Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Асиеттері: Items, ItemIndex



TComboBoxStyle типті Style қасиеті аралас тізімнің сыртқы түрін және тәртібін анықтаиды. Style қасиеті келесі мәнді қабылдаиды.

- CsDropDown-редактрлеу жолы бар ашылатын тізім. Қолданушы тізімнен керекті элементі тандауына немесе енгізуіне болады.(үн. жағ)

- CsSimpe – үнемі тізімі ашылып тұратын редактрлеу өрісі. Тізім толық көріну үшін компютердің Height қасиетімен биіктігін үлкеитеміз.

- CsDropDownList- тізімнен элементтерді таңдауды ұйымдастыратын ашылатын тізім.

- CsOwnerDrawFixed - ItemHeight қасиетімен берілетін бекітілген биіктіктегі тізім.

- CsOwnerDrawVariable - әртүрлі биіктікті қабылдайтын элементтер тізімі.

Егер тізім стилі соңғы екі мәнді қабылдаса, онда тізімдердің шығуын программалаушы программа жазу барысында өзі орындйды.

o Intger типті DropDownCount қасиетін ашылатын тізімде бір уақытта көрсетілетін жолдар санын анықтаиды. Қасиет үнсіз жағдайда 8 мәнін қабылдайды.

o Boolean типті DroppedDown қасиеті тізімнің ашылған немесе жабық күйде тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді. Егер қасиет True мәнін қабылдаса, ол арқылы тізім ашылған түрде көрінеді. DroppedDown қасиеті егер Style қасиеті CsSimple ға тең мән қабылдаса ғана қолданады.

Аралас тізіммен жұмыс жасағанда келесі оқиғаларды қолдануға болады.

- onDropDown (тізімді ашу)

- on CloseUp (тізімді жабу)

- on Select (элементті тандау)

- on Change (редактрлеу өрісіндегі мәтінді өзгерту)

Мысалы: Таңдау командасын пайдаланып арифметикалық төрт амалды орындаитын програма жазу керек.

Procedure TForm1.Button1Click(S:To);

Var x,y,z:real;

Begin

X:=StrToFloat(Edit1.Text);

Y:=StrToFloat(Edit2.Text);

Cuse ComboBox1.Itemindesp of

0:begin

z:=x+y;

Label1.Capt:=Edit1.Text+ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+Edit2.Text+’=’+floatlostrf(z,FFFixed,4,2);

End;

------------------------------------------------------------------------------

3:beginz:=x/y;Label1.Capt:=Edit1.Text+ ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+Edit2.Text+

+’=’+ floatlostrf(z,FFFixed,4,2);

End;

Ebd;

End;

Дәріс №5. Көпжолдық редакторлар. Циклдық алгоритмдерді программалау. Массивтермен жұмыс.

Жоспар: Көпжолдық редакторлар. Көпжолдық редакторлардың қасиеттері, оқиғалары және әдістері.

Memo және RichEdit - компоненттері көпжолдық редакторлар болып табылады. Бұл компоненттер көмегімен бірнеше жолдан тұратын мәліметтер өңделеді.

Көпжолды редактор мәтіндермен жұмыс жасау үшін Delphi-да MEMO компоненті қызмет атқарады. Memo компоненті үлкен көлемді мәтінді енгізуге рұқсат береді, сондықтан оны символдық массивтерді енгізу үшін қолдану тиімді. Memo компоненті формаға басқа компоненттер сияқты қойылады. Memo компонентінің белгішесі Standard парақшасында орналасқан.

Көп жолды редактор бір жолды редактор орындайтын әрекеттерді орындай алады. Көп жолды редактор бір жолды редактордан айырмашылығы ол бірнеше жолдарды қамтиды. Көп жолды редактордың барлық мазмұнына қатынасу үшін.

String типті Text қасиетін пайдаланамыз.

Бұл жағдайда MEMO – компонентінің барлық мазмұны бір жол түрінде көрсетеді.

MEMO – компонентінің жеке жолдарымен жұмыс жасау үшін Tsring типті Lines қасиетін пайдаланамыз. Жолдық массивтің реті 0-ден басталады

Мысалы: Көп жолды редактормен және оның жолдарымен әрекеттер орындау.

MEMO 1. Lines [2]:= “мысал”;

MEMO1.Clear

MEMO1.Lines.Add(‘жол қосу’);- жол қосады.

Memo компонентінің қасиеттері

Қасиеті Анықтамасы
Name Компонент атауы. Программада компоненттің кейбір қасиеттеріне рұқсат ретінде пайдаланылады.
Text Memo өрісінде орналасқан мәтін. Бүтін ретінде қарастырылады.
Lines Memo өрісінде орналасқан мәтін. Жолдар жиынтығы ретінде қарастырылады. Жолға өту жолдың номері арқылы жүзеге асады.
Lines.Count Memo өрісіндегі жолдар саны
Left Өрістің сол жақ шетінен форманың сол жақ шетіне дейінгі ара қашықтығы
Top Өрістің жоғарғы жақ шетінен форманың жоғарғы жақ шетіне дейінгі ара қашықтығы
Height Өрістің биіктігі
Width Өрістің ені
Font Енгізілген мәтін мазмұнын көрсету қарібі
ParentFont Форма қарібінің мінездемесін мұрат ету белгісі

Memo компонентін қолдану кезінде массив элементтерінің мәндерін енгізген кезде әр жолға енгізу қажет және массив элементтерін енгізгеннен кейін <Enter> пернесін басу керек.

Memo өрісінің мәтін жолына өту үшін тік жақшада керек жол нөмірін (нөмірлеу 0-дан басталады) көрсету арқылы Lines қасиеті көмегімен жүзеге асырылады.

Төменде 5.5 листингта көрсетілген программа Memo компоненті көмегімен символдық массивті енгізудің мысалын көрсетеді.

Символдық массивті Memo компоненті көмегімен енгізу процедурасының негізгі циклы мынандай түрде болуы мүмкін:

For i:=1 to SIZE do

a[i]:= Memo1.Lines[i];

мұндағы:

· SIZE – массив өлшемін көрсететін атаулы тұрақты;

· a – массив;

· Memo1 – Memo компонентінің аты;

· Lines – әр элементі Memo компонентінің бір жолынан тұратын, массив болатын Memo компонентінің қасиеті.

Программа формасы 5.1- суретте көрсетілген. Memo өрісінен басқа онда, шерткен кезде Memo өрісіне массив элементтері мәндері жазылатын, командалық батырма (Button1) орналасқан.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1419 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...