Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдары



Мектепте оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда негізгі мақсат - пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін, әлемдік ғылыми-прогресс көшіне ілесе алатын патриот-азамат тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

- оқу-тәрбиені тұтас педагогикалық үрдіс деп қарап, пән сабақтағы білім мазмұнымен сыныптан тыс уақытта жұмыстарды біріктіре отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, Қазақстан Республикасының рәміздеріне туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметін қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Оқушылардың тұлғалық қасиеті, білім мен тәрбие деңгейлері сауалдамалар, тест тапсырмалары және тұлғаның әлеуметтік ортаға, жолдасына, үлкендерге, кішілерге, т.б. қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Егер жеке патриоттық тәрбие мәселесін байланысты қарастыратын болсақ, оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлері төмендегі көрсеткіш-деңгей тұрғысынан айқындалуы мүмкін.

1 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, жеке бас іс әрекетіне айналған.

2 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, бірақ жеке бас қасиеттеріне айнала қоймаған.

3 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұралар, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы түсініктерінің жетімсіздігі.

Оқушылардың бойындағы құндылықтардың қалыптасуы бойынша мектеп ұжымы анықтау, дамыту, бекіту эксперименті барысында оқушылардың ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайларды білуі, тарихи оқиғалардағы патриотизмнің ерекшеліктерін айқындауы, халық мұрасындағы патриоттық құндылықтарды оқушылардың бағалаудағы көзқарасы, іс-әрекеті, іс-қылығы, өзін-өзі бағалауы бойынша білімдік тәрбиелік өлшемін анықтай алады.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі негізгі міндеттер – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін негізге ала отыра бүгінгі қоғам мүшелерінің бойында Қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сауалнама тек оқушылардан ғана емес, оладың ата-аналарымен де жүргізілуі керек.. Сондықтан да жас ұрпақ бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, яғни жастайынан ерлік пен елжандылықтың рухын себу отбасынан бастау алады. Отбасындағы негізгі міндет - баланы жастайынан ата-анасына, туған-туыстарына, әулетіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін жетілдіру арқылы, Отанына, мемлекетке деген шынайы сезімін қалыптастыру.

“Отанды сүю отбасынан басталады” дегендей жеке тұлғаның бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруда отбасы негізгі орын алады. Әсіресе патриотизмге берген Ш.Уәлихановтың тұжырымын негізге алатын болсақ, ең алдымен өз отбасы, туған туыстары, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін деуінен-ақ патриотизмнің негізгі мәйегі отбасы екені дау тудырмайды. Отбасында жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда бірінші орында адам бойындағы адами құндылық қасиеті негізгі орын алады.

“Еліңді сүйсең ерлік істейсің”, “Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі” деген елжандылық ұрандар адамның жеке басына қарағанда ел намысы, елі үшін мақтаныш сезімі жоғары екенін түсінеміз.

Расында да, көптеген ғылыми еңбектерді зерделейтін болсақ, патриотизмді қалыптастыруға себін тигізетін қасиетті белгілер: ұлттық сана - сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет - ғұрыптар, парыз, намыс, бірлік және міндет. Патриотизм сапа, сенім тұрғысынан негізделіп, сезім арқылы көрініс береді.

“Ұлттық сезім,- дейді философ-профессор Т.Сәрсенбаев - ұлттық ой-санадан ерекшелеу – бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық сезім де бар және оны құрметтеу заңды”.

Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.

“Ұлттық мақтаныш, - дейді Б.Момышұлы - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлерімен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады”. Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің парызы болып саналады.

Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау.

“Парыз - өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар - ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары интеллектуалды ұғым.

Парыздан мықты күш жоқ,

Парыздан берік сауыт жоқ,

Парыздан нәзік сезім жоқ,

Парыздан қатал қазы жоқ”, -дей келе Халық батыры Бауыржан Момышұлы, парыз сезімін қиындықтан қайтпай, дұшпан алдында тайсалмай, Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады”,- деп қорытады.

Ұлттық намыс туралы халықтық тұжырымдар “Ер намысы-ел намысы”, “Ер-намыстың құлы” т.б. деп ой қорытып, халқымыздың ерлікке бай тарихын, игі ерлік дәстүрлік мұрасын әлемге паш етумен құнды болып отыр.

Сонымен қатар, ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық игі дәстүрлердің маңызы ерекше. Ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған асыл мұралары әділетсіздікке қарсы күресі, елін, жерін сүйген батыр, сыртқы жауға мейірімсіз болуға баулығанын көреміз. ХҮIII ғасырдағы ерлік және жауынгерлік тарихын зерттеп отырғанда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан игі дәстүрлерге кездесеміз. Ұлттық идея - ұлттық тарихтың, әр халықтың болмысының көрінісі.

Мысалы, Бөгенбай батырдың әкесі Ақша батырдың ақ туын ұрыстарға алып шығып, жеңіспен оралуы дәстүрге айналған. Қабанбайдың сенімді серігі Қубас атқа деген құрметі мұсылман халқында жалғасын тапқан игі дәстүрлері болып табылады. Ақан серінің Құлагерге деген құрметінен осы дәстүрлердің жалғастығын көреміз. Ұрысқа кірерде қарумен, астына мінген атымен серттесуі түркі халқының негізгі дәстүрлерінің бірі болып табылады. ХҮІІІ ғасырдағы тарихи ерлік дәстүрлерде халықтың ұлттық рухы жоғары болған. қасиет.

Ұлттық парыз, мақтаныш, намыс, сезім, сана, рух, т.б. құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады.

Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие мазмұнына енгізе білсек, ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, яғни оқушылардың бойына Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.

Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде тұтастай педагогикалық процесс қамтылады. Патриоттық тәрбие беру төмендегі негізгі педагогикалық жағдайлардың қамтылуын көздейді:

– тұлғаның бойында адамгершілік құндылықтар қалыптастыруға бағытталған тәрбие ортасын құру;

– жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндер циклының мазмұнына сәйкес кіріктірілген сабақтар жүргізу;

– тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану;

– мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс.

Әлеуметтік тұрғыда тұлғаны дамытудағы негізгі жағдай мектептің оқу тәрбие ортасы. Мектептегі жариялылық, ашықтық, оқу еңбек үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы, оқушы мен мұғалім арасындағы шынайылылық – тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың, соның ішінде патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға игі ықпал етеді. Мектептегі тәрбие ортасы – мұғалім, оқушы және ата–аналардың өзара бірлігінде құрылады.

Тәрбие ортасын құрудың принципі педагогикалық іс–әрекетті ұйымдастырудың ережесінде негізгі көрініс табады. Ол:

– біріншіден, мектеп оқушының өз үйіндей болуы, тұлға онда өзін еркін сезінуі керек, мектептің қуанышы оның қуанышы болып табылуы керек;

– екіншіден, мектептің алдына қойылған мақсат пен міндет – кез–келген оқушының міндетіне айналуы керек;

– оқушыға сену, сенім арту, оның ішкі жан дүниесіне ықпал ету.

Мектеп оқушыларының білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне деген қатынасы арқылы тәрбие үрдісі төмендегі міндеттер арқылы іске асады:

- оқушы санасында әлем туралы ғылыми негізделген және тұтастай нақты мәлімет қалыптастыру;

- Отан тағдыры үшін жауапкершілік, азаматтық сананы қалыптастыру;

- жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру, мінез-құлықтарында құндылықтарды қалыптастыру;

- оқушылардың бойында сыни тұрғыда ойлауды қалыптастыру;

- тұлғаның өз «Менің» қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру.

Жоғарыдағы міндеттер өзара жүйелі, сабақтастықта жүзеге асырылатын болса тұтастай тәрбие жүйесін құра аламыз. Аталған тәрбие жүйесін нақты құра отырып бүгінгі егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын адамгершілік құндылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік бар.

Азақстан Республикасы рәміздері арқылы оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты қалыптастыруда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері негізгі орын алады.

Оқушылардың рәміздер туралы толық мәліметтерінің және оның тұлғаның іс-әрекеттік, мінез-құлықтық құндылық көрініске айналғанын сауалнама, тест тапсырмалары негізінде нақтыланып, жұмысты жетілдіруге негіз болады.

Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту және әнұраны жазба түрінде пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша төмендегі сауалнамаларды қоя отырып, оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға болады:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің ішінде елтаңбаның орны?

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбаның құрылымы неден тұрады?

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан дүниеге келді?

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?

5. Қазақ халқының тарихында қандай елтаңбалық белгілер болды?

6. Елтаңба қандай жерлерде пайдаланылады?

7. Алыс және жақын шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қандай жерлерде ілінеді?

8. Әрбір құрылымның ерекшеліктері.

9. Елтаңбаның тарихи маңызы.

Іс-шара барысында оқушылардың алғашқы білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындай отырып жүргізу тиімді болады.

Мемлекттік рәміздерге байланысты тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы қарастырылғанда оқушылардың рәміздерге байланысты білімдері жүйелілік, сабақтастық принциптері негізінде іске асады. Мемлекеттік рәміздерді бір бірінен бөліп қарауға болмайды.

Төменде Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі мемелекеттік туды таныстыру және оның маңыздылығы туралы тәрбие сағатын ұсынып отырмыз.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығын түсіне отырып, оған деген құрмет пен мақтанышты қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығын түсіну;

2. Қазақ халқындағы «байрақ», «жалау», «ту» аталу ерекшеліктерін білу;

3. Қазақ халқының дәстүрінде ақ жалаудың маңызын ашып көрсету.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға арналған сауалнамалар:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының тарихи маңыздылығы неде?

2. Тудың түсі және оның құрылымы нені білдіреді?

3. Мемлекеттік ту ненің белгісін білдіреді?

4. Қазақ халқындағы «байрақ», «жалау», «ту» аталуының ерекшеліктері?

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы қай жерлерде және қашан тігіледі?

6. Қазақ халқының дәстүрінде ақ жалау қандай мағынаны білдіреді?

7. ХҮІІІ ғасырда Бөгенбай батырдың соғыстарға алып кіретін, жеңіспен оралауы дәстүрге айналған туының түсі қандай болған?

Сабақ барысында оқушылар ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тулардың ерекшеліктері мен бүгінгі егемен еліміздің туының арасындағы байланысты, түркі жұрты үшін ту елдік пен бірліктің символы екенін түсінеді.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының тарихи маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұрандарының шығу тарихын түсіндіру.

2. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан әнұран іспеттес әндердің маңызын және мазмұнын білу.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны жазба және электрондық түрде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға арналған сауалнамалар:

  1. Әнұран дегеніміз не?
  2. Гимн деген сөздің мағынасы нені білдіреді?
  3. Кезіндегі ҚССР әнұраны туралы не білесіңдер?
  4. Әнұран еліміздің қандай белгісі болып табылады?
  5. Әнұранның мазмұны нені қамтиды?
  6. Қазақстан Республикасының әнұраны қашан және қай жерлерде орындалады?
  7. Әнұранда орындаудың салты қандай?
  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұрандарының шығу тарихы?
  9. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі әнұранның авторлары кімдер?
  10. Егемен еліміздің алғашқы әнұранның кімнің әні негізінде жетілдірілді?
  11. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан әнұран іспеттес болған қандай әндерді білесіздер?
  12. «Менің Қазақстаным» атты әнұран болып қашан бекіді?
  13. «Менің Қазақстаным» атты ән алғаш рет мемлекеттік әнұран тұрғысынан қашан орындалды?
  14. «Менің Қазақстаным» атты мемлекеттік әнұран авторлары кімдер?

Оқушыларға сауалнамалар жүргізу арқылы олардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындауға мүмкіндік болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны негізінде мектептер мен сыныптар өздері жеке мектеп және сынып гимндерін дайындап, іс – шараларды ұйымдастыру барысында орындауға мүмкіндіктері болады.

Оқушылардың жеке бас және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гимназияларда әскери - патриоттық тәрбие бойынша конкурстар өткізуде негізгі орын алады.

Конкурстың мақсаты: оқушы-гимназистердің Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастыру, болашақ әскери міндеттерін атқаруға баулу.

Конкурстың мазмұны төмендегі 4 тақырып бойынша қамтылды. Ережеге сәйкес берілген тапсырма - тақырыпшалар бойынша оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлері 5 балдық жүйемен бағаланады.

Мектеп-гимназияларда конкурс өткізудің жағдайлары:

Конкурс тақырыбы «Мен Қазақстан азаматымын».

Конкурсқа қатысушы оқушы- гимназистер төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, практикалық тұрғыда іс шараларды орындау қажет.

- Мемлекеттік және әскери рәміздер (тарихи және қазіргі);

- Қазақстан Республикасының Қарулы күштері (әскер құрамы, дәстүрлер);

- азаматтардың әскери қызметі және әскери міндеттері;

- жалпы әскери жарғы;

- әскери ұжым.

Конкурстың шарты бойынша барлық команда қатысуға құқығы болды. Конкурс ережесіне сәйкес 3 топқа бөлінеді. Конкурсқа қатысушылар Мемлекеттік және әскери рәміздер тарихын бүгінгі күнмен салыстыра отырып, әскер құрамы мен әскердегі дәстүрлер жалғасы, азаматтардың әскери міндеттерді білуі, әскери ант беру, сапқа тұру, т.б. талапқа сай орындалады.

Білім мен тәрбие берудің негізгі міндеттері болып: тұлғаны тәрбиелеу, білім мен тәрбие беруді құндылық бағдар негізінде құра білу; өз бетінше жетілуіне және өз бетінше білім алуы, жаңашыл дәстүрлерді жаңғырту болып табылады.

ГЛОССАРИЙ

Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы. Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.

Ұлттық тұлға - тілі, діні, мәдениеті, салт санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттермен өз ұлтының, халқының тұрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде дамыған адам (К.Оразбекова).

Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн).

Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.

Ò¸ëiìãåð – æàñ ½ðïàºòû ò¸ðáèåëåóãå ºàòûñòû àäàìäàðäû» îðòຠàòàóû (¸êå-øåøå, ì½¹àëiì).

Ò¸ëiìãåðëiê – à¹à ½ðïàºòû» àëäû»¹û ºàòàðäà¹û ¼êiëäåðiíi» æàñ ½ðïຠò¸ðáèåñiíå, îíû ¼ìiðãå, å»áåêêå äàéûíäàó¹à ºàòûíàñóûíû» áið ò¾ði. Å» áàñòûñû, Ò iñêå ºàòûíàñóøûíû» àäàìãåðøiëiêòi ò½ë¹àñû áîëóû ºàæåò.

Ò¸ðáèå - ºî¹àìäûº, ¼íäiðiñòiê æ¸íå ì¸äåíè ¼ìiðäi» áåëñåíäi ºàòûñóøûñûí äàÿðëàóäû ìàºñàò åòiï ºîé¹àí, æåêå àäàìäû ºàëûïòàñòûðóäû» æ¾éåëi ¾ðäiñi

àäàìãåðøiëiê ò¸ðáèåñi – ò¸ëiì-ò¸ðáèåíi» ûºïàëäû ¸ñåðiìåí ìîðàëüäûº ñàíàíû ºàëûïòàñòûðóäû», ýòèêàëûº áiëiìäiëiêòi, àäàìãåðøiëiê ñåçiìäi äàìûòóäû» ñàðà æîëû

àºûë-îé ò¸ðáèåñi – àäàìíû» òàíûì ºàáiëåòií äàìûòûï, åð æåòiï, åñåþiíå æîë àøàòûí ò¸ëiì-ò¸ðáèåíi» íåãiçãi áið ñàëàñû. κóøûíû» îºûï áiëiì àëóäà¹û iñ ¸ðåêåòòåði îíû» ñàíà-ñåçiìi ìåí îé-¼ðiñiíi» êå»åþ òàëàáûíà ñàé áà¹ûòòàëàäû.

¸ëåóìåòòiê ò¸ðáèå – ò¸ðáèåíi ¸ëåóìåòòiê çà»äûëûºòàð¹à áàéëàíûñòû çåðòòåéòií ¹ûëûì. Ò¸ðáèå ¸ðºàøàí áåëãiëi ¸ëåóìåòòiê-ýêîíîìèêàëûº ºî¹àìäà, ºî¹àìíû» ¼íäiðiñòiê-îáúåêòèâòiê æà¹äàéûíà ñàé æ¾ðåäi.

¸ñêåðè ò¸ðáèå - ¸ñêåðè ò¸ðáèå æ½ìûñûíäà æàóûíãåðäi, îôèöåðëåðäi æî¹àð¹û ñàÿñè ñàíàëûº, ¼ç Îòàíûíà øåêñiç áåðiëãåíäiê ðóõûíäà áàóëó, æ¾êòåëãåí ìiíäåòòi òû»¹ûëûºòû îðûíäàó¹à, àäàëäûººà, ºûðà¹ûëûººà, ñî¹ûñ ºèìûëäàðûíà ¸çið ò½ðó¹à, ¸ñêåðè ºûçìåòòå áàòûë äà òàáàíäû áîëó¹à ò¸ðáèåëåó.

¸ñêåðè ïàòðèîòòûº ò¸ðáèå – æàñòàðäû» Îòàí ºîð¹àó¹à ¸çiðëiãií íû¹àéòûï, ïàòðèîòòûº ñàíà-ñåçiìií ºàëûïòàñòûðàòûí ò¸ðáèåíi» áið ñàëàñû. °.ï.ò. àðºûëû æàñòàð Îòàíûìûçäû» íàìûñûí, áîñòàíäû¹ûí, ò¸óåëñiçäiãií ºîð¹àó¹à ¾éðåíiï, ºàðóëû ê¾øòåðäi» ä໺òû æàóûíãåðëiê ä¸ñò¾ðëåðií àë¹à àïàðó¹à äàÿðëàíàäû

äåíå ò¸ðáèåñi – æàñ ½ðï຺à áiëiì æ¸íå ò¸ðáèå áåðó iñiíäå îëàðäû» äåíå æ¸íå ðóõàíè ê¾øòåðií æàí-æàºòû äàìûòó, æåòiëäiðó, øûíûºòûðóìåí ºàòàð, å»áåêêå áàóëè îòûðûï, Îòàí ºîð¹àó¹à äàÿðëû¹ûí ºàëûïòàñòûðó, åðiê-æiãåðií øû»äàó ò¸ðáèå áà¹äàðëàìàñû

å»áåê ò¸ðáèåñi - ºî¹àìäà æàñ ¼ñïiðiìäåð ìåí æàñòàðäû» å»áåêêå ºàòûíàñûí ºàëûïòàñòûðàòûí, áåëãiëi ìàºñàòºà áà¹ûòòàë¹àí ¾ðäiñ. Å.ò. – ò¸ðáèåíi» áiðò½òàñ á¼ëiãi. Å.ò-íi» ìiíäåòi – æàñ¼ñïiðiìäåðäi å»áåêñ¾éãiøòiêêå, å»áåêòi º½ðìåòòåóãå, å»áåê ì¸äåíèåòiíå ¾éðåòó æ¸íå îëàðäû» å»áåê åòó øåáåðëiãi ìåí äà¹äûëàðûí ºàëûïòàñòûðó

å ðëiê ò¸ðáèåñi – àòà-áàáàëàðûìûçäû» æàóûíãåðëiê ä¸ñò¾ði íåãiçiíäå îºóøûëàðäû» åðiê-æiãåðií, òàáàíäûëûº, áàòûëäûº ºàñèåòòåðiìåí áiðãå, ½ëòòûº ñàíà, ïàðûç, íàìûñòû ºàëûïòàñòûðà îòûðûï, Îòàí ñ¾éãiøòiêêå ò¸ðáèåëåó.

èíòåðíàöèîíàëäûº ò¸ðáèå – (ëàò.inter - ìåæäó, natio - ïàðûç) - ºàçiðãi çàìàí æàñòàðûíû» õàëûºòàð äîñòû¹û æ¸íå áàñºà ½ëòòàð å»áåêøiëåðiíå äåãåí º½ðìåò ñåçiìií äàìûòûï, ºàëûïòàñòûðàòûí ¾çäiêñiç ò¸ðáèåíi» áàñòû ñàëàëàðûíû» áiði.

º½ºûºòûº ò¸ðáèå – á¾êië õàëûº ì¾ääåñií, ¼ç ì¾ääåñií ºîð¹àó, ¼íäiðiñòiê æ¸íå ñàÿñè áåëñåíäiëiãií àðòòûðó, àçàìàòòàðäû» äåìîêðàòèÿëûº º½ºûºòû¹û ìåí áîñòàíäû¹ûí ºîð¹àó.

îòáàñû ò¸ðáèåñi – àòà-àíàëàð ûºïàëûìåí æ¾çåãå àñàòûí, ºî¹àìäûº ò¸ðáèåìåí ½øòàñ îòáàñûíäà¹û áàëà ò¸ðáèåñi. Î.ò. ¼ìiðiíäåãi òóûñºàíäûº ºàðûì-ºàòûíàñòàð ìåí ò½ðìûñ æàéòòàðû áàëà¹à ¾çäiêñiç ûºïàë åòóøi ò¸ðáèåëiê ê¾ø áîëûï òàáûëàäû.

¼çiíäiê ò¸ðáèå - ¼çiíäå àäàìãåðøiëiê ºàñèåòòåðií áàóëûï, òåðiñ ºûëûºòàðäû æîþ¹à áà¹ûòòàë¹àí, àäàìíû» æ¾éåëi æ¸íå ñàíàëû ¸ðåêåòi. ´.ò. – æåêå ¼ç ìiíäåòòåðií æ¸íå ½æûì òàëàïòàðûíà íåãiçäåëãåí ìiíäåòòåðäi åðiêòi ò¾ðäå îðûíäàó, ºàáiëåòií íû¹àéòó æ¸íå äàìûòóäû ¸ði ìîðàëüäûº ñåçiìäåðäi, ºàæåòòi ò¸ðòiï äà¹äûëàðûí, åðiê ºàñèåòòåðií ºàëûïòàñòûðóäû òàëàï åòåäi.

Ýñòåòèêàëûº ò¸ðáèå – àºèºàò ä¾íèåäåãi ñ½ëóëûºòû, òàáè¹àòòà¹û, å»áåêòåãi, ¼íåðäåãi, ò.á. ä½ðûñ ò¾ñiíiï æ¸íå ä½ðûñ ºàáûëäàó ºàáiëåòií ò¸ðáèåëåó.

Ò¸ðáèåëiëiê – àäàìçàò ºî¹àìûíäà ¸ëåóìåòòiê ò½ðàºòû çà» áîëûï ºàëûïòàñºàí àäàìãåðøiëiê ºàðûì-ºàòûíàñ íîðìàëàðûí áîéûíà ñi»iðiï, îíû ê¾íäåëiêòi ¼ìiðäå ºîëäàíóäû äà¹äû¹à àéíàëäûðó.

Ò¸ðáèå æ¾éåñi – ò¸ðáèå iñiíi» ìàçì½íû, º½ðûëûìû ìåí ºîëäàíóäû» ¸äiñ-ò¸ñiëäåði æ¸íå îíû áiëiì áåðó ¾ðäiñiíäå ºîëäàíóäû ½éûìäàñòûðó iñòåðiíi» æèûíòû¹û. Ò¸ðáèå æ¾éåñiíå ò¸ðáèåøi ìåí ò¸ðáèåëåíóøiëåðäi» ¼çàðà ºàðûì-ºàòûíàñûíà º½ðûë¹àí ñàáຠ¾ñòiíäåãi æ¸íå ñûíûïòàí òûñ æ½ìûñ ò¾ðëåði ñàáàº, ¾éiðìå æ½ìûñòàðäû, êåøòåð ìåí æàðûñòàð, áàéºàóëàð, ò.á. åíåäi. Á½ë æ½ìûñòàðäû» á¸ði àëäûí-àëà æîñïàðëàíûï, ½éûìäàñºàí ò¾ðäå ò¸ðáèåøi-ïåäàãîãòàðäû» áàñøûëû¹ûìåí iñêå àñûðûëàäû.

Ò¸ðáèå òåîðèÿñû - ¹ûëûìè îéäû», ò¾ñiíiêòåð ìåí êàòåãîðèÿëàðäû», çà»äûëûºòàðäû» æèûíòû¹û.

Ò¸ðáèå ½ñòàíûìäàðû – (ëàò. - íåãiç), áàñòàïºû áåëãiëi áið òåîðèÿíû» íåãiçãi, áàñòàó áîëàðëûº æà¹äàéëàðû, áàñøûëûº åòåòií èäåÿëàðû, íåãiçãi ìiíåç-º½ëûº åðåæåëåði, ¸ðåêåòòåði ìå»çåëåäi. Ò.ï. – ò¸ðáèå ìàçì½íû ìåí ½éûìäàñòûðûëóûíû» íåãiçãi áà¹ûòòàðûí àíûºòàéòûí, áàñøûëûººà àëûí¹àí èäåÿëàðäû» æèûíòû¹û. Ò¸ðáèå ½ñòàíûìäàðû - ¹ûëûìè îéäû», ò¾ñiíiêòåð ìåí êàòåãîðèÿëàðäû», çà»äûëûºòàðäû» æèûíòû¹û.

Ò¸ðáèåøi – îºó-ò¸ðáèå ìåêåìåëåðiíäå áàëàëàðäû» æ½ìûñûí æ¾ðãiçóøi.

Патриотизм – халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауға ұмтылу,Отан үшін қызмет етуге дайын, шын берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм - ең жоғарғы сезім, өзгермейтін құндылық және таусылмайтын бастау.

Ұлтжандылық – ұлттық патриотизм. Ұлтжандылық дегеніміз – елі мен жері, халқының бостандығы және мемлекет ретінде жер бетінде сақталуы үшін, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау үшін күресу. Ұлтжандылықты қазақ патриотизмі деп те қарастыруымызға болады. Ұлтжандылық - ұлт бостандығы, елі мен жерінің тәуелсіздігі, білім мен ғылым, мәдениет, спортта әлем сатыларының биік шыңынан көрінуі негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекеті әлемдік биіктен көріну үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау.

Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеу, мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі. (Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында).

Патриоттық тәрбие - конституциялық және құқықтық нормаларды, патриоттық идеяларды насихаттау, туған елге, салт-дәстүрге, тілге деген құрметті, Отан алдындағы парыз, сүйіспеншілік, адалдық, мақтаныш сезімін қалыптастыру, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға дайын тұру.

Ә скери тәрбие - әскери тәрбие жұмысында жауынгерді, офицерлерді жоғарғы саяси саналық, өз Отанына шексіз берілгендік рухында баулу, жүктелген міндетті тыңғылықты орындауға, адалдыққа, қырағылыққа, соғыс қимылдарына әзір тұруға, әскери қызметте батыл да табанды болуға тәрбиелеу;

Ә скери-патриоттық тәрбие – жастардың Отан қорғауға әзірлігін нығайтып, патриоттық сана-сезімін қалыптастыратын тәрбиенің бір саласы. Әскери- патриоттық тәрбие арқылы жастар Отанымыздың намысын, бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға үйреніп, қарулы күштердің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін алға апаруға даярланады;

Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.

Интернационалдық тәрбие – (лат.іnter - между, natіo - парыз) - қазіргі заман жастарының халықтар достығы және басқа ұлттар еңбекшілеріне деген құрмет сезімін дамытып, қалыптастыратын үздіксіз тәрбиенің басты салаларының бірі.

Е рлік тәрбиесі дегеніміз - ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егемен еліміздің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты ендіру.

Жауынгерлік тәрбие - қазақ халқының көшпелі тіршілігіне байланысты – тұтас қазақ қолының жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы, елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғауға дайын тұруды қамтамасыз ету. Қазір әскери тәрбие мағынасында беріледі.

Мәдениет – тұлғаның бойындағы рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы.

Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.

Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.

Патриоттық құндылық - қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту, елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3422 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.032 с)...