Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың негізгі талаптары



Оқушыларға тәрбие беруде пән сабақтары мен сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларды кіріктіре отырып жүргізу негізгі орын алады. Оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда олардың жеке бас және жас ерекшелігіне байланысты тұлғаның тәрбиелілігінбілімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне деген қатынасы оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады. Тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын тәсіл. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.

Мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда пән сабақтарының негізгі талаптары:

пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;

пән сабақтарының алдына қойған мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;

сабақтың құрылымында тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұны оқушылардың адамгершілік іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың адамгершілік іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;

пән сабақтарында оқушылардың адамгершілік сезіміне ықпал ететін мазмұнның қамтылуы;

сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуы керек;

сабақтың құрылымы, қамтылатын мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда адамгершілік бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.

А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, т.б. оқушыларға тәрбие беруде, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда пән сабақтарының мүмкіншілігінің мол екенін айтады.

Оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға байланысты Л.М.Фридман, Т.А.Пушкина, И.Я.Каплунович негіздеген әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін нақты айқындауға болады.

Тәрбие жұмысты ұйымдастыру барысында төмендегі іс-әрекеттер атқарылуы керек:

- қоғамдағы жаңа әлеуметтік экономикалық және мектептегі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие берудің жалпымектептік бағдарламасын жасау;

- пән сабақтарды, сабақтан тыс уақыттаға іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар дайындау;

- оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін анықтау;

- мақсатты нақты айқындауға байланысты тәрбие беруге байланысты формалар мен әдістерді таңдау және практикаға ендіру;

- зерттеудің аралық және қорытынды нәтижелелерін айқындауға байланысты бақылау срездерін жүргізу;

- жинақталған мәліметтерді талдау, салыстыру;

- негізделген және нақтыланған әдістемелік ұсыныстарды іс-тәжірибеге енгізу.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруға байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіруге семинарлар мен ғылыми кеңестерде тәрбиеге байланысты қамтылған мазмұн төмендегідей болды:

- әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға тәрбие берудің мазмұны мен міндеттеріне сәйкес әдіснамалық және теориялық тұрғыда маңызын түсіне білуі;

- мектеп оқушыларына тәрбие беруге байланысты педагогикалық ғылым және алдыңғы қатарлы іс тәжірибелермен таныстыру;

- мұғалімдердің оқушылармен тәрбие жұмысы бойынша жүргізуге байланысты формалар мен әдістерді жоспарлау және ұйымдастыру.

Мұғалім тәрбиелік жұмысты жүргізуге байланысты әдіснамалық–теориялық тұрғыда, әдістемелік, информациялық, көрнекілік тұрғыда қамтамасыз етілуі және материалдық база жұмысты жүргізуге қолайлы болу керек екеніне аса мән берілуі қажет.

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда негізгі міндеттердің бірі – мұғалімнің оқушылардың өтілетін тәрбие шараларына байланысты тәрбиелік деңгейін біліп отыруы жұмысты жетілдіруге үлкен әсері бар.

Оқыту үрдісінде білім мен тәрбие берумен қатар, оқушы өзін- өзі тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы жеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арқылы ізгілік, азаматтық жауапкершілік және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болады.

Халқымыздың ерлік дәстүрі бойынша білім және тәрбие беру мәселесі қоғамдық пәндер бойынша /баспасөз конференциялары, айтыс, пән сабақтары, шығарма жаздырту, тест бойынша жұмыс т..б./ жүргізілетін тәжірибелік зерттеу жұмыстарында біршама қарастырылып, онда оқушылардың ата-баба тарихына қызығушылығы, ынта-жігері, білімге деген талпыныстары артады. Пән сабақтарындағы патриоттық тәрбиеге байланысты оқушыларға берілген білім мазмұны олардың бойындағы ұлттық намысты оятып және өз ұлт алдындағы парызын сезінуге игі ықпал етеді. Дегенмен, сабақ үрдісінде берілетін патриоттық тәрбиеге байланысты білім мен тәрбие мазмұнын сыныптан тыс уақытта жүргізілетін қоғамдық тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра отырып, жүйелі түрде жүргізгенде ғана ұлттық салт-дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін нағыз ұлтжанды азамат тәрбиелей аламыз.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі - сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға, ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізе отырып, патриот–азамат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

“Қазақстан Республикасы жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” аясында оқушы-жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында пән сабақтарын өткенде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тарихи маңызы ерекше.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары - әлеуметтік дамудың негізгі тірегі» (10-11- сыныптарға арналған) атты арнаулы курс бағдарламасы қосымшада берілді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1146 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...