Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі



Тәрбие технологиялары (оқыту және тәрбие технологиялары, ақпараттық технологиялар, қарым-қатынас технологиясы)

ХVII ғасырда ең алғаш оқыту технологиясының концептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастырды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжірибемен байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктерін ескеру.

Оқыту технологиясы сыныптық - сабақ жұмысын ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақырыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады.

Оқыту мақсатына байланысты жеке тұлғаны дамыту белгілі білім, білік және дағдыларды меңгертуге негізделеді. Дәстүрлі оқыту технологиясы екі топқа бөлінеді: 1) иллюстративті – түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелер көрсету, еңбек операцияларымен таныстыру, экскурсиялар, т.б.) арқылы мұғалім түсіндіреді және оқу материалдарын көрнекі түрде көрсетеді; 2) репродуктивті әдіс: мұғалім білім мазмұнын, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешу үшін тапсырмалар құрастырады; оқушы оқу материалдарын есіне (сұрақ-жауап, есептер шығарады, т.б.) түсіреді.

Оқыту технологиясының артықшылығы: оқыту материалын қисынмен беріп, оны дұрыс ұйымдастыру; оқушыға мұғалімнің эмоциялық деңгейде ықпал етуі; оқуға бөлінген қаржыны дұрыс пайдалану.

Оқыту технологиясының кемшіліктері: біркелкі оқыту; сабақ уақытын тиімсіз пайдалану, оқушылардың бірімен-бірінің қарым-қатынасын шектеу; оқушының даралық ерекшелігін ескермеу; оқушы іс-әрекет белсенділігінің төмендігі, оларды сөйлетпеу; оқушыларға орта өлшем деңгейінде қарау; даралап оқытуға назар аудармау; мұғалім мен оқушы арасындағы нашар кері байланыс.

Сыныптық сабақ технологиясы оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқа формаларымен толықтырылады.

Ақпараттық технологияларға компьютерлік оқыту технологиясы жатады. Арақашықтықтан оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкіндіктер жасайды. Қазіргі деңгейде дамыған коммуникациялар ақпарат тасқынын меңгеруге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, тәрбиеленушінің оқу міндетін шешуімен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылығымен, оқушының іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

8. Педагогикалық технологияның мәнін қалай түсінесіз?

9. Педагогикалық технологияның оқыту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі неде?

10. Педагогикалық технологияның маңызды белгілерін В.В.Пикан қалай ажыратады?

11. Жалпы технологияға не жатады?

12. Жеке технологияларға оқу немесе тәрбие мақсатының қандай түрлерін шешу жатады?

13. Қандай тәрбие технологияларының түрлерін білесіз?

14. Оқыту технологиясының артықшылығы мен кемшіліктерін атаңыз.

Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік

жұмысына арналған тапсырмалар

5. Педагогикалық технологиялардың дамуын және тәрбие технологиясының ерекшеліктерін ажыратып, баяндаңыз.

6. Оқыту және тәрбие технологияларын қолдану жолдарын көрсетіңіз.

7. Ақпараттық технологияларды тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері.

8. Қарым-қатынас технологиясын жүзеге асыру тетіктерін атап көрсетіңіз.

Студенттің өзіндік жұмысына арналған реферат тақырыптары

4. Педагогикалық технологиялардың жіктемесі.

5. Тәрбие технологияларының басты мақсаты.

6. Қарым-қатынас технологиясына сипаттама.

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер

1. Шахгулари В.В., Иманбаева С.Т., Мухамединова Н.А., Муратханова Р.М. Педагогика школы. Алматы. 2006. 260 б.

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы. “Дарын”, 2004.

3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы. “Мектеп”, 1987.

4. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М. ”Владос Пресс”. 2002.

5. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. - Алматы. “Білім”, 2001.

6. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы. “Рауан”, 1999.

7. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика. –Усть-Каменогорск, 1997.

8. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М.: Академа, 2003.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4012 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...