Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Tscrollstyle – Scroll Bars



- SSNone – айналдыру жолағы болмайды (үнсіз жолақ)

- SSHorizontal – көлденең айдандыру жолағы

- SSVertical – тік айналдыру жолағы

- SSBoth – горизонтальды және вертикальды жылжыту жолағы пайда болады.

Бір жолды редактордан Memo компонентінің ерекшелігі Memo – Enter – клавишасын басуға реакция береді, яғни бұл жағдайда жаңа жолды енгізуді орындау үшін

Boolean -типті Wantrefurns қасиетіне True мәні меншіктелуі керек.

Көп жолды редактор RichEDIT – WIN32

Ақпаратты редактрлеуге арналған үшін барлық компоненттер бір-біріне ұқсас болады. Өстіп жалпы әдістерге оқиғаоарға, қасиеттерге ие болады. Редактрдің мазмұнын өзгерту кезінде

TNotifEvent – типті OnChang оқиғасы пайда болады.

Сонымен қатар редактордың мәліметтерін өзгертү үшін

Boolean -типті Modrfild қасиетті бар. Өзгеріс енгізілсе ол True мәнін қабылдайды.

Редактрлеу элементінде максималды қанша символ енгізуге рұқсатты, қамтамасыз ету үшін.

Integer – типті Maxlength қасиеті бар.

Seltext,Autoselect, Selstart,Selength – қасиеттері мәтінін ерекшеленген жеке бөліктерінен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды.

Boolean -типті Autoselect қасиеті мәтін енгізу фоксын қабылдаған кезеңде,редактрлау элементтерінің мәні автоматты түрде ерекшелетінін анықтайды.

String - типті seltext – қасиеті ерекшеленген мәтін бөлігін анықтайды.

Integer – типті sellength және бастапқы позициясын және ерекшеленген бөліктің ұзындығын анықтайды.

Егер де бөлігі программалық түрде ерекшеленетін болса, мысалы: х жолды іздеу жағдайда ол қандай да бір түспен ерекшеленуі керек болса онда

Boolean – типті HideSelection қасиетіне False мәнін орнату қажет.

Мәтіннің ерекшеленген бөліктерімен амалдар орындау үшін

Select All, CopyToClipBoard;

CutToClipBoard әдістер қолданады

SelectAll -әдісі редактрлеу өрісіндегі барлық мәтінді ерекшелейді.

CopyToClipBoard -әдістерді алмастыру буферіне мәтіннің ерекшеленген бөлігін көшіреді, ал CutToCipBoard әдісі.

Алмастыру буферімен жұмыс жасау үшін

PasteFromClipBoard - әдісін пайдаланамыз. Ол алмастыру буферіндегі мәтіннің бөлігін курсор тұрған қажетті орынға қояды.

Редакрлеу элементіне енгізілген мәтінді тексеру үшін OnExit – оқиғасын пайдалануға болады.

Дәріс №6. Батырмалармен және ауыстырыпқосқыштармен жұмыс

Жоспар: Стандартты батырма. Суретті батырма. Жылдам рұқсат алу батырмасы. Жалауша. Ауыстырыпқосқыш.

Кілттік сөздер: Батырмалар. Button, BitBtn, SpidButton, CheckBox, RadioButton.

Иллюстрациялық материал: слайд

Батырмалар басқару элементтері болып табылады және қандай да бір функционалдық іс-әрекетті орындауға команда беру үшін қызмет етеді, сондықтан оларды көп жағжайда командалық батырмалар деп атайды. Батырма үстінде мәтін және/немесе графикалық бейне болуы мүмкін. Дельфи жүйесі батырмалардың келесі түрлерін ұсынады: Button – стандартты батырма, BіtBtn-суретті батырма, SpeedButton-жылдам рұқсат алу батырмасы.

Стандартты батырманың үстінде тек жазба ғана болады. Батырманың негізгі оқиғасы – OnClick оқиғасы.

BіtBtn батырмасы - суреті бар және анықталған типті әрекет жасайтын батырма. Батырмаларға арналған суреттері бар файлдардың стандартты жиынтығы C:\ProgramFіles\Borland\Delphіx.0\Іmages\Buttons бумасында орналасқан. Бұл объектіге мынандай жаңа қасиеттер тән: Glyph– файлдан алынған батырмадағы сурет; Kіnd– стандарты әрекет типі.

SpeedButton батырмасын саймандар тақтасында батырма құру үшін қолданады. Объектінің келесідей қасиеттерін қарастырайық: Margin – сурет пен оған жақын тұрған батырманың арасындағы пиксельмен берілген арақашықтық; Layout – батырмадағы сурет пен мәтіннің орналасуы; Spacing – мәтін мен сурет арасындағы пиксельмен берілген арақашықтық.

Берілген бір топ ауыстырып қосқыштардың барлық мәндердің ішінен біреуін ғана таңдауға болады. Ол таңдалған және таңдалмаған күйде болуы мүмкін. Топта бір мезгілде ауыстырып қосқыштың біреуін ғана таңдауға болады. Топта жеке бір ауыстырып қосқыш қолданбайды.

Жалауша (тәуелсіз ауыстырып қосқыш)

Жалаушалардың ауыстырып қосқыштан айырмашылығы, жалаушаларды бір мезгілде әр түрлі комбинацияларда қоюға болады. (Осындай жағдайларда барлық жалаушаларды орнатуға немесе алып тастауға болады.) Жалауша орнатылған және алынып тасталған күйде болуы мүмкін. Жеке жалауша көбінесе жағдайда, мысалға қандайда бір режимді қосуға өшіруге қолданылады.

Ауыстырып қосқыш пен жалаушалардың анализ күйі программистерге өзіне керекті операцияларды оындауға керек.

ChekBox, RadioButton және RadioGroup компоненттері Delphi жүйесінде ауыстырып қосқыш пен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. ChekBox пен RadioButton компоненттер класы және де Button батырмасы сияқты, TbuttonControl класынана шыққан. Сондықтан осы ауыстырып қосқыштарды кейде фиксациалды батырма деп атайды.

ChekBox - тәуелсіз фиксация, RadioGroup- тәуелді.

Жалауша ChekBox компонентімен ұсынылады. Жалауша басқа жалаушалардың тәуелсіз орындалады, оларды бір топқп қосып, ортақ

бір атпен тұрғанына қарамастан, мысалға, Code generation және Syntax options. Жалауша мәтіндік тақырыпша мен тікбұрыш болып көрінеді. Егер тікбұрышта қанат белгісі болатын болса, онда ол жалаушамен көрсетілген опциясы қосылған (осындай жағдайда жалауша белгіленген деп атайды). Егер тікбұрыш болса, онда жалауша алынып тасталған. Бір жалаушамен жасалған іс- әрекеттер басқа жалаушалардың күйіне әсер етпейді, егер ол арнайы қарастырылған болмаса, бұл практикада тым сирек қолданылады.

Boolean типі Checked жалаушының күйін анықтауға болады. Үнсіз жағдайда ол False мәнін қабылдайды, жалауша алынып тасталған.

Тышқанды шерту арқылы жалаушаның күйін ауыстыруға болады. Егер жлауша алынып тасталған болса (қосылмаған), онда шерткеннен кейін ол орнатылады (қосылған), және керісінше. Содан кейін Checked мәні өзгертіледі. Жалаушаны <пробел> батырмасы арқылы өшіруге болады. ChekBox компоненті фокс кірісінде болса, ал тақырып қара пунктілі тікбұрышпен қоршалған.

Мысалы

If CheckBox1.Checked then

MessageDlg (‘уақыт ақталды’,mtError,[mb0k],0);

Уақыт аяқталды! Хабарландырылуы ChekBox жалаушасы қосылып тұрған кезінде беріледі. Берілген уақыттың аяқталуын хабарлайтын реттеуіш.

Жалаушаны Checked- пен керекті мәнді қоюға болады.

ChekBox2.Checked:=True;

ChekBox3.Checked:=False;

Жалаушаны өзгертуге болмайтындай қалдыру үшін Enabled мәнін False қылдырып орнату керек(қорғаныс қою).

CheckBox1.Enabled:=False;

Қорғанысқа қойғаннан кейін оның мәні қорғанысқа дейінгі күйін сақтайды, яғни осы жалауша орнатылған немесе алып тасталған күйде болуы мүмкін.

Орнатылған немесе алып тасталған екі күйден басқа, жалауша үшінші күйдеде болуы мүмкін жалаушаның күйін өзгертуге болмайды. Бұл күйдің болуы немесе болмауы Boolean типті AllowGrayed қасиеті басқарады. Егер оның мәні True болса, онда тышқанның батырмасын шерткен кезде жалаушаның үш күйдің арасындағы циклдық ауысу өтеді: орнатылған, алынып тасталған және өзгертуге болмайтын. Өзгертуге болмайтын жағдайда жалаушаның түсі сұр болады, ал тік бұрышта қанат белгісі болады.

TCheckBoxState типі State жалаушаның анализбен орнатудың үш күйінің бір мәнін атқарады. Ол келесі мәндерді қолданады:

cbChecked (жалауша қосылмаған)

cbGrayed (жалауша қосылған)

cbUnchecked (жалаушаға қатынас алмаймыз).

Жалаушаның мәнін өзгерткен кезде OnClick оқиғасы пайда болады, қандай күйге өтседе ол тәуелсіз болады. Кейде OnClick оқиғасы жалаушаның күйімен орындалып жатқан іс- әрекеттің қадағалайды. Мысалы ретін жалауша күйін таңдайтын процедураны келтіреміз.

Procedure TForm1.CheckBox3Click(Sender:TObject);

Begin

Case CheckBox3.State of

cbUnchecked:CheckBox3:=’жалаушаға қосылмаған’

cbChecked: CheckBox3:= ‘жалауша қосылған’

cbGrayed: CheckBox3: ‘жалаушаға қатынас алмаймыз’

end;

end.

CheckBox3 жалаушасы ауыстырып қосқанда өзінің күйін бейнелейді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...