Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім



Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.

ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:

3. Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);

4. Табыстар бойынша (бөлу әдісі);

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық.

Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.

Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады.

ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.

Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.

Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4702 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...