Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Utilities (утилиттер)



Үнсіз келісім бойынша командалар тақтасы Мах басты терезесінің оң жақ бөлігінде орналасқан және экран бойымен жылжымайды. Бірақ қажет болған жағдайда оны Floating Panels (қалқып жүрген тақта)режиміне қосуға болады, сол кезде ол басты терезенің кез келген жеріне орналаса алады.

· Көрініс терезесі - программаның негізгі жұмыс аймағы. Бұл жерде сахнадағы жобаның геометриясы, материалдар, текстуралық карталар және қызметтік мәліметтер көрінеді. Көрініс терезелері нұсқалардың кейбіреуінен таңдалатын бақылаушының көру нүктелерінің жинағын қолдануы мүмкін. Ол белсенді немесе белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді көрініс терезесі периметірі бойынша сары жиекпен қоршалады және нысанаға әрекет жасау үшін қолданылады. Терезенің атауы оның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады, және оның барлық түзетулері оның бетіне тышқанның оң жағын басу арқылы шақырылады. Бұл жағдайда контекстік мәзір пайда болады- басқарудың тағы бір элементі.

· Контекстік мәзір - сахнаның өзгертілген нысанасында немесе интерфейс элементінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын командалар және құралдар тізімі. Бұл тізім бірнеше факторларға тәуелді, және рұқсат етілген әрекеттерді жылдам қолдануға мүмкіндік береді.

· Қалыпкүй және сыбыр жолы - басты терезенің қызмет аймағы.

Max- таңдалған обьектілер, олардың орын ауыстыру шамалары, бұрылыстар және масштабтау коэффиценттері, байланыстырудың ағымдағы баптауы және тағы да басқа деректер жайлы барлық мағлұматтарды сипаттайды. Қалып күй және көмек көрсету жолдарында пайдаланушыға команданы шақырғаннан кейінгі немесе объектілерді құрудың және редактрлеудің нақты құралдарын таңдағаннан кейінгі әрекеттерді көрсете алатын біраз мағлұматтар, түр терезелерінің навигациялары және тағы басқалар бар.

2. Интерфейсті баптау

Интерфейсті баптау сирек қолданылады. Бірінші жағдайда программамен танысу үшін, ал басқа жағдайларда- жұмыстың түрлері, жүйені қайта қалпына келтіру, жаңа нұсқаларға ауыстыру және тағы басқалар үшін пайдаланылады. Бірақ соған қарамастан бұл мәселе өте маңызды, сондықтан оны нақтырақ қарастырайық. Ең алдымен, бақылаушының көру нүктесін орнатуға мүмкіндік беретін түр терезелерінің конфигурациясын баптау қажет:

· Top (жоғарыдан көрініс);

· Front (алдынан көрініс);

· Left (сол жақтан көрініс);

· Right (оң жақтан көрініс);

· Bottom (төменнен көрініс);

· Back (артынан көрініс);

· Perspective (перспектива);

· Camera xx (камерадан көрініс);

· Light xx (жарық көзімен көрініс);

· User (аксонометриялық, пайдаланушылық көрініс);

Қажетті көріністі түр терезесінің атауының жазбасында тышқанның оң жақ батырмасын баса отырып контекстік менюден таңдау қажет, ал көрініс экранының конфигурациясын баптау үшін Configure (баптау) пунктін шақыру керек. Нәтижесінде Viewport Configuration (экрандар конфигурациясы) диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Layout (құрастыру) бетбелесін таңдау қажет. Көрініс экрандарының топтарының стандартты жиынтығынан жұмысқа ең ыңғайлысы алынады. Көпнесе өлшемдері бірдей төрт түр терезелерінен тұратын жиынды таңдаған дұрыс. Таңдап алынған жиынның әрбір көру терезе сызбасының шекарасында сол жақ батырманы басып, контекстік менюден керектісін белгілеу керек.

Кілттік сөздер:

Main Toolbar (Негізгі панель құралдары ) және reactor. Layers (Қабат), Axis Constraints (остері бойынша шектеулер) и Extras (Қосымша құрылғылар).

Modifiers (Модификаторлар), Character (Персонаж), Animation (Анимация),Graph Editors (Графикалық редактор), - Rendering (Визуализация), Customize (Баптау).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 876 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...