарда тиісті түрде формаланған (нысандалған) аудит сапасын бақылаудың ішкі жүйесінің болуын талап етеді.Әрбір аудиторлық фирма орындалуы жұмыстың қажетті сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі стандарттар немесе ереже-нұсқауларды жасап, оларды жүйелі түрде қолдануға тиісті.Аудиттің сапасына тексеру жүргізу барысында дәл осы жүйені зерттеу керек.Яғни, қажетті ереже-нұсқаулардың бар екендігіне және олардың мазмұнының стандарттарға сәйкестігінде, сондай-ақ, құжатта қарастырылған іс-шаралардың және процедуралардың тиісті дәрежеде қолданатындығына көз жеткізу керек.Ондай тексеру, әдетте, бір-екі күн уақыт алады және де елеулі еңбек ресурстарын, фирмаішілік реттеуші құжаттардың бар немесе жоқ болуы және олардың орындалуы-аудит өткізу сапасының куәлігі/36/.

Процудалардың жалпы екі жағын қарастыру қабылданған:

· жалпы аудиторлық фирма жұмысының сапасына қатысты бар процедуралар;

· нақты аудит өткізудің сапасына қатысты процедуралар;

Фирма жұмысының сапасы. Сапаны қамтамасыз ету процедулары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті.Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады.Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат, немесе қорытынды құжатта бір бөлім, не болмаса бірнеше тиісті құжаттар болуға тиісті.Кейбір аудиторлар бұған қарсы.Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі (жойылады).Бірақ, тәжірбиелі тексерушіге қандай-да бір ереже-нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық туғызбайды.Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Фирмаішілік ереже-нұсқаулар мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды.Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұймның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т.б. байланысты болатындығы ескертілген.Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже-нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды.Бұл фирмалардың басшшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім.Өз кезегінде кішігірім аудиторлық фирмалар мен аудиторлар, өздерінің атқаратын қызметтерінің көлеміне байланысты, аудит сапасын бақылаудың күрделі жүйесінің керек еместігі туралы көзқарастарын жиі қорғайды.

Егер тексеруге жұмыскерлерінің саны 10 адамнан аспайтын және қызметінің көлемі шектеулі кіші кәсіпорын тартылатын болса, онда ішкі ереже-нұсқаулар мен меншікті бақылау құралдарының шектеулі саны пайдалануы мүмкін.Сонымен бірге, аудит өткізу барысында клиенттен клиентке дейін тұрақты болуға тиісті аудиторлық файлды, аудиттің жоспарын, маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін дайындау талап етіледі.Аудиторлық процедураларды типтік бағдарлама бойынша жүргізген дұрыс.Аудит нәтижелері жөніндегі жазбаша ақпараттар бірегей нысандар бойынша рәсімделуге тиісті.Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысы жинақтаушы немесе ішкі дербес құжаттардың біреуінде бейнелеуге тиісті.

Өз клиенттеріне аудиторлық қорытынды бермейтін, яғни, жалғаспалы қызмет көрсетумен, мысалы кеңес берумен, айналысатын аудиторлық фирмалар үшін де сапаға бақылау жасаудың тармақталған процедуралары керек болмауы мүмкін.Көп санды ірі клиенттерге тұрақты түрде аудиторлық қорытынды дайындап беретін аудиторлық фирмаларда тиісті ереже-нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар, ішкі стандарттар түрінде жасалынған ережелер мен сапаға фирмаішілік бақылау жасау процедуралары болуға тиісті.

Қазіргі кезде бақылау жасау функциясы не құқығы бар мемлекеттік органдар не болмаса аудиттелінетін субъект аудиторлық тексерулердің сапасыз өткізілгендігі туралы мәлімдеме жасаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Мұндай жағдайда бақылаушы органның міндетті қызметін (функциясын) Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасы жанындағы кәсіби этикалық Кеңес атқарады.Анықталған салақтықтар (қате жіберу) мен бұзушылыықтар бойынша жазаны айқындау мақсатында Кеңесте сапасыз жұмыстардың орын алу фактілерінің барлығы талданып, қаралады деп пайымдауға болмайды.Төмендегі бірқатар объективтік себептерге байланысты бұзушылықтардың кейбір бөлігі байқалмай қалып қалуы мүмкін:

· жүргізілетін тексерулердің мақсаты мен міндеттерін клиенттің толық түсінбеуі;

· өткізілген аудиттің сапасына бақылау жасаудың дәл анықталған процедураларының жоқ болуы;

Аудиторлық қызмет жүйесінің ажырамас бөлігі ретіндегі бақылау жасау механизмі жүйе нақты жаңылыс тапқан кезде жұмыс істей бастамай, тұрақты негізде жұмыс істеуге тиісті.

Бұдан туындайтын сұрақ: мұндай бақылауды кім жүзеге асырады-мемлекеттік органдар ма, әлде тек аудиторлардың қоғамдық ұйымдары ма?Екі нұсқаның (варианттың) әрқайсысының өздерінің жақсы жағы да кемшіліктері де бар.Бір жағынан мемлекеттік органдардың жұмыскерлері сапаны тексеру барысында мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қандай-да бір аудиторлық бірлестіктің абыройын қорғауға мүдделі болмайды деп күтуге болады.Басқа жағынан қарағанда, бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау-ревизиялық органдардың жұмыскерлерінің біліктілік деңгейі оларға аудит әдістемесінің бүге-шігесіне дейін талдап қарауға әрдайым мүмкіндік жасай бермейді.Ондай мемлекттік тексерушілердің штатын өсіру үшін елеулі қаражат бөлуге мемлекеттің жағдайы келмейді.Кейбір аудиторларда, тексерушілер жұмыс процессі кезінде алған құпия ақпараттар аудитор клиенттеріне зиян келтіре отырып пайдалануы мүмкін деген қорқыныш туындайды.Мысалы, табылған қателіктер туралы мәліметтер салықтық бақылау органдарына хабарлануы мүмкін.

Аудиторлық фирма аудиторлық процедуралардың мазмұны, мерзімі және көлемі үшін жауап беруге тиісті.Олардың сапасына бақылау жасау аудиторлық фирма қызметінің сипаты, тексеруді ұйымдастыру деңгейі және табыстар мен шығыстар бойынша тиісті жағдайлар сияқты факторларға байланысты.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4913 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...