Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бюджеттік және фискалды саясат



Мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі.

Қаржылық саясат бюджет- салық және фискалды механизмді ұлттық- экономикалық және әлеуметтік мақсаттар үшін қолдануды көздейді.

Бюджеттік саясат негізінен мемлекеттік қаржы құрылымдарының теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Бюджеттік саясаттың басты ұстанымы - мүмкіншіліктер шегінде ғана жұмсау және тапшылыққа, минимумға дейін қысқарту

Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу мен салық салу облысындағы саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі.
Дискрециондық емес саясат үкіметтік шығындардың бөлігі жеке сектордың белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі бюджеттік шығындар мен салықтардың едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты түрде туындатады екеніне негізделеді.
Егер экономикада құлдырау болса, яғни жеке кірістер және фирма кірістері төмендесе, онда прогрессивті салық салу кезінде салықтық алу автоматты төмендейді. Бұл басқа тең жағдайларда
кірістердің төмендеу мен жиынтық сұраныстың қысқару салдарын жұмсартады, өндіріс көлемін тұрақтандыруға немесе кеңейтуге көмектеседі.
Дискрециондық саясат жұмыспен қамту, бағалар, өндірістің ұлттық көлемінің өсу мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет қабылдайтын арнайы шараларды көрсетеді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік бюджеттің шығын немесе кіріс бөлімдерінде көрінеді (яғни кірістірілген тұрақтандырғыштар прогрессивті салық салу жүйесі болып табылады).
Дискрециондық фискалдық саясаттың негізгі құралдары болып:
- салық мөлшерлемесін өзгерту, салықтарды енгізу немесе жою жолымен салықтық алу көлемін өзгерту (салық мөлшерлемесін өзгерте отырып, үкімет құлдырау кезінде кірістерді қысқарудан сақтайды немесе керісінше, бум кезінде бар кірісті төмендетуі мүмкін);
- жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатына ие жұмыспен қамту бағдарламаларын мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру;
- қарттық, мүгедектік бойынша, кедей жанұяларға жәрдемақыны, білім беруге шығындарды және т.б. қосатын әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (бұл бағдарламалар жиынтық сұранысты қолдауға, кірістер қысқарғанда және мұқтаждықтар шиеленіскен кезде экономикалық дамуды тұрақтандыруға мүмкіндік береді) табылады.
Үкімет алдында тұрған мақсаттарға байланысты фискалдық саясатты ынталандырушы және басушы деп бөледі.
Ынталандырушы фискалдық саясат құлдырау кезінде өткізіледі. Ол салықтардың төмендеуін және мемлекеттік шығындардың жоғарлауын ескереді. Бұл жиынтық сұраныстың өсуіне, өндірістің кеңеюіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі.
Бір уақытта болатын салықтардың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарлауы бюджеттік тапшылықтың салдары болады.

Фискалдық саясат – («фискалис» латынның қоржын, қазына) деген сөзі –деп мемлекеттік шығындар мен түсімдерді реттеп отыратын жүйені айтамыз.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2875 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...