Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудиторлық қызмет көрсету келісім-шарты



Аудиторлық тексерулерді жүргізуге арналған шарт аудитор, аудиторлық ұйым мен клиенттің арасындағы қарым қатынасты реттеп отырады. Аудиторлық қызмет көрсету келісім-шарт бойынша аудитор қызмет көрсетуге (нақты қызмет жасауға) тапсырыс- беруші –клиент осы қызметтің құнын төлеугу міндеттеледі. Бұл құжат екі жақтың ресми, заңды екеуара келісімін дәләлдейді. Аталған келісім –шарттың жалпы жағдайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сәйкес анықталады.

Алайда, аудиторлық қызмет көрсетуге жасалатын келісім-шарттың шаруашылық тәжірибиеде қолданылатын шарттардан маңызды айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл алдымен шартта көрсетілетін аудиторлық тәуекелділіктің деңгейі, аудитор мен клиенттің арасындағы жауапкершіліктің бөлінуі, сондай-ақ қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қызығушылығының есепке алынуы болып болып табылады.

Аудитор клиенттің алдында ғана материалды жауапты емес, сондай-ақ қаржылық есептілікті пайдаланушылардың (акционерлер, құрылтайшылар, несие берушілер) алдында ақпараттың дәлдігі, шынайылығы жөнінде жауапкершілікте болады.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шартында екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері, жауапкершіліктері нақты көрсетілуі тиіс. Бұл аудитордың нарықтағы беделіне нұқсан келтірмеуіне, клиенттің шығынға ұшырамауына көмектеседі.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шартында аудитордың клиентке аудиторлық қорытынды беруден бас тарту мүмкіндіктерін және теріс қорытынды беру жағдайларын көрсеткен жөн саналады.

Сондай-ақ, клиенттің аудиторға тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды табыс ету мерзімін көрсетуі қажет, өйткені көбінесе клиенттің бухгалтерлік есебі уақытында дайын болмағандықтан аудитордың жұмысын қиындатады.

Шарт жасау кезіндегі маңызды сәт- аудиторлық қызметтің құнын бағалау болып табылады. Бұл кезеңде жұмыс көлемі, оны орындауға қажет уақыт, аудиторлық тәуекелділік деңгейі, аудиттің болжамды тиімділігі (үнемделген қаржы) бойынша жүйелі түрде бағалау жасалуы қажет.

Шартта тапсырыс берушінің аудиторлық ұйымға алдын-ала еңбек төлемін (50 пайызға дейін) көрсетуге болады. Алдын-ала төлем аудиторға аудит барысында қаржылық тәуелсіздік беріп, клиенттің қысым көрсетуіне жол бермейді.

Тексеру барысында аудиторға клиенттің көмек көрсету жауапкершілігін(түгендеу жұмыстарын жүргізу, көлік беру, жұмыс орнын ұйымдастыру) шартта анықтап алған абзал.

Сонымен қатар, шартта клиентке ілеспе қызмет түрін көрсету және оның төлемін қарастырып нақтылаған дұрыс. Аудит барысында ұымдар мен фирмалар аудиторға қажетті барлық құжаттарды беруге,тексеругу қолайлы жағдай жасауға шарт негізінде міндеттеледі.

Шартта көрсетілген аудиттің мақсатына орай аудит нәтижесі анықтамалармен, есептермен, қорытындылармен рәсімделеді. Аудит нәтижесі өте құпия ақпарат болып саналғандықтан аудиторға жариялауға тиым салынады. Құпия ақпаратты жарияланғаны үшін аудитор тәртіпті және материалды жауапкершілікке тартылады.Сол себепті тексерудегі фирманың коммерциялық құпия ақпаратын жариялағаны үшін аудитордың жауапкершілігі келісім –шартта көрсетілуі тиіс.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шарты аудиторлық ұйыммен клиент арасындағы келісімге байланысты бір реттік немесе ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қайта келісім-шартқа отыру кезінде шарт жағдайлары қайта қарастырылып, өзгерістер мен қосымшалар жазбаша түрде рәсімделеді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2808 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...