Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс №7. Басқару элементтерін біріктіру



Жоспар: Панель. Айналдыру аймағы. Фрейм.

Кілттік сөздер: GroupBox, Panel, ScrollBox, Frame

Иллюстрациялық материал: слайд

Қосымшаны өңдеу кезінде әр түрлі злементтерді біріктірудің немесе топтаудың қиыншылықтары жиі туындайды. Топтау, қосқыштарымен жұмыс жасағанда немесе саймандар тақтасын құрғанда қажет болады. Элементтерді біріктіру арнайы контейнер компоненттерінің көмегімен орындалады. Контейнер дегеніміз- бетінде басқа компоненттер орналастыруға болатын визуалды компонент. Контейнер осы компоненттерді топтарға біріктіріп, олардың иесі болады. Сондай-ақ, иелері өзінің тұқымдық элементтерінің түрлеріне жауап береді. Тұқымдық элемент иесіне PARENT қасиеті арқылы сілтенеді.

Әр түрлі объектілер үшін Delphi жүйесі мынандай компоненттерден тұратын әмбебап контейнер ұсынады.

· Group Box тобы;

· Panel- панель;

· Scroll Box- айналдыру аймағы;

· Frame- фрейм (рамка);

Форма, қосымшаның интерфейсті бөлігін құрастыру контейнері болып табылатынын ескертейік. Форма- өзінің жатқан барлық компонеттердің иесі болып табылады.

Топ

Топ- функционалды байланысқан басқару элементтерін визуалды белгілеуге қолданылады. Топпен жұмыс жасау үшін Delphi Group Box компонетін ұсынады. Ол компонентің сол жақ жоғарғы бұрышында, өзіндегі басқарудың біріктірілген элементтерінен тұратын тақырыпшадан тұрады.

Панель

Панель- басқарудың басқа элементтерін орналастыруға болатын контейнер. Панельдер, топтаудың виэуалды құралы ретінде, сондай-ақ саймандар тақтасы мен қалыпкүй жолдарын жасауға қолданылады. Панельдермен жұмыс жасау үшін Delphi-де Panel компоненті тағайындалған.

Панельдің қыры екі жүзді: ішкі және сыртқы. Ішкі жүз панельді көмкереді (обрамляется), ал сыртқы- ішкінің айналасында көрінеді.

Әр жүздің ені TbewlWidth типті BewWidth қасиетінде пиксельдермен беріледі. TbewlWidth типінің мәні бүтін сан болып табылады(TbewlWidth=1.. MaxInt). Үнсіз келісім бойынша жүздің ені 1-ге тең. TpanelBevel типі BevelInner және BeverOuter қасиеттері ішкі және сыртқы жүздердің түрлерін сәйкесінше анықтайды. Қасиеттердің әрқайсысы келесі мағыналарды қабылдай алады:

· bvNone (жүзі жоқ)

· bvLowered (жүзі батырыңқы)

· bvRaised (жүзі көтеріңкі)

· bvSpace (іс әрекет белгісіз)

Үнсіз келісім бойынша BevelInner қасиеті bvNone мағынасына ие, ал BevelOuter қасиеті bvRaised мағынасына ие.

Жүздер арасында неі TBorderWidth типі BorderWidth қасиетінде пиксельмен анықталатын арақашықтық болуы мүмкін. Үнсіз келісім бойынша арақашықтық 0-ге тең (арақашықтық жоқ).

10.1-кесте. Панельдердің қасиеттерінің мағынасы

Панель BevelInner BevelOuter BevelWidth BorderWidth
Panel1 bvNone bvRaised    
Panel2 bvNone bvRaised    
Panel3 bvLowered bvRaised    
Panel4 bvNone bvLowered    
Panel5 bvNone bvLowered    
Panel6 bvRaised bvLowered    
Panel7 bvRaised bvRaised    
Panel8 bvLowered bvLowered    
Panel9 bvLowered bvRaised    

Панельдің тақырыпшасын орналастыруды басқару, келесі мәндерді қабылдай алатын TAlignment типті Alignment қасиетімен орындалады:

· taLeftJustify (сол жақ шетпен түзету);

· taCenter (ортамен түзету)- үнсіз келісім бойынша;





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 712 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...