Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс



Тақырыбы: Adobe Photoshop графиктік редакторы

Жоспар:

1. Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі

2. Құрал-саймандар тақтасы

3. Құжаттармен жүргізілетін амалдар

1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі

Дербес компьютердің пайда болуы көптеген мамандықтарды өзгертті. Баспа ісінде үлкен төңкеріс болды. Компьютерлер жеткілікті дәрежеде мықты болып және сапалы шығару құрылғылары пайда болғаннан кейін жариялау (публикация) істерін автоматтандыратын программалар дами бастады. Олар үстел–үстілік баспасөз жүйелері (DTP – Desktop Publishing). Бұл салада көп жылдар бойы Adobe Systems Inc компаниясы көшбасшы болды. Ол беттерді сипаттау тілі PostScript-тің программалық және аппараттық интерпретаторларын жүзеге асырады. PostScript тілі бейнені шығарудың жоғары сапалы құрылғыларын пайдаланады. Photoshop, Illustrator, Frame Maker, InDesign, Acrobat және т.б. қазіргі заманғы баспасөздің программалық қамсыздандыруының тамаша және мықты жиынтығын құрады. Adobe компаниясы уақыт талабына және компьютердің дамуына қарай баспасөз программаларының дестесін үнемі жаңартып отырады. Adobe Photoshop программасы графикалық редакторлар арасында өзінің кең мүмкіндігі, жоғары тиімділігі және жұмыс жылдамдығы арқасында көшбасшы болып табылады. Программа бейнені жөндеу, баспаға шығару мүмкіндіктеріне ие. Программа Web-дизайн және электрондық жариялауларда кеңінен қолданылады. Adobe Photoshop редакторы растрлық графиканы (bitmapped images) жөндеуге және құруға арналған. Программа фотосуреттер және коллаждар, соның ішінде слайд және мультипликация, Web-беттер үшін бейнелермен, кинокадрлармен жұмыс істеуге арналған.

Photoshop программасын жүктеу бірнеше әдіспен орындалады.

1-әдіс. Жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасында орналасқан Пуск (Start) батырмасын шертіп ашылған мәзірден Программы (Programs), одан кейін Adobe Photoshop командасын таңдау керек.

Қалып-күй жолағы. Қалып-күй жолағының (6) сол жақ бөлігінде бейне масштабының мәні бар өріс орналасқан, бұл өрісті қажетті параметрларды енгізе отырып өзгертуге болады. Жұмыс тобы (Workgroup) батырмасына шерткенде бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі үшін қажетті командалар тізімі ашылады. Үшбұрыш белгілі батырманы шерткенде келесі командалардан тұратын қалып-күй жолағының мәзірі ашылады:

§ Document Sizes (Құжат өлшемдері);

§ Document Profile (Құжат профилі);

§ Document Dimensions (Құжат өлшемдері);

§ Scratch Sizes (Жад көлемі);

§ Efficiency (Тиімділігі);

§ Timing (Уақыт);

§ Current Tool (Ағымдағы құрал).

Егер қандай да бір команда жанында жалауша орнатса, онда қалып-күй жолағының өрісінде осы командаға сәйкес ақпарат шығарылады.

Document Sizes (Құжат өлшемдері) командасына жалауша орнатсақ, қалып-күй жолағының өрісінде қаттамасыз (бірінші сан) белсенді құжат файлының көлемі және бірнеше қаттамалы (екінші сан) файл көлемі көрсетіледі. Document Profile (Құжат профилі) командасын таңдағанда құжаттың түстік профилінің бейнесін аламыз. Document Dimensions (Құжат өлшемдері) командасының көмегімен Edit Preferences Units&Rulers Rulers (Жөндеу Орнатулар Бірліктер және сызғыштар Сызғыштар) командасымен орнатылған өлшем бірліктері бейнеленеді. Scratch Sizes (Жад көлемі) командасы ашық құжатпен алынған жад көлемі және бос жедел жады көлемі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Efficiency (Тиімділігі) командасын таңдағанда жедел жадыны пайдаланудың тиімділігі бейнеленеді. Көп жағдайда беттегі бейне өлшемін білу қажет болады. Ол үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағында ұстап, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны ұстап тұру керек. Бейне өлшемдері, арналар саны, режим және рұқсаттар туралы мәліметтерді алу үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағына орнатып, алдын-ала <Alt> пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек.

Программа мәзірі. Программа мәзірі бейнені және құжатты басқару функцияларының жақындығы бойынша бұтақ тәрізді байланысқан командалар тобын құрайды. Мәзір командаларының негізгі топтарының тізімі: File (Файл). Edit (Жөндеу). Image (Бейне). Layer (Қабат). Select (Ерекшелеу). Filter (Сүзгіш). View (Түр). Window (Терезе). Help (Көмек).

2. Құрал-саймандар тақтасы

Adobe Photoshop программасының негізгі тақталарының бірі – Toolbox (Құрал-саймандар тақтасы). Бейнені өңдеу әр түрлі тәсілдерден тұрады, олардың әрқайсысы үшін ерекше құрал-сайман бар. Барлық құрал-саймандар орналасқан Toolbox тақтасы әрқашан экранда тұруы керек. Үнсіз жағдайда ол негізгі терезенің сол жағында орналасқан. Тақтадағы әр құрал-сайманға белгісі бар батырма сәйкес келеді. Ұқсас құралдар топқа біріктірілген. Тақтада топтың бір ғана құралы көрініп тұрады, ал қалғандары жасырын болады. Photoshop программасының құрал-саймандар тақтасының ерекшелігі балама құралдардың бар болуы. Жасырын балама құралдардан тұратын батырмалар кішкентай қара үшбұрыш белгімен белгіленген. Егер мұндай батырмаға тышқан меңзерін бірнеше секунд ұстап тұрса, жасырын құралдың батырмалары бар қалқымалы тақта пайда болады. Топтың қажет құралына шерткенде ол көрінетін болады, ал алдыңғысы жасырынады. Toolbox тақтасының төменгі жағында белсенді түстерді басқару батырмалары, үлкейту режимдерінің және программаның негізгі терезесінің қайта-қосқыштары орналасқан. Түстік тіктөртбұрыштар: фондық және жұмыс түстерінің үлгілері. Жұмыс түсінің үлгісі жоғарғы тіктөртбұрышта орналасқан. Дәл осы түске бояу және сурет салу құралын қолданғандағы бейне нүктелері ие болады. Фондық түс нүктелерге бейне үзінділерін өшіргеннен кейін меншіктеледі. Фондық және жұмыс түсін туынды түрде анықтауға болады. Үнсіз жағдайда – бұл қара және ақ түстер. Үлгілердің орындарын ауыстыру үшін оң жақтағы екі түс тіктөртбұрыштарының арасындағы бүктелген екіжақты бағыттағышты қолданады. Кез-келген уақытта үнсіз жағдайда түстерге сол жақты белгімен қайтуға болады.

1. Marquee (Ерекшелеу)

2. Move (Орын ауыстыру) құралы.

3. Lasso (Лассо)

4. Magic Wand (Сиқырлы таяқша) құралы.

5. Crop (Қию) құралы.

6. Slice (Үзінді) құралы.

II. Тақтаның екінші тобында сурет салу үшін арналған дәстүрлі Қалпына келтіруші қылқалам/Жамау/Түсті ауыстыру, Қарындаш/Қылқалам, Өшіргіш/Фонды өшіргіш/Сиқырлы өшіргіш, Штамп/Клондаушы штамп, Тарихи қылқалам/Оюлы қылқалам, Жуу/Қанықтылық/Саусақ, Градиент/Бояу, Жарықтандыру/Қараңғылау/Мақта сияқты құрал-саймандар бар.

3. Құжаттармен жүргізілетін амалдар

Photoshop программасы файлдардың әртүрлі пішімдеріндегі бейнелерді ашуға және сақтауға мүмкіндік береді. Пішім дегеніміз файлда бейне туралы ақпаратты ұйымдастыру әдісі, бұл файлды басқа қосымшаларда қолдануға мүмкіндік береді немесе оларды Internet-те, Web-беттерде қолдануға болады. Windows әлемінде файл пішімін жекешелеу (идентификациялау) үшін оның атына қосылатын үш әріпті кеңейтпесі қолданылады, мысалы, мәтіндік құжат үшін.doc немесе графикалық бейне үшін.bmp. Macintosh компьютерлерінің қолданушылары үшін файлдар кеңейтпесін қолдану қажеттілігі тек РС платформасындағы компьютерлер қолданушыларымен осы файлдармен алмасу жасағанда немесе оларды Web-беттерде орналастырғанда туады. Олар Preferences File Handling (Жалпы баптаулар Файлдарды басқару) командасының көмегімен ашылатын Append File Extention (Файл кеңейтпесін қосу) опциясын қолдана отырып файл аттарына кеңейтпелерін қосуды белсенді етеді немесе өшіреді. Photoshop-та көбіне өзінің файл пішімі.psd қолданылады. Бұл пішімнің кемшілігі мұндай файлдарды басқа программаларда ашқанда қиындықтар туындауы мүмкін. Бейне файлдарын әртүрлі программаларда қолдану қажет болғанда, оларды баспаға шығарғанда немесе оларды Web-беттерде орналастыру қажет болғанда, жалпылама пішімде сақтау қажет. Photoshop CS-да Large Document Format (.psb) жаңа пішімі құрылған. Ол үлкен өлшемдегі файлдарды сақтауға арналған. Бұл пішім мегапиксельдік сандық фотокамераларды қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған, себебі оның көмегімен үлкен өлшемдегі бейнелер үшін қабаттар жиынын құруға, өңдеуге және сақтауға болады. Бұл пішім жаңадан құрылғандықтан, ол әлі басқа программаларда қолданылмайды,.psb кеңейтпесімен сақталған кез-келген файл тек Photoshop CS-да ғана ашылады. Жұмысты бастау үшін файлды ашу керек немесе жаңа файл құру қажет. Жұмысты аяқтағанда өзгерістерді сақтап, құжатты жауып және программадан шығу қажет. Файлды басқару командалары File (Файл) мәзірінде орналасқан, мәзірдің командалар атауының жанында олардың жылдам өту батырма комбинациялары көрсетілген.

Кілттік сөздер:

Navigator (Навигатор) палитрасы бейнені үлкейту үшін арналған. Сол жақ төменгі бұрышта бейнені өзгерту өлшемдері пайызбен беріледі. Бейне өлшемін үлкейтіп қажетті үзіндіні таңдауға болады. Ол үшін жиекті тышқанмен қажет үзіндіге апару қажет. Мұнда тышқан меңзері қол сияқты түрге ие болады.

Info (Ақпарат) палитрасының көмегімен ақпаратты сандық көрсеткіштер түрінде алуға болады. Бұл ақпарат ерекшеленген аймақ түсіне, өлшеміне, түрленетін аймақтың иілу бұрышына, масштабталуға, меңзер орнына байланысты болады.

Color (Түс) палитрасы көмегімен негізгі және фон түсін беруге болады. Ұшбұрыш белгілі дөңгелек батырмаға шерткенде түс моделі таңдалатын палитра мәзірі ашылады. Сырғытпаларды қозғалтып, араластыру арқылы түсті алуға болады.

Swatches (Үлгілер) палитрасы дайын түс үлгілерін қолдану үшін арналған. Палитра мәзірінде командалармен қатар түстер кітапханасы орналасқан.

Styles (Стильдер) палитрасы дайын стильдерді, түстер үлгілерін және әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Оларды Layers (Қабат) палитрасынан ашылатын диалогтік терезеде жөндеуге және қосуға болады.

History (Тарих) палитрасы бейнеге орындалатын барлық амалдарды тіркейді. Тіркелетін амалдардың максимал мәні 100-ге тең. Бұл палитра көмегімен команданы болдырмауға, өңделіп жатқан бейненің кез-келген жағдайына келуге, кез-келген әрекетті өшіруге, бейненің аралық жағдайын (Snapshot) сақтауға болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1536 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...