Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Қабаттармен жұмыс. Арналар. Бейнелерді редактрлеу



Жоспар:

1. LAYERS (Қабаттар) жұмыс

2. Арналармен жұмыс

1. LAYERS (Қабаттар) жұмыс

Қабаттарды құру үшін, қосарлау, біріктіру және жою үшін әдейі қолданатын палитра Layers (Қабаттар) деп аталады.\ Tutorial каталогындағы POSTCARD. PSD файлын ашыңыз. (Келесі операцияларды файылдардың көмегімен істеген жөн). Windows (терезе) менюін ашыңыз, Palettes (палитралар) бйрығын таңдаңыз және ашылған тізімде Show Layers (қабаттарды көрсету) бұйрығын орындаңыз. POSTCARD. PSD құжаты - көпқабатты (сондықтан да ол Adobe Photoshop бағдарламасының ерекше пішінінде сақталады). Палитра жақтаушының астыңғы шекарасына меңзерді әкеп қойыңыз, сонда бағдарша екі бағытта болады. Пернені басыңыз да, астыға тартыңыз. Палитраның жақтаушысы созылғаны соншалық, барлық жеті қабаты палитра терезесінде сыйды.

Аппликация сияқты, қабаттар саны бейнелеу тәсілі қолдануға мүмкіндік берді. Қабаттарда орналасып, кескін «объектіге» айналады. Қабаттардың ретін ерікті ауыстыруға болады. Бұл сізге әртүрлі күшті нәтижелерді алуға мүмкіндік береді, пикселді салу, көрінбеушілік деңгейімен және т.б. тәсілдермен байланысты. Меңзерді Hower жолына қойыңызда, тышқанның батырмасын басып астыға тартыңыз. Штрихты үшбұрышты Shadow жолының астыңғы бөлігіне ауыстырыңыз да қайтадан қайтарыңыз. Негізгі қабат әрдайым астыда орналасқан. Сондықтан оның орнын ауыстыруға болмайды. Background (артқы жағы) қабатын екі рет шертіңіз. Экранда Make Layer (Қабатты жасау) диалогтық терезесі ашылады. Онда негізгі қабатқа үндемеу бойынша Layer 0 (Қабат 0) атын береді. OK басасыз. Енді негізгі қабат қатарлы қабат болды. Қабаттарды екпіндіру. Sun қабатын шертіңіз – ол жанды, яғни берілген стөл екпінді болды (target) [9].

Құжат терезесінің басында: аты, масштабы, түстік моделімен қатар, екпінді қабаттың аты да бар. Әр мезетте тек бір ғана қабат бола алады. Тек соған ғана бұйрықтар және аспаптың іс әрекеттері қолданылады. Қабатты екпіндеуді басқа жолмен де алуға болады. Ол үшін: Move (орнын ауыстыру) аспабын қосып, < Ctrl > пернесін басыңызда, меңзерді кескінге алып келіңіз және тышқанның батырмасымен шертіңіз. Сөйтіп, кескін екпінделді. POSTCARD. PSD құжатын File (Файл) менюінен Close (Жабу) бұйрығымен жабыңыз. Adobe Photoshop бағдарламасы құжатта құруға болатын қабаттардың санын шектемейді. Олардың нақты саны тек сіздің компьютеріңіздің техникалық параметрлерімен ғана шектеледі. Жаңа қабатты бірнеше тәсілмен қосуға болады. \ TUTORAL, каталогындағы SEASONS. JPG құжатын ашыңыз. Көріп отырғандай, мұнда тек бір ғана қабат бар. Құжатты Save as... (Қалай сақтау керек...) бұйрығымен және PSD пішініндегі SEASONS1 атымен сақтаңыз. Енді басқа жолмен көрейік. New Layer (Жаңа қабат) пиктограммасын шертіңіз, Қабаттар палитрасының төменгі жағында орналасқан. Экранға New Layer (Жаңа қабат) диалогтық терезесі шығады. Диалогтық терезеде қабаттардың келесі параметрлері орнатылған: жүз пайыздық көрінбеушілік және салудың жай тәртібі. Layer1 атының орнына Sun сөзін енгізіңіз. Opacati (Көрінбеушілік) параметрін 40%-ға тең етіп орнатыңыз. OK пернесін басыңыз. Палитрада жаңа Sun жолды қабат шықты.

2. Арналармен жұмыс

Екпінді бір немесе бірнеше арна бола алады. Келісім бойынша, алдымен біріктірілген арна екпінді болып табылады. Red (қызыл) сөзін тышқанмен шертіңіз. Қалған арналар сұр түске ие болады, ал Red (қызыл) арнасы ақшылданады. Green (жасыл) арнасында «Көз» пиктограммасын тышқанмен шертіңіз. Кескін күлгін түсті болады. «Көз» пиктограммасы арнаны «көрінетін/көрінбейтін» белгілері бойынша бейнелейді. Кез-келген арнаны көрінетіндей немесе көрінбейтіндей қылып істеуге болады. Ал біріктірілген арна бейнеленеді, егер барлық арналар көрінетін болса. Blue (Көк) арнасында «Көз» пиктограммасын тағы да шертіңіз, енді кескін қызыл түсті болады. File (Файл) менюін ашып, Preferences (орнатулар) бұйрығын орындаңыз және General... (негізгі...) бұйрығын орындаңыз. Color Channels in color (түстік арналар түсте) опциясын қосыңыз. OK пернесін басыңыз. Енді қызыл түстің арнасы қызыл түсте бейнеленеді. Бұл орнату конфгурацияланған файлда сақталынады. Арналар палитрасындағы бетбелгінің оң жағындағы үшбұрышты көрсеткішті шертіңіз. Ашылған бұйрықтар тізімінде Palette Options... (Параметрлер палитрасы...) бұйрығын орындаңыз. Бұл терезеде тек миниатюраның өлшемін анықтайтын бір жол бар. Жаңа арнада ерекшеленген аймақты сақтау үшін, жаңа арнаны құру үшін, әрине, арнаны жою үшін де арналған.

Кілттік сөздер:

Қабаттарды құру үшін, қосарлау, біріктіру және жою үшін әдейі қолданатын палитра Layers (Қабаттар) деп аталады





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2463 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...