Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аналық без кистасы аяқшасының бұратылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. 2 страница



24.Қысылған шап жарығы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Қысылған шап жарығы – шап қапшығының құрамының біредн қысылуы. Ол қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы жүріп некрозға алыпкеледі. Клиникасы: қысылған шап жарығында шап аймағында жедел бірден ауырсыну болады, ауырсыну жарқ маңында немес іштің барлық аумағына жайылады., жарықтың қалпына келмеуі, жөтел симптомынынң болмауы. Егерде жарық қысылып некроз пайда болғанда ауырсыну интенсивтілігі төмендейді. Науқас жағдай жақсарған сияқты болады. Ал бұл асқынуына алып келеді, яғни перитонит дамуы мүмкін. Диагностикасы: науқас жағдайын бағалау, ТАЖ,ЖЖЖ,АҚҚ өлшейді. Жалпы қарау, жарық аймағына паоьпация жасап, аурысыну және күшін анықтайды. Жөтел симптомы теріс болады. Алдын қалпына келетін жарық қысылғанда қалпына келуі төмендейді. Жедел көмек: егерде өысылған шап жарығына күдік туса хиркргиялық бөлімге госпитилизация жасайды. Науқасты тасымалдау зембілде, науқасқа барынша тыныштық және аурсынуды болдырмау керек. Өмірге қажетті мүшелердің жағдайын бағалау.

25.Үсіктер. Аса салқындату. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Үсіктер – дененің әр түрлі бөліктерін, әсіресе аяқ-қолдарға төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болатын патологиялық жағдай. Клиникасы: Үсудің дәрежелеріне сай өтеді: І ст –қайтымды, тері аздаған қызарған, тактильды, ауырсыну төмен, сезімталдығы сақталған. ІІст –теріде майда көпіршіктер пайда болады, ішінде серозды сұйықтық болады. Тері жамылғысы цианозданған, тырнақтың алынуы, қимыл-қозғалыстар сақталған. ІІІ ст –көпіршіктер геморрагиялық болады, жұмсақ тіндердің ісінуі тез дамиды, некроз қалыптасқаннан кейін оперативті ем қолданады. ІV ст –буын, сүйектердің зақымдануына дейін алып келеді. Усік болған жерді басып көргенде шына тәрізді болады. Диагностикасы: науқас жағдайын бағалау, ТАЖ,ЖЖЖ,АҚҚ өлшейді. Жалпы қарау, дене тері жамылғысын түсіне, көпіршіктердің сипатына мән беріледі. Сезімталдығынанықтайды. Жедел көмек: науқастың аяқ киімін, қолғабын, шұлығын шешу, ыстық шай беру, аяқ-қолдарды жылы сумен жылыту. Егерде ІІІ- ІV дәрежесі және І-ІІ дәрежесі +қосмша аурулары болса, кант диабеті болса госпитилтзацияға көрсеткіш. Егер уйде қататын болса: төсектік режим, аспирин + аскорбин қышқылы 1 таб.күніне 1 рет. 2-3 кун. Антигистаминді препарат қабылдау, папаверин 1 таб.2 рет күніне. Поликлиникаға қаралу.

26.Жарақаттар. Жіктемесі. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

Жарақаттар терінің және шырышты қабаттардың бүтіндігінің бұзылуымен, шеттерінің ажырауымен және жанында жатқан қан тамырлардың зақымдануы нәтижесінде қан ағуымен сипатталатын механикалық зақымданулар. Жарақат ауру сезімімен және дененің зақымдалған бөлігінің қызметінің бұзылуымен жүреді. Классификациясы: пайда болуына байланысты: өндірістік емес/тұрмыстық, транспорттық/, өндірістік, қасақана болған болып бөлінеді. Теріні зақымдануына байланысты: ашық және жабық. Теріге енуіне байланысты; теріге енген және енбеген. Анатомиялық құрылымды зақымдауына байлаысты: сүйек пен буындарды зақымдау, ішкі мүшелерді зақымдау, жұмсақ тіндерді зақымдайтын. Түрлеріне қарай: кесілген, тесілген, жаншылған, тістелген, оқпен жарақаттаған, жыртылған болып бөлінеді. Диагностикасы: жағдайын бағалау, ТАЖ,ЖЖЖ,АҚҚ өлшейді. Жалпы қарау, жараны қай жерді зақымдағанын, шетінің ашылуы, қан кетуді, қызметінің шектелуін бағалау. Сонымен қатар ішкі мүшелердің зақымданулары бар ма соны анықтау. Жедел көмек: ауруханаға дейін қанды тоқтату және іріңдеуді алдын алу, жараны 3%сутегі асқын тотығымен залалсыздандырып залалсыздандырылған дәкемен қан ағып турған жерді 5-7 мин басып турады, артериядан қан кетсе ірі артерияларды басу керек. Жгут салынады. Ауырсынуды басу керек. Трамадол енгізеді. Атропин беруге болады. тасымалдау. Госпитилизация жасайды.

27.Естен тану. Клиникасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Естен тану –қысқы уақытқа есін жоғалту. Клиникасы: естен танудың 3 периоды ажыратылады: пресинкопальды – естен тау алды, тұрақсыз бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылады. Нағыз Синкопе –естен тану 5-22 сек, сирек 4-5 мин болады. Постсинкопальды – есі мен орентациясының қайта қалпына келуі. науқаста басының айналуы, көзінің қарауытуы, суық тер, бозару, бұлшықет тонусының жоғалуы. Жедел көмек: науқасты арқасымен жатқызып, аяғын көтеріп 15˚, нашатырлы спиртпен дем алдыру, преднизолон 30мг % т/і, 2мл кордиамина. Госпитилизациғы көрсеткіш: естен танудың органикалық себеі болса. Жүрек тоқтауы болса атропин 0,5-1 мг т/і, керек болса 5 мин кейін қайталауға болады. Гипогликемиялық естен тану болса 50мл 40% глюкоза енгізеді. Тырысу ұстамалары кезінде болған естен тануда диазепам 10 мг т/і.

28.Бронхоспазм. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері.

Ал бронхоспазм – бронх бұлшықеттерінің жиырылуынан бронхтардың обструкциясын шақыратын тыныс жеткіліксіздік жағдайы. Клиникасы: экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел қиын бөлінетін қақырық, мойын бұлшықеттеріне күш түсуден тыныстың қысқаруы, диффузды цианоз, тыныс алғанды мойын веналарының ісінуі, тыныс алу жиілеген, тыныс шығару ұзақ, сойлеу қиын. Диагностикасы: жағдайын бағалау, ТАЖ,ЖЖЖ,АҚҚ өлшейді. Жалпы қарау, көгерулер бар ма, веналарының ісінуін қарайды. Бронхоспазм –бронхоспазмды шақыратын факторды жою, тыныс алуды жақсартатын жағдай жасау –терезені ашу, киімдерін шешу, сальбутамолмен ингаляция жасау, эуфиллин 2,4% 10-15 мл тамыр ішіне, предизолон 60-90 мг. Балалардағы ерекшелігі: бронхоспазм балада болса егер абайлап қараса бронхоспазмды тез басуға және алдын аліға болады. Балада бронхоспазм ұйқысыздықтан басталады, мазасыз терлегіштік болады. Бала қорыққан, көзінің астында көгерулерді байқауға болады. Тынысы қатты, қарылған, бронхоспазм жақындағаннан балад жөтел, мөлдір құрғақ қақырық бөлінеді. Жедел көмек: алдымен баланы тыныштандыру керек, бронхты кеңейтетін препаратпен ингаляция жасау керек, қақырық жакысшығу үшін қақырық шығаратын препарат беруге болады. Есте сақтау керек: балаға жөтелге әсер ететін препарат, антигистаминді препарат өткір иісті тыныштандыратын заттар беруге болмайды. Бөл заттар бала жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

29.Гипертермия. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері.

Ыстық өту – сыртқы жылу факторларының әсері нәтижесінде дамитын ағзаның жалпы ысуымен көрінетін патологиялық жағдай. Ыстық өту – темпер атурасы мен ылғалдылығы жоғары бөлмелерде ұзақ отырғанда, климаты ыстық жағдайда ұзақ жүргенде, қапырық, ауа кірмейтін бөлмелерде физикалық жүктеме жасағанда дамиды. Ыстық тиюдің дамуына жылы киім, шаршау, сұйықтық ішпеген жағдайлар әсерін тигізеді. Ыстық өту сұйықтықты көп мөлшерде жоғалтумен жүреді, су-электролит алмасуына, қанайналым және ОЖЖ қызметтеріне патологиялық әсер етеді, миға майда нүктелі қан құйылулар болады. Клиника: науқастар жалпы әлсіздікке, бас ауруына басының айналуы, құлағы шуылдауы, ұйқышылдық, шөлдеу болады, дене қызуы 40-41ºC температураға дейін көтеріледі. Ауыр түрінде тынысы бәсеңдейді, кейде Чейн Стокс тынысына ауысады, АҚҚ төмендейді. Науқас есеңгіреген, есін жоғалтады, тырысу болады, коматозды жағдайға түседі. Кейде сандырақтау, психомотрлы қозу болады, емшек жасындағы балаларда бірінші орында диспепсиялық бұзылыстар көрініс береді (құсық, іші өтуі), дене қызуы тез көтеріледі, жалпы жағдайы нашарлайды, есі бұзылады, тырысу болып, кома дамиды. Гипертермияның үш деңгейі бар: төмен гипертермия - 38ºС ге дейін, орташа гипертермия – 40ºС ге дейін, жоғары гипертермия - 40ºС ден жоғары. Диагностикасы: Гипертермия түрлері: а) қызыл гипертермия – жылудың түзілуіне, жылудың шығуы тең. Клиникасы: гипертермиялықтері, ыстық, ылғалды, жалпы жағдайы қалыпты. Б) ақ гипертермия – жылудың түзілуі, жылу шығарудан төмен. Себебі, перифериялық тамырлардың спазмы болады. Клиникасы: суық сезіну, терінің бозаруы, акрацианоз, еріннің көгеруі, аяқ қолдың тоңуы. Диагностикасында ең бастысы кардиальный симптомды және дене температурасының жоғарлауы байқалса гипертермияны анықтауға тиімді. Жедел жәрдем. Науқасты жылдам салқын бөлмеге әкелуі, таза ауаның кіруіне жағдай жасау. Киімдерін шешіп, суық су ішкізу, басына суық компресс қою керек. Ауыр жағдайларда суық суға малынған жаялыққа орау және суық су шашу. Қысқа уақыт суық суға түсіреді, ең көп жылу беретін (шап, қолтық) дене аймақтарына мұз қояды. Көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқан жағдайда, 300-500 мл натрий хлориді изотоникалық ерітіндісін көк тамырға енгізеді. Тырысу және қозу болса бұлшық етке 2-4 мл седуксен салады. Балаларға аналгин-0,1-1жас, димедрол-0,1-1жас, папаверин-0,1-1жас. Ауруханаға тасымалдау. Ауыр түрінде реанимациялық бөлімшеге, ал жеңіл түрінде терапия бөліміне жеткізіледі.

30.Опиаттық кома. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері

Опиойдты абстинентті синдром- нашақорларда опиоидты заттардың дозасын азайтқанда немесе тоқтатқанда, ұзақ қолданғанда, біркелкі емес қолдану кезінде дамитын вегетативті, неврологиялық, психикалық бұзылыстармен көрінетін неврологиялық синдром. Опиоидты заттарды дұрыс қолданбаудың немесе артық қолданудың нәтижесі комаға алып келеді. Клиникасы. Науқастардың жағдайы өте ауыр болады. Опиатты кома екі жағдайда орын алуы мүмкін: терапиялық жағдайда накотикалық дәрілердің дозасының артық болуынан болуы мүмкін және нашақорлардық наркотикалық заттарды қолданудан болуы мүмкін. Сонымен қатар науқастарда екі жүйе: тыныс алу және қан айналым жүйесі бұзылады. Анық интоксикация синдромы көрінеді. Тырыспалық жағдайдар орын алуы мүмкін. Науқаста есінеу, сілекей ағуы, көзінен жас ағуы болуы мүмкін. Қарашығын қараған кезде бірден тарылғанын көреміз, қатты тарылуының нәтижесінде қарашық нүкте тәріздес көрінуге дейін жетеді. Нашақорларда инъекция жасаған аймағының бірнеше жерден тесілгенін, жергілікті көгерулерді, веналарының жіп сияқты жіңішкерігенін, вена бойындағы жұлдыз тәрізді тырытқтарды көруімізге болады. Комаға тән АҚҚ төмендеуі орын алады. Клиникасында ең қауіптісі науқастарды бірден тыныс алу орталығының қайтымсыз тежелуі, құсықтық массамен аспирация орын алуы мүмкін,науқаста өкпе ісінуі және жүрек қызметінің тежелуі болуы мүмкін. Осылардың қосылуынан кардиогенді емес өкпе ісінуі болып, науқасты жоғалтып алуымыз мүмкін. Алкогольмен басқа опиоидты заттарды бірге қолданғаннан дамыған кома ең ауыр комаға әкеледі. Диагностикасы. Науқастар өзінің наркотикалық заттарды қабылдағанын айтпауы мүмкін, оны наркологтың көмегімен анықтайды. Диагноз клиникалық мәліметтеріне сүйене отырып қойылады. Шұғыл көмек көрсету. Госпитальды этапқа дейінгі көмек тыныс алу мен қан айналым жүйесін қалыпқа келтіруге бағытталады. Удың организдегі улылық әсерін төмендету, уды нейтрализация жасау керек. Инфузионды терапия жасаймыз. Науқасқа диуретик береміз. Науқасты стационарға носилкада тасымалдаймыз. Автивировонный угольды беруге болады (опиоитардың ішекке және асқазанға қайта сіңуінің алдын алу үшін. Осы мақсатта асқазандды зондпен жууға көрсеткіш бар.) Ең маңыздысы антидотты терапия, яғни опиоидты уды қайтару үшін. Ол кезде науқасқа налоксонды 0,04 % ерітінді ретінде 0,4- 0,8 мг береміз береміз. Налоксон- опиоидты рецепторларды блокаторы, антогонисты.

Жедел тыныс жеткіліксіздігі (ЖТН)— бірнеше минуттан бірнеше күн уақыт аралығында қоршаған ауа арасындағы газ алмасу бұзылысы және айналымдағы қаннан гипоксемия және /немесе гиперкапния байқалуы. ЖТЖ — сыртқы тыныс жүйесі қанның қалыпты газдық құрамымен қамтамасыз ете алмайтын, ентігу байқалатын патологиялық жағдай. ЖТЖ патогенезіальвеолярлы вентиляция, альвеолярлы мембрана арқылы газдық диффузия бұзылысы нәтижесінде ағзаның оттегілік ашығуы және жүйелер мен мүшелерге оттегі таратылуының тепе-теңдік бұзылысына негізделген. ЖТЖ негізгі клиникалық синдромдары: Гипоксия ГипоксемияГиперкапКлиникалық көркінісі ЖТЖ-ға алып келетін бірінші себебіне байланысты,дегенмен,ЖТЖ барлық түрінде негізгі клиникалық синдроммен сиптомды ажырата.Ентікпе,тыныс алу жиілігінің бұзыуы: тахипноэ, тыныс алу актіне қатысатын бұлшықетермен ауа жетіспеушілігімен сипатталатын,тыныс алудың бәсендеуі, гипоксияның жақындауын,Чейн-Cтокс,Биот,ацидоз дамығанда – Куссмаул тынысын көрсетеді. Цианоз: ерте сатысында тері жамылғысының бозаруы және қалыпты ылғалдылығының сақталуымен сипаталатын акроционоз дамиды,содан кейін цианоз жоғарылайды,дуффузды болады,гиперкапния қосылуымен қызыл цианоз болуы мүмкін,ЖТЖ соңғы сатысында және тершендіктің жоғарылауында тері жамылғысының мраморлығы,дақты цианоз дамиды.Клиникада ЖТЖ-ның5 ауырлық дәрежесін және 3 кезенді ажыратады. Диагностика тыныс алуды бағалаудан,қан айналымынан,қандағы О2 және СО2 парциалдық жүктемесінен құралады.ЖТЖ ауырлық дәрежесі Вентиляциялық ЖТЖ paCO2 мм Паренхиматозды ЖТЖ paO2 мм рт.ст

Әлсіз ˂ 50 ˃70

Айқын 50-70 70-50.

Ауыр ˃70 ˂ 50 Гиперкапниялық кома 90-130

Гипокапниялық кома 39-30

Қалыпты 35-45 80-100. ЖТЖ I кезеңі. Науқастыңесіанық,мазасыз,эйфариялыболуымүмкін.Тынысалужетіспеушілігінешағымданады. Теріжамылғысыбозғылт,жеңілакроцианоз, минутына ТЖ–25-30 рет, ЖЖЖ–100-110 рет, АҚқалыптынемесебіршамажоғарылаған, paO2 70 ммсб.бдейінтөмендеген, paCO2 35 ммсб.бдейінтөмендеген. ЖТЖ II кезеңі. Есібұзылған,жиіпсихоматорлықозуболады.Тұншығуғашағымданады. Есінжоғалту,сандырақ,галлюцинацияболуымүмкін.Теріжамылғысыцианозды,кейдегиперимялы,профуздытертүріндеболады. МинутынаТЖ – 30-40 рет., ЖЖЖ – 120-140 рет, артериалдықгипертензияболады,paO2 60 ммсб.бдейінтөмендейді, paCO2 50 ммсб. бдейінжоғарылайды. ЖТЖ III кезеңі. Естіңболмауы.Клонико-тоникалықдірілдер,қарашықтыңұлғайуыменжарыққареакциясыныңболмауы,дақтыцианоз. Жиітахипноэнің (ТЖ 40 жәнеоданжоғары) жылдамбрадипноэға (ТЖ – 8-10 мин.)ауысуыбайқалады. АҚтөмендеуі. МинутынаЖЖЖ140, жыбыраритмиякөріністерібайқалуымүмкін. paO2 50 ммсб.б. төмендеуінемесеодандатөмен, paCO2 80-90 мм.сб. бжоғарылауынемесеодандажоғарывыше.ПедиатриялықпрактикадаТЖ-нің ауырлық дәрежесін,еңтікпенің дәрежесін классификациялайды: I дәреже (жеңіл)- айқынемесфизикалықкүштемекезіндеентігупайдаболады II дәреже (орташаауыр) — тыныштыққалыпта.III дәреже (ауыр) тыныштыққалыптажәнекөмекшібұлшықеттердіңқатысуымен.IV дәреже (ауыр) – гипоксиялықкома.ТЖауырлықдәрежесінартериальдықаннынгаздықкернелуіне(рО2 ирСО2)жән евентиляция бірлігіндегі энергетикалық тапшылыққа қарап анықтайды. Егер спирография, пневмотахометрия көрсеткіштерінде өзгеріс болып, бірақ қанның газдық құрасы және энергетикалық тапшылық қалыпты болса ТЖ-сіз тыныс қызметінің бұзылуы туралы айтуға болады. Балаларда ТЖ дәрежесі мен ауырлығына байланысты клиникалық көріністері. ТЖ I дәрежесі кезінде аздаған физикалық күштеменің өзі ентігіудің пайда болуына әкеледі, тахикардия, мұрын ерін үшбұрышының цианозы, мұрын жиектерінің керілуі, АҚ қалыпты,рО2 80—65 мм с. б.-на дейін төмендеген. ТЖ II дәрежесі кезінде тыныштық қалыпта ентігу және тахикардия байқалады,(тыныс жиілігінің пульс жиілігіне қатынасы — 1:2,5), мұрын ерін үшбұрышының акроцианозы және цианозы,тері бозарған, АҚ жоғары,эйфория байқалады, мазасыздық,әлсіздік болуы мүмкін, адинамия,бұлшықет гипотониясы. Тыныстың минуттық көлемі қалыптыдан 150—160% жоғарылайды. Қосымша тыныс 30% төмендейді, рО2 — 64—51 мм с.б., рСО2 қалыпты немесе аздап жоғарылаған (46—50 мм с. б.дейін), рН қалыпты немесе аздап төмендеген. Тыныс жеткіліксіздігінің III дәрежесі айқын ентігумен сипатталады. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тыныс аритмиясы,тахикардия байқалады, тыныс жиілігінің пульс жиілігіне қатынасы — 1:2, АҚ төмен. Тыныс аритмиясы және апное оның жиілігінің тиөмендеуіне әкеледі. Бозару,тері және шырышты қабықтардың акроцианозы немесе жалпы цианозы, терінің мрамор тәрізді болуы байқалады. Тежелу, әлсіздік,адинамия болады; рО2 50 мм с. б., төмендейді,рСО2 75—100 мм с. б., жоғарылайды,рН 7,25—7,20 төмендейді. Оттегімен дем алу оң эффект бермейді. ТЖ IV дәрежесі кезінде (гипоксиялық кома) есі болмайды, тері сұрғылт түсті, ерні және беті көгерген, аяқ-қолы және денесінде көкшіл немесе көкшіл –күңгірт дақтар. Тынысы ұстамалы, аузы ашық (бала ауызбен дем алады). Тыныс жиілігі төмендейді және ұзақ апноеның әсерінен минутына 8-10-ға дейін азаяды. Тахикардия немесе брадикардия байқалады, жіпшелі пульс, АҚ бірден төмендейді немесе анықталмайды,рО2 50 мм с. б. төмен, рСО2 100 мм с. б. жоғары; рН 7,15-ке дейін немесе одан төмен. Гипервентиляцияның нәтижесінде пайда болған гипокапния жағдайы ересектерге қарағанда балаларда жиі кездеседі, әлсіздік, терінің бозғылттануы мен құрғауы,ұйқышылдық, бұлшықет гипотониясы, тахи- немесе брадикардия,алкалоз, зәр реакциясының сілтіленуі байқалады. Гипокапния өршіген кезде естен тануы мүмкін, тырысуға әкелетін гипокальцемия байқалады. Кез-келген этиологиялы ЖТЖ және кез-келген жастағы баланы госпитализациялау көрсеткіштері.ТЖ IV дәрежесіндегі госпиталға дейінгі этапта дәрігердің реанимациялық көмегі- ауыздан ауызға тыныс; жедел жәрдем дәрігері – одан кеңірек шұғыл терапия. Созылмалы тыныс жеткіліксіздігінің I және II дәрежесінде бала үй жағдайында емделсе болады; ауыр жағдай кезінде госпитализациялау қажет.Анамнез,карау,жалпы жагдайы,есі,қалпы,кеуде клеткасынын формасы,қосымша б.е тынысалуга катысуы,мурын арқ немес ауыз аркылы демалуы,дем шыгару мен дем алудын ұзаруы,ТАЖ, цианоз – гипоксия; сұр, жер түстес тері қатпары – гипоксемия;бозғылт –тіндердің қаназдығы (кровопотеря, обморок, коллапс). Көп тер – жедел гипоксемия (астматический статус,жүректің соғу көлемінің төмендеуі).
жөтел: жиі лающий – ларингоспазм; қақырықсыз (ұстама бронхиальной астмы); өніммен – бронхорея (бронхит, бронхоэктатическая болезнь). Қақырық: ашық, сұр,іріңді,қоймалжың.Перкуссия: қораптық дыбыс – эмфизема, перкуторлық дыбыстың қысқаруытұйықтталуға дейін – астматикалық статус, плеврит, гемо-, пневмоторакс. Аускультативті симптоматика: тыныстың әлсіреуі (астматический статус, гидро-, гемоторакс, плеврит); сырылдың болуы ж\е оның орналасуы(құрғақ шашыранды – приступ бронхиальной астма,ылғалды жергіліктіе – пневмония, ылғалды төмен бөлікте-базальных – іркілісті журек жеткіліксіздік,ылғалды бүкіл өкпе алаңында – өкпе ісінуі).тынысы: шулы стридорозное – механикалық асфиксия, шулы клокочущее –өкпе ісінуі, шулы қатқыл – приступ бронхиальной астмы.пульс,ЖЖЖ,ЭКГ,Пульсоксиметрия. ЖТЖ кезінде жедел жәрдем көрсету. ЖТЖ кезінде емдік шараның сипаты мен кезектілігі осы синдромға әкелген себеп пен ауырлығына байланысты. Кез-келген жағдайда емдік шара мына кезектілікпен жүргізілуі тиіс: 1. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру. 2. Альвеолярлы вентиляцияның жалпы және жергілікті өзгерістерін қалыпқа келтіру.3. Орталық гемодинамиканың қосымша бұзылыстарын жою. 4. Для купирования ОДН ЖТЖ I дәрежесінде науқасқа оксигенотерапия жүргізу жеткілікті. Басты мақсат – оттегі терапиясы – тіндік оксигенацияны жақсарту. Оксигенацияны мұрын катетері,вентимаскы арқылы жүргізеді, Бобров аппараты арқылы ауа жібереді.Оттегі жастығын пайдалану аз эффективті. Қысыммен гипербариялық оксигенацияны жүргізуге болады,1,6 - 2 атм. Күніне 1 – 3 сеанса 40 – 60 мин.Оксигенотерапиямен бірге антигипоксант– оксибутират натрия – 50-100 мг/кг к/т тамшылатып 200 мл 5% глюкозамен, цитохром «С» - 30-80 мг 200 мл 5% глюкозамен, 6-8 сағат аралығында енгізу. ЖТЖ I дәрежесінде тыныс алу жолдарының обструкциясы және ауа өтуі болмау кезінде тілді жұтып қоюдың алдын алу үшін науқасты бүйір жағына келтіру керек. ЖТЖ II-III дәрежесі науқасты ЖӨВ-на ауыстыруға көрсеткіш. ЖТЖ белгілері тез өршіген кезде, экстремальды жағдайда коникотомия жүргізу немесе жуан инемен трахеяны тесу көрсетілген. Жедел жағдайда трахеотомияны орындау уақыт ұзақтығына байланысты оперативтік шараларға жатпайды..5. Негізгі аурудың терапиясы.Гепаринотерапия: 20000 Б п/к, 4 инъекцияға бөліп (ӨАТЭ кезінде гипокоагуляцияға көмектеседі).Кіші қан айналымдағы қысымды төмендету:- папаверин немесе но-шпа 2,0 мл к/т әрбір 4 сағат сайын; - эуфиллин 2,4% - 10,0 к/т әрбір 5-6 сағат сайын; - нитроглицерин к/т тамшылатып 10 мкг/мин.Симптоматикалық терапия:.ҚСТ коррекциясы,.Ауырсынуды басу,.Инфузиялық терапия,.Тыныс стимуляциясы және т.б. ӨЖВ жүргізу үшін абсолютты көрсеткіштер 1. Гипоксемиялық ЖТЖ (раО2 50 мм с. б. аз).2. ГиперкапниялықЖТЖ (раСО2 60 ммс. б. жоғары).3. Қосымшатыныстыңкритикалықтөмендеуі (қатынасы: тыныстықкөлеммл /массанауқассалмағына 5 мл/кгтөменболады).4. Нәтижесізтыныс (ТМК 15 л/мин. төменболғандағыжағдай). ҚалыптынемесеаздапжоғарылағанраСО2 артериальдықандағыоттегініңбелсендіжетпеуі. ӨЖВжүргізуүшінсалыстырмалы (дифференцирленген) көрсеткіштер. ЖТЖәртүрліауырлықдәрежесіндегіБМЖбелгілері.Ұйықтататқышжәнеседативтіпрепараттарменулану..Кеудеклеткасыныңтравмасы.Орталықгенездігиповентиляциялықсиндром, жүйкебұлшықеттікберілудіңбұзылысы.Өзіндікемдіқажетететінбұлшықетрелаксациясы: эпистатус, столбняк, тырысулықсиндром.

32.Көз жарақаты. Қабақ зақымдалуы. Қабақ зақымдалуларды диагностикалау аса қиындық туғызбайды, бірақ олар көз аламасына, бас сүйекке, мұрын маңы қойнауларына зақымдалу каналдарының басы болуы мүмкін, яғни көзді ғана зақымдап қоймай адам өміріне қауіп төндіреді.Емі Алғашқы дәрігерлік көмек:Анальгетиктер мен кең сектрлі антибиотиктерді енгізу;Беткей орналасқан бөгде заттарды алып тастауҚоршаған тіндерді антисептикпен өндеу(лизанин);Асептикалық монокулярлы байлам тағу.Қабақ толығымен немесе толықтай сыдырылған болса, оны сақтау қажет (асептикалық байламмен тіркеп немесе физиологялық ерітіндіге малынған стерильді дәкеге орап жәбірленушімен бірге арнайы стационарға жеткізілуі қажет.Көп қабақ зақымдалуларда офтальмологтың алғашқы хирургиялық өндеуін қажет етеді. Қабақ зақымдалулары жиі көз алмасының зақымдалуымен қатар жүреді. Көз алмасының зақымдалуы Көз алмасының зақымдалуы Енбеген зақымдалу (жабық травма)- көздің фиброзды капсуласының барлық қабаттарынан (қасаң қабық және склера) өтпйді.КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІШАҒЫМДАРЫ:Жарыққа көздің тітіркенуіЖарықтан қорықу;Локальды және жайылған конъюктивалардың гиперемиясы Кейде көрудің нашарлауы.Симптомдар:физикалық тексеруде:Жақсы жарықтанған жерде қасаң қабықтың айналық қасиетінің болмауын(эрозия- деэпителизация), коньюктиваның жарасын немесе бөгде затты анықтауға болады. Емі Алғашқы дәрігерлік көмек:Анастетик тамшылары [прокаин (новокаин) 2% ер-і немесе лидокаин 2% ер-і]гентамицин 0,3% ер-і. Окулисттің қарауында амбулаторлы ем қабылдауКей кезде енбеген зақымдалу көздің сыртқы қабықтарына (қасаң қабық, склера) немесе қабықтың шырышты қабатына бөгде заттардың енуімен қатар жүреді. Көз аламасының енген зақымдалуы. Көз аламасының ашық травмасы кезінде жара (жаралық канал)көз алмасының фиброзды капсуласын (қасаң қабық, склера)барлық қабаттарынан өтеді.Көп жағдайларда көздің ішкі қабаттары (тамырлы, торлы қабық) және көз ортасы (шыны тәрізді дене, көз бұршағы) зақымдалуы мүмкін. Клиникасы: Жарыққа тітіркенгіштік,Жарықтан қорқу;Көрудің төмендеуі. Физикальді тексеру кезіндегі симптомдар: Қасаң қабық немесе склера жарасының аран ашылып тұруы және оған көз ішілік қабықтарының және көз ортасының қысылып қалуы: нұрлы қабық (қара көпіршік тәрізді), Алдыңғы камерада қанның болуы (гифема);Қарашықтың деформациясы және ығысуы, көз бұршағының зақымдалуы кезінде қарашық – сұр болады;Көз тонусы төмендеген.Асқынуы:Посттравматикалық увеит.Эндофтальмит.Симпатикалық офтальмия. Емі Көздің енген зақымдалуына күдік туғанның озінде барлық манипуляцияларды тоқтату қажет Алғашқы дәрігерлік көмек:Антибактерияльді ерітінділерді (0,3% гентамицин ерітіндісі немесе 20% сульфацила натрия* ерітіндісі);Анальгетиктер енгізу;Бинокулярлық байлам тағу.Науқасты зеңбілге жатқызып көз стационарына эвакуациялау. Көз ұясының зақымдалуы: Көз ұясының зақымдалуы ауыр травмаларға жатқызылады. Жиі мұрын маңы қойнауларының, ми, жақ-бет аймағының (зақымдау факторына, жаралық каналдың бағыты мен ұзындығына байланысты). зақымдалуымен қосарланған болады. Клиникасы: Көрудің төмендеуі;Көз аламасы қозғалғыштығының бұзылуы.Офтальмологиядағы шұғыл жағдай. Физикальды тексеру кезіндегі симптомдар: экзофтальм немесе энофтальм(сүйектік қабырғасының үлкен көлемді сынықтарында);Қабақтың тері асты эмфиземасы және орбитаның ішкі қабырғасының зақымдалуында периорбитальді аймақты пальпациялағанда крепитациясы.ликворея (миға енген зақымдалу). Емі Асептикалық байлам таңуКең спектрлі антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу.Көп профильді стационарға госпитализациялау, офтальмологиялық көмекпен қатар, нейрохирургиялық, ЛОР, бет-жақасты хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету. Көру мүшесінің контузиясы (көздің жабық травмасы) Көздің жабық травмалары тұйық затпен зақымдағанда болады.Ауырлық дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі болады. Қабақ контузиясы. Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты.жеңіл травма:Конъюктива асты және тері асты қан кету; Қабақ шеттерінің жыртылуы. Орташа дәрежесі:Айқын тері асты қан кетулер;Қабақтың бос шеттерінің жыртылуы (3—5 мм дейін). Ауыр дәрежесі:Едәуір жыртылу-езілу жарасы;Қабақтың латеральді немесе медиальді бұрыштарының (көз жас өзегінің зақымдалуымен) жұлынуы; Қабақтың толық жұлынуы (өте сирек) Емі Антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу,орташа және ауыр дәрежедегі жұлынып езілген зақымдалумен қосарланған контузияда монокулярлы байлам таңу қажет. Жәбірленушіді офтальмологқа жолдау. Кей жағдайларда қабақтың контузиясы көз алмасының немесе көз ұясының зақымдалуымен қатар жүреді. Көз алмасының контузиясы. Клиникалық көрінісі: зақымдалу дәрежесіне байланысты.■Жеңіл дәрежесі: Шамалы көру өткірлігінің төмендеуі; Конъюктиваға астына қан кету;Қасаң қабақтың ісінуі; Орташа дәрежесі: Нұрлы қабықтың қарашықтық шекарасының жұлынуынан қарашықтың деформациясы немесе мидриаз;Гифема болуы мүмкін(менисктің горизонтальді деңгейі 1—2 мм.Көру өткірлігі сақталған немесе шамалы төмендеген. Ауыр дәрежесі: Көру өткірлігінің едәуір төмендеуі (екі еседен аса);Конъюктиваға қан кету (гипосфагмалар);Алдыңғы камераның толық немесе жартылай қанға толуы (гифема);Нұрлы қабық түбінің үзілуінен қарашықтың деформациялануы (иридодиализ);Жиі қарашық көрінбейді («көз қанға толы»);Көз гипотониясы («көз шүбірек тәрізді жұмсақ»), ол склераның конъюктива асты жыртылуында көз капсуласының жарасы көрінбейді, бірақ ішкі құрылымының ауыр жарақаттары болады.Емі:Көру функциясының төмендуін ауыр травма ретінде қарастыру қажет. Науқасты бинокулярлы байламда арнай мамандырылған стационарға жеткізілуі керек. Көз ұясының контузиясы. Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты. жеңіл дәрежесі: Шамалы диплопия;Көз аламасы қозғалысының шектелуі.■ орташа дәрежесі: Ауырсыну синдромы;Көз аламасы орналасуының өзгеруі және қозғалғыштығының шектелуі;Шамалы диплопия. ауыр дәрежесі:экзофтальм немесе энофтальм.Көз қозғалғыштығының толық шектелуі (офтальмоплегия);птоз (қабақтың ісінуі тәрізді болуы мүмкін);Орбитаның сүйектік қырының дефектісі (симптом «ступеньки») сынған жерде ауырсынудың болуы;крепитация (ішкі қабырғаның сынуы кезіндегі эмфизема);Жарыққа сезімталдығының жоқтығына дейін көру өткірлігінің едәуір төмендеуі, ол торлы қабықтағы орталық артерияның қысылуынан, көру нервісінің ретробульбарлы гематомамен басылуынан немесе көз ұясы ұлпаларының реактивті ісінуінен, оның көз аламасының немесе көру нервісі каналының зақымдалуымен түсіндіріледі (травматикалық оптикопатия); көз алмасының жоғарғы саңылау синдромы: птоз, офтальмоплегия (көз қозғалғыштығының төмендеуі немесе болмауы), үштік нервісінің бірінші тармағының проекциясы аймағында сезімталдықтың бұзылуы. Емі: Орташа немесе дәрежедегі контузияларда анальгетиктерді енгізіп, бинокулярлы байлам таңады, офтальмологиялық стационарға жатқызылған қалыпта тасымалдайды.Жеңіл контузияларда окулисттің қарауында амбулаторлы емделеді. Көз күйіктері Классификациясы: Этиологиясы бойынша: химиялық; термиялық; Энергия сәулесімен; Ауырлық дәрежесі бойыншы: Жеңіл (I дәреже).орташа (II дәреже).Ауыр (III дәреже). Клиникасы күйік дәрежесіне байланысты. Жеңіл: Аздаған ауырсыну,күн сәулесінен қорқу Кірпіктері түсіп тұру; қабақтың және конъюктиваның гиперемиясы. Қасаң қабық мөлдір. Орташа ауырлық дәрежесі: Аздаған ауырсыну,күн сәулесінен қорқу;аздаған гиперемия, қабақтың ісінуі; Көпіршіктердің п.б; конъюнктиваның ісінуі (хемоз);Қасаң қабықтың мөлдірлігі сәл төмендейді. Ауыр:блефароспазм;Қабақтың некрозы;Конъюнктивада сұр пленканың п.б;Қасаң қабық бұлыңғыр Емі Туа біткен блефароспазм синдромы кезінде анальгетик енгізеді,прокаин тамызады, тримекаина, лидокаина 2% ерітінділерін. Химиялық күйік кезінде.Ұнтақ химиялық зат түссе құрғақ тампонмен алып тастау керек Көзді жуу нейтрализатора(2% гидрокарбоната натрия ертіндісімен қышқылмен күйгенде, 2% бор қышқылы ертіндісімен— сілтімен күйгенде), нейтрализаторлар болмаса сумен 20-30 мин жуу.конъюнктиваға химиялық зат бөлшегі тускенде ылғалды тампонмен алып тастау.Антибиотикпен бирге коз мазьын жағу(тетрациклин 1% немесе эритромицин 1%). Термиялық күйіктер. Көз беткейіндегі бөгде заттарды алу және мазь бен антибиотик жағу.Байлам салу.Орташа күйіктерді окулистпен амбулаторлы емделінеді ауыр күйіктерді стационарда емдейді. ҚАСАҢ ҚАБЫҚТА ЖӘНЕ КОНЪЮНКТИВАДА БӨГДЕ ЗАТТЫҢ БОЛУЫ Көз травмалары көп жағдайда морфологиялық құрылымның өзгерісі алып келеді. Сипатына қарай бөгде заттарды магнитты(темір құрамды) Магнитті емес ұсақ (темір құрамды емес). Бөгде зат локализациясы бойынша:конъюнктивада Қасаң қабықта, Көз ішілік бөгде заттар,Көз ұясындағы богде заттар. Конъюнктивада және қасаң қабықтағы бөгде заттарды алу мақсатында дәрігермен бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Орташа және ауыр жағдайларда жоғары квалифицирленген дәрігер көмек көрсетеді Конъюнктиваның бөгде заттары. Клиникасы: бөгде зат конъюктиваға түскенде көзден жас ағады,жыпылықтау,бөгде затты сезіну.Сирек жарықтан қорқу,немесе ауырсыну. Қасаң қабықтың бөгде заты. Клиникасы: Ауырсыну,көзден жас ағу,блефароспазм,жарықтан қорқу,бөгде затты сезіну.Бөгде затты визуальды анықтап конъюктиваға инъекция және көз алмасына. Коньюктиваға және қасаң қабыққа бөгде зат түскен кезде жедел көмек корсету: жергілікті жансыздандыру 0,25% дикаина ерітіндісімен,2-4% лидокаин немесе 0,4% инокаинаертіндісімен. Беткейіндегі бөгде затты ылғал тампонмен алады.Кейін инсталляция 30% р-ра сульфацил натрий, 0,25% левомицетина немесе 0,3% р-ра нормакс ертіндісімен. Қабақтың үстіне 1% тетрациклин немесе левомицетин мазьін жағу.Окулист консультациясы.Егер бөгде зат терең еніп кетсе арнайы көмек корсетіліуі тиіс. Көз жарақаты Жарқат қасаң қабықта немесе склерада,кейде аралас болады.Жарақат барлық қабаттарды қамтыса онда енуші жарақат деп атайды. Енуші жарақаттар локализациясына қарамастан ауыр дәрежелі болып есептеледі. Шешуші диагнозды тек дәрігер офтальмолог қана қоя алады. Қасаң қабықпен склераның енбеген жарақатыЖарақат әкелген зат ұсақ бөгде заттармен болады Клиникасы. Көзде ауырсыну, жарықтан қорқу, жас ағу,блефароспазм, көрудің төмендеуі.Конъюктива мен склераның зақымдалуларында ауырсыну қатты болмайды. Қасаң қабықтың зақымдалуы кезінде ауырсыну қатты болып, көзде бөгде зат тұрғандай сезіледі. Жедел жәрдем. Ауырсынусезімін басу үшін- дикаин 0,5% ерітіндісімен инстиляция. Инфекциялық асқынулардың профилактикасы: сульфацил-натрий 30% ерітіндісі; левомицетин 0,25% ерітіндісі, немесе левомицетино немесе 1% тетрациклин мазьі. Бинокулярлы асептикалық байлам таңғаннан кейін мамандандырылған стационарға жеткізу қажет. Көз аламасының енген зақымдануларыКөз алмасынының ақ қабық және қасаң қабыққа енетін зақымдалу болып табылады. Көздің енген зақымдануының 3 айқын белгісі:1. Қасаң қабықтың және ақ қабықтың аран ашылған жараның болуы;2.Қасаң қабық және ақ қабық жарасының шеттеріне көздің ішкі қабаттарының (қарашық, кірпікті дене, тамырлық қабат,торлы қабат) немесе шыны тәрізді дененің сығылуы; 3. Көз ішілік бөгде дененің болуы. Клиникасы көздің енбеген зақымдануларына тән. Жедел дәрдем. Көздің енген жарақаттары кезінде емдеу, тексеру манипуляциялардың барлығы өте мұқият жасалуы қажет. Себебі, жарақат арқылы рефлекторлы спазм нәтиежесінде көздің ішкі құрамын ығыстыруы мүмкін. Қабақты бриллиант жасыл 1% ерітіндісімен, ауырсыну ды басу үшін — дикаин 0,5% ерітіндісіммен инстиляция. Инфекциялық ақсынулардың профилактикасы: сульфацил-натрий 30%ерітіндісі, левомицетин 0,25% ерітіндісі (мазь қолданбау керек!!) Мамандандырылған мекемеге тасымалдау 2—3 сағаттан аса уақытты алса,сіреспеның алдын алу мақсатында бұлшықетке сіреспе анатоксинің немесе сарысуын енгізу қажет.Бинокуляры асептикалық байламды таңғаннан кейін жарақаттанған жақ қырымен жатқызып тасымалдаймыз.Осындай қалыпта көз ішіндегі бөгде затты алуға ыңғайлы қалыпқа келуі мүмкін. Көз контузиясы. Көзің тікелей контузиясын яғни, көзге тікелей әсер ету салдарынан және тікелей емес түлғаның немесе бастың (құлау, жарылыс кезінде) зақымдалуы кезінде болатын контузияларды ажыратамызКлиникасы. Контузия кезінде негізгі симптом тұйық ауырсыну, бас айналу, конъюктива инъекциясы және қабақтың тері асты шел майына, көз алмасының құрылымына қан кету болады.Жедел жәрдем.Ішке диакарб 2 таб. 0,25 г нан бір рет. Жалпы жансыздандыру — трамал, анальгин бұлшықетке. Нейрохирургтың шұғыл консультациясы, мамандандырылған офтальмологтың көмегі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1282 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...