Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеп 3



Кризистік температурасы 126 К және кризистік қысымы 3.4 Мпа азот молекуласының эффективтік диаметрін табыңыздар.

Берілгені:

Ткр=126 К, Рк= Па

________________________

Шешуі:

Ван - дер – Ваальстің теңдеуі бойынша

,

Шығарылуы:

Ван - дер – Ваальс теңдеуіндегің тұрақтысын жуықтап 1 моль газдың төрт еселенген көлеміне тең деп алу келісілген, онда . Ал 1 моль газда молекула бар, олай болса

,

, ал екенін ескерсек:

.

Жауабы: .

§10. Студенттердің өз бетінше шығаруға ұсынылған есептер.

1. Егер баллонның қабырғасы 200С температурада 160 кГ\см2 қысымды көтере алады десек, онда ішіне 6,4 кг оттегі сиятын осы баллонның ең кіші көлемі қаншалық болуға тиіс?

2. 270С температурадағы және 760 мм сын. Бағ. Қысымдағы 25 л көлемді алып тұрған күкіртті газдың (SO2) массасын табу керек.

3. 500С температурада қаныққан су буының серпімділігі 92,5 мм сын. Бағ-на тең. Осы уақыттағы су буының тығыздығы неге тең?

4. Сыйымдылығы 1м3 жабық ыдыстың ішіне 0,9 кг су және 1,6 кг оттегі бар. 5000С температурадағы ыдыстың, осы температурада судың түгелдей буға айналатынын біле тұрып, қысымын табу керек.

5. Мыналарды: 1) сутегі; 2) гелий атомдарының массасын табу керек.

6. 1 г су буының ішіндегі молекуланың саны қанша?

7. Ыдыстың ішінде 10-10 кмоль оттегі мен 10-6 г азот бар. Қоспаның температурасы 1000С-ге тең. Сонымен бірге ыдыстағы қысым 10-3 мм сын. бағ. –на тең. Мыналарды: 1) ыдыстың көлемін; 2) оттегі мен азоттың парциал қысымдарын; 3) осы ыдыстың 1см3 көлеміндегі молекуланың санын табу керек.

8. Кейбір газдың тығыздығы 6·10-2 кг/м3-ге, ал осы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/сек-қа тең. Газдың ыдыстың қабырғасына түсіретін қысымынтабу керек.

9. 200С температурадағы сутегі молекуласының қозғалыс мөлшерін табу керек. Молекуланың жылдамдығын орташа квадраттық жылдамдыққа тең деп аламыз.

10. Көлемі 2 л ыдыстың ішінде 680 мм сын.бағ. қысымдағы 10 г оттегі орналасқан. Мыналарды: 1) газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын; 2) ыдыстың ішіндегі молекуланың санын; 3) газдың тығыздығын табу керек.

11. Көлемі 2 л ыдыстың ішінде 1,5·105 Н/м2 қысымда тұрған екі атомды газдың жылулық қозғалысының энергиясы неге тең болады?

12. р=40 мм сын.бағ. қысымдағы және t=270С температурадағы екі атомды газ молекулаларының қанша саны V=10 см3 көлемді алып тұрады? Осы молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы қандай?

13. Оттегі үшін тұрақты қысымдағы меншікті жылу сыйымдылығының тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылыққа қатынасын табу керек.

14. Азот үшін қатынасын 1,47-ге тең деп алып, оның диссоциациялану дәрежесінің неге тең болатынын табу керек.

15. 2 л азотқа 105 Н/м2 қысым түсіп тұр. 1) p=const болғанда көлемі екі есе өсіру үшін, 2) V=const болғанда қысымды екі есе өсіру үшін азотқа қандай жылу мөлшерін беру керек?

16. 12г оттегіне, қысым тұрақты болған уақытта оны 500С-қа дейін қыздыру үшін, қаншама жылу мөлшерін беру керек?

17. Қалыпты жағдайдағы көлемі 2 л жабық ыдыстың ішінде m грамм азот және m грамм аргон бар. Осы газ қоспасын 1000С-қа қыздыру үшін қандай жылу мөлшерін беру керек?

18. Қысымы 300 мм сын.бағ болғанда тығыздығы 0,3 г/л-ге тең газ молекуласының орташа арифметикалық, орташа квадраттық және ең ықтимал жылдамдықтарын табу керек.

19. Сутегі молекулаларының қандай бөлігі 00С температурада 2000 м/сек-тан 2100 м/сек-қа дейінгі жылдамдықтарға ие болады?

20. Т=1500С температурадағы азот молекулаларының қандай бөлігі v1=300м/сек-тан v2=800м/сек-қа дейінгі интервалда жатқан жылдамдыққа ие болады?

21. Баллон ішінде 2,5 г оттегі бар. Жылдамдығы орташа квадраттық жылдамдықтан артық болатын оттегі молекуласының санын табу керек.

22. 1000С температурадағы және 0,1 мм сын. бағ. қысымдағы көмірқышқыл газы молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын анықтау керек. Көмірқышқыл газы молекуласының диаметрін 3,2·10-8 см-ге тең деп аламыз.

23. Қалыпты жағдайдағы ауа молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын табу керек. Ауа молекуласының диаметрін шартты түрде 3·10-8 см-ге тең деп аламыз.

24. р=10-3 мм сын. бағ. қысымдағы және t=500С температурадағы сутегі молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығы неге тең?

25. Қалыпты жағдайдағы гелийдің диффузиялық коэффициентін табу керек.

Молекулалық физика бойынша есептер шығаруда қолданылатын әдебиеттер:

  1. Волькенштейн В. С. Жалпы физика курсының есептер жинаты. Алматы: Мектеп, 2003.
  2. Ысқақов Б.М. Физикадан есеп шығару мысалдары. А.: Мектеп, 1987 ж.
  3. Өрікбаева Г.Ә. Физика есептерінің жинағы. Механика. Молекулалық физика. Бейсызық физика: Оқу құралы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – Алматы: Қаз. Университеті, 2004.

§11. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Сұйықтың беттік керілу құбылысы мен беттік керілу коэффициентін анықтаудың әдістерінің бірімен танысу.

Теориялық кіріспе.

Сұйық пен газдың шекаралық қабатында беттік керілу күші әсер етеді. Бұл күштің сандық сипаттамасы беттік керілу коэффициенті болып табылады. Беттік керілу коэффициенті деп сұйық бетімен шектелген бірлік контур ұзындығына әсер ететін беттік керілу күшін айтады:

α коэффициенті байланысқан зат беттерінің химиялық құрамына және температураға тәуелді болады.

Қылтүтіктен аққан тамшы саны арқылы α-ны анықтау әдісін қарастыралық. Қылтүтік ұшынан сұйық бояу аққан кезде тамшы пайда болады. Тамшының пайда болуы, өсуі және үзілуі 1-суретте көрсетілген. Тамшының көлемі белгілі шамаға жеткен кезде жоғары жағы мойын тәрізді буындалып жіңішкереді.

Тамшы көлемінің ұлғаюына байланысты мойын жіңішкере түседі де, тамшы салмағы артады.

Тамшы үзілгенге дейін оны беттік керілу күші ұстап тұрады. Бұл күш келесі формуламен өрнектеледі:

мұндағы α – беттік керілу коэффициенті, d – тамшы мойнының диаметрі, πd – тамшы мойнының периметрі.

Тамшының салмағы беттік керілу күшіне теңескен кезде, тамшы үзіледі, яғни

(1)

мұндағы ρ – сұйық тығыздығы, g- еркін түсу үдеуі, Vт – тамшы көлемі.

Эталондық сұйықтың қандай да бір V көлемі аққан кезде Nэт тамшы пайда болады делік, онда зерттелетін сұйықтың осындай V көлемі аққан кезде N тамшы пайда болады. Сонда (1) өрнегінен келесі теңдеуді жазуға болады:

(2)

бұдан

(3)

(4)

екенін ескеріп, (2) және (3) теңдеулерді қарапайым түрлендіруден кейін келесі өрнекті аламыз:

(5)

Бұл өрнектен беттік керілу коэффициентін анықтау үшін белгілі көлемдегі зерттелетін және эталондық сұйықтың N және Nэт тамшы санын, сұйықтардың тығыздығы мен тәжірибе температурасы кезіндегі эталондық сұйықтың беттік керілу коэффициентінің мәнін білу керек.

Эксперименттік қондырғы.

Тамшы әдісі бойынша сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеуге арналған лабораториялық қондырғы диаметрі бірдей жіңішке шыны қылтүтіктермен аяқталатын тік қойылған екі түтікшеден тұрады. Бір түтікшеге эталондық сұйық, мысалы, дестилденген су, ал екіншісіне зерттелетін сұйық, мысалы, спирт құйылады. Сұйықтардың көлемдері бірдей болу керек. Түтікшелерден ағатын сұйықты оларда орнатылған крандар арқылы реттеуге болады.

Экспериментті жүргізу.

1. Түтікшелердің бірін эталондық сұйықтың, ал екіншісін зерттелетін сұйықтың аз мөлшерімен жуыңыз.

2. Түтікшелерге көлемдері бердей сұйық құйыңыз.

3. Әуелі эталон сұйықтың Nэт тамшы санын, содан соң зерттелетін сұйықтың N тамшы санын табылады. Крандарды сұйықтар баяу тамшылайтындай етіп ашу керек.

4. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу үшін өлшеуді кемінде 10 рет қайталаңыз.

Нәтижелерді өңдеу.

1. (5) формуланы пайдаланып, әрбір өлшеу нәтижесі үшін беттік керілу коэффициенті есептелінеді. Егер эталондық сұйық ретінде су алынса, онда t=200C кезіндегі αэт =72,5·10 Н/м болады.

2. Nэт, N және α мәндерін әрбір жеке өлшеулерден кейін кестеге түсіріледі.

3. <α> беттік керілу коэффициентінің әрбір жеке өлшеулерден кейін кестеге түсіріледі.

4. Жанама өлшеулердің қателіктерін есептеудің әдісін пайдаланып, σα стандарттық ауытқу болып табылады.

5. Беттік керілу коэффициентін анықталатын эксперимент нәтижелерінің абсолют және салыстырмалы қателіктері

формулалары арқылы анықталады.

6. <α>, σα, Δα, мәндерін 1-кестеге түсіріледі.

Тәжірибе № Тамшы саны α, Н/м <α>, Н/м σα, Н/м Δα
Nэт N
               
               
               

Бақылау сұрақтары

1. Тамшы санын есептеу арқылы сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтайтын өрнекті қорыту.

2. Тәжірибедегі жүйелік қателіктің мүмкін болатын көздері.

Молекулалық физика және термодинамика бөлімі бойынша кафедрадағы лабораториялық жұмыстар тізімі:

1. Кішкентай шарды тастау әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау

2. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау

3. Адиабаталық ұлғаю әдісімен ауаның меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау

Молекулалық физика бойынша компьютерлік жұмыстар тізімі

1. Табиғи конвекция кезіндегі жылу берілу коэффициентін анықтау

2. Ауаның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау

3. Вакуумдегі металл атомдарының орташа еркін жүру жолының ұзындығын өлшеу

Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.

4. Көшеров Т.С., Мұсабаев А.А., Беркімбаева Г.Р. Жалпы физика курсына арналған лабораториялық практикум. Алматы: “Қазақ университеті”, 2006 ж. 1, 2, 3, бөлімдер.

5. Жалпы физика курсының “Механика және молекулалық физика” бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар. /Құрастырғандар: О.Жүзеев, Б.Сәрсенбаев. Алматы, 1991 ж.

6. Жалпы физикалық практикум: Механика. Молекулалық физика. Оқу құралы./ С.И.Исатаев: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Алматы: Қаз. Университеті 2004 ж.

7. С.И.Исатаев, А.С.Аскарова, Ж. Омірбеков т.б. жалпы физика практикумы, Молекулалық физика, Оқу құралы, Алматы, ”Қазақ университеті”, 200бет.

§12. Молекулалық физика және термодинамика бөлімі

бойынша тест сұрақтары

1. Менделеев – Клапейрон теңдеуін көрсетіңіз:

A) ; B) p = nkT; C) ; D) P = IU; E) ;

2. Қалыпты жағдайда (p 0 = 105 Па) идеал газ V 0 = 1 м3 көлемді алып тұр. Газды изотермиялық түрде p = 5,0 МПа қысымға дейін қысса оның көлемі қалай өзгереді:

A) 0,02 м3; B) 0,03 м3; C) 0,01 м3; D) 0,04 м3; E) 0,05 м3.

3. Идеал газдың молекуласының орташа энергиясы 6,4·10–21 Дж. Газдың қысымы 4 мПа. Бірлік көлемге келетін газдың молекула санын табыңыз:

A) 2×1023 см2; B) 9,38×1017 м–3; C) 6,25×1015 м–3; D) 105 м–3; E) 2×1018 м–3.

4. Идеал газдың температурасы Т 1 = 300 К болғанда, қысымы p 1 = 104 Па, ал температурасы Т 2 = 150 К болғанда p 2 қысымы қандай болады:

A) 2 кПа; B) 3 кПа; C) 4 кПа; D) 5 кПа; E) 6 кПа.

5. Көлемі V = 1 м3 баллонға Т = 640 К температурада массасы m = 1 кг оттегі (M = 32 г/моль) орналастырылған. Баллондағы қысымды табыңыз (R =
= 8,31 Дж/(моль·К)):

A) 166 кПа; B) 98 кПа; C) 124 кПа; D) 192 кПа; E) 150 кПа.

6. Оттегінің (M = 32 г/моль) 1 киломолінің массасын анықтаңыз:

A) 18 кг; B) 24 кг; C) 12 кг; D) 32 кг; E) 36 кг.

7. Массасы m = 0,03 кг (R = 8,31 Дж/(моль·К)), көлемі V = 0,02 м2, қысымы p = 2·105 Па болатын аммиактың NH3 (М = 17 г/моль) температурасын анықтаңыз:

A) 100 К; B) 273 К; C) 160 К; D) 180 К; E) 140 К.

8. Егер меншікті балқу жылуы 1,3·105 Дж\кг болса, 4 кг ақ шойынның кристалдық құрылысын бұзу үшін қанша энергия жұмсау керек:

A) 520 кДж; B) 480 кДж; C) 560 кДж; D) 600 кДж; E) 400 кДж.

9. 5·105 Дж жылу мөлшерімен балқу температурасында алынған қанша қорға­сынды балқытуға болады? Қорғасынның меншікті балқу жылуы 2,5·104 Дж/кг:

A) 10 кг; B) 15 кг; C) 20 кг; D) 25 кг; E) 30 кг.

10. 1 мм3 судағы молекуланың санын табыңыз. Судың тығыздығы 1 г/см3, ал молярлық массасы 18 г/моль. (NA = 6,02×1023 моль–1):

A) 25×1019; B) 3,3×1019; C) 2,5×1020; D) 3,3×1020; E) 3,3×1021.

11. Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 100 °С, егер суды герме­тикалық жабық ыдыста қыздырса қайнау температурасы қалай өзгереді:

A) Өседі; B) Өзгермейді; C) Азаяды;

D) Қайнамайды; E) Ыдыс жарылып кетеді.

12. Төмендегі теңдеудің қайсысы күй теңдеуіне жатпайды:

A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

13. Гей – Люссак заңы қай жерде дұрыс жазылмаған:

A) , p = const; B) , V = const; C) pV = const, T = const;

D) , p = const; E) , V = const.

14. Абсолют температураның өлшем бірлігін көрсетіңіз:

A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.

15. Барометрлік формуланы көрсетіңіз:

A) ; B) ; C) p = nkT; D) ; E) pV = const.

16. Молекуланың ең ықтимал жылдамдығын көрсетіңіз:

A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

17. Изобаралық процестің шартын көрсетіңіз:

A) p = const; B) V = const; C) T = const; D) dQ = 0; E) dS = 0.

18. Изохоралық процестің шартын көрсетіңіз:

A) p = const; B) V = const; C) T = const; D) dQ = 0; E) dS = 0.

19. Идеал газдың абсолют температурасын 4 есе ұлғайтқанда молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді:

A) 2 есе азаяды; B) өзгермейді; C) 4 есе өседі; D) 2 есе өседі; E) 4 есе азаяды.

20. Абсолют температурасы бірдей болған жағдайда сутегі (М = 2 г/моль) және оттегі (М = 32 г/моль) молекулалардың орташа квадраттық жылдамдық­тарының қатынастары қандай:

A) 0,125; B) 0,25; C) 1; D) 4; E) 16.

21. Термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайтын формуланы көрсетіңіз:

A) Q = cm D t; B) Q = h A; C) Q = D U + A; D) Q = Ivt; E) Q = CU.

22. Айналмалы процесс нәтижесінде газ A = 1 Дж жұмыс істейді және суыт­қышқа Q = 4,2 Дж мөлшерде жылу береді. Циклдың ПӘГ-ін табыңыз:

A) 0,192; B) 0,195; C) 0,200; D) 0,205; E) 0,210.

23. Температуралары Т 1 = 500 К және Т 2 = 300 К идеал газдың Карно циклының ПӘГ-ін h табыңыз.

A) 100 %; B) 166 %; C) 60 %; D) 40 %; E) 20 %.

24. Температурадан тәуелсіз жылу сиымдылығы С = 20 Дж/К бар дене t 1 = 100 °С-дан t 2 = 20 °С-қа дейін суиды. Дененің жылу мөлшерін табыңыз:

A) 9 кДж; B) –2 кДж; C) 1,6 кДж; D) –1,6 кДж; E) 0,4 кДж.

25. Газ Карно циклын жасайды. Суытқыштың абсолют температурасынан қыздыр­ғыштың абсолют температурасы 4 есе үлкен. Циклдың ПӘГ-ін анықтаңыз:

A) 80 %; B) 75 %; C) 70 %; D) 65 %; E) 60 %.

26. Қыздырғыштың температурасы 200 °С, ал суытқыштың температурасы 11 °С. Жылу двигателінің ПӘГ-ін анықтаңыз:

A) 30 %; B) 35 %; C) 40 %; D) 45 %; E) 50 %.

27. 3 л суды 100 °С температурада буға айналдыру үшін қанша энергия керек? Меншікті булану жылуы 2,3·106 Дж/кг. Судың тығыздығы 103 кг/м3:

A) 6,0 МДж; B) 6,4 МДж; C) 6,6 МДж; D) 6,9 МДж; E) 7,2 МДж.

28. 1 кДж жылу әсерінен 10 °С температураға дейін судың қанша массасын қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сиымдылығы 4,2·103 Дж/(кг·К):

A) 36 г; B) 18 г; C) 12 г; D) 24 г; E) 1 кг.

29. 110 г алюминийді 94 °С температураға қыздыру үшін 9,1 кДж жылу керек. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығын табыңыз:

A) 1300 Дж/(кг×К); B) 1520 Дж/(кг×К); C) 470 Дж/(кг×К);

D) 880 Дж/(кг×К); E) 1150 Дж/(кг×К).

30. Берілген температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %. Егер қаныққан су буларының тығыздығы 9,3×10–3 кг/м3 болса, абсолют ылғалдылығы қандай:

A) 3,2×10–3 кг/м3; B) 5,6×10–3 кг/м3; C) 4,2×10–3 кг/м3;

D) 5,0×10–3 кг/м3; E) 2,8×10–3 кг/м3.

31. 1 атомды идеал газ адиабаталық түрде 8 есе ұлғаяды. Қысымы қанша есе өзгергенін табыңыз:

A) 8; B) 1/8; C) 32; D) 1/32; E) 1/16.

32. Изохоралық процесте элементар жұмыс неге тең:

A) dA = – dU; B) dA = dQ; C) dA = 0; D) dA = Vdp; E) dA = – dQ.

33. Қыздырғыштың температурасы 727 °С, ал суытқыштың температурасы 27 °С болса, Карно циклының ПӘГ-ін анықтаңыз:

A) 87 %; B) 70 %; C) 75 %; D) 65 %; E) 67 %.

34. Қалыпты жағдайда 2 атомды молекуланың қанша i еркіндік дәрежесі бар:

A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; E) 6.

35. Егер концентрация өзгермеген жағдайда абсолют температурасы 3 есе өссе, идеал газдың қысымын қалай өсіруге болады:

A) 9 есе; B) 6 есе; C) 3 есе; D) 1,5 есе; E) өзгермейді.

36. Карно теоремасын көрсетіңіз:

A) ; B) ; C) ;

D) ; E) .

37. Фиктің диффузия заңын көрсетіңіз:

A) η = D ρ; B) ; C) ; D) ; E) .

38. Бір мольді газ үшін нақты газдардың Ван-дер-Ваальс күй теңдеуін көрсетіңіз:

A) ; B) ; C) ;

D) ; E) .

39. Қисықтық бетпен берілген қысым, Лаплас теңдеуімен сипатталады:

A) ; B) ; C) ;

D) ; E) .

40. Термодинамиканың бірінші бастамасы, ол:

A) Статистикалық жүйелер үшін энергияның сақталу заңы;

B) Абсолют қара дене үшін сәулелену заңы;

C) Екінші ретті фазалық көшуді сипаттайтын заң;

D) Кинематикалық процестерді сипаттайтын заң;

E) Бірінші ретті фазалық көшулер теориясы.

41. Джоуль – Томсон эффектісі:

A) Газдың ұлғаюы кезіндегі температураның өсуі;

B) Екінші ретті фазалық көшу кезінде жүзеге асады;

C) Термодинамиканың екінші бастамасы бұзылған кездегі кванттық эффект;

D) Бірінші ретті фазалық көшулерде жүзеге асады;

E) Фазалық көшулерде жүзеге асады.

42. Жұмыстың өлшем бірлігін көрсетіңіз:

A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.

43. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін көрсетіңіз:

A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.

44. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасын көр­сетіңіз:

A) dQ = cpmdT; B) dQ = dU; C) Cp = CV + R; D) dQ = dA; E) dA = – dU.

45. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші бастамасын көрсетіңіз:

A) dQ = cpmdT; B) dQ = dU; C) Cp = CV + R; D) dQ = dA; E) dA = – dU.

46. Политропты процестің теңдеуін көрсетіңіз:

A) pV = const; B) pVn = const; C) p = const; D) V = const; E) T = const.

47. Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын көрсетіңіз:

A) ; B) U = pV; C) ; D) ; E) ;

48. Майер теңдеуін көрсетіңіз:

A) CV = iR /2; B) Cp = CV + R; C) CV = Cp + R; D) CV = 3 R; E) CV = 2 iR.

49. Азотты N2 (M = 28 г/моль) идеал газ деп есептеп, изохоралық процесс үшін меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз? (R = 8,31 Дж/(моль·К)):

A) 890 Дж/(кг·К); B) 1187 Дж/(кг·К); C) 1039 Дж/(кг·К);

D) 445 Дж/(кг·К); E) 742 Дж/(кг·К).

50. Карно циклын жасаған идеал газ үшін, қыздырғыштан алған 70 % жылу мөлшерін суытқышқа береді. Циклдің ПӘГ-ін табыңыз:

A) 70 %; B) 60 %; C) 50 %; D) 40 %; E) 30 %.

Мазмұны

Алғы сөз......................................................................................................................3

Силлабус.......................................................................................................................4





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5836 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.042 с)...