Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер



Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (ҰЕЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлемдік тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданылып келеді. ҰЕЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.

ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:

1. Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);

2. Табыстар бойынша (бөлу әдісі);

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық.

Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.

Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады.

ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.

Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.

Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ – А мұндағы А – амортизациялық жарнаның сомасы.ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді.

ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда. ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар

Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады. ЖТ = ҰТ – С+Т мұндағы С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс. ҚҚТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі.

Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі

- Нарықтық құрырылымы

- Өнімділік

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3707 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...