Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Greate қаттамасымен жұмыс



Greate қаттамасының мазмұны құрылған объектінің типіне байланысты болады. Бірақ кейбір элементтер геометриялық обектілердің барлық типіне қатысады:

- Category (Категория) – объектінің 7 негізгі категорияларының біреуін таңдауға мүмкіндік беретін батырма. Үнсіз келісім бойынша Geometry (Геометрия) категориясы таңдалады.

- Subcategory (Бағыныңқы категория) – объектінің бағыныңқы категориясы таңдалынатын тізім.

- Geometry – бұл стандартты примитивтер, кұрделі примитивтер, объектілер құрамы, динамикалық обектілер.

- Object Type ( Объекті типі) – бір немесе бірнеше типті объектілер құру үшін батырмаларды қамтитын бұрмалы тақта.

- Name and Color (Атауы және түсі) – құрылған объектілердің атау және түсін қамтитын бұрмалы тақта. Үнсіз келісім бойынша объектінің атауы типінен және берілген типте құрылған объектінің реттік санынан тұрады. Түсін өзгерту үшін түс үлгісіне шерту қажет.

- Creation Method (Құру әдісі) – құру кезінде тышқанды қолдану әдісін таңдауға мүмкіндік беретін бұрмалы тақта.

- Keyboard Entry (Клавиатурадан енгізу) – клавиатурадан құрылған объектілердің параметрлерін енгізуді қамтамасыз ететін бұрмалы тақта.

- Parameters (Параметрлер) – құру параметрлерін көрсететін бұрмалы тақта.

Берілген тарауда біз Geometry және Shapes категорияларының

объектілерін қарастырсақ та Greate қаттамасының басқа категория объектілерін қарастырамыз.

- Geometry (Геометрия);

- Shapes (Формалар). Бұл категорияда қисық және қисықтар тобы формасын құру командасы табылады.

- Lights (Жарық көздері). Бұл объектілерді қолдануда кеңістікті жаңарту орындалады.

- Cameras (Камера). Бұлар компьютерлік үш өлшемді кеңістіктің түсіру нүкте қасиеті және формалау жағдайы үшін қолданылады.

- Helpers (Көмекші объектілер). Мұнда визуализацияланбаған, бірақ күрделі кеңістікте жұмыс кезінде пайдалы объектілер орналасқан: бос объект (dummy), қосымша үзік (grid), компас (compass) және тағы басқа.

- Space Warps (Қисық кеңістік);

- Systems (Жүйелер). Мұнда объектілерден тұратын объектілер берілген: коста (bones) персонаждың скелетті анимациясы үшін, ішкі жарық имитациясының екі жүйесі (daylight және sunlight) және сақиналы массив (ring array).

2. Стандартты және күрделі примитивтер

Бұл бөлімде копазисияның негізгі элементі болып табылатын сплайндық форма (shapes splines) және торлық объектілер (mesh object) құру қарастырылады.Стандартты және күрделі примитивтер өз алдарына параметрлік торлық объектілерді қамтиды. «Торлық» термині объект торды негіздейтін бағыныңқы оьектілердің үлкен санынан тұратынын білдіреді. Ол объектінің соңғы үш өлшемді формасын анықтайды.

Торлық объектілер бағыныңқы объектілердің үш типін қамтиды. Олар:

> биіктіктер (vertices);

> қабырғалар (edges);

> грани (faces);





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 820 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...